31.Тергеу-сұхбатын түсіндіріңіз
Сұхбат – баспасөз тәжірибесінде кең тараған байырғы жанрдың бірі. Ағылшын тіліндегі «interview» сөзінен «сұхбат» деп аударылады. Сұхбаттың мақсаты көп – оны психологиялық, клиникалық, әлеу- меттік және зерттеу мақсатында да пайдаланады. Журналистикада сұхбат деп репортер мен сұхбат беруші бір немесе бірнеше адаммен болатын әңгімені атайды.
Сұхбаттың негізгі мақсаты – белгілі бір ақпаратты алу, бар ақпараттың рас-өтірігін анықтау, белгілі бір деректі ашу немесе белгілі бір жағдайдың себебін түсіну.
32.Конфликтіден хабар тарату тәсілдерін түсіндіріңіз
Конфликт – мақсат-мүдделері қабыспаған (бір суреттен әркелкі бейнелерді көрген) адамдар мен топтардың арасындағы пікір қайшылығы, яғни ол – өміріміздің бір бөлшегі. Тек ашық әрі сау қоғамда ғана конфликт болады. Әрі ол бейбіт әрі өркениетті диалог түрінде өтеді. Мұндай конфликт қоғамға өте қажет, соның арқасында қоғам алға жылжиды, проблемаларды сыртқа шығарып, оны шешудің өркениетті жолдарын қарастырады.
Қоғамдағы кез келген конфликт (әлеуметтік, саяси, ұлтаралық, дінаралық, т.с.с.) – астары көп, күр- делі әлеуметтік құбылыс. Сондықтан, бір дау-дамай туралы хабар бермес бұрын оның табиғатын аз да болса түсініп алу керек. Оның табиғатын түсіну дегеніміз – оның қай кезеңде тұрғанын және оған қатысушы тараптарды анықтау. Журналист үшін мұның екеуі де өте маңызды.
Конфликт кезеңдері:
1) конфликтіге дейінгі
2) конфликт кезіндегі
3) конфликтіден кейінгі кезең
33.Фактчекинг пен верификация туралы айтыңыз.
Фактчекинг – ақпаратты тексеру тәсілі. Ақпараттың тез таралуы, санаулы секундта-ақ кең етек алуы- әрбір ақпаратты бұрынғыдан да мұқият тексеруді қажет етті. Фактчекингтің басты мақсаты – шынайы, толыққанды дәлел, нақты деректер табу болды.
Фактчекинг жасау барысында ең басты қағиданың бірі — ақпараттың түпкі көзін тауып және оның растығын білу үшін бірнеше дереккөзден іздеу. Ақпараттың қайнар көзін тексеру — кәсіби және жауапкершлікті жоғары сезінетін журналист үшін басты талап.
Қандай да бір тақырып немесе ақпарат болсын, ол жайлы басқа медиада не айтылып жатқанын тексеру керек және сол тақырыпты жан-жақты білетін адамнан пікір алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |