Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жарлы ауылы



Дата17.06.2016
өлшемі201 Kb.
#142239
Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Жарлы ауылы

9 орта мектеп



Бастауыш сынып мұғалімі

Ибраева Жанбота Сериковна



Тақырыбы: «Тапқырлар» сайысы
Мақсаты:
а) оқушылардың математика сабағынан алған білімдерін сайыс барысында ортаға салу.
ә) танымдық көзқарастарын, логикалық ойлау, шапшаңдық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
б) өз пікірін қорғай алуға баулу.

Көрнекілік: сандар, өлшемдер, санжұмбақтар, тапсырмалар жазылған
қағаздар.

Мұғалім: Тәуелсіз таңының ұл - қызысыз,
Біліммен, өнерменен бұлқыныңыз.
Бұл өмір сайыстардан тұрады ылғи,
Сайыста гүлдей жайнап құлпырыңыз – деп «Сандар» және «Өлшемдер»
тобын шақырамыз.
Сайыс бөлімдерімен таныстыру:

1. Таныстыру


2. Ұшқыр ой
3. Ойлан, тап!
4. Тез есепте
5. Жеті жұрттың тілін біл
6. Кім жылдам?

І. бөлім «Таныстыру» 1 – топ: «Сандар»
1 - оқушы:
1 саны
1 - жалғыз, дара, жеке сыңар.

2- оқушы: 2 саны
2 - жұп, қос, егіз, пар.
3 - оқушы: 3 саны
3 - орта баға 3 би, 3 жүз, 3 арсыз, 3 қадірсіз, 3 жақын, 3 тәтті.

4- оқушы: 4 саны


4 амал, 4 бұрыш, 4 құбыла. Дүниенің 4 бұрышы.

5 - оқушы: 5 саны
5 үздік баға, 5 қару, 5 асыл іс, 5 дұшпан, 5 тас ойыны, 5 парыз.

2-топ: «Өлшемдер»

6 - оқушы: 6 саны
6 - жұп сан. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
7 - оқушы: 7 саны
7 қазына. 7 жетім. 7 жоқ. 7 аптаның 7 күні. 7 жарғы. 7 жұп. 7 ата.

8 - оқушы: 8 саны
8 - сегіз сері. Сегіз қырлы, бір сырлы.
9 - оқушы: 9 саны
9 құмалақ ойыны.
10 - оқушы: 10 саны оқу
Хормен: 1 - білім ал
2 - ерлік көрсет
3 - үлгі тұт
4 - тәртіп керек
5 - бестік баға
6 - алғыс ал
7 – жеңіс біздікі
8 - сенім керек
9 - талпыну керек
10 - оқу керек

ІІ бөлім «Ұшқыр ой» (5 тапсырмадан)
1. Менің ақшама осы ақшаның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған? (Жауабы 100 теңге)
2. Шешесі балаларына 10 шоколады бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап. (4 бала - 2 ұл, 2 қыз)
3. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
(4 жаста, 8жаста, 12жаста)
4. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша? (200 грамм)
5. Әкесі бақтан 25 алма, алмұрт және өріктерді жинап әкелді. Алма мен алмұрт 15, ал алма мен өрік 16. Қайсысы қанша? (6 алма, 10 өрік, 9 алмұрт)
6. Менің әкем 65 жыл өмір сүрді. Оның 5 жылын суда малтаумен өткізді. Ол неше ай суда өткізсе, сонша жыл жерде өмір сүрді. Неше ай, неше жыл екенін тап. (5 жыл (60 ай суда жүзді, 60 жыл құрғақта жүрді))
7. Еріктің шелегінде алабұға, теңгебалық, таутан - барлығы 14 балық жатыр. Теңгебалықтан таутанның 10 - ы артық. Шелектегі балықтардың әрқайсысы қаншадан? (таутан - 11, теңгебалық - 1, алабұға - 2)
8. Назгүл мен Бақыт апалы-сіңлілі қыздар. Бақыт өзінде 2 ағасы барын айтты. Назгүл де өзіне де 2 ағасы барын айтты. Сонда Бақыт пен Назгүлдің жанұясында қанша бала бар? (4 бала)
9. Балалар 2 шелек және жарты шелек жаңғақ жинады. Балалардың саны 5 болса, осы жинаған жаңғақты бірдей етіп қалай бөлуге болады? (Әрқайсысына жарты шелектен)
10. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап. (1 - ші залда 30орындық, 2 - ші залда 20 орындық )

ІІІ бөлім «Қай фигура?» ойыны.
ІV бөлім «Тез есепте»1-топ «Сандар»

«Ерназар әулеті»


Ерте, ерте, ертеде Ерназар деген адам өмір сүріпті. Оның тоғыз ұлы болыпты. Әкесі тоғыз ұлына бір үйдің тоғыз қызын алып беріпті. Әрі қарай әр келіндерінен тоғыз немере, әр немереден тоғыз шөбере, әр шөбереден тоғыз немене көріпті. Ерназар әулетінің саны қанша? (Ерназардың тұқымы 9 бала, 9немере, 9шөбере, 9неменеден есептегенде 7380 адам. 9+81+729+6561=7380)

2-топ «Өлшемдер»

7 адамның 7 - ден тазысы болыпты. Әрбір тазысы 7 - ден түлкі ұстайды. Әрбір түлкі 7 - ден тышқан жейді. Әрбір тышқан 7 - ден масақ жиді. Әрбір масақта 7 - ден дән бар. Бәрі қанша?


Жауабы: 7+49+147+1029=1232

ІV бөлім «Жеті жұрттың тілін біл»
Жұмбақтардың жауабын үш тілде айту.

1) 11 түйе, 5 жылқы,


2 сиыр, 5 ешкі,
2 қоян, 3 түлкі
таба алмасаң бол күлкі!
(барлығы 28)

2) Бір алманы төртке бөлдік,


Бір бөлігін жеп те көрдік.
Қалған үлкен үш бөлігін,
Қасымдағы үш досқа бердім.
Қанша болды? ( 0 )

3) Ала шапан киініп,


Қарбыз жатыр үйіліп.
Қарбыздарды шетінен,
Санап шықтым екіден.
Бесеу болды жұп саны,
Нешеу болды түп саны? (10)

4) Ортаға әкеп тосты Оспан,


Отыз жеті қаламды.
Тиді әркімге қос - қостан,
Балалардың бәрі алды.
Өзгелерден бір қалам,
Өзгелерден бір қалам,
Артық тиді Күләшқа.
Береді айтып кім маған,
Неше жан бар класта? (37: 2=18 (1қ)

VІ бөлім «Кім жылдам?»
Әр топ сан есімі бар мақал және жаңылтпаштар айтып жарысу.
Мұғалім: Білімге деген құштарлық,
Билесін адам санасын.
Білімді болсаң білікті,
Бар сыннан жолды табарсың.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет