Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"



Дата09.06.2016
өлшемі40.05 Kb.
#125888
түріСабақ
ШҚО.Аягөз қаласы

«К.Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Бастауыш кластар мұғалімі Қызжанова Гүлия Каримовна

Тәрбие сағаты.


Сабақтың тақырыбы: “ Кітап – сенің досың”

Мақсаты: Кітаптың адам үшін маңыздылығын ұғындыру. Білім алудың көзі деген түсінік қалыптастыру.
Шығармашылық қабілетін арттыру, дүниетанымын кеңейту.
Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер, мақалдар.


Сабақтың барысы:

«Кітап туралы не білеміз?» Кіріспе.



  • Кітап - ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап ақылдың кені. Кітап - бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы. Кітап - барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
    - Ендеше, кітап қайдан шықты?
    - Қазір сендер, өздеріңді ежелгі адамбыз деп елестетіңдер, алдарыңда қағаз жатыр, сендер оқу білмейсіңдер, ал біз айналамызда болып жатқан құбылыстарды, заттарды қалай жазар едік?
    - Қане, құс деген сөзді қалай жазар едіңдер? Ағаш, бұлт, күн, көз т. б.
    - Қалай жаздыңдар?
    - Суретін салдық, бейнеледік, таңбаладық.
    - Бұл таңбалар иероглифті жазбалар деп аталады. Ал ол кездегі жазу құралы тас көмір, күйе болған.
    Алдымыздағы кітаптар бірден пайда болмаған. Алғашқы кезде кітап болмаған кезде адамдар тасқа қашап жазған. Қазақ тарихында тұңғыш кітап 1841 жылы «Боз жігіт» деген атпен Қазан қаласында басылып шықты.

    Жұмбақ шешу.


    Көп әңгімем өлеңім,
    Күнде ақыл беремін.
    Жақсы көрсе мені кім,
    Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап).


Кітапханашымен әңгіме. Кітапханашы өзі алып келген кітап түрлерімен таныстырады. Оларды қалай сақтап, күту туралы оқушыларға түсіндіре отырып әңгімелеп береді.


  • Кітапханашының алып келген бірнеше сұрақтары бар екен, соларға жауап беріп көріңдерші. Конверттегі сұрақтарға оқушылар ақылдаса отырып жауап беріп көреді.


Қазіргі заманда кітап неден жасалады?

Интернет қағаз кітапты алмастыра алады ма?

Кітаптар адамдарға не үшін керек?

Кітаптарды қандай топтарға бөлер едіңдер?

Өздерің қандай кітаптар оқисыңдар? (әр оқушы өзі оқыған кітабын атайды)

Аудио кітап туралы не білесіңдер?
Оқушылар алдына бірнеше кітаптар қойылады. (Олар жаңа кітап, мүжілген кітап, жыртық кітап) Әр қатардағы оқушыларға бір-бір кітаптан беріледі. Олар осы кітаптарды сипаттайтын әңгіме құрап айтулары керек.

Осы үш кітапты ұстаған оқушы жайлы қандай ой айтуға болады?

Жаңа кітапты ұстаған оқушы – кітап бетін ашпайды, жалқау. Мүжілген кітапты ұстаған оқушы – қолынан тастамай оқиды, оқымысты. Жыртық кітаптың иесі – нашар оқитын салақ бала.
Кітап туралы мақал-мәтелдерді дұрыс айту.

Кітап - ................қазына. алтын

Кітап - ...........бұлағы,  білім
Білім - өнер шырағы.
Кітап -.................... , білім тоқығандікі. Оқығандікі
Қорытынды. Сұрақ-жауап

Кітаптың адам өміріндегі алатын орны қандай? Адамдар өз білгендерін кітапқа жазбаған жағдайда не болар еді?

Кітапты қалай ұстау керек? Неге кітапты құрметтеу керек деп ойлайсыңдар?
* * *
Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: «Боран» М.Әуезов.
Сабақтың мақсаты:
1.М.Әуезов есімімен таныстыру. Мәтінін оқып, мазмұнын түсінуге, айта білуге үйрету.

2.Әр түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушы танымын кеңейту. Шығармашылыққа баулу. Тауып оқып, өз ойын қорытыныдылауға жаттықтыру.
3.Табиғатты танып, білуге деген құштарлықтарын ояту.


Сабақтың түрі: Аралас абақ.
ТСО: Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасы. Абай «Қыс» өлеңі
Өлеңді жатқа айту.

Оқушыларға өлең мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қоюды тапсыру.
Абай туралы оқушылардың білімдерін жинақтау.

Абай кім?, ол туралы қандай роман жазылған? Романның авторы кім?


3. Негізгі бөлім. «Абай жолы» романының авторымен таныс болайық. Алдын ала дайындалып келген оқушы М.Әуезов жайлы қысқаша дерек береді.

Мұхтар Әуезов 1897 жылы қазіргі Семей облысы Абай ауданында дүниеге келді. Алғашында атасы Әуезден мұсылманша сауат ашып, хат таниды. Кейін мұғалімдер семинариясында оқиды. Мұхтар Әуезов жиырмасыншы жылдардың бас кезі мен орта шенінде көптеген әңгімелер ( “Қорғансыздың күні”, “Жетім” , “Жуандык”, “Ескілік көленкесінде”, “Кім кінәлі”, “Абай жолы” роман-эпопеясы т. б.)  жазды.

Боран сөзін қолданып сөйлем құрауды тапсыру.
Оқулықтағы сурет бойынша жұмыс: «Боран» Суретте кімдер бейнеленген? Олар неге қарсы жүріп келе жатыр? Жылдың қай мезгілі суреттелген ?

Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді оқу. Сөздік жұмыс жүргізу.
Мәтіннен Абайдың мазасы кеткені жөнінде айтылатын жолдары тауып оқу.
Автордың боранды неге теңегенін тауып оқыту.
Мәтінді бөліктерге бөлу.
«...суық қатайғаннан .... шыдатарлық емес»
«Ығы кетіп,... шыдап болмады»
«.....Қанша екені белгісіз ... азан салады»

Мазмұнын бөліктер бойынша талдап, бір-біріне сұрақтар қою тапсырылады.

Абайдың «Қыс» өлеңі мен бүгінгі танысқан мәтінмен жұмыс. Венн диаграммасы арқылы талдау.
Қорытындылау:

1. М.Әуезовтың Абай есімімен қандай байланысы бар екен?

2. Қыс мезгілінің қаталдығын суреттеген әңгімеге өздерің қандай ат қояр едіңдер?

3. Өздеріңді боранда жүргендей елестетіп көріңдер.

4. Қыстыгүні үсіп қалмау үшін не істеген дұрыс?




Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұнын айту.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет