4 маусымдағы №28 шешімі Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау субсидиясын алуға құжаттардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата30.06.2016
өлшемі22.38 Kb.
#167902
Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акті 2012 жылғы 22 маусымдағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2082 болып енгізілді.

Облыс әкідігінің 2012 жылғы

4 маусымдағы №28 шешімі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау субсидиясын алуға құжаттардың нысандарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі №516 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы №3-2-13/3614-И жазбаша келісіміне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШТІ:

1. Бекітілсін:

1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес шетелден әкелінген асыл тұқымды төлді, сондай-ақ лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды ірі қара малдың төлін қоспағанда, асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу-сату шарты;

2) осы шешімнің 2-5-қосымшаларына сәйкес сатып алынған асыл тұқымды өнімге (материалға), тұқымдық бұқаларды кұтіп-бағуға, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге субсидия алуға өтінім;

3) осы шешімнің 6-қосымшасына сәйкес ауылдық округтегі тұқымдық бұқаға деген қажетілік бойынша өтінім;

4) осы шешімнің 7-9-қосымшаларына сәйкес асыл тұқымды өнім сатып алғаны, тұқымдық бұқалар саны, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу және аудан бойынща тиесілі субсидия сомасы туралы жиынтық акт;

5) осы шешімнің 10-12-қосымшаларына сәйкес асыл тұқымды өнім сатып алғаны, асыл тұқымды тұқымдық бұқалар саны туралы, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу және облыс бойынша тиесілі субсидия сомасы туралы жиынтық акт;


6) осы шешімнің 13-қосымшасына сәйкес облыс бойынша бюджеттік қаражатын игеру жөніндегі есеп (ақпарат);

7) осы шешімнің 14-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу көлемі жөніндегі бір тоқсандағы есеп (ақпарат);

8) осы шешімнің 15-қосымшасына сәйкес тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындары-мал иелері жиналысының шешімі;

9) осы шешімнің 16-қосымшасына сәйкес сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымды төлін пайдалану бойынша міндеттеме.

2. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға субсидия алу үшін құжаттардың нысандарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2048-нөмірмен тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 2011 жылдың 2 шілдедегі 99-100-нөмірінде жарияланған) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011 жылғы 26 мамырдағы №53 шешімнің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім 2012 жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.



4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Облыс әкімінің

міндетін атқарушы Б.Оспанов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет