4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын



Дата03.07.2016
өлшемі80.5 Kb.
#175836



«Ақша аударымы қызметін көрсететін почта операторларына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі
бақылау ережелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 499 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 182 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы



БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Ақша аударымы қызметін көрсететін почта операторларына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі


бақылау ережелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 499 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №182 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9965 тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген ақшаны аудару бойынша қызметін көрсететін почта операторларына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау ережелеріне қойылатын талаптарда:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою – Субъектілердің терроризм және экстремизмді не олардың пайдасына қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне кіретін ұйымдардың немесе жеке тұлғаның, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік болып табылатын клиенттің не оның пайдасына ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту жолымен қабылданатын шаралар;


  1. клиент – Субъектілердің қызметін пайдаланатын жеке және заңды тұлға;

  2. ҚМ-1 нысаны – ҚМ-1 нысаны - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру ережесімен айқындалған нысан;

  3. қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық істерге қасақана немесе байқамай тарту мүмкіндігі;

  4. қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің мониторингі, оларды айқындау, сондай-ақ оларды азайту бойынша Субъектілер қабылдайтын шаралар жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге қатысты);

  5. уәкілетті орган  – АЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қолданатын мемлекеттік орган.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Субъектілер ІБЕ әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау міндеттемелерінің және оны жүзеге асыру бағдарламаларының орындалмауына не «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ІБЕ-нің АЖ/ТҚҚ туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне әкімшілік жауапкершілікте болады.»;

11-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасаудан бас тарту тәртібі АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1)2)2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, клиентпен іскерлік қатынасқа тыйым салу және тоқтату жөніндегі шараларды қабылдау, АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту тәртібі;»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес:

1) өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған ақпаратты құпия сақтауды қамтамасыз етеді;

2) АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді.

3) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

Субъект және оның қызметкерлері клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарлауға құқылы емес.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің жоғары деңгейі:

1) мынадай:

ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) толық көлемде орындамайтын;

жемқорлықтың немесе өзге қылмыстық әрекеттері жоғары деңгейі;

БҰҰ-ның салатын санкцияларына, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған;

террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландыру немесе қолдау көрсететін және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар мемлекеттерден (аумақтардан) келген жеке және заңды тұлғалардың іскерлік қатынастары мен почталық аударымдарына беріледі;

Ескерту. Осындай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбелеріне БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады;



  1. мынадай жағдайларда клиентке:

клиент шетелдiк жария лауазымды тұлға не жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы, не шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға, не шетелдiк жария лауазымды тұлғаның зайыбы, жақын туысы болып табылған;

клиент (оның өкілі) не клиенттің контрагенті операция бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 тіркелген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте немесе аумақта тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған;


клиент АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген;

азаматтығы жоқ болып табылатын клиент, не Қазақстан Республикасында тіркелген немесе Қазақстан Республикасында келу мекенжайы жоқ;

клиент резидент емес болып табылған;

клиент мемлекеттік тіркеу кезінде тіркелген жері оның басқару органының іс жүзіндегі қызмет орнымен сәйкес келмеген;

клиентпен іскерлік қатынас ерекше жағдайларда;

клиенттің қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты болған;

клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде Субъектілерде қиындықтар пайда болған;

клиент операция жүргізуді тездеткен, не пайдаланылуы Субъектілердің әдеттегі тәжірибесінен айырықшаланатын стандартты емес ерекше есептің күрделі схемаларын жүргізуді талап еткен;

клиент жаңа, сондай-ақ бұрыннан бар өнімдерге берудің жаңа тетіктерін, жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды қоса алғанда жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені пайдалған;

клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасаған;

клиент коммерциялық емес ұйым болып табылған;

клиенттің операциялары бұрын күдікті деп танылған;

АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелімен байланысты клиент туралы өзге ақпарат болған;

3) операцияларға:

тараптардың іс жүзінде қатысуынсыз жүргізілетін;

белгісіз немесе байланысты емес үшінші тұлғаның атынан немесе оның пайдасына жүргізілетін;

қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда жасырын банк шоттарымен немесе жасырын, жалған есімдерді пайдаланумен байланысты;

айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ;

клиенттің оған тән емес жиілікпен не осы клиент үшін ерекше ірі сомаға жүргізілген;

АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады.

АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің төмен деңгейі:

1) мынадай:

ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) толық көлемде орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енбеген;

жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері төмен деңгейдегі мемлекеттерден (аумақтардан) келген жеке және заңды тұлғалардың іскерлік қатынастары мен почталық аударымдарына;

2) клиентке егер клиент:

қаржы мекемесі – қаржы мониторингі субъектісі болған және соңғы бір жылда АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған жағдайда;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылғанда;

Қор биржасында тіркелген ұйым болып табылғанда.

3) операцияларға:

мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындаумен және халықаралық аударымдарды жүзеге асырумен байланысты жағдайларды қоспағанда мемлекеттік мекеме немесе кәсіпорын жасағанда;

зейнетақыларды, жәрдемақыларды және мемлекеттік бюджеттен басқа да әлеуметтік төлемдерді төлеуге байланысты.

АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді, анықтау, бұрын алынғанды жаңарту бойынша іс-шараларды Субъектілердің жүргізуі болып табылады және:


  1. АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті
    (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау;

  2. АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;

  3. АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде көзделгендей клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты олардың терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысының бары немесе жоғы;

  4. АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттiң шетелдiк жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексеру;

5) тиісінше тіркелген, тұратын жері және орналасқан жері бар клиенттерді анықтау:

ФАТФ ұсыныстарын орындамайтын және (немесе) толық көлемде орындамайтын мемлекетте (аумақта) не АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы 4-тармағы 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланушы;

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6058 тіркелген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен бекітілген оффшорлық аймақтарда;

6) болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу;

Ескерту. АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиенттер үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде қызмет түрі және жасалатын операциялардың қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметтер сұратады.

АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі бар клиенттер үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу клиент операциялары сипатының негізінде анықталады.

7) тәуекел деңгейін беруге байланысты клиентке тәуекелдерді басқару бағдарламасына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша шараларды қабылдау;

8) клиент (оның өкілі) және бенефицарлық меншік туралы сәйкестендірілген мәліметтердің өзгерісіне қарай сәйкестендіру нәтижелері туралы алынған мәліметтерді жылына кемінде бір рет жаңарту;

Ескерту. АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер жарты жылда кемінде бір рет жаңартылып отырады.

АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі төмен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту екі жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.

Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 3-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, сонымен қатар тыйым салу шараларын қабылдауға байланысты Субъектілер уәкілетті органдарға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай бас тарту фактісі жөнінде хабарлама жібереді.

АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды АЖ/ТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі берілген жағдайда жоспарланған немесе жасалған операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиент жасаған барлық операцияларды зерделейді, әрмен қарай тексеруді қажет ететін операцияның сипатын анықтайды.

Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі берілген жағдайда клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Қызметкерлерді АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрінде № 10001 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 533 «Қаржы мониторингі субъектілерінің жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектiлерiн жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Тәжіяқов Б.Ш.) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2016 жылғы 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.





Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет