Орталық заңды және жеке тұлғаларға құндылықтарды сақтау және оларға қызмет көрсету жөнінде мынадай қызметтерді ұсынады:
1. қымбат металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды сақтау;
2. қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сертификациялық сынақтар жүргізу;
3. зергерлік тастардан қондырмалары бар және қондырмасыз қымбат металдардан жасалған зергерлік бұйымдардың сараптамасы, соның ішінде:
қымбат металдардан жасалған бұйымдардың сынамалары мен химиялық құрамын бұзылмайтын әдіспен анықтау;
бұйымдардағы жамылғылардың материалдарын анықтау;
қырланған және қырланбаған қымбат бағалы, жартылай қымбат бағалы, түсті және өңдеу тастарының, табиғи және жасанды түрдегі басқа материалдардың диагностикасы және тастарды бірегейлендіру мүмкіндігін беретін және, осылайша, зергерлік бұйымдар жоғалған, ұрланған жағдайда, зергерлік бұйымдарды жөндеу немесе қайта жасау кезінде, сату, сақтау, сақтандыру және басқа операциялар жүргізген кезде иеленушіге қосымша артықшылық беретін сараптамалық қортынды беру
Сараптау мен сертификациялық сынақ жөніндегі қызметті қымбат металдар қоры бөлімінің базасында ұйымдастырылған, техникалық біліктілікке сәйкестігі Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде, Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесінде (30.12.2005 жылғы Аккредиттау аттестатының № КZ 7100000.06.09.00691) аккредитивтелген сынақ орталығы көрсетеді.
Сондай-ақ клиенттерге қолайлы болу үшін Панфилов көшесі, 98 (бірінші қабат) мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалының ғимаратында сынақ орталығының сараптау учаскесі (тел.272 69 55) ашылып жұмыс істеуде, бұл жерде қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға тәуелсіз білікті сараптама жүргізіледі. Қызметтерге ақы төлеу нақты шығындар калькуляциясы бойынша жүргізіледі. Сараптама нәтижелері бойынша сынақтар хаттамасы (сараптамалық қорытынды) беріледі.
Орталықта Ресей Федерациясының геммологиялық орталықтарында оқыған және зергерлік бұйымдармен көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар тәжірибелі сарапшылар жұмыс істейді.
Асыл тастар мен металдардың шынайы диагностикасы үшін сапалы талдауды қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай геммологиялық жабдықтар, приборлар мен құралдар, сондай-ақ арнайы рентген-спектралды әдістер пайдаланылады. Жабдықтар мен приборлар метрологиялық аттестацияланған және жыл сайын ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінде тексеріледі. Орталық қымбат металдар қорытпаларының стандарттық үлгілері жиынтықтарымен және асыл тастарды сапалы бағалау үшін қажетті түстіліктің эталондық үлгілерімен қамтамасыз етілген.
Сертификациялық сынақтар қолданылып жүрген стандарттар бойынша жүргізіледі.
Орталық сонымен қатар, қымбат металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды және құрамында қымбат металдар бар басқа құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етеді.
Орталық ғимараты халықаралық стандарттардың барлық талаптарына жауап береді және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, күзет және өрт сигнализацияларының қазіргі заманға сай жүйелерімен жабдықталған.
Сақтау қоймалары европалық стандарттар бойынша салынған және қазіргі заманға сай қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған, сондай-ақ құндылықтарды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді.
75Қымбат металдар өндіретін ірі кәсіпорындар біздің қызметімізді пайдаланады.
Ұлттық Банк бекіткен тарифтерге сәйкес сақтау төлемі айына сақталатын құндылықтар құнының 0,02 %-ін құрайды, ал сараптау құны ол жүргізілгеннен кейінгі нақты шығындардан алына отырып белгіленеді.
Біз Сіздердің құндылықтарыңыздың абсолютті сақталуына және кез-келген зергерлік бұйымдар сараптамасының жүз проценттік шынайылығына кепілдік береміз.
Біздің деректемелеріміз: Алматы қаласы Ташкентская көшесі, 511,
т. +7-(3272)588-708, +7-(3272) 588-707, +7-(3272)588-762, +7-(3272)588-777
E-mail: gohr_135@nationalbank.kz; gohr_80@nationalbank.kz ;
факс: +7-(3272) –588-751 +7-(3272) –588-776
Достарыңызбен бөлісу: |