Сабақтың тақырыбы



Дата17.06.2016
өлшемі237.5 Kb.
#143239

Сабақтың тақырыбы:

Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау

Түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Әдісі

1. Диалогты әдіс;

2. Жеке, жұпппен жұмыс

3. Сұрақ-жауап,

4. Ой қозғау

5. Салыстыру

6. Тест.


Мақсаты

Пайдалы қазбаларды өндіру әдістерімен таныстыру.

Міндеті

1. Пайдалы қазбаларды өндіру әдісі олардың орналасуына байланыстылығын анықтау.

2. Пайдалы қазбаларды өндіруге қандай техника керек екендігін түсіндіру.

3. Пайдалы қазбаларды үнемдеу және қорғауға үйренеді.


Күтілетін нәтиже

1. Бір-бірінің пікірлерін айтады.

2. Еркін сөйлейді, идея айтады, қорытынды жасайды.

3. Пайдалы қазбаларды үнемдеу және қорғауға үйренеді.


Ресурстар

Оқулық, интерактивті тақта, кестелер, электронды оқулық, слайд, кері байланыс парағы

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру 2 мин

2.Қызығушылықты ояту (білу, түсіну) 5 мин

3.Мағынаны ашу (қолдану, талдау ) 20 мин

4. Ой толғаныс (жинақтау, талдау) 15 мин

5. Бағалау 3 мин



Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық дайындық

1 слайд

Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз 
Табиғатты қорғайтын
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін меңгертер
Дүниетану сабағы.


  • - Иә, балалар, сендер еліміздің осынау байлығын игеретін болашақ иесісіңдер. Болашақ ұрпақ саналы да білімді, ой-өрісі  жан-жақты дамыған азамат болуы керек қой. Ендеше бүгін де біз білімімізді көрсете білейік.

Оқушылардың сабаққа деген жылы көзқарасы қалыптасады.


Үй тапсырмасын сұрау

2 слайд «Ұяшық таңдау» ойыны арқылы үй тапсырмасы тиянақталады. Оқушының таңдаған санына қарай сұрақ қойылады.

  • - Балалар, менің қолымдағы мына смайликтер арқылы сендерді бағалап отыратын боламын. Балалардың жауаптарына қарай смайликтер «өте жақсы», «жақсы», «орташа» түрінде беріліп отырады.

Тақтатас – жай көздің өзіне немесе дүршыны (лупа) арқылы анық байкалатын кварц түйіртпектерінің өте ұсак кварц түйіршіктерімен жымдасуы нәтижесінде қалыптасатын, яғни түгелге жуық кремнезмнен тұратын өзгерген тау жынысы 

3 слайд «Пайдалы қазбалар» сөзіне топтастыру жасатылады

Кезектесіп сан таңдай отырып сол санда жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын тиянақтайды.

Оқушылар бірінен кейін бірі шығып топтастыру жасайды.


Қызығушылықты ояту

4 слайд

Проблемалық сұрақтар: 1. - Адам пайдалы қазбаларды қолданбай өмір сүруі мүмкін бе?

2. - Пайдалы қазбаларды қалай өндіретінін білесің бе?

Электрондық оқулық арқылы өткен сабақ пысықталады.

Сұрақтарға өз ойларымен жауап береді.



Мағынаны тану

1. Жаңа сабаққа кіріспе №5 слайд

(Презентация арқылы жаңа сабаққа кіріспе жасалады)

Пайдалы қазбаларды үш түрлі әдіспен өндіретінін көрсету. Мұнайды бұрғылау әдісі арқылы құрлықта да су түбінен де өндіреді. Оны темір жол арқылы немесе су жолы арқылы тасымалдайды. Оларды құбырлар арқылы да тасымалдайды. Мұнайды тасымалдау өте қиын. Тасымалдау кезінде әр түрлі апатты жағдайлар болуы мүмкін. Мұнай мен бірге газ да өндіріледі. Өндірілген мұнай құбыр арқылы мұнай өңдейтін зауытқа жіберіледі. Ол жерде мұнайды арнаулы пеште қыздыру арқылы  
Тас көмірді ашық карьерде немесе жер қойнауында болса шахта қазып та өндіреді. Оны арнайы бұрғылайтын комбайн арқылы бұрғылап алады. Тасымалдағанда көбінесе темір жолды пайдаланады. 
Шымтезек кенге жатпайтын пайдалы қазбаның түрі. Бұған алдымен алаң дайындалып одан кейін өндіріледі..  Мынау кенді пайдалы қазбаны өндіру жолы. Металды осылай өндіреді. Өндірілген кенді пайдалы қазбаны металлургия зауытына апарады. Онда металды домна пешінде қатты қыздыру арқылы алады. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің еңбек жолын осы металлургия зауытында бастаған. 
Сазды Қазақстанның барлық жерінде өндіреді деп айтуға болады. Құмды ашық карьерден де, су түбінен де өндіреді. 
Тұзды ашық карьерден өндіреді. 
№6 слайд (тақырып, күн реті, тірек сөздер) 2. Тақырыпты хабарлау және мақсатын түсіндіру. Дәптермен жұмыс. Тірек сөздер арқылы жаңа сабақты талқылайды.

Өндіру

Карьер

Бұрғылау

Шахта

Мәтінді оқу. Оқығанды тірек сөздер арқылы талқылау.


Мәтінді оқып, дәптерге күн ретін, жаңа тақырыпты, өздеріне берілген тірек сөздер бойынша түсінгендерін жазады.



7 слайд

Сергіту сәті

Шахтёр келді шахтаға

Көмір қазып халқына.

Дайын болған көмірді,

Ұсынады халқына

  • - Бұл сергіту сәтін біздің бүгінгі сабағымызға қалай байланыстырар едіңдер?

Мұғаліммен бірге түрлі қимыл жаттығуларын жасайды.


Мұғалім сұрағына өз ойларын айтады.



Ой толғаныс

8 слайд

Н.Ә.Назарбаев:"Қазақстан өзінің табиғи байлықтарын тиімді пайдалану арқылы уақытша қиындықтарды жеңіп, қарқынды  экономикалық даму сатысына көтерілуге қабілетті".

Елбасымыздың осы сөзі туралы сөз қозғау. Пікірлерін тыңдау.

9 слайд

- Табиғат байлықтары деп отырғаны не?

- Оны тиімді пайдалану дегенді қалай түсінесіңдер?

- Экономикалық даму сатысына көтеретін кімдер?

- Пайдалы қазбаларды қалай сақтауға болады?

- Немен алмастырар едің?

-Ендеше сол туралы топпен жұмыс жасалады.

10 слайд

Топпен жұмыс


  • Бензинсіз жүретін машина

  • Үйді ток көзімен жылыту. т.с.с

11 слайд «Пайдалы қазбалар менің өмірімде» тақырыбында эссе жазу тапсырылады.



Өз ойларын ортаға салады;

Оқушылар жауап береді.


Топ болып осы сұрақтарға жауап береді.

Дәптермен жұмыс:

Эссе жазып, ең жақсы жазылғаны оқиды



Қорытынды.

12 слайд

- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Қазақтың тұңғыш геологы кім еді?

13 слайд



1. Қазақтың тұңғыш геологы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ. Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) дүниеге келді.
- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.

2. Аппақ Байжанов (Апақ; 1824-1887 жж.), Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі. Нұра ө-нің оңтүстігінен 25 км жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Аппақ жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. 1833 ж. ол жер бетіне шығып жаткан тас көмір қабатын тапты (қазіргі «Северная» шахтасының жері). Көмірдің жанатын қасиетін білетін Аппақ оны өндіріп, жақын маңайдағы ауылдарды отынмен қамтамасыз ете бастады. Аппақ жаңалығы ол кездері іскер топтардың назарына шалынбады, оның үстіне жергілікті бай-шонжарлар шаруашылықтың дәстүрлі үрдісін бұзғысы келмеді. Қазақ əдебиетінің классигі, академик-жазушы, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романы – Аппақтың шынайы көркем бейнесін танытқан туынды.

14 слайд Ой толғаныс: «Егер мен қоршаған ортаны қорғау министрі болсам, ... .»  ойды әрі қарай оқушылар жалғастырады.

Қаныш Сәтбаев, Апақ Байжанов туралы білетіндерін айтады.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.


Үй жұмысы.

Мұнайдан тағы не өндірілетінін жазып келу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Бағалау

V. Рефлексия:

- Сабақ саған ұнады ма?


- Несімен ұнады?
- Саған жаңалық болған не?
- Болашақ өмірде қолдануға пайдалы білім алдың ба? Ол не? түсіндіріп берсең.
- Сабақта кім жақсы жауап берді деп ойлайсың? - Келесі сабақта тағы не білгілерің келеді?

- Өзіңді тексер.(жинаған жетондарын санау)



Формативті бағалау



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет