Үшінші буын (70 –79 –жылдар) 60 –шы жылдардың кезеңі интегралдық схемалардың құрудың өндірістік технологиясының шығуымен сипатталады. Кремний пластинасының үстінде мөлшері 1 см электрондық схеманы құру іске асырылды. ИС-лар үшінші буын машиналарының негізгі элементтік базасы болды. әрекет тездігі 1 млн оп/с жоғарылады, ал кейбір ЭЕМ-де оперативті жад бірнеше мегабайтқа кеңейді.
Машинамен қатынасу бірнеше терминалдардан ұйымдастырылады, дисплейі бар терминальды құрылғылар да кеңінен қолданылды. Үшінші буын машиналарында қолданушылар цифрлық, графикалық ақпараттармен жұмыс істей алды.
Төртінші буын (1980- осы уақытқа дейін). Төртінші буын машиналарының негізгі элементтік базасы үлкен интегралдық схемалар болды (ҮИС) және өт үлкен схемалар. 70-жылдарда ӨҮИС өнеркәсіптік өндіру дұрыс жолға қойылды, ол кремний кристалының бетінде бірнеше ондаған мың электрондық құрауыштардың орналасуымен ерекшеленді. Нәтижесінде машиналардың өлшемдері күрт төмендеді, әрекет тездігі секундына ондаған және жүздеген млн операцияға дейін жетті, жедел жад өлшемі мегабайтпен өлшене бастады.
Алғашқы ЭЕМ-дер аса қымбат, алып болды, сондықтан кең қолданыс таппады. Олар ірі ғылыми орталықтарда, космоста, қорғаныста, метерологияда қолданылды.
КСРО-да ЭЕМ дамуы академик Сергей Алексеевич Лебедевтың есiмiмен тығыз байланысты, оның басқаруымен алғашқы отандық ЭЕМ-дер құрылды: 1951 жылы Киевте (Украинаның ғылымдар академиясы) және 1952 жылы Москвада БЭСМ (Большая электронная - вычислительная машина). Лебедев әлемдегі ең күшті екінші буын (1967 ж.) ЭЕМ-і БЭСМ – 6 да құруды басшылыққа алды, сарапшылардың пікірлері ол бірнеше жылға алдыңғыларынан асып кетті. Жоғары әрекеттездігімен (1 млн. оп/с) игерген ол машина архитектурасы жағынан үшінші буын ЭЕМ-не ұқсас еді және 1981 жылға дейін көптеп шығарылмады. БЭСМ – 6 ғылыми есепетеулерге аса қажет, кең таралған ЭЕМ болды.
СССР -ғы ЭЕМ дамуы академик Оның басқаруымен алғашқы ЭЕМ –дер жасалды: 1951 ж. Киевте – МЭСМ (Малая Электронная счетная машина) және 1952 ж. Москвада – БЭСМ (Большая Электронная счетная машина)
ДЭЕМ пайда болу тарихы
1960-70 жылдары әлемде ЭЕМ-ді өндіру индустриясы құрылған еді. Алдыңғы қатарлы орындарды IBM (International Business Machines), DEC, CDC және т.с.с. сияқты фирмалары иеленді. Дербес компьютерлер 70-жылдардың ортасында шығарыла бастады. «Дербес» термині ЭЕМ-нің жеке қолданушыға арналғанын білдіреді. ДК - әрқайсысына белгіленген қызмет жүктелген өзара байланысқан құрылғылардың шағын кешені.
ДК танымалдауда маңызды рольді компьютерлік журналдар алды. Такие издания как “Radio Electronics”, “Popular Electronics” сияты басылымдар микрокомпьютерлер потенциалын арттыруға қызығушылық туғызды. АҚШ-тың барлық аумағында әуесқойлар клубы пайда бола бастады. Ең танымал клуб 1975 жылы Калифорния штатының Менло-Паркте құрылған Homebrew клубы болды. Оның алғашқы мүшелерінің біріне Стив Джобс пен Стив Возняк енді, кейіннен олар Apple Macintosh компаниясының негізін қалаушылар болды. .
Бұл алғашқы микрокомпьютер 1974жылы Альбукеде (Нью-Мексико штаты) кішігірім компаниямен құрылған “Altair -8800” болды. 1975 жылдың соңында Пол Ален мен Билл Гейтс (Microsoft фирмасынң болашақ негізін қалаушылары) «Альтаир» компьютері үшін Basic тілінің интерпретаторын құрды, бұл қолданушыларға компьютермен қарапайым және оңай қатынасуға мүмкіндік берді. Бұл да ДК-дің танымал болуына әсерін тигізді.
1976 жылы Apple фирмасының Macintosh атауымен бірінші компьютері шығарылды.
Қазіргі уақытта ДЭЕМ келесі облыстарда кең қолданыла бастады:
-
Ғылыми-зерттеу және Инженерлік құрастырушы (ғылыми салада) жұмыстарда;
-
шаруашылық-экономикалық қызметтерді басқаруда (іс саласы);
-
білім;
-
тұрмыстық сала.
1980 жылы IBM өз күшін дербес компьютерлер нарығында сынап көрмекші болды. Ол Intel – 8080 сегіз арзрядты процессорына емес, 16 разрядты Intel – 8088 моделіне бағыт қойды. Бұл компьютерлердің потенциалды мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді, жаңа процессор 1 Мбайт жадпен жұмыс жасау мүмкіндігін ұсынды, ал оның алдыңғылары 64 Кбайтпен жұмыс істеген еді. 1981 жылдың тамыз айында IBM фирмасы Microsoft фирмасының трансляторлары мен операциондық жүйесi орнатылған өзiнiң туындысын IBM PC әлемдiк компьютерлiк рынокта тiркеген. Небәрі жарты жыл ішінде IBM 50 мың машина сатты, ал екі жылдан кейін сату көлемі бойынша Apple фирмасынын асып түсті.
Бірақ та сіздер келесілерді білулеріңіз керек:
-
IBM фирмасынан басқа бұл типті компьютерлерді әлемде басқа да жүздеген өндірушілер шығарады.
-
Бұл типті ДК түрлерінің жиынтықтары құрыла бастады, олар өзара әрекеттездігімен, ішкі және сыртқы жадымен, функционалдық мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.
-
Басқа типті ДК-лер де бар, мысалы, Apple фирмасының Macintosh компьютері.
Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 6, 7, 8
Қосымша әдебиеттер: 12
Дәріс 4. ЭЕМ архитектурасы
Дәріс сұрақтары:
-
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
-
Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
ДК-дің құрамына міндетті түрде ең негізгі үш құрылғы кіреді: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Бірақ ДК-дің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту үшін көптеген қосымша периферийлық құрылғыларды қосуға болады: манипуляторлар (тышқан, джойстик, трекбол, жарық қаламы, дигитайзер), басу құрылғысы (принтер), кескіндерді оптикалық оқу құрылғысы (сканер), графиксалғыштар (плоттер), магниттік лентадағы ақпаратты тасуыш (стример), т.с.с. ДК модульдік құрылымды, оның барлық модульдері жүйелік магистраль арқылы байланысқан.
Жүйелік магистраль - шиналардың жиынтығы: мәліметтер шинасы, адрестер және басқарушы сигналдар шиналары. Адресті - ақпараттық шинаның тізбектерінің саны адрестер мен мәліметтердің разрядтығымен анықталады, ал басқару шинасының тізбектері – ДК-де қолданылатын басқару сигналдарының санымен анықталады.
Жүйелік блок – құрамына микропроцессор, сопроцессор, оперативті және тұрақты жад модульдері, контроллерлер, магниттік дискілерде жинақтаушылар және т. б. кіреді. Бұл конфигурацияны өзгертуге болады.
Контроллер - бұл құрылғылар СҚ басқару үшін қолданылады, әрбір СҚ-ның өзінің контроллері бар. Электрондық контроллер–модульдері жеке платаларда жасалып жүйелік блок ішінде орналасады. Мұндай платаларды адаптер деп атайды. Микропроцессордан команда алғаннан кейін контроллер жеке жұмыс жасай бастайды, яғни микропроцессорды босатады. Контроллер екі типті регистрлерден тұрады:
-
күй регистрлері (басқару)
-
мәліметтер регистрлері.
Бұл регистрлерді көбінесе енгізу – шығару порттары деп атайды. Әрбір порттың нөмірі – порт адресі бар.
М и к р о п р о ц е с с о р . Микропроцессор (МП) құрамына:
-
орталық басқару құралы;
-
арифметико – логикалық құрылғы;
-
ішкі регистрлік жады;
-
кэш – жады
-
жүйелік шинаны басқару сызбалары, т.б. кіреді.
МП-дың негізгі атқаратын функциялары:
-
оперативті жадыдан командалар алу;
-
командаларды декодтау (яғни команданың мағынасын анықтау, орындалу әдісін, операциялар адрестерін анықтау);
-
командалар құрамында кодталған операцияларды анықтау;
-
өзінің ішкі регистрлері, оперативті жад мен СҚ, МП мен оперативті жад арасындағы ақпараттар алмасу үрдістерін басқару;
-
ішкі процессорлық және программалық үзілістерді өңдеу;
-
СҚ – дан берілген сигналдарды өңдеу және сәйкес үзілістерді жүзеге асыру;
-
компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғылар жұмысын басқару.
Программалаушының көзқарасынан МП әртүрлі регистрлер жинағы деп қарастырылады: команда санақшысы регистрі, стекке сілтеу регистрі, күй (жалауша) регистрі , адрестер регистрі, регистр – аккумулятор, т.б. Кейбір МП-де барлық регистрлер тең мағыналы (РДР), ал кейбір машиналарда (Intel) әрбір регистр ролі қатаң анықталған. Микропроцессордың типі ДК-дің типін анықтайды. ДК-дің барлық аппараттық бөліктерін және олардың негізгі мінездемелерін қысқаша көрсеттік, неғұрлым кең мағлұтматтар алуды мұндай сұрақтар кеңінен қарастырылған әдебиеттерден өз бетінше зерттеуге ұсынамыз.
Дәріс №5 тақырыбы: Дербес компьютердiң программалық жасақтамасы
Дәріс сұрақтары:
-
ДК-дің программалық жасақтамасының құрылымы
-
Жүйелік ПЖ
-
Программалау жүйелері
-
Қолданбалы ПЖ
-
ДК-дің программалық жасақтамасының құрылымы
Егер біз компьютерді қоспас бұрын қарайтын болсақ, онда оның жүйелік блокқа қосылған көптеген құрылғылар жиынтығынан тұратынын көреміз. Жүйелік блоктың құрамында үлкен пластина – жүйелік тақша орналасқан, оған компьютерлік жүйенің құрауыштары қосылады.
Іске қосылмаған компьтер темір мен пластмассадан дайындалған, бірақ оны іске қосқан соң ол түрленіп, жанданады: онымен мәтіндер теруге, ойындар ойнауға, мзыка тыңдауға және көптеген басқа амалдар орындауға болады. Оның барлығы ненің әсерінен болады деп ойлайсыздар?
Мұның барлығы әр түрлі программаларды пайдаланғандықтан болады, олардың біреуі компьютерді басқарады, екіншілері мәтінмен (текстпен), графикамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, үшіншілері басқа да маңызды функциялар атқарады екен. ДК және олардың жүйелерінің жалпы архитектурасында икемді құрылым болып программалық жасақтама табылады.
Программалық жасақтама (Software) – компьютерде шешілетін есептерді орындауды жасақтайтын программалар жиынтығы. Компьютердегі барлық программалар жиынтығы программалық жасақтама деп аталады.
Барлық ПЖ флоппи-дискілерде, CD –де жинақталады немесе Интернет желісі арқылы әкелінеді. Қызметіне қарай (функционалдық мүмкіндіктеріне байланысты) ПЖ жүйелік, қолданбалы және программалау жүйелері (инструментальдық құралдар) болып бөлінеді.
-
Жүйелік программалық жасақтама
Компьютердің жұмыс істеу қабілетін жүйелік програмалық жасақтаманы құрайтын программалар қамсыздандырады.
Жүйелік программалық жасақтама – компьютерді функционалдауды қолдауға арналған және есептеу жүйесінің құрылғыларын басқаратын программалық тәсілдердің жиынтығы. ЖПЖ-нің негізгі элементтеріне операциялық жүйелер, диалогтық (файлдық) қоршамдар, драйверлер мен утилиттер (сервистік программалар) жатады.
Жүйелік программалық жасақтаманың негізгі компоненті – ОЖ. ОЖ- компьютер мен қолданушы арасындағы диалогты қалыптастыратын, компьютерді және оның ресурстарын басқаратын (үйлестіретін) өзара байланысқан жүйелік программалардың жиынтығы.
ОЖ-ден ДК-дің жұмыс істеу сапасы, қолданушының жұмыс жасау икемділігі анақталады.
Қазіргі уақытта жүздеген ОЖ-лер құрастырылған. Олардың ішіндегі ең танымалдары - MS-DOS, Linux (Европада таралған), Unix (АҚШ-та таралған). Ең алғашқы ОЖ MS-DOS 1981 ж. Microsoft фирмасымен шығарылған.
Ресейде және біздің елімізде Windows операциялық жүйесі кең таралған. Бұл ОЖ басқа жүйелермен салыстырғанда тек өзінің интерфейсімен ғана емес (сыртқы түрі) және жұмыс істеу концепциясымен (тұжырымдамасымен) ерекшеленеді: Windows негізіне терезелік технология тән - әрбір программа үшін мәліметтермен амалдар орындауға арналған төртбұрышты аймақ (терезе пайда болады).
Қазіргі уақытқа дейін Windows ОЖ-нің келесі нұсқалары таралған: Windows 95, 98, 2000 (Millenium Edition), XP. Әрбір жаңа нұсқа алдыңғысын толықтырып, олардың мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Файлдық жүйе мен аппараттық құралдарды басқарудан басқа ОЖ-нің негізгі қызметтеріне мәліметтерді енгізу-шығару, командаларды өңдеу, қолданушы интерфейсін қалыптастыру жатады.
Диалогтық қоршамдар – қолданушыға ыңғайлы интерфейс қалыптастыратын, қолданушы мен компьютердің арасындағы диалогты жеңілдететін, ОЖ-нің объектілерімен (файлдармен, каталогтармен) орындалатын базалық операцияларды көрнекі және қарапайым ететін программалардың жиынтығы. Сыртқы түріне қарай диалогтық қоршамдар текстік (NC), графикалық (Windows 3.1) болып бөлінеді.
Драйверлер – қолданбалы программалар мен ОЖ-нің сыртқы құрылғыларының өзара байланысын жасақтайтын программалар. Драйверлер тышқан, пернетақта, принтер және сканер сияқты құрылғылардан келіп түскен ақпаратты өңдеуге жауап береді.
Утилиттер (сервистік программалар) – қосымша сервис (дискеттерді форматтау, жойылған файлдарды қалпына келтіру, дискідегі файлдарды дефрагментациялау және т.с.с) қалыптастыратын көмекші қызметті программалар. Утилиттер дегеніміз – ОЖ-нің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін және толықтыратын қосымша құралдар.
Бұл топтың барлық программалары шартты түрде архивтеу программаларына, антивирустық программаларға және дискілерге қызмет көрсету программаларына жіктеледі.
Архивтеу программалары арнайы қысу әдістерін қолданып информацияны тығыздауға арналған.
Антивирустық программалар – вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар.
Дискілерге қызмет көрсету программалары дискілік информацияның жүйелік өңделуіне жауап береді.
Жүйелік программалық жасақтама (ЖПЖ) құрамына енетін программаларды күнделікті өмірмен ұқсастыққа келтіруге болады.
Программалық жасақтама
|
Адамның комфортты өмір сүруі үшін қолданылатын барлық құралдар
|
ЖПЖ
|
Ас үйдегі, ванна бөлмесіндегі заттар
|
ОЖ
|
Үй қожайыны
|
Диалогтік қоршамдар
|
Үй қызметшісі
|
Драйверлер
|
Құрылғыларды қолдануға арналған нұсқаулар
|
Утилиттер
|
Тұрмыстық техника
|
Антивирустық программа
|
Дәрілері бар аптечка
|
Дискілерге қызмет көрсету программалары
|
Шаңсорғыш, кір жуатын машина, ас үй комбайні
|
3 Программалау жүйелері
Программалау жүйесі – кез келген пәндік аумақта ерекше программалық құралдарды автоматтандыруға арналған құралдар жиынтығы. Оның құрамына программалу тілдері және арнайы программалық құралдар жатады. Программалау жүйелеріне күнделікті өмірмен байланыстырсақ, тұрмсытық техниканы жөндеуге арналған құралдармен ұқсастыққа қоюға болады.
4 Қолданбалы программалық жасақтама
Қолданушы компьютермен жұмыс істеген кезде уақытының көп бөлігін ҚПЖ-мен жұмыс істеуге жұмсайды. ҚПЖ – қолданушының нақты есептерін шешуге арналған программалар жиынтығы.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 7, 8
Қосымша әдебиеттер: 12
Дәріс 6. Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі.
Дәріс сұрақтары:
-
Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі
-
Файлдар және файлдық жүйе.
-
Windows операциялық жүйесі
Операциялық жүйе (ОЖ) – программалық құралдардың кешені, олар
-
ресурстарды (физикалық және логикалық) басқаруды, яғни компьютерлердің барлық ақпараттық құралдарының үйлесімді жұмысын;
-
үрдістерді басқаруды, яғни программалардың орындалуын, олардың аппараттық құралдар, мәліметтермен әсерлесуін;
-
пайдаланушы интерфейсін, яғни пайдаланушының компьютермен диалогын жүзеге асыруды жасақтайды. Бұлар ОЖ-нің негізгі атқаратын қызметін анықтайды.
ЭЕМ (компьютер) физикалық ресурстары қатарына– оперативті жад, процессор, монитор, басу құралдары, магниттік және оптикалық дискілер, ал логикалық қатарына– программалар, файлдар, оқиғалар, т.с.с. жатады.
Үрдістер дегеніміз – сәйкес енгізілген программамен және ол қолданатын мәліметтермен анықталған қимылдардың белгілі бір тізбегі.
Операциялық жүйе – ең машиналық-тәуелді программалық құралдар, сондықтан олар белгілі компьютер типтеріне бағытталады. Қазіргі замнға дейін ОЖ де ЭЕМ-дер дамуына сәйкес өзгерістерді бастан кешірген және көптеген әртипті машиналар кластарына сәйкес түрлері бар (OS/360, OS/370, OS/2, VMS/VAX, VNIX, LUNIX, MS-DOS, Windows 95, Windows NT, Windows XP, т.с.с.). Операциялық жүйелерді жіктеуді бірнеше ірі мінездемелерге байланысты қарастырайық (әдебиеттерде мұндай жіктеулердің әртүрлілері ұсынылады): алдына қойған мақсаттарына, есептерді өңдеу режімдеріне, жүйемен әсерлесу әдістеріне байланысты.
Мақсаттарына байланысты:
-
жалпы мақсаттағы;
-
арнайы мақсаттағы
операциялық жүйелер болып бөлінеді. Арнайы мақсаттағы ОЖ-ң келесі түрлері болады: тасымалданатын микрокомпьютерлерге және әртүрлі ендірілген жүйелерге арналған, мәліметтер қорын ұйымдастыруға және жетелеуге арналған, ақиқат уақыт режіміндегі есептерге арналған, т.с.с.
Есептерді өңдеу режімдеріне байланысты:
-
бірпрограммалы (MS-DOS, MSX),
-
мультипрограммалы (OS/2, UNIX, Windows) режімдегі ОЖ.
Мультипрограммалы режімде бір процессорлы машинада бір уақытта бірнеше программаның орындалуы жүзеге асырылады. Кейде бұл жағдайда мультиесепті режім туралы да айтылады, алайда мультипрограммалы және мультиесепті режімдер синонимдер емес, жақын ұғымдар. Олардың негізгі айырмашылықтары:
-
мультипрограммалы режімде бірнеше программалардың бір уақытта орындалуы жүйенің өзімен басқарылады;
-
мультиесепті режімде мұндай басқаруды программалаушының өзі жүзеге асыруы қажет.
Қазіргі дербес компьютерлерге арналған ОЖ жоғарыдағы екі режімді де қолдайды.
Есептеу жүйесімен диалогтық режімде әсерлесу мінездемелеріне байланысты:
-
бірпайдаланушылы (біртерминалды) (MS-DOS);
-
көппайдаланушылы (көптерминалды) (UNIX, Windows NT) ОЖ болып жіктеледі. Көппайдаланушылы ОЖ-де бір есептеу жүйесімен бір уақытта бірнеше пайдаланушылар өз терминалынан жұмыс атқаруына болады. Сондықтан көппайдаланушылы режім мультипрограммалы режім болуын қажет етеді.
Сонымен қатар, көптеген ОЖ-дің маңызды қасиеті бір есептің көлемінде есептеулерді параллель жүргізуге байланысты көптармақты (көпағындықты) болуы. Мұндай ОЖ-де процессор уақыты бірнеше есептер арасында емес, бір есептің әрбір тармақтары (ағындары) арасында бөлінеді.
ОЖ-дің көпроцессорлық өңдеуді қолдайтын маңызды қасиетіне байланысты көппроцессорлы ОЖ анықталады. Мұндай жүйелердің қатарына IBM фирмасының OS/2, Sun фирасының Solaris 2.x, Microsoft-тың Windows NT және Novell NetWare 4.1 жүйелері жатады.
Қазіргі уақытта әртүрлі ЭЕМ үшін әртүрлі типті операциялық жүйелер бар, бірақ олардың құрылымдарында бірнеше жалпы принциптер бар. Мұндай принциптерге келесілер жатады:
-
жүйенің негізі – ядросы болады. Ядро құрамына жиі қолданылатын модульдер: үзілістерді өңдеу модульдері, ОЖ және процессор ресурстарын бөлу модульдары, т.с.с. кіреді. Ядро құрамына енетін программалар ОЖ жүктелген уақытта оперативті жадқа орналасады және ЭЕМ қызметі кезінде әрқашанда сонда қалады. Мұндай программаларды резидентті деп атайды.
-
командалық процессор – пайдаланушыдан берілген қарапайым командаларды интерпретациялайды және орындайды, сондай-ақ олардың ядромен әсерлесуін жүзеге асырады;
-
утилиттер – компьютерлердің әртүрлі құрылғыларына қызмет көрсететін кішігірім программалар (мысалы, магниттік дискілерді пішімдеу утилиттері, байқаусызда жойылған файлдарды қалпына келтіру утилиттері, т.с.с) болады.
2. Файлдар және файлдық жүйе.
Файл – сыртқы жад құрылғыларында орналасатын және жеткізу мен өңдеу кезінде бөлінбейтін, біртұтас құрастырылатын жазбалар тізбегі (Файл – белгілі бір атаумен аталып, реттеліп жазылған байттар тізбегі, яғни дискіде аталған аймақ және ол белгілі бір құрылымға ие). Ол компьютерлердегі мәліметтерді сақтау мен жеткізудің негізгі бірлігі болып табылады. Компьютерде файлдарды басқаруды ұйымдастыру үшін файлдық жүйе қолданылады.
Файлдық жүйе – операциялық жүйедегі файлдарды ұйымдастырудың көпсатылы иерархиялық құрылымын құру мен ұйымдастыру жүйесі, яғни файлдармен жұмыс істеудің жалпы құрылымы.
Файлдық жүйенің негізгі атқаратын функциялары:
-
файлдармен жұмыс істеу функциялары, яғни оларды құру, жою, атрибуттарын өзгерту, құрылымдарын анықтау, т.с.с.;
-
файлдарға қатынауды басқару функциялары;
-
файлдарда сақталған мәліметтермен жұмыс істеу функциялары, яғни оларды оқу, жазу, көшіру, іздеу және т.с.с.
Логикалық дәрежеде файлдық жүйені келесі құрамдық бөліктерге бөлуге болады:
-
енгізу/шығару құрылғыларында сақталған файлдар;
-
файлдар құрылымы;
-
файлдар және олардың құрылымдарымен жұмыс істеу функциялары.
Кең таралған файлдық жүйелер: CD-ROM файлдық жүйесі, CP/M файлдық жүйесі, MS DOS файлдық жүйесі, WINDOWS файлдық жүйесі, UNIX файлдық жүйесі.
Файлдар және каталогтар. Сонымен, файл дегеніміз – біртекті мәліметтер жиынтығын сақтау үшін бөлінген сыртқы жадтың (дискінің) атаулы аймағы. Файлдың негізгі атрибуттары мен мінездемелеріне – оның атауы, типі, көлемі, жазылған мерзімі, қорғалу қасиеті және т.б. жатады.
Файл атауы – файлға телінген ат, ол символдар жолынан тұрады, оның ұзындығы сәйкес файлдық жүйемен анықталады. Мысалы FAT файлдық жүйесінде (MS-DOS, Windows 3.1) үшін 1-8 символдан, HPFS файлдық жүйесінде (OS/2) 254-ке дейін символдардан, VFAT файлдық жүйесінде (Windows 95) 260-қа дейін символдардан, NTFS файлдық жүйесінде (Windows NT) 255-ке дейінгі символдардан тұрады. Файлдың толық атауы файл атауы мен кеңейтуінен тұрады, файлдың кеңейтуі 1-3 символдардан тұрады, кеңейтуге қарап файлдың қандай программа екенін, яғни типін анықтауға болады. Файл атауы мен кеңейтуі нүкте арқылы бөлінеді. Файл атауында қолданылуы мүмкін символдар жиыны сәйкес файлдық жүйемен анықталады. Жиі кездесетін файл кеңейтулері:
-
.com, .exe, .bat - орындалатын файлдар;
-
.txt, .doc – мәтіндік файлдар;
-
.pas, .bas, .c, .for – белгілі бір программалау тілдеріндегі программа мәтіндері, сәйкес Паскаль, Бейсик, Си, Фортран;
-
.xls – электрондық кестелер файлы;
-
.dbf – мәліметтер қоры файлы, т.с.с.
Файлдарды логикалық деңгейде ұйымдастыру үшін каталогтар қолданылады. Каталог (директорий, қаптама) – дискінің белгілі бір атаумен аталған мәліметтерді сақтау аймағы, яғни мәліметтерді сақтауды ыңғайлы етіп ұйымдастыруға және файлдарды іздеп табуды жеңілдетуге арналған сатылы құрылым. Файлдар каталогтарға ортақ қасиеттеріне (типтеріне, мақсаттарына, жасалу уақытына, т.с.с.) қарай топтастырылады. Каталог көп және олардың қабаттылық деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Тасуышта орналасқан барлық каталогтар иерархиялық құрылым құрады. Каталогтар құрушы файлдық жүйеге байланысты бұтақ немесе желі тәріздес болуы мүмкін. Бұтақ тәріздес құрылымда каталогтар түпкі каталогтан бастап, ішкі каталогтар бұтақ тәрізді құрылыммен қабаттаса орналасады, мысалы FAT файлдық жүйелерінде. Мұнда әрбір каталог бір каталогқа қана енуі мүмкін. Түпкі каталог – берілген дискіде басқа бірде-бір каталогтың туынды каталогы болып табылмайтын каталог, демек дискідегі ең жоғарғы деңгейдегі каталог. Желі тәріздес құрылымда бір файл әртүрлі каталогтарға енуі мүмкін, мысалы көппайдаланушылы UNIX операциялық жүйесінде. Көптеген операциялық жүйелерде файлға оның толық атауы (қатынау жолы) арқылы қатынайды. Қатынау жолы :
-
жолдан – файлмен байланысу жолы немесе оның дискідегі каталогтар тізімі, олар \ белгісімен (UNIX-те / ) бір-бірінен бөлінеді;
-
файлдың өз атауынан;
-
кеңейтуден ( бірақ ол міндетті емес, негізгі атаудан (•) арқылы бөлінеді)
тұрады. Мысалы:С: \ Мои документы \ Диплом \ Моя_работа. doc
Windows 95 және Windows 98 операциялық жүйелерінде каталог терминінің орнына қаптама термині қолданылады. Сонымен мұнда файлдардың тек қана логикалық деңгейде ұйымдастырылуы ғана қарастырылды.
5 Windows графикалық қоршамының негізгі элементтері.
Достарыңызбен бөлісу: |