3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология»



бет1/2
Дата01.02.2023
өлшемі11.52 Kb.
#469023
  1   2
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Ғ-dereksiz.org


3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология»
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология»


Білім алушы_________________________________________________________________________________________

Оқу мақсаты: 7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру.
ӘТН4.1.1-етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, түрлерін тілдесім барысында қолдану


Тапсырма 1. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтарға жауап беруде мәтіннен деректер келтіріңіз.

Ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз бе?
Дүние жүзіндегі адамдардың 90 пайызға жуығы ғаламторды пайдаланады екен. Яғни күннен-күнге интернет жүйесінің маңызы артып келеді. Ақпараттық технология заманында аталған ғылым жетістігі өміріміздің бір бөлшегіне айналғандай.
Ғаламтордың пайдасы қандай? Орнымен пайдалана білсең, ғаламторда пайдалы дүниелер аз емес. Ғаламтордан электронды кітаптарды (e-book reader) оқудың да мүмкіндігі бар. Іздеген кітабыңызды интернет арқылы тауып алып, смартфон (түрлі гаджеттер) арқылы оқи аласыз. Электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда анағұрлым жеңіл, көлемі де шағын. Смартфонға жүзден астам кітапты жүктеуге болады. Сөйтіп, қалаған кіта­быңыз смартфоннан әп-сәтте табылады. Ал смартфондағы жазбаларды қалаған уақытыңызда оқи беруге болады. Сонымен қатар, ғаламторды тиімді пайдаланып, ақша табуға да мүмкіндік бар. Мәселен, қазір инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жарнама жасайтын блогерлер көбейді. Ол үшін сіздің жеке парақшаңызда 10 мыңнан астам және одан да көп жазылушы болуы тиіс. Инстаграм игілігін біле­тіндер өзінің өнімін онлайн сауда жасап сата алады. Одан өзге, фейсбук, ВКонтакте желілерін қолданып кәсібіңізді дөңгелетуге болады. Сондай-ақ, ғаламторда түрлі онлайн курстарға жазылуға мүмкіндік бар. Мәселен, тіл үйренуге, ас мәзірін жасауға, іскерлік қабілетті шыңдауға арналған курстар. Біз тізген қызмет түрлері ғаламтордың аз ғана мүмкіндігі. Әлемдік желінің пайдалы тұстары өте көп. Алайда, оның зияны да аз емес. Ғалымдар қазіргі таңда адамдар арасында ғаламторға тәуелділік синдромы пайда болғанын айтып дабыл қағуда. Ғаламтор қолданушылардың бірқатары оны тағам мен су іспетті өмірлік маңызы бар дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі әлеуметтік мәселе ретінде қарастырады. Десе де, ғаламтордың зияны мұнымен шектелмейді. Компьютердің алдында ұзақ уақыт отырудың салдарынан көздің көру қабілеті нашарлайды. Соңғы уақытта ересек адам­дардан бөлек, балалар арасында миопия ауруы жиі кездеседі. Бір ғана дерек, көзі нашар көретін балаларға арналған бала­бақшалар мен мектептерге келушілер күрт көбейген. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың әсерінен тірек-қимыл жүйесіне де зиян келеді. Ал жастайынан омыртқа ауруына шалдыққан баланың ағзасы көп уақыт емделуді қажет етеді. Сонымен қатар, медицина мамандары компьютерді ұзақ уақыт пайдалану бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы секілді дерттің пайда болуына әкеліп соғатынын айтады. Ақпараттық технология ғасырын­да ғаламторсыз өмірімізді елесету қиын. Десек те, интернетке, компьютерге тәуел­ділік синдромына шалдықпау үшін оны шектеп пайдалануды әдетке айналды­рыңыз. Күнделік бастап әлемторға қанша уақытыңызды арнайтыныңызды жұмыс кестеңізге жазып қойыңыз. Тек қажеттілік туғанда ғана ғаламдық желіге жүгініңіз. Одан тыс уақытыңызды спортқа, өзіңізді дамытатын істерге жұмсауға дағдыланған жөн.

Сұрақтар:
1.Бүгінгі қоғамда ғаламторсыз өмір сүру мүмкін бе? Қалай ойлайсыз?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________
2.«Ғаламторды тиімді пайдалану» дегенді Сіз қалай түсінесіз? Оны тиімді етудің қандай жолдары бар?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________
3.Ғаламторға тәуелділікті психологиялық мәселе ретінде қарастыруға бола ма?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________
4.Адамның ғаламторға тәуелділігін қалай анықтауға болады? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет