Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы ,
№43 жалпы орта білім беретін мектеп
Қаресова Гүлмира Қанатқалиқызы – тарих пәні мұғалімі
§22. Ұлыбритания (1945-2006 жж)
Тақырыпты оқытудағы мақсат:
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбританияның саяси жағдайына талдау жасай келіп,екі саяси консерваторлар мен лейбористер партиясы арасындағы ұзақ жылдардағы билік тартысына және іс- қимылдарына сипаттама беру.
Білімділік міндеті:
Бұл партиялардың басқару кезеңіндегі елдің саяси,әлеуметтік,экономикалық салаларда болған өзгерістерді ашып көрсету.
Дамытушылық міндеті:
Оқушыларды саяси партияларды салыстыру барысында өздігінен пікір таластыруға,мәселені шиеленістіре отырып,оны шешуге мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды елдің даму ерекшіліктерін салыстыра отырып, тарихи алғышарттарға сын көзбен қарау.
Көрнекі құралдар:Дүниежүзінің саяси картасы,портреттер, тірек схемалар, белсенді тақта, слайдтар, тестілеу құрылғысы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тірек схемалармен жұмыс, іздену, картамен жұмыстандыру, белсенді тақтамен
тапсырмалар орындау, қосымша мәліметтермен жұмыстану, пікірлесу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың құрылымы:
І. Үй тапсырмасын тексеру
ІІ. Жаңа сабақтың жоспарын құру
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру
1.Ел туралы жалпы мәлімет
2.Жаңа сабақ бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктер
3. Жаңа сабақты тірек схемалар арқылы талдау.
4. Консерваторлар мен лейбористер партиясының қызыметіне талдау жасау
5..Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы байланыс
6..Пікір түзу. Дискуссиялық өрнек толтыру
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.Тест орындау.
Ү. Сабақты қорытындылау.
ҮІ. Бағалау
ҮІІ.Үйге тапсырма беру.
І. Үй тапсырмасын тексеру әдісі: сұрақтарға жауап алу арқылы тексеру және картамен жұмыстану.
Белсенді тақтамен жұмыс жүргізу.
1.Екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері ,сипаты.
2.Қатысқан елдердің мақсаттары қандай?
3.Германияның Польшаға,Францияға,Англияға қарсы соғыс әрекеттері ?
4. 1941-1945жж Кеңес Одағындағы Ұлы Отан соғысы?
5.Тынық мұхит соғысы ?
6.Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы?
Оқушыларды үй тапсырмасы бойынша бағалау.
ІІ. Жаңа сабақтың жоспарын құру:
-
Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы.
-
Лейбористер партия сы үкімет басында
-
Консерваторлар партиясы үкімет басында
-
Екі саяси партияның саяси қызметіне талдау жасау.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:
3.1. Ел туралы жалпы мәлімет:
1.географиялық орны: Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі еуропаның солтүстік батысындағы британ аралдарында орналасқан.Елді осындағы ең үлкен аралдың аты бойынша Ұлыбритания немесе басты тарихи бөлігінің атауымен Англия деп атайды.
2.Астанасы – Лондон.
3. Мемлекеттік құрылымы – конституциялық монархия
4. Мемлекет басшысы-королева
5.Үкімет басшысы- премьер-министр
6.Заң шығарушы орган-парламент
7.Басты партиялар – консерваторлар,лейбористер.
8.Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі
9.Ұлттық валютасы –фунт стерлинг
10.Халықаралық ұйымдарға қатысы- Британия ынтымақтастығы, Солтүстік Атлант блогы, Оңтүстік Шығыс Азия елдері ,
3.2. Жаңа тақырып бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктер:
Империализм-(лат- билік,басқару) басқыншылық саясатты, бөтен аумақты басып алу, өзге жерді билеудің үстемдігін білдіреді. «империализм» термині «отаршылдық» терминінің синонимі.
Британия ынтымақтастығы- бұрынғы Британ империясының құрамындағы елдердің саяси және экономикалық бірлестігі.( Канада, Австралия Одағы, Жаңа Зеландия,Үндістан, Бангладеш, Шри-ланка,Гана, Малайзия, Сингапур, Кипр, Нигерия)
Консерватор партиясы- 19ғ ортасында тори партиясы негізінде құрылды
Лейбористер партиясы- 1924ж лейбористер үкіметін Р.Макдональд құрды
Доминион-19ғ ІІ жартысында -20 ғ басында еуропалықтар отарларды осылай атаған. Доминиондар өзін-өзі басқаруға құқық алды. (Канада, Австралия, Оңтүстік Африка Одағы)
Маршалл жоспары- 1948ж АҚШ –та әзірленген.Жоспар бойынша соғыс жылдары зардап шеккен Еуропа елдеріне экономикалық көмек көрсетуді қарастырды.
Лендлиз-1941 ж 1 қазанда АҚШ, Англия,КСРО елдері арасында болған келісім. Келісім бойынша қару-жарақ, оқ-дәрі, шикізат. Азық-түлік пайдалануға қарызға берілді.
Солтүстік Атлантикалық Шарты (НАТО)-әскери-саяси одақ,1949ж 4 сәуірде құрылды. (АҚШ,Франция,англия,канада, Италия, Бельгия, Голландия, португалия, дания, Норвегия, Испания, Туркия,Грекия, ГФР.)
Еуропалық Одақ-1992 ж құрылды.Еуропалық елдердің экономикалық топтасуы.
3.3. Жаңа тақырып бойынша тірек схемелармен жұмыс:
Консерваторлар мен лейбористер партиясының билікте болуы
1945-1951жж К.Эттли лейбористер
1951-1954жж У.Черчилль консерватор
1955-1957жж А.Иден консерватор
1957-1963жж Г.Макмиллан консерватор
1964-1970жж Г.Вильсон лейбористер
1970-1974жж Э.Хитт консерватор
1974-1979жж Вильсон –Каллагэн лейбористер
1979-1990жж М.Тэтчэр консерватор
1990-1997жжДж.Мейджор консерватор
1997-2006жж Э.Блэр лейбористер
Лейбористер партиясы үкімет басында
басшылар
саясаты
|
1945-1951жж
К.Эттли
|
1964-1970жж
Г.Вильсон
|
1974-1979жж
Вильсон-Каллаген
|
1997-2006жж
Э.Блэр
|
Саясаты
|
«Дәулетті мемлекет»
Үндістан,Бирма,Цейлон елдеріне тәуелсіздік беруге мәжбүр болды.
|
«Лейбористер және ғылыми революция»
«Ниет туралы Декларация»
«Баға мен Кіріс саясаты»
|
Әлеуметтік келісімшарт
«кәсіподақ + өкімет»
|
Мейджор саясатын жалғастырды.
3 бағытты қамтитын конст құқық реформа іске асырылды
|
Элеуметтік – экономикалық реформалар
|
Эк-қ салалар мемлекет қамқорлығына көшті,жұмысшыларға
қарсы заң жойылды,денсаулық,әлеуметтік реформалар жүргізілді.
|
1965ж ұлттық экономикалық жоспары қабылданды.
1967ж қара мет-я
мемлекет меншігіне берілді,әлеуметтік-экон-қ реф-р жүргізілді.
|
Баға тұрақтанды,еңбекшілер мүддесіне қарай әлеуметтік реформалар жүргізілді,зейнетақы көбейтілді
|
Өндірілетін өнеркәсіп алға шықты.Бәсекеге қабілетті болды. 13 мың шетел компаниялары қызмет істеуде
|
Қаржы саласы
|
Лендлиз тоқтатылды,Канада-н қарыз алды.1946ж маршалл жоспары қабылданып,1950ж
бас тартты.
|
|
|
Экономикада шетел қаржы салымдары салынды
|
Халықаралық сала
|
АҚШ саясатын қолдады.
Қырғи қабақ саясатына жол ашты.1946ж атом бомбасын жасау туралы шешім қабылдады,1949ж НАТО құрушылардың бірі болды.
|
1965ж «Еуропалық экон қоғамдастық» тобына кіргісі келді
|
ЕЭО-та өз рөлін көтеруге тырысты.
ОАР және Родезиямен ымыраға келу саясатын қолдады
|
АҚШ саясатын қолдайды,
НАТО-ның шығыс елдеріне қарай кеңею саясатын қолдайды
|
Сәтті саясат
|
Әлеуметтік реформалар
|
|
ЕЭО өз беделін көтерді
|
20ғ соң-21ғ бас экон-сы шетел қарқынмен дамыды
|
Сәтсіз саясат
|
Қаржы дағдарысы.
Отарларынан айырылды
|
1965ж «Еуропалық экон қоғамдастық» тобына кіру сәтсіз аяқталды. Франция қарсы болды.
Әлеуметтік қайшылықтар пайда болды, жастар қозғалысы,ұлттық және нәсілдік мәселелердің шектен шығуы,Солтустік Ирландия котоликтер мен протестанттар арасындағы қақтығыс(1968ж)
|
Солтүстік
Ирландия мәселесі шиеленісті
|
|
Консерваторлар үкімет басында
басшылар
саясаты
|
1951-1964жж (13 жыл)
1951-54жж У. Черчилль
1955-57жж А.Иден
1957-1963жж Макмиллан
|
1970-1974жж
Э Хитт
|
1979- 1990жж
М. Тэтчер
|
1990-1997жж
Джон Мейджор
|
Саясаты
|
«Британ ұлттық ынтымақтастығы» дамытты
|
«өндірістің дамуын үдету»
|
«Дұрыс көзқарас» неоконсервативтік саясат
Монетаристік саясат
АҚШ-тың «ғарыштық соғыс» бағдарламасын жақтады
|
Ұсақ бизнесті қолдады,ұсақ кәсіпкерлерге қарыз берілді,салық жеңілдетілді
|
Элеуметтік – экономикалық реформалар
|
Шойын өндіру,автомобиль
Жолдарын салу мемлекет меншігіне берілді
|
өндірісті қатал рационализациялады,
өндірістің бір бқлігін жеке меншік капиталға сатты
|
1979-1981ж өте ауыр экономикалық дағдарыс
Жекешелендіру нәтижесінде өнеркәсіп пен акция иелері пайда болды,жеке меншік қатынастар дамыды,кәсіподақпен қатынасы қатал болды
|
|
Қаржы саласы
|
1952ж Еуропа көмір және болат бірлестігі ұйымын қолдады. АҚШ саясатын қолдады. Бағдат пактісіне мүше болды.
|
|
|
|
Халықаралық сала
|
Британ ынтымақтастығы халықаралық ұйым ретінде жақсы қабылданды
|
1973ж 1 қаңтарда Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың мүшесі болды.
|
АҚШ-тың орта қашықтықта ұшатын ядролық зымыран қаруын Батыс Еуропада орналастырылды
|
Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады.
АҚШ-тың сыртқы саясатын
қолдады
|
Сәтті саясат
|
|
|
1980ж құнсыздану төмендеді, барлық капиталистерді басып озды.
|
Гонконг мәселесі бойынша Қытай ХР ымыраға келуі
|
Сәтсіз саясат
|
Франция мен Израйльге қосылып, Египетке өарсы соғыс ұйымдастырды.
Суэц каналын жаулап алуға тырысты. Британ отарлау жүйесі күйреді
|
Өндірісті үдету саясаты жұмыссыздар саясатын өсірді,кәсіподақтарға қарсы заң қабылдады
|
1982ж Фолкленд аралы үшін тартыста ағыл-аргентиналық соғыс болды,нәт-де аралды басып алды.
|
|
-
Лейбористер мен консерваторлар саясатына талдау жасау.
-
Қазіргі таңдағы Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы байланыс.
-
Жаңа сабақты қорытындылау дискуссиялық өрнек толтыру.
№
|
Сұрақтар
|
Келісемін
|
Келіспеймін
|
1
|
Лондондағы Хитроу әуежайы дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлардың бірі болып табылады
|
+
|
|
2
|
Теңіз көлігі ежелден-ақ елдің ауқымды халықаралық байланысына негіз болып, экономика мен сыртқы сауданың дамуында маңызды роль атқарып келеді.Оған жүк тасымалының 90 пайызы тиеселі.
|
+
|
|
3
|
М.Тэтчэр, У.Черчилль, Дж Мейджор лейбористік партияның өкілдері
|
|
-
|
4
|
Әлемдегі алғашқы ірі танкер «Глюкауф» 1886ж Ұлыбританияда жасалған.
|
+
|
|
5
|
Англия Варшав Шартты Ұйымына мүше
|
|
-
|
6
|
Ұлыбритания капиталистік елдер арасында тұңғыш рет атом электр станциясын салды
|
+
|
|
7
|
Ұлыбритания- теміржолдың көлігінің отаны
|
+
|
|
8
|
Англия сыртқы саясатта Ресей мемелекетінің
Саясатын қолдады
|
|
-
|
9
|
БҰҰ,НАТО,ОБСЕ,ЕО сияқты халықаралық ұйымдардың мүшесі
|
+
|
|
10
|
Англияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
Экономикасы жоғары денгейде шықты
|
|
-
|
11
|
Ұлыбританияның өнеркәсібінің жетекші салалары: машина жасау,мұнай өнеркәсібі,радиоэлектроника,электртехникасы,химия т.б.
|
+
|
|
12
|
Англияда басты партия консерваторлар патиясы
|
|
-
|
13
|
Букенгем сарайы королева резиденциясы болып есептелді.
|
+
|
|
14
|
Екі партия билікке кезектесе келеді
|
+
|
|
Үйге тапсырма: 22 тақырып .
Достарыңызбен бөлісу: |