Кіріспе
Қарым-қатынас – бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі.
Ұлтаралық Қарым қатынас
• Этносаралық қарым-қатынасты анықтаудың бастысы, оларды бүгінгі таңда үлкен этникалық топтар арасындағы қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Дегенмен бiздi ұлтаралық қатынастар үшiн ғана тән, психологиялық оқиғалар және процесстер айрықша болмағанын түсiнемiз. Топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас үшін универсалды болып табылады.
• Ұлтаралық қарым-қатынаста әлеуметтік-психологиялық өзектілік ретінде көрсете отырып, басты қажеті ұлтаралық қарым-қатынас аймағындағы психологиялық зерттеудің пәнін анықтау қажет. Ұлтаралық қарым-қатынастағы әлеуметтік-психологиялық принціптік ерекшелігі әлеуметтік этникалық проблеманы қазіргі психологияда көңіл аударудың ортасы ұлтаралық процестер және әртүрлі байланыс, қоғамдық қарым-қатынас емес, ішкі көрініс және осы процесстерді тұлғаның қабылдауы, ұлттық этникалық топтың мүшесі ретінде когнетивті эмоциялық орта, этносаралық қарым-қатынастың дамуына шынайы белгіленеді.
Ұлттық қатынастар- бұл тең құқықты азаматтар мен халықтардың өзара сеніміне негізделген ұлт ішіндегі және ұлттар арасындағы қатынастар жүйесі болып табылатын әлеуметтік қатынастардың нақты нысаны. Жүйеге ұлттардың экономикалық, әлеуметтік-саяси, мемлекеттік-құқықтық, идеологиялық, адамгершілік-психологиялық, мәдени-тұрмыстық және басқа да қатынастары кіреді. Ұлттық қатынастардың ерекшелігі олардың субъектісі әлеуметтік-этникалық қауымдастық болып табылатындығымен анықталады: ұлттар, ұлттық және этникалық топтар.
Ұлтаралық қарым-қатынас- бұл барлық халықтар үшін пайдалы, сондықтан еріктілік пен өзара түсіністік негізінде жүзеге асырылатын табиғи, объективті диалектикалық процесс.
Бұл адамдар мәдениетін дамытудың нәтижесі, әр адамның өмір сүруінің және жетілуінің негізгі шарты, тәсілі.
Ұлтаралық қарым-қатынас- бұл ұлттық қатынастардың да, жалпы қарым-қатынастың да қажетті жағы, өйткені адамдардың қарым-қатынасы олардың өзара қатынастарынан басқа ештеңе бола алмайды. Ұлтаралық қарым-қатынас нәтижесінде интеграциялық процестердің әртүрлі формалары құрылады. Ұлтаралық байланыстар шағын аймақта, көпұлтты ел аясында, сондай-ақ халықаралық байланыстар ауқымында жүзеге асырылады. Демек, олар географиялық таралуы мен байланысқа қатысушы адамдардың құрамына байланысты өте алуан түрлі.
Қорытынды
• Кеңестік психологияда қарым-қатынасты, бір жағынан, іс-әрекеттің бір түрі, екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым. Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысушылардың әрекеттерін “үйлестіріп” немесе “үйлестірмей” іске асыруы қарым-қатынастың ерекше әсеріне байланысты. Қарым-қатынастың құрылымы шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
Достарыңызбен бөлісу: |