Құрметті болашақ біздің Қазақстанымыздың Отан қорғаушы ұландары



Дата13.09.2022
өлшемі19.26 Kb.
#460655
7 мамыр Сценарии


1 жүргізуші
Құрметті болашақ біздің Қазақстанымыздың Отан қорғаушы ұландары! Ұстазымыз Мейіржан Жанарбекұлы! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,
7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.


2 жүргізуші
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, көңілдеріңіз әрдайым жарқын болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін ұстазымыз Мейіржан Жанарбекұлына береміз.


1 жүргізуші
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар
Ертең сендерде өсесіңдер, азамат боласыңдар, болашақ Отан қорғаушылар сендерсіңдер.


2 Жүргізуші:
Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,
Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-
демекші, енді ұландарымыздың өнерін тамашалайық.


«Кім тез қимылдайды» ойынын ойнайық.
Ортаға 2- бала шығады. (Кезекпен 2 ұлдан ортаға шақырасыңдар)
Ойынның шарты: жерге жатып, қолын тіреп жоғары тартылу(отжимание)


1 Жүргізуші:
Сіздерге көп- көп рахмет іс-шарамызды әрі қарай жалғастырайық .
Ендігі кезекте викториналық сұрақтар.
Біз қай Республикада тұрамыз?- (Қазақстан)
Бас қаламыз қай қала?- (Нұрсұлтан)
Рәміздерімізді кім біледі?- (Ту, Ән ұран, Ел таңба)
Тудың ортасында не бейнеленген және авторы кім? -(Ортасында шұғылалы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген.)
Біздің гимнің авторлары кім?-(Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов)
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні? -(1991жыл, 16 желтоқсан)
Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді? -(Аға офицерлер)
Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ. -(Прапорщик)


2 Жүргізуші: Ал, енді қонақтар біздің қазақ халқында нақыл сөздер бар, ол сөздер жігіттерге де арналған екен, Біздің қыздар ұлдарымыз ақылды болу үшін дайындаған «Жігіттің тоғыз жауы » атты ескертпелерін тыңдаңыздар.
Жігіттің тоғыз жауы?
Айым
Басты жауың жалқаулық,
Сорлататын жаныңды.
Кәусар
Осалдығың аңқаулық,
Соқтыратын саныңды.
Фаиза
Жасқаншақ болсаң ұры алар,
Қоралап қойған малыңды.
Аиша
Жалатқызбас жасықтық,
Аузыңдағы балыңды.
Асылжан
Өтірік айтсаң өңмеңдеп,
Жоғалтасың арыңды.
Сабина
Өсек терсең телмеңдеп,
Жоғалтасың арыңды.
Алима
Көпірме босқа мақтан қып
Түкке тұрмас барыңды.
Мадина
Көрінгенге жалтақтап,
Бола алмайсың жағымды.
Біреуді алдап арбаумен,
Аша алмайсың бағыңды.


1 Жүргізуші:
Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде


2Жүргізуші:
Құрметті жас ұландар, ұстазымыз Мейіржан жанарбекұлы сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
Баршаңызға бақыттың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырақтарыңызға шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Мәңгілік ел-Ұлы дала елі жасасын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет