Полиэтилен газ құбырынан газ шығуын катушканы пiсiрумен (жапсар дәнекерлеу) жою
Жұмыс мазмұны: Газ құбырын жөндеу аймағында газ беруді тоқтату. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Газ құбырын ауыстыратын аймақты белгілеу. Зақымдалған газ құбыры аймағын топырақтан тазалау. Газ құбырын ауыстыратын аймақты белгілеу. Белгіленген газ құбыры аймағын кесу және оржолдан алып тастау. Жаңа полиэтиленді құбырдан қажетті өлшемдегі катушканы кесіп алу. Газ құбырын дәнекерлеу машина қысқыштарын және катушканың тоғысқан жерін бекіту, орталықтандыру, құбыр шетін келтіру, тоғысқан жерді дәнекерлеу жүргізу. Тоғысуларды балқытып бекіту сапасын ультрадыбыс әдісімен бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Дәнекерленген тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Қазандықты 0,25 м биiктiкте жұмсақ топырақпен көму. Сигналдық лентаны қою. Оржолды көму.
Жұмыс мазмұны: Тұтұнушыларға газ беруді тоқтату. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Кесіп алу аймағы ұзындығына тең оған қоса құбыр шеттерінің босау ұзындығы диаметріне байланысты 125-315мм, - 1,0м құбыр диаметріне, 63-125мм – 0,5м құбыр диаметріне, 63мм-0,2м құбыр диаметріне дейін газ құбырларын топырақтан тазалау. Зақымдалған аймақты 500 мм ден кем емес ұзындықта кесу және оржолдан алып тастау. Жаңа полиэтиленді құбырдан қажетті өлшемдегі катушканы кесіп алу. Муфтаның бір ұзындығына газ құбырынан қалыңдығы 0,1-0,2мм, ал полиэтилен катушка шетінен муфта ұзындығы 0,5 тен кем емес ұзындықта полиэтиленнің беттік қабатын алу. Жарты муфтаны пiсiру орынындағы құбырдың бетiн майсыздандыру. Құрастыруға дайын тұрған газ құбырының шетіне муфта кигізу, муфтамен газ құбырының бір шетіне позиционер әкелу және онда газ құбыры шетін бекіту. Газ құбырының тесігіне түтік енгiзу, келесі шетін позиционер қысқышына бекіту. Позиционердегі орнатылған белгісі немесе тіреуі бойынша түтіктің екі жағына муфта жылжыту. Позиционерде орнатылған муфтаға дәнекерлеу аппаратын қосу және дәнекерлеу жүргізу. Салқындатылғаннан кейін бірінші балқытып қосылған позиционерді екінші муфтаның дәнекерлену орнына орын ауыстыру және дәнекерлеуді қайта жүргізу. Тоғысуларды дәнекерлеу сапасын ультрадыбыс әдісімен бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Оржолды газ құбыры төселімі деңгейінен 0,25 м биiктiкте көму. Сигналдық лентаны қою. Оржолды көму.
Полиэтилен газ құбырынан газ шығуын жылытқышты жарты муфта пiсiріп салумен жою
Жұмыс мазмұны: Газтарату желілерінде газ қысымын төмендету. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Зақымдалған құбыр аймағын топырақтан тазалау. Құбырда жылытқышты жарты муфта пiсiрумен салу орнын белгілеу. Белгі шегінде қалыңдығы 0,1-0,2мм полиэтиленнің беттік қабатын алу. Жарты муфта балқу орнында құбырдың бетін майсыздандыру. Полтэтиленді құбырдың дайындалған бетінде жартымуфтаны орнату және бекіту. Дәнекерлегiш сымды дәнекерлеу аппаратымен жарты муфтаның тоқ өткiзгiш клеммасын қосып дәнекерлеу. Тоғысуларды дәнекерлеу сапасына ультрадыбыс әдісімен бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Дәнекерленген тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Оржолды газ құбырынан 0,25 м биiктiкте қолмен көму. Сигналдық лентаны қою. Оржолды көму.