4 дәріс тезистері ТҰтас педагогикалық процесс жоспар



бет1/3
Дата12.03.2024
өлшемі52.36 Kb.
#495111
  1   2   3
№4 дәріс


4 дәріс тезистері


ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС


ЖОСПАР:
1. Тұтас педагогикалық процестің мәні және құрылымдық компоненттері.
2. Тұтас педагогикалық процестің қозғаушы күштері.
3. Тұтас педагогикалық процестегі өзара әрекеттесу және оның түрлері.
4. Әлеуметтендіру – әлеуметтік-педагогикалық құбылыс.

Педагогикалық мамандықтың қалыптасу тарихына үңілу барысында, сол замандарда тәрбие мен оқытуды бөлек, бір-бірінен дербес процестер ретінде, тіпті кейде бір-біріне қарама-қайшы процестер ретінде қарастырылды. Бірақ, ХІХ ғасырдың ортасында, прогрессивті педагогтердің еңбектерінде тәрбие мен оқыту процестерінің тұтастығы туралы мәліметтер кездесе бастады. Бұл мәселе, әсіресе, И.Ф.Гербарттың педагогикалық көзқарастарында айрықша орын алды.
И.Ф.Гербарт өз еңбектерінде тәрбие мен оқытудың өзара байланысын былай деп көрсетеді: «...тәрбиесіз оқыту - мақсаты жоқ құрал, ал оқытусыз тәрбие-құралдары жоқ мақсат», яғни басты мақсат - тәрбие, ал осы мақсатқа жетудің басты құралы - оқыту болып табылады. Осылай И.Ф.Гербарт тәрбие мен оқытудың біртұтастығын дәлелдей отырып педагогика ғылымына «тәрбиелей отырып оқыту» терминін енгізеді.
Педагогикалық процестің тұтастығы мәселесі К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде де өз көрінісін тапты. Ол оны мектеп әрекетінің әкімшілік, оқытушылық және тәрбиелеушілік элементтерінің тұтастығы деп қарастырды. Яғни, мектеп әрекетінің тиімді нәтижесі мектепті басқару, оқыту және тәрбие процестерінінің үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты екендігіне көз жеткізді. К.Д.Ушинскийдің прогрессивті идеялары Н.Ф.Бунаковтың, П.Ф.Лесгафтың, В.П.Вахтеровтың және оның тағы басқа ізбасарларының еңбектерінде өз жалғасын тапты.
Педагогикалық процестің тұтастығы мәселесінің дамуына өз үлестерін Н.К.Крупская, А.П.Пинкевич, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, М.М.Рубинштейн, А.С.Макаренко қосты.
Тұтас педагогикалық процесстің мәніне көзқарастар:
1. Тұтас педагогикалық процесс - оқушылардың өзара әрекеттерінің сапасы (С.Г.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский).
2. Тұтас педагогикалық процесс – білімділік, тәрбиелік және дамытушылық қызметтің бірлігі (Б.Т.Лихачев).
3. Тұтас педагогикалық процесс – тәрбие мен оқытудың бірлігі (А.Ф.Каптерев, М.А.Данилов).
4. Тұтас педагогикалық процесс – сабақтан тыс уақыттағы тәрбие процесіне қатысушылардың өзара әрекеті (А.С.Макаренко).
Алайда, 1930 жылдардан бастап, педагогтердің еңбектері, тәрбие мен
оқытуды дербес процестер ретінде терең зерттеуге бағытталды.
Мектеп тәжірибесінің қажетілігінен туындаған педагогикалық процестің тұтастығы мәселесіне ғылыми қызығушылық 70-ші жылдары қайта жаңғырды. Тұтас педагогикалық процестің мәніне жаңа көзқарастар пайда болды. Олар келесі:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет