1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Математика» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Математика» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 - 4-сыныптар).
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны - 15
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда білім алушылардың білім, білік, дағдыларын
өлшеу құралы ретінде қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сандық мән, сөздер немесе қысқа шешімі түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім алушы тапсырманың толық шешімін және шешімін табудың қадамдарын көрсетуі қажет.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 5 тапсырмадан тұрады.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |