Модуль. Жалпы экология және ҧлттық руханият Дублин дискрипторлары: А); В); С); Д); Е).
Пәннің атауы: Қолданбалы экология
Бағдарлама авторы: Калиева А.Ш.
Курсты оқытудың мақсаты: "Қолданбалы экология" пәнін игерудің мақсаты қоршаған ортаны қорғау бойынша іс- шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін экологиялық мәселелерді инженерлік шешу және табиғатты тиімді пайдаланудың экологиялық негіздері бойынша базалық білімді қалыптастыру болып табылады.
Пәннің қысқаша мазмҧны: Курс мыналарды қамтиды: қоғамның тарихи дамуы барысында және қазіргі кезеңде адам мен қоршаған ортаның ӛзара іс-қимыл мәселелерін зерттеу; экожүйелер мен адам үшін табиғатқа антропогендік әсер ету түрлерін және олардың салдарын зерттеу; қоршаған табиғи ортаны қорғаудың негізгі әдістерін зерттеу; студенттерді қоршаған ортаға әсер етуді экологиялық бағалау негіздеріне және Жобаларды экологиялық сараптау әдістеріне үйрету .
Пререквизиттері: Орта білім деңгейіндегі экологиялық пәндер
Постреквизиттері: Экологиялық мониторинг, Су экожүйесінің экологиясы, Экологиялық кадастр.
Оқытудан кҥтілетін нәтижелер: А)Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі керек: табиғи ортаға антропогендік әсердің түрлері мен қарқындылығын; В)Ауаның, топырақтың, судың, құрлықтың және әлемдік мұхиттың ластану мәселелерін; С)Біздің мемлекетіміздің табиғат қорғау саясатының принциптерін, табиғатты қорғау заңнамасының негіздерін; Д)Экологиялық проблемалар мен жағдайларда және адамның және табиғаттың ӛзара қарым-қатынасын реттейтін стандарттар, ережелер мен нормалар жүйесінде бағдарлануын; E)Табиғи ортаға зиянды әсерлердің алдын алу тәсілдерін (геосфералардың зиянды химиялық және органикалық заттармен ластануы, аномалды электромагнитті ӛрістерді құру және қарқынды радиациялық әсерді, жылу ластануын және т. б.) меңгеруі керек.).
1(2) КУРС
(Қысқартылған білім бағдарламасы)
Достарыңызбен бөлісу: |