Мұнай және газ жабдықтарын тоттанудан қорғау



Дата10.02.2022
өлшемі112.74 Kb.
#455256
Мұнай және газ жабдықтарын тоттанудан қорғау2

Мұнай және газ жабдықтарын тоттанудан қорғау

Орындаған:Арынғазиев.Т

Сериков.А

Шарып.С

Тексерген:Жексенбаева.Г.М

Мұнай-газ жабдықтарын коррозияға қарсы қорғаудың экономикалық және экологиялық мақсаттылығы және қажеттілігі

  • Металдардың тоттануы – қоршаған ортаның химиялық және электрохимиялық әсерінің нәтижесінде металдардың бұзылуына немесе металдар қасиеттерінің өзгеруіне алып келетін, физикалық-химиялық процесс. Қоршаған ортаның химиялық әсерінен химиялық тоттану пайда болады. Бұл бейэлектролиттер мен металдардың тікелей реакцияға түсуі нәтижесінде пайда болады. (мысалы, күкіртті мұнайлар мен мұнай өнімдерімен әсерлесуші құбырлар мен резервуарлардың ішкі беттерінің бұзылуы, ыстық отын газдарымен әсерлесуші газ турбиналарындағы қалақшалардың бұзылуы, құрамында күкірт газдары мен көмірқышқыл газдары бар).

Қоршаған ортаның электрохимиялық әсерінен электрохимиялық тоттану пайда болады. Коррозиялық ортаға бұл аталған реакция немесе осы коррозия түрі жүзеге асуы үшін электролит ерітінділерінің болуы қажет. Металдың бетінде бір мезгілде тотықтырушы (металдың балқуы) және қалпына келтіруші (қоршаған орта компоненттерінің электрохимиялық жолмен қалпына келуі) электрохимиялық процесстері жүреді. Электрохимиялық процестер электр тогының қатысуымен жүзеге асады. Магистралдік және кәсіпшіліктегі газ құбырларында, сорап және компрессор станцияларының құбыр желілерінде, кәсіпшіліктегі газ ұңғымаларының шеген тізбектерінде, газды жер астында сақтау станцияларында және жерастындағы сиымдылықтар мен резервуарларда электрохимиялық коррозия жүруі мүмкін.

Электрохимиялық коррозияның мынандай түрлері бар:

  • - атмосфералық (ылғалды ауа ортасында );
  • - теңіздік (теңіз суымен атмосферада) ;
  • - топырақ (топырақтағы электролиттерінде);
  • - электрокоррозия (бос жүрген тоқтар әсерінен болады);

Коррозия мәселесінің жалпы сипаттамасы

Әртүрлі металл конструкциялардың пайдаланылу мерзімдерін моральдік тозуға дейін созу – металлдар коррозиясындағы ғасырлық мәселе шешімінің негізгі мақсаты. Бұл мәселе осы күнге дейін әлемдік масштабта шешілген емес. Коррозия - кәсіпшілік құбырлардың жұмысының сенімділігі және қызмет ету мерзімі - көбінесе олардың сыртқы және ішкі ортамен әсерлесуінің нәтижесінде бірте-бірте өздігінен бұзылуынан қорғау дәрежесімен анықталады. Коррозия жылдамдығы белгілі бір уақыт ағымында (сағат, жыл) 1м2 ауданға келетін бұзылған металдың грамдық санымен немесе коррозияның тереңге таралу шамасымен (мм/жыл) көрсетіледі.Құбырдың коррозияға ұшырайтын ортасы коррозиялық немесе әрекетті орта деп аталады. Кен орындарда құбырлар үш түрлі коррозияға ұшырайды: атмосфералық, топырақтық және ішкі.

!!!


Топырақтық коррозия - ең қауіптісі және күрес әдісі анағұрлым күрделі және қымбат. Топырақ коррозиялық орта ретінде. Топырақ қатты, сұйық және газ түріндегі фазалардан тұратын, бір текті емес құрылымға ие болып келетін, капилярлы –кеуекті орта түрінде болып келеді. Топырақ электролитінің қасиеті физикалық –химиялық құрам, су, ауа режимі, құрылымы мен нығыздалу дәрежесі сияқты көптеген факторларға байланысты кең аралықта өзгергіш келеді. Топырақтардың коррозиялық белсенділігі топырақтағы металл коррозиясының жылдамдығын сипаттайды және электроөткізгіштікке, ылғалдылыққа , ауа өткізгіштігіне, қышқылдығына, тұз құрамына, температурасына байланысты болып келеді.

Коррозия процесстерінің жіктелуі

Коррозияны жіктеу процесстің өту механизмі өту шартына және бұзылу сипатына қарай жіктеу қабылданған. Одан басқа өндірістегі, ауыл шаруашылығындағы және көліктегі құрылыстар мен жабдықтардың, машиналардың қолданылу ерекшелігін ескере отырып, қарастыруға 27 болады. Ары қарай процесстің сипатын ашу кезінде және коррозиядан қорғанудың негізгі әдістерін сипаттауда көрсетілген жіктеуге сүйенеміз.


Процесстің өту механизмі бойынша коррозиялық процесстер екі түрге бөлінеді:

-электрохимиялық - химиялық

Металдар коррозиясы және одан қорғау тәсілдері

Коррозия - қоршаған орта әсерінен металдардың химиялық және электрохимиялық бұзылуы деп түсінуіміз керек. Жыл сайын коррозия салдарынан өндірілетін металдардың 10 % жоғалып тұратыны анықталынған. Химиялық бұзылу процесінде металл үстінде коррозия өнімі есебінде, әдетте оксидтерден жұқа қабық құралады. Әрине, бұл құралған қабық металды әрі қарай тереңірек коррозия жалғасуынан шамалы сақтауы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, тығыз қабық алюминий, қалайы, қорғасын, никель, хром беттерінде құрылады. Құрғақ ауада немесе құрғақ оттекті атмосферада темір тотығарда тығыз қабық құралады, бірақ ол қалыңдығы ұлғайған сайын шытынап, сынықтанып өзінен - өзі металдан түсіп қала береді. Химиялық коррозия жоғарғы температурада құрғақ газдар ішінде жиі жүреді, мысалы пештердегі арматуралар, қозғалтқыштар клапандары, газдық турбиналар қалақтары және т.б.

Металл конструкциыны қоррозиядан корғаудың ең сенімді тәсілі

*легиралеу, яғни металға легиралаушы элементтерді енгізу арқылы қорғалатын металға пассивтік қабілет беру тәсілі. Жоғарыда айтылғандай, легиралаушы коспалар ретінде мысты, хромды, никельді және т.б. қолданады. Көміртектік және төмен легирланған құрыштар тұрақтылығын балқыма 0,5 % дейін мыс қосумен асырады, себебі конструкция үстінде қорғаныс касиеті жоғары пленка құралады.


Назарларынызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет