Дип. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы мен қазіргі кездегі даму деңгейінің сипаттамасы, КАСиТ - 2015 - 44
Бухгольц, Бергер және Прогресс коэффициенттерін есептеу 1. Бухгольц коэффициенті - швейцар жүйесімен өткізілген жарыстарда бірдей ұпай жинаған ойыншылардың орнын анықтау әдісі.
Есептеу тәсілі а) Бухгольц коэффициентін ойыншымен кездескен барлық қарсыластарының жинаған ұпайларының қосындысы құрайды. Мәні, ең күшті қарсыластармен (қорытындысында ең көп ұпай жинаған) кездескен ойыншыға жарыстың нәтижесінде жоғарырақ орын беріледі.
б) екі не одан жоғары бірдей ұпай жинаған ойыншылардың Бухгольц коэффициенті бірдей болса, онда әр ойыншының коэффициенттерінен ең аз ұпай жинаған қарсыласының ұпайы шегеріледі. Егер осы айырмадан кейін де Бухгольц коэффициенті (ең аз ұпай жинаған қарсыласын есептемегенде) бірдей болса, онда жоғарыда аталған шегеру тәсілі қолданыла береді. Кейде мұндай тәсілді кескі Бухгольц коэффициенті деп атайды.
2. Бергер коэффициенті - айналма жүйемен өткізілген жарыстарда бірдей ұпай жинаған ойыншылардың орнын анықтау әдісі.
Есептеу тәсілі Бергер коэффициентін ойыншыға ұтқан қарсыластарының жинаған ұпайларының қосындысы мен онымен тең түскен қарсыластарының жинаған ұпайлары жиынтығының жартысы құрайды. Бергер коэффициенті ең күшті қарсыластарды (ең көп ұпай жинаған) ұтқан немесе олармен тең түскен ойыншыларда жоғары болады.
3. Прогресс коэффициенті - швейцар жүйесімен өткізілген жарыстарда бірдей ұпай жинаған ойыншылардың орнын анықтау әдісі.
Прогресс коэффициентін есептегенде ойыншылардың орны ең жоғары көрсеткіш бойынша анықталады.
Есептеу тәсілі Прогресс коэффициентін ойыншының әр ойында көрсеткен нәтижелері көрсеткіштерінің қосындысы құрайды. Бұл коэффициент жарыстың алғашқы ойындарында ұтылған ойыншыларда төмен болады.
2.12. Жылдық аймақтық рейтингті есептеу жүйесі
Аймақтық рейтинг бір жылда өткен ресми жарыстардың қорытындысы бойынша құрылып, командалық жарыстарда рейтинг бойынша жеребе өткізу үшін пайдаланылады. Аймақ ойыншысының немесе командасының әрбір алған орны үшін төмендегідей шарттар бойынша ұпайлар беріледі:
1. Қазақстан Республикасының жасөспірімдер чемпионаты 1 жекелей орын - 3 ұпай
2 жекелей орын - 2 ұпай
3 жекелей орын - 1 ұпай
Барлығы 6х (3+2+1) = 36 ұпай
2. Қазақстан Республикасының Кубогы 1 командалық орын - 12 ұпай
2 командалық орын - 10 ұпай
3 командалық орын - 8 ұпай
4 командалық орын - 6 ұпай
5 командалық орын - 5 ұпай
6 командалық орын - 4 ұпай
7 командалық орын - 3 ұпай
8 командалық орын - 2 ұпай
Барлығы 12+10+8+6+5+4+3+2=50 ұпай
3. Қазақстан Республикасының Ардагерлер чемпионаты 1 жекелей орын - 3 ұпай
2 жекелей орын - 2 ұпай
3 жекелей орын - 1 ұпай
Барлығы 2х (6+4+2) = 24 ұпай
4. Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты 1 командалық орын - 12 ұпай
2 командалық орын - 10 ұпай
3 командалық орын - 8 ұпай
4 командалық орын - 6 ұпай
5 командалық орын - 5 ұпай
6 командалық орын - 4 ұпай
7 командалық орын - 3 ұпай
8 командалық орын - 2 ұпай
Барлығы 12+10+8+6+5+4+3+2 = 50 ұпай
5. Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты 1 жекелей орын - 6 ұпай
2 жекелей орын - 4 ұпай
3 жекелей орын - 2 ұпай
Барлығы 2 х (6+4+2) = 24 ұпай
6. Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты 1 жекелей орын - ұпай
2 жекелей орын - 2 ұпай
3 жекелей орын - 1 ұпай
Барлығы 6 х (3+2+1) = 36 ұпай
Жарысқа аймақтың кемінде бір ойыншысы қатысқаны үшін команда есебіне қосымша 1 (бір) ұпай беріледі. Жыл қорытындысы бойынша аймақтардың жинаған ұпайларына сәйкес аймақтық рейтинг кестесі құрылады. Ұпайлары тең командалар қазақ тілінің алфавиті бойынша тізіліп жазылады. Кесте жылдың соңында жыл қорытындысының көрсеткіштерімен алмастырылады.