Жер асты газ құбырларының қызмет көрсету диплом жұмысы
Болат газ құбырының механикалық зақымдануынан газ шығуын жапырақ тәрізді муфтаны орнатуымен жою.
Жер беті газ құбыры жұмысының мазмұны: Жөндеу аймағында газ қысымын төмендету. Стандартты өлшем бойынша үлкен диаметрлi құбырдан қажетті аймақ ұзындығын кесiп алу. Құбырдың дайын кесiндiсiнен жартысақина өсiн бойлай қию. Балқытып біріктіруге муфта шетін тазалау. Жапырақтың формасын, өлшемін және санын анықтау. Жапырақшалар қию үшін жартысақина формасын кескіндеу. Жапырақшаларды ойып кесу. Болат газ құбырының механикалық зақымдалған аймағына жартысақина жапырақша тәрізді муфтаны қою. Цилиндрлік бөліктің бойымен жартысақина жапырақша тәрізді муфтаны дәнекерлеу. Муфтаның жапырақтарын өзара дәнекерлеу. Балқытып біріктіруге муфта жапырақтарының шеттерiн тазалау. муфтаны газ құбырының екі жағынан дәнекерлеу жасау. Дәнекерленген жалғанулар сапасына бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Дәнекерленген тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Газ құбырының боялмаған аймағын және жапырақты муфтаны екі қатар бояу және топырақпен жабу.
Жер асты газ құбыры жұмысының мазмұны: Электрқорғауды ажырату. Газтарату желілерінде газ қысымын төмендету. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Зақымдалған түйінін топырақтан тазалау. Муфта қою аймағын белгілеу. Муфта қою аймағындағы оқшаулағыш жабуын алу. Шунтталатын ұстатқышты орнату. Стандарт өлшем бойынша үлкен диаметрлі құбырдан қажетті аймақ ұзындығын кесiп алу. Құбырдың дайын кесiндiсiнен жартысақина өсiн бойлай қию және оларды балқытып біріктіруге дайындау. Жапырақтың формасын, өлшемін және санын анықтау. Жапырақшалар қию үшін жартысақина формасын кескіндеу. Жапырақшаларды ойып кесу. Болат газ құбырының механикалық зақымдалған аймағына жартысақина жапырақша тәрізді муфтаны қою. Цилиндрлік бөліктің бойымен жартысақина жапырақша тәрізді муфтаны дәнекерлеу. Муфтаның жапырақтарын өзара дәнекерлеу. Балқытып біріктіруге муфта жапырақтарының шеттерiн тазалау. Муфтаны газ құбырының екі жағынан дәнекерлеу жасау. Дәнекерленген жалғанулар сапасына бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Дәнекерленген тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Шунтталатын ұстатқышты алу. Шунтталатын ұстатқыш қою орнын және газ құбырын, жапырақты муфтаны оқшаулау. Оқшаулаудың тегістігіне тексеру жүргізу. Құбырдың жоғарғы жағынан 0,25 м биiктiкке оржолды қолдан себу. Оржолға сигналдық лентаны сыйғызу. Механизм көмегімен оржолды көму. Электрқорғауды қосу.