ОПн 02 «Дастан» клиникалық зертханалық центрифуга Төлқұжат илгк. 061214. 009 Пс



Дата16.06.2016
өлшемі89.5 Kb.
#138578

ИЛГК.061214.009 ПС


ОПн-3.02 «Дастан» клиникалық зертханалық центрифуга
Төлқұжат
ИЛГК.061214.009 ПС

МАЗМҰНЫ



1

Центрифуганың қолданылуы

4

2

Техникалық сипаттамалар

4

3

Жинақтылық

6

4

Құрылғы және жұмыстың қағидаты

6

5

Қауіпсіздік шараларының нұсқаулары

9

6

Центрифуганы жұмысқа дайындау

9

7

Жұмыс тәртібі

10

8

Мүмкін ақаулар және оларды жою тәсілдері

12

9

Санитарлық өңдеу

12

10

Қабылдау туралы куәлік

13

11

Буып-түю туралы куәлік

13

12

Өндірушінің кепілдіктері

14

13

Тасымалдау және сақтау

16




А Қосымша

17




Б Қосымша

19

НАЗАР САЛЫҢЫЗ!
Центрифуганы пайдаланар алдында осы төлқұжатты мұқият оқып шығыңыз

Центрифуганы жақсы меңгеру және пайдалану талаптарын қатаң сақтау центрифуганы ұзақ уақыт қолдану жән шығындарын азайту кепілі болып табылады.

Өндіруші центрифуганың пайдалану құжаттарына өзгерістер енгізбей, центрифуганың сапасын және жұмыс істеу қабілетін нашарлатпайтын, негізгі емес құрылымдық өзгерістер енгізуге құқылы.

Центрифуганы сатып алған кезде шильдикте орналасқан голограмманың болуын тексеріңіз.


1. Қолданылуы

1.1 ИЛГК.061214.009 ОПн-3.02 «Дастан» клиникалық зертханалық центрифуга (әрі қарай – центрифуга) ортадан айналатын күштер алаңында тығыздығы 2 g/cm3 біркелкі емес сұйық жүйелерді бөлуге арналған айналу жиілігі 3000 min-4 қарапайым тасымалданатын үздіксіз әрекеттегі центрифуга болып табылады.

1.2 Центрифуга тәжірибеде зертханалық клиникалық диагностикалауға қолданылады.

1.3 Центрифуга жасанды желдетілетін климаттық жағдайлармен қоршаған ауаның температурасы +10-нан +350С дейін және ауаның салыстырмалы ылғылдылығы +250С-та 80% жабық бөлмелерде пайдаланылады.

1.4 Центрифуга МЕСТ 15150-69 бойынша УХЛ 4.2 климаттық орындауда жасалған.

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
2.1 Аспап ұстағыштың (ротордың) жоғары айналу жиілігі 3000 min-4 .

Центрифуга аспап ұстағыштың айналу жиілігін орнату 1000, 1500, 3000 min-4 орнатылатын айналу жиілігінің жарық сигналы бар басқыштар көмегімен қамтамасыз етіледі.

Берілген айналу жиілігінің рауалы ауытқуы 1000 және 1500 min-4 жиілікте +150 min-4 артық емес және 3000 min-4 жиілігінде – минус 400 min-4.

2.2. Бөлу факторының ең жоғары өлшемі – 1520

2.3 Центрифуганың жоғары көлемі – 150 ml

2.4 Қолданылатын пробиркалар:

- конустық – МЕСТ 1770-74 бойынша П-1-10ХС;

- цилиндрлік – П1-16-150ХС

П2-16-150ХС МЕСТ 25336-82

2.5 Центрифуганы айнымалы ток желісінен қоректендіру:

Кернеуі (220+22) V;

Жиілігі (50+0,5) Hz.

2.6 Центрифуганың желіден пайдаланылатын қуаты, артық емес – 300 V-A.

2.7 Белгіленген жұмыс уақыты және тоқтау уақыты, көп емес – 3 мин.

2.8 Центрифуганың жоғары үздіксіз жұмыс уақыты, кем емес – 180 минут

Келесі үзілісімен, кем емес – 60 минут.

2.9 Диаметрлік қарама-қарсы пробиркалардағы деңгейлі өлшенбеген салмақтар 0,5 г артық емес, осыған байланысты диаметрлік қарама-қарсы пробиркалардың жиынтықты теңгерімі 3 г артық емес,

2.10 Центрифуганың габариттік өлшемдері:

- ұзындығы – 460 мм

- ені – 430 мм

- биіктігі – 270 мм

2.11 Қосалқы бөлшектерінің жиынтығымен центрифуганың салмағы, артық емес – 15 кг.

2.12 Центрифуганың істен шыққандағы жұмысы, кем емес – 1500 сағат

2.13 Центрифуганың қолданыстан алғанға дейінгі қызмет ету мерзімі – 5 жылдан кем емес.

2.14 Центрифуга электрлік қауіпсіздік талабы бойынша МЕСТ 12.2.025-76 сәйкес 1 қорғау сыныбы Н типі бойынша жасалған.

2.15 Дыбыстық қуаттың түзетілген деңгейі 1 м өлшеу қашықтығы кезінде 80 дБа аспайды.

2.16 Центрифугадағы түрлі-түсті металдардың салмағы:

- аллюминий қорытпасы – 13 г,

- мыс – 450 г.

2.17 Центрифуганың құрамында құнды металдар жоқ.


3 ЖИНАҚТЫЛЫҒЫ


Атауы

Құжаттың белгіленуі

Мөлшері, дана

  1. Центрифуга

ИЛГК.061214.009

1

Қосалқы бөлшектер

2 Балқымалы ендірме ВП1-1 2,0 А

3 Тұтқа

АГО.481.303 ТШ


ИЛГК.715514.005

2
1


Қажеттіліктер

4 Гильза


5 Гильза

ШХ8.236.014

ШХ8.236.016

20

20



Пайдалану құжаттамасы

6 Төлқұжат



ИЛГК.061214.009 ПС



1


4 ҚҰРЫЛҒЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАҒИДАТТАРЫ


4.1 Құрылғы

4.1.1 Центрифуганың жалпы түрі 1-суретте көрсетілген.

Центрифуга екі негізгі бөліктен тұрады: корпустан және оған бекітілген жылжымайтын мөлдір пластмассалы қақпағы бар қаптамадан. Корпуста центрифуганың барлық негізгі бөліктері бекітілген: пробикра ұстағыш бекітілген электр қозғалтқыш, басқару жүйесі және бұғаттау механизмі. Электр қозғалтқыш көлденең жазықтыққа пробирка сұтағышы бекітілген өздігінен орнатылатын, жинау процесінде айналу жиілігін қамтамасыз ететін және бірілді сөндіретін созылмалы резеңке диафрагмаға бекітілген.

4.1.2 Бұғаттау механизмі ашық қаптама кезінде жетекті іске қосылу және пробирка ұстағыштың айналуын толық тоқтатқанға дейін қаптаманың ашылу мүмкіндігін жояды. Мөлдір қақпақ пробирка ұстағыштың айналуын көзбен бақылануды қамтамасыз етеді.

4.1.3 Жылжымайтын мөлдір қақпағы бекітілген қаптама гильзалармен пробирка ұстағыш айналатын жазықтық түзеді. Қаптама корпуспен шарнирлік жалғанады. Пробиркаларды орнату және шешіп алу кезінде, сонымен қатар санитарлық өңдеу барысында қаптама ашылады.

4.1.4 Центрифуганың артқы қабырғасында желі кернеуін ашыратқыш және балқымалы ендірмелер орналасқан.

4.1.5 Корпустың алдыңғы бөлігінде центрифуганың басқару органдары орналасқан. Басқару органдарының орналасуы және қолданылуы 1-суретте көрсетілген.

- «1» басқышының көмегімен 1000 min-4 айналу жиілігі орнатылады;

- «1,5» басқыштарының көмегімен 1500 min-4 айналу жиілігі орнатылады;

- «3» басқышының көмегімен 3000 min-4 айналу жиілігі орнатылады.

4.2 Жұмыс қағидаты

4.2.1 Центрифуганың жұмыс істеу қағидаты гильзаға және пробиркаға салынып зерттелетін біркелкі емес сұйық жүйеге ортадан айналдыру күштерінің әсер етуіне негізделген. Ортадан берілетін күштер электр қозғалтқыштың көмегімен пробирка ұстағыштың айналуы кезінде құрылады.


ОПн-3.02 «ДАСТАН» клиникалық зертханалық центрифуга

Суреті

1, 2, 3 – индикаторларымен басқыштары арқылы айналу жиілігі орнатылады.



4 – индикаторымен басқышы – қаптаманы ашу үшін

5- индикаторымен басқышы – пробирка ұстағыштың айналуын іске қосу-тоқтату үшін

6 – кернеуді беру индикаторы

7 – тұтқа

8 – қаптама

9 – қақпақ;

А – бұғаттау механизміне кіру саңылауы.


  1. сурет

5 ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫНЫҢ НҰСҚАУЛАРЫ

5.1 Центрифуганы пайдалану кезінде тыйым салынады:

а) пробирка ұстағышты 150 мл артық центрифугатпен жүктеуге;

б) 0,5 г артық центрифугатпен диаметрлік қарама-қарсы пробиркалардың әртүрлі салмағымен жұмыс істеуге;

в) шыны пробиркалармен жұмыс істеген кезде, оларды тығыздығы 1,5 g/cm3 артық центрифугатпен жүктеу;

г) стандартты емес пробиркаларды қолдануға;

д) «Ф» басқышын қосқан кезде 1, 2, 3 басқыштарын қосуға.

5.2 Санитарлық өңдеу кезінде центрифуганың ішіне жуғыш ерітінділердің түсуін болдырмау қажет.

5.3 Центрифуганы жерлендіру желі шнурының аша жерлендіргіш контактасымен жүргізіледі.


6 ЦЕНТРИФУГАНЫ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Салқын мезгілде центрифуганы қаптамамен 4 сағаттан кем емес бөлме температурасында ұстау қажет.

6.2 Центрифуганы орамадан ашу және оны буып-түйілген жәшіктен алу керек.

6.3 Центрифуганы тегіс көлденең бетке орнату қажет.

6.4 Қаптаманы ашу қажет:

а) жеткізу жинағындағы тұтқамен А саңылауы арқылы бұғаттау механизмінің планкасын басу;

б) басылған күйінде планканы ұстап тұрып, 7 бағыттағы тұтқаның көмегімен қаптаманы ашу (1-сурет);

6.5 Қаптаманы жауып, қаптаманың жабылғанына көз жеткізу керек.
7 ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ
7.1 Центрифуганы айнымалы тоқ желісінің сымы арқылы жалғау.

7.2 Центрифуганы артқы жағында орналасқан желі ажыратқышына басу арқылы қосу керек, осы уақытта «1» индикатор жануы тиіс.

7.3 Центрифуганы басқару корпустың алдыңғы жағында орналасқан басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.

7.4 «∆» индикаторы жанғаннан кейін (желі ажыратқышын қосқаннан кейін 2 минут ішінде) «∆» басқышының көмегімен қаптаманы ашу керек, осы уақытта «∆» индикаторы жасыл түстен қызыл түске ауысады.

7.5 Центрифугатпен пробиркаларды пробирка ұстағыштың гильзасына орнату.

7.6 Қаптаманы жапқаннан кейін, «∆» индикаторы жасыл түспен жанады.

7.7 1,2 немесе 3 басқыштарының көмегімен пробирка ұстағыштың қажетті айналу деңгейін орнатуға болады. Осы орайда тиісті индикатор жанады.

7.8 «Ф» басқышты басқан кезде «Ф» индикаторы жанады, ал «∆» индикаторы сөнеді, пробирка ұстағыш айнала бастайды.

7.9 Центрифугалау процесінің талап етілетін уақыты аяқталған соң «Ф» басқышының көмегімен пробирка ұстағыштың айналуын тоқтату керек. Осыған байланысты «Ф» индикаторы сөнуі тиіс. Пробирка ұстағыштың айналуы тоқтағаннан кейін 20-30 секінд ішінде «∆» индикаторы жанады. Қаптаманы ашып, (7.4-тармақты қараңыз) пробиркаларды алу керек.
7.10 Жұмыс ерекшеліктері
7.10.1 Пробирка ұстағыштың гильзаларына пробиркаларды орнатқан кезде келесі шарттарды қамтамасыз ету керек: центрифугатпен толтырылған диаметрлік қарама-қарсы пробиркалар салмақтарының әртүрлілігі 0,5 г артық болмау керек. Пробирка ұстағышта орнатылған сұйық жүйесімен диаметрлік орналасқан пробиркалардың жиынтықты теңгерімі 3 г көп болмау керек.

7.10.2 Пробирка ұстағыш конустық немесе цилиндрлік гильзалардың орнатылуын, сонымен қатар диаметрлік қарама қарсы ұяшықтарда бір типті гильзалардың орналасу шарттарын қамтамасыз ету арқылы олардың аралас орналасуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

7.10.3 Шыны пробиркаларды пайдаланған кезде олар тиісті пішіндегі гильзаларға орнатылуы тиіс.

7.10.4 Шыны пробиркаларды пайдаланған кезде центрифугаттың тығыздығы 1,5 g/cm3 асып кетпеуін тексеру қажет.

Ескерту – Центрифуганың пробирка ұстағышын толық жүктемеген жағдайда центрифугатпен толтырылған гильзалардың немесе пробиркалардың әрбір жұбын пробирка ұстағыштың диаметрлік қарама-қарсы ұяшықтарына орналастыру қажет.
8 МҮМКІН АҚАУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ


Ақаулардың атауы, сырттай көрінуі және қосымша белгілері

Мүмкін себебі

Жою тәсілі

Центрифуга жұмыс істемейді (пробирка ұстағыш айналмайды)

Желі кернеуінің болмауы

Желідегі кернеуді тексеру

Балқыламалы ендірме жөнделмеген

Балқымалы ендірмені айырбастау

Бұғаттау құрылғысының бұрандасы босаған

Бұғаттау құрылғысының бұрандасын қатайту керек:

  • қаптаманы ашу үшін;

  • жабық қаптамасы кезінде центрифуганы іске қосу арқылы бұранданы сағат тіліне қарсы 1-2 айналысқа қатайту үшін (корпус төлкесіндегі)

9 САНИТАРЛЫҚ ӨҢДЕУ
9.1 Санитарлық өңдеу және залалсыздандыру центрифуганың және оның камераларының сыртқы беттерін МЕСТ 25644-88 бойынша әмбебап жуғыш құралды 0,5% қосу арқылы МЕСТ 177-88 сәйкес сутек тотығының 3% ерітіндісіне малынған тампонмен, сосын ТШ 6-01-4689387-16-89 бойынша 1% хлорамин ерітіндісіне малынған тампонмен сүрту керек. Тампондар сығылған болуы тиіс.

Санитарлық өңдеу қажет мөлшерде немесе центрифуга жұмысының әрбір 40 сағатынан кейін жүргізіледі.


10 ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
Зауыттық нөмірі ___________________ ИЛГК.061214.009 ОПн-3.02 «ДАСТАН» клиникалық зертханалық центрифуга ТШ 5.375-4260-2003 талаптарына сәйкес жасалды және қабылданды және пайдалануға жарамды болып саналады.

ИЛГК.061214.009 ОПн-3.02 «ДАСТАН» клиникалық зертханалық центрифуга сертификаттау органдарымен сертификатталды.

Орындаушы ____________________ _________________________

(жеке қолы) (қолтаңбаның ашылуы)

ТББ Өкілі
МО ____________________ _________________________

(жеке қолы) (қолтаңбаның ашылуы)

Жасалған күні ______________________________________

(жылы, айы, саны)

11 БУЫП-ТҮЮ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
Зауыттық нөмірі ___________________ ИЛГК.061214.009 ОПн-3.02 «ДАСТАН» клиникалық зертханалық центрифуга өндірушімен қиыстыру құжаттамасымен қарастырылған талаптарға сәйкес буып-түйілді.

____________________ _____________ ___________________

(қызметі) (жеке қолы) (қолтаңбаның ашылуы)

МО ______________________________________

(жылы, айы, саны)

12 ӨНДІРУШІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ


12.1 Центрифуганың кепілді пайдалану мерзімі – пайдалануға енгізілген күннен бастап 18 ай, бірақ өндірушімен тиелген күннен бастап 24 айдан көп емес. Центрифуганы кепілді сақтау мерзімі – өндірілген күннен бастап 6 ай.

12.2 Кепілді мерзім ішінде өндіруші тұтынушымен осы төлқұжатқа сәйкес тасымалдау, сақтау және пайдалану ережелері сақталған жағдайда ақауларды ақысыз жояды.

12.3 Кепілді мерзім ішінде центрифуганың сапасы мен жинақталығы бойынша наразылықтар өндіруші-кәсіпорынға ұсынылады:

- бұйымның жеткіліксіз жинағы мен сынуы бойынша наразылықтар центрифуганың өндіруші-кәсіпорыннан немесе оның филиалдарынан («Дастан-Урал» ЖШҚ, «Дастан-Н» ЖШҚ, «Би-Тайм» ЖШҚ, «Фарммедтех» ЖШҚ, «Электроникс-Сервис-Люкс» УП, «Дастан-55») тікелей жеткізілген ұйымнан қабылданады;

- пайдалану процесінде анықталған центрифуганың сапасы және жасырын ақаулары бойынша наразылықтар осы ақаулар анықталған тұтынушы-ұйыммен ұсынылады.

12.4 Наразылықтар нұсқаулықтың 31-тармағына, сонымен қатар кепілдік талонына сәйкес актіні жасағаннан кейін 10 күннен кешіктірмей №П-7 «Өндірістік-техникалық тұрғыдағы өнімдерді және халық тұтынатын тауарларды сапа бойынша қабылдау тәртібі туралы» нұсқаулық талаптарына сәйкес құжаттарды қоса ұсынумен ресімделеді.

Кепілдік талоны 1-қосымшада берілген.

Өндіруші-кәсіпорын келесі жағдайларда наразылықтары қабылдамайды:


12.5 Ақаулардың туындау себебі екі жақты сараптама комиссиясымен анықталады.

12.6 Рекламация туралы мәліметтер 4-кестеде ұсынылған.


4-кесте


Істен шыққан мерзімі және рекламацияны ұсынған күн

Рекламацияның қысқаша мазмұны

Рекламация бойынша қабылданған шаралар








Өндірушінің мекенжайы: Қырғыз Республикасы

720005, бішкек қаласы, Байтик Баатыр к-сі, 36

«ТНК ДАСТАН» ААҚ


13 ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
13.1 Тасымалдау
13.1.1 Центрифугалар жабық көлікпен (темір жол вагондармен, контейнерлермен, жабық машиналармен және т.б.) тасымалдағыш ыдыста (жәшікте) тасымалданады.

13.1.2 Тасымалдау кезінде климаттық факторлардың рауалы әсері:

а) қоршаған ауаның температурасы минус 50-ден плюс 500С дейін;

б) +250С болғанда салыстырмалы ауа ылғалдылығының жоғарғы мәні 100%.


13.2 Сақтау
13.2.1 Центрифуга буып-түйілген күйінде қоршаған ауаның температурасы минус 50-ден плюс 400С дейін және +250С салыстырмалы ауа ылғалдылығының жоғарғы мәні 100% жабық бөлмеде сақталуы тиіс.

Реттеу тәсілі: биіктігі бес данадан артық емес тасымалдағыш ыдыста қатармен орналастырылады.

13.2.2 Бөлмедегі ауаның құрамында мүжілуді тудыратын агрессивтік булар болмау керек.
А қосымша
КЕПІЛДІК ТАЛОН

Зауыттық нөмірі ___________________ ИЛГК.061214.009 ОПн-3.02 «ДАСТАН» клиникалық зертханалық центрифугасына беріледі.


200__ ж. «____» ____________________

МО

____________________



(қолы)

Центрифуганың сатылған күні

200__ ж. «____» ____________________
МО

____________________

(қолы)

200__ ж. «____» ____________________



Өндірушінің мекенжайы: Қырғыз Республикасы

720005, бішкек қаласы, Байтик Баатыр к-сі, 36



«ТНК ДАСТАН» ААҚ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет