37 жоббм экономика және құқық негіздері пәнінің мұғалімі І (ілгері) деңгей. Коучинг-сессия жоспары



Дата09.07.2016
өлшемі28.41 Kb.
#186804
Кенжеғалиева Ақтолқын Ғабдрашитқызы

37 ЖОББМ



Экономика және құқық негіздері пәнінің мұғалімі

І (ілгері) деңгей.

Коучинг-сессия жоспары

Коучинг сабақтың тақырыбы

Диалогтік оқыту

Жалпы мақсаты


Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.



Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері


1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.
2. Білім алу тәжірибесіне диалогтік әдістер енгізіледі.
3. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.
4. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады


Сабақта туындаған негізгі идеялар

Диалогтік оқытудың маңыздылығын ұғындыру ,тиімділігін көрсету.

Сабақта қолданылатын материалдар:

 А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам.

Дереккөздер:

МАН. 20-23 бет.

Қызығушылықты ояту кезеңі

Мағынаны тану

Бағалау

Ой-толғаныс

Тренинг өткізу.» «Жақын танысу »

(«екі шындық ,бір өтірік» әдісі арқылы)

3-минут

Түрлі-түсті санау таяқшалары арқылы бойынша топқа бөлінеді.


І .Теориялық бөлім:

1.Бейнефильм көрсету (Диалогтік оқыту) 3-минут


Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.
Бағыттаушы сұрақтар:
- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?

2.Презентация жасау. 3 -минут



Сергіту сәті «Жұмыр қылыш» Ұлытау

ІІ.Практикалық бөлім: Топпен жұмыс. 20 минут

Тапсырмалар:

1-топ .Диалогтік оқытуда қолданылатын әңгімелесу түрлерінің маңыздылығы.

2-топ.Диалогтік оқытудағы сұрақ қою тәсілдерінің рөлі

3-топ.Диалогтік оқытуда кездесетін қиындықтар

4-топ.Диалогтік оқыту тәсілін қолданудың тиімділіктері

мен нәтижелері


Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп постерде қорғайды.

Коучингті қорытындылау мақсатында берілетін сұрақтар :

Сіздің сабағыңызда әңгіменің қай түрі орын алады?

Сіз сабақ сұрағанда сұрақтың қай түрін жиі пайдаланасыз?



Оқушыларыңыз ашық сұрақ қоюда қинала ма?

Топтар жұлдызшалар беру арқылы бір-бірін бағалайды.


Кері байланыс 5-минут
Коучингтен алған әсеріңізді 5 сөйлеммен жазыңыз,оны 3 сөйлемге қысқартыңыз,1 сөйлем қалдырыңыз ,соны дауыстап оқыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет