4. Икемділікті дамыту амалдары мен әдістері



бет1/7
Дата18.12.2022
өлшемі88.33 Kb.
#467438
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
обзор-лек-каз- (3)


4. Икемділікті дамыту амалдары мен әдістері
Икемділікті дамытудың негізгі амалы –созылу жаттығулары.Ол жаттығулар мынандай түрлерде орындалады: қарапайым созылу, серіппелі созылу,сермеу дене қалпын ұстау, сыртқы көмектің әсерімен созылу.т.с.с.Икемділік жаттығуларын бой қыздырудан кейін сабақтың барлық бөлімдеріне кіргізуге болады.Икемділік жаттығуларын орындағанда нақтылы міндет қою қажет мәселен белгілі затты алу немесе бір затқа дене мүшелерін тигізу т.с.с. Мысалы төмен алдыға еңкею,омыртқа жүйесін созу жаттығуын орындағанда басында қолдың ұшын жерге тигізу, алақанды тигізу,шынтақты тигізу деген кезектестікпен бар мүмкіншілікпен әрекетті орындалады.Созылу жаттығуларын амплитуда орындау шегіне жеткізсе яғни буындарда жеңіл ауырту сезінгенше орындау қажет.Созылу жаттығуларына сериясынан кейін босаңсыту жаттығулары орындалады.Буындардың жылжымалылығын арттыру үшін күнделікті жаттығулар жасау керек.Икемділік жаттығулары арасындағы 2-3 апта үзіліс оның дамуына кері әсерін тудырады.
Икемділікті дамытудың негізгі жолы – қайталау әдісі.Жаттығуларды рет- ретімен мойын, қол буындарына,кеуденің омыртқа белдеулеріне,аяқ буындарына арнап орындау қажет.Икемділік жаттығуларын қайталау мөлшері әр түрлі.Бел- жамбас буынындағы иілу және жазылу жаттығуларындағы амплитуданың қозғалу шегі 7-10 жастағы оқушыларда 20-30 рет,11-14 жастағыларда 30-40 рет 15 жастағыларда 45 рет қайталағаннан кейін жетіледі.Одан ары қарай амплитуда қозғалысы азаяды,жаттығуды тоқтатқан дұрыс.


8.Аэробты төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері
Аэробты төзімділіктің физиологиялық негізі – ол оттегіні жұмыс күшіне сәйкес пайдалану немесе «дем жетімсіздігінің пайда болмауы». Аэробты төзімділікті дамытқанда үш негізгі міндетті орындаймыз:
- ауаны үлкен көлемде пайдалану мүмкіншілігін дамыту;
- сол деңгейді ұзақ уақыт ұстау қабілеттілігін дамыту;
- тез тыныс алу үрдістерін үлкен шамаға жоғарылату.
Қалыпты күшпен ұзақ уақыт орындалған циклді (жүгіру, ескек есу т.б.) және ациклді (күрестегі лақтырулар т.б.) жаттығулар аэробты төзімділікті дамыту амалдары болып табылады. Аэробты төзімділікті дамыту үшін бірқалыпты, үздіксіз және аралық жүктемесімен төменде көрсетілген, уақыт тәртібі қатаң шектелген жаттығулардың әдістері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет