№4 Жұмыс
ТҰТҚЫРЛЫҚ ӘДІСІМЕН ПОЛИМЕРЛЕРДІҢ ПОЛИДИСПЕРСТІЛІГІН БАҒАЛАУ
Теориялық материал.
Полимерлердің молекулалық массасы. Молекулалық массаның түрлері. Молекулалық массаны анықтау әдістері. Молекулалық массалық таралу. Полимерлердің сұйытылған ерітінділері. Полимерлердің полидисперстілігі.
Оқулықтарға сілтеме.
Ерғожин Е.Е., Құрманәлиев М.Қ. Жоғарымолекулалық қосылыстар. – Алматы: “Print-S” баспасы, 2008. 24-30, 277-286 беттер.
Абдықалыкова Р.А., Рахметуллаева Р.К. Полимерлердің химиясы мен физикасы // Оқу құралы. Алматы, «Қазақ университеті», 2015. 11-14, 128-139 беттер.
Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения. – Н.Новгород: Издательство Нижегородского государственного университета им. Н.И. Лобачевского, 2003. Стр. 34-40, 118-124.
Зезин А.Б. Высокомолекулярные соединения: учебник и практикум для академического бакалавриата. – М.: Издательство “Юрайт”, 2016. Стр. 44-47, 79-87.
Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения: учебник и для академического бакалавриата. – М.: Издательство “Юрайт”, 2015. Стр. 24-26, 126-144.
Жұмыстың сипаттамасы.
Жұмыстың мақсаты:
- вискозиметрлік әдіспен полимердің молекулалық массасын жақсы және нашар еріткіштерде анықтау;
- тұтқырлық сипаттамаларына сүйене отырып, жақсы және нашар еріткішті ажырату;
- әр түрлі сипаттағы еріткіштерді қолдана отырып, вискозиметрлік әдіспен полидисперстілікті бағалау әдісін меңгеру.
Реактивтер:
Полистирол, полиметилметакрилат
Толуол, этанол, ацетон, изопропанол
Қажетті құрал-жабдықтар:
Вискозиметр
Секундомер
Резина сорғыш
Пипетка мен өлшегіш цилиндр (10 мл)
Термостат
Жалпақ түпті колба (50 мл)
Жұмысты жүргізу тәртібі
Полистирол мен полиметилметакрилаттың полидисперстілігін анықтау үшін тұтқырлық әдісімен олардың орташа тұтқырлық молекулалық массасын жақсы және нашар еріткіштерде анықтайды. Полистирол үшін жақсы еріткіш ретінде толуолды, нашар еріткіш ретінде толуол (77 көл.%) мен этанолдың (23 көл.%) қоспасын, ал полиметилметакрилат жақсы еріткіш ретінде ацетон, нашар еріткіш ретінде ацетон (50 көл.%) мен изопропанолдың (50 көл.%) қоспасын қолданады.
Орташа тұтқырлық молекулалық массаны анықтау үшін концентрациясы 0,1 г/10 мл полистиролдың толуолдағы және толуол мен этанолдың қоспасындағы 10 мл ерітіндісін дайындайды. Алғаш полистиролдың толуолдағы молекулалық массасы анықталады. Ол үшін 5 мл полимердің ертіндісінің вискозиметрден өту уақытын анықтағаннан соң (2-жұмыс), полимердің 5 мл ертіндісіне біртіндеп 2 мл , 2 мл және 1 мл толуолды құйып, өту уақыты анықталады. Содан кейін дәл солай толуол мен этанол қоспасындағы молекулалық массасы анықталады. Полиметилметакрилаттың орташа тұтқырлық молекулалық массасы да осы әдіспен жақсы және нашар еріткіштерде анықталады.
Жұмыстың орындалуы келтірілген бейнежазба edpuzzle.com парақшасында жүктелген. Бейнежазбаны көру барысында жұмыс бойынша сұрақтарға жауап беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |