Қырғи қабақ соғысы (Суық соғыс)
Суық соғыс -1959 ж. «Қырғи қабақ соғысы» немесе Қырғи Қабақ Соғыс 1945-1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социолистік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері «коммунистік ағымды» әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері КСРО мен социолистік жүйеге қарсы тұру үшін НАТО соғыс блогіне бірікті. Ал КСРО бастаған социолистік елдер Варшава шартын құрды. Екі жақ та жанталаса қаруланып, ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жасауға кірісті. Екі жүйенің бақталас-тығы қоғамның барлық салаларында (ғылымда, өндірісте, баспасөзде, өнерде, т.б.) жалғасып жатты. ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары соғыс мақсатына бағытталды. Идеологиялық мақсатта әр түрлі радиостанциялар ашылды («Америка дауысы», «Азаттық», т.б.). Екі саяси жүйе арасындағы текетірес нәтижесінде Кореяда, Вьетнамда, Ауғанстанда, Таяу Шығыс, Латын Америкасы және Африка елдерінде әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. Нәтижесінде социолистік жүйе дағдарысқа ұшырап, 1985 ж. Кеңес Одағында басталған қайта құру саясатынан кейін социолистік елдер нарықтық қатынастарға көше бастады. 1991 ж. КСРО-ның тарауымен Қырғи Қабақ Соғыс аяқталды. Тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған «батыс мемлекеттерінің» және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.
«Қырғи қабақ соғысы» екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кеңестер одағы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ауқымды идеологиялық және геосаяси ұрандағы биполярлық қарама-қайшылығы болып табылады. Бұл қарама-қайшылық сферасына тек екі супер держава ғана түсіп қоймай, сонымен бірге оның ықпалына әлемнің жүздеген елдері тартылды. Мақсаты мен міндеттері. Бұл курстық жұмыстағы басты мақсатым халықаралық жағдайлардағы ең басты мәселеге арналған қырғи-қабақ соғысқа сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру. Бұл үшін мынадай міндеттерді алдыма қойдым: қырғи-қабақ соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік мақсат-мүдделерін ашып беру. Курстық жұмыстың мақсаты - Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихының деретанулық проблемаларын зерттеу. Курсты белгілеу қазіргі кезеңдегі шет ел және отандық деректанудың теориясы мен әдісін, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі тарихы бойынша тарихи деректерді іздестірудің шеберлігімен белгіленеді. Осыған байланысты курста тарихи құжаттардың қалай және қайда сақталуы туралы ақпарат түсінігі беріледі, аталған мамандықтың проблемалары бойынша маңызды публикациялар мен библиографиялық дерктер бойынша анықтама беріледі. Жаңа және қазіргі замандағы Батыс елдерінің деректері аймақ және ел бойынша іріктелген.
Екінші дүниежүзілік әлем картасын түбегейлі өзгертіп қана қоймай сонымен қатар мемлекеттер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін де өзгертті. Сұрапыл соғыс аяқталғаннан кейін әлемде екі ірі держава қалды – АҚШ және КСРО. 1939 жылдың қыркүйегіне дейін едәуір дәрежеде басым болған үш еуропалық мемлекет – Ұлыбритания, Франция және Германия өз дәрежесі мен ықпал ету мүмкіндігін төмендетті. Осылайша АҚШ аумағында әскери қимылдар жүрмегендіктен ол әлемдегі ірі индустриалдық мемлекетке айналды. XX ғасырдың екінші жартысындағы әлемде орын алған «қырғи қабақ соғысы» негізінен социалистік және капиталистік елдердің арасында өрбіді. Коммунизм мен Кеңес Одағын тоқтату мен жою мақсатындағы негізгі әрекует етуші АҚШ және оның НАТО-дағы серіктесі болды.Кариб дағдарысы - суық соғысының тарихында әйгілі бір оқиға. АҚШ пен КСРО арасындағы қаруландыру бәсекесінің ең қауырт кезеңі. Екі мемлекеттің дипломатикалық қатынастар тарихындағы қиын кезең. Кариб дағдарысының кезінде дүниенің қауіпсіздігіне ядролық қатер туындады. Кариб дағдарысы 1962 жылы қазан айында КСРО Кубада өз ракеталарын орналастырған салдарынан туындады.Америка және Батыс Еуропаның халқы үнемі билеуші топтар тарапынан ядролық соғыстың орын алатындығы туралы үгіт-насихатынан үнемі қорқынышта болды. АҚШ «қырғи қабақ соғысы» кезінде КСРО-ға қарсы тұру үшін Батыс Еуропаның елдерімен ынтымақтастықта болды.АҚШ пен Францияның және басқа да басты державаларының «атлантикалық саясатының» немесе «атлантикалық курстарының» мәні коллективті негізде коммунизм қаупіне қарсы тұру болды. АҚШ пен Францияның осы кезеңдегі байланыстары осы және басқа да мәселелер бойынша жақсы қалыпта дамыды. 80-ші жылдардың аяғы батыс блогы үшін стратегиялық маңызды болды. Өйткені дүние жүзілік социалистік лагерь құлап, коммунизм қаупі жойылды. Біздің курстық жұмысымызда қарастырған кезеңді АҚШ әлемдік гегемонияға шешуші қадам жасаған кезең деп айтуға болады. Бұдан кейін шамамен жарты ғасырдай әлем биполярлық тепе-теңдікте өмір сүріп социалистік мемлекеттер мен капиталистік мемлекеттер жүйелері қырғиқабақ соғыс жылдарында өмір сүрді.
Достарыңызбен бөлісу: |