4 сынып Оқушылардың стандарт бойынша білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар


сыныпқа арналған математика пәні бойынша



бет15/29
Дата02.10.2022
өлшемі376 Kb.
#461799
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
4сынып Математика бақылау-өзіндік жұмыстары 4 сынып

4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша
13 бақылау жұмысы
Мақсаты: көп таңбалы сандарды жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі туралы дағдыларын тексеру; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы арақатынас туралы білімдерін тексеру; теңдеудің көмегі арқылы есепті шығара алу дағдыларын анықтау
Білуі:

  • Көбейту кестесін;

  • Математикалық амалдар тәртібін және оны шығара алуы;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса , уақыт)

  • Периметр және аудан өлшем бірліктер және олардың атаулары.

Қолдана алуы керек:




1 нұсқа

2 нұсқа

1. Есепте

Арақашықтығы 1332 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі автокөлік шығып, 9 сағаттан кейін кездесті, бірінші автокөлік 58 км \сағ жылдамдықпен жүрді. Екінші автокөліктің жылдамдығы қандай?

Автобус арақашықтығы 420 км екі қаланың арасын 7 сағатта жүріп өту керек. Алғашқыда 2 сағатта ол жүру керек жылдамдықтан 5 км\сағ кем жылдамдықпен жүрді. Ол кестедегі уақыт бойынша кешікпей келу үшін, қалған жолды қандай жылдамдықпен жүруі тиіс?

2. Геометриялық фигураның ауданы мен периметрін тап.

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 24 см, ал ені оның ұзындығынан сегізден бір бөлігін құрайды. Оның периметрі мен ауданын тап.

Тіктөртбұрыштың ені 82 см, бұл оның ұзындығынан 8 м кем. Осы тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын тап.

3. Өрнектің мәнін тап.

70 090 – 5004 х 5 + 2347
4235: 5 + 9 655 – 4524 : 2

63 000 : 7 х 2 + 2 088
64 000 : 4 х 8 – 36 519

4. Салыстыр.

5 т 300 кг * 5 т 3 ц
20 сағ * 15 сағ 40 мин
125 мин * 2 сағ 15 мин

8м 2 дм * 8 м 20 см
4 км 250 м * 4 250 м
80 км 100 м * 81 000 м

5. *

Бір отбасында үш ағайынды бала бар.Олардан жастарын сұрағанда, ең үлкені былай деді: «барлығымыз жасымызды қоссақ, 29 шығады.Түстем мен менің жасымды қосса 18, ал Рүстем мен Айбектің жастарын қосса, 16 шығады».Ағайынды балалардың әрқайсысынң жасы нешеде?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет