№3 зертханалық жұмыс. «Электр тізбегін құрастыру және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу»



бет1/2
Дата16.01.2024
өлшемі15.59 Kb.
#489210
түріБағдарламасы
  1   2
document name



Автор: Арыстанова Даурия Жумекеновна
Пән: Физика
Сынып: 8-сынып
Бөлім: Тұрақты электр тогы
Тақырып: №3 зертханалық жұмыс. «Электр тізбегін құрастыру және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу»

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

8.4.2.4.-электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау;
8.1.3.3-физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтайды;
Оқушылардың көпшілігі: электр тізбегіндегі ток күші мен кернеу арасындағы тәуелділікті анықтайды;
Кейбір оқушылар:ток күші мен кернеуден алынған нәтижелерді график бойынша салады, салыстырады.

Тілдік мақсаттар:

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар: электронды оқулық(тыңдалым), мәтінмен жұмыс (оқылым), практикалық жұмыс (айтылым), есептеу (жазылым).
Терминология:ток күші, амперметр, вольтметр, кедергі, резистор
Сыныптағы диалог:
Ток күші мен кернеу тізбектей қалай жалғанады?
Параллель жалғауда ток күшін анықтау формуласы қандай ?
Қай кезде тізбекте ток күші бірдей болады ?
Қанша вольт адам өміріне қауіпті ?
U1+U2 қосындысын қалай түсінесің ?

Бағалау критерийлері:

-электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтайды;
-ток күші мен кернеуден алынған нәтижелерді график бойынша салады, салыстырады.

Құндылықтарды дарыту:

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы:
-бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу;
- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу

Пәнаралық байланыс:

математика, сызу

Бастапқы білім:

Электр тогы, ток күші, кернеу, оларды өлшейтін құралдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет