43 Тәуке хан 1680-1715 жылдар аралығында билік құрды



Дата08.12.2022
өлшемі20.04 Kb.
#466884
Документ


  • 43)Тәуке хан 1680-1715 жылдар аралығында билік құрды . Тəуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша ерекшеленеді. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тəртіпті орнатуы.Тәуке ханның сыртқы саясаты қазақ елін көрші халықтармен тату-тәтті жақсы қарым қатынас жасап, сонымен қатар сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Ал ішкі саясатына келер болсақ Тәуке ханның кезінде қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпалар арасындағы алауыздық азайды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз.Жеті жарғы жеті заңдар жинағынан тұрды: жер дауы,жесір дауы, отбасы және неке заңы, әскери заңы, сот заңы, қылмыстық әскер заңы, құн заңы. Тәуке хан қазақ тарихында «Әз-Тәуке», «адамзаттың данасы» деген атақпен қалды.

  • 44) Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи Жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді.

45) 1715 жылдың күзінде Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін қазақ жерінің бірлігі ыдырай бастады. Тәуке ханның мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси жəне экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты. Солтүстік-батыстан – башқұрттар, солтүстіктен – Сібір казактары, оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары, шығыстан – Жоңғария, оңтүстік-шығыстан – Қытай шабуылдады. Қазақ жеріне əсіресе қауіп төндіргені жоңғар мемлекеті болды. 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында жоңғар əскері Жетісудың бір бөлігін жаулап, Сарысу өзені алқабына дейін жетт.і 1718 жылы Аягөз өзені бойында жоңғарларға қарсы шайқас болды. Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен жау талқандалды. Алайда бұл жеңіс қазақ елінің ауыр жағдайын жақсарта алмады. 1723 жылы жоңғар əскері Қазақ өлкесіне басып кірді. Жетісуды, Қаратауды басып өтіп, Талас алқабындағы қазақ ауылдарын ойрандады. Бұл “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін” апатының басы болатын. Жоңғарлар 1725 жылы Түркістан мен Ташкентті басып алды . Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Есет, Саурық, Малайсары, Баян, Жəнібек, Райымбек, Наурызбай, Қарасай, Жауғашар батырларымыз туған жерді азат етуге бірікті. Біртұтас əскер ұйымдастыруда Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары 1726 жылдан басталды.
1726 жылы “Бұланты” шайқасы болды. 60 мыңдық қазақ-қырғыз əскері қалмақтарды талқандады. Бұл жер кейін «Қалмақ қырылған» деп аталды. Шайқастан кейін Қазақстанның солтүстік – батысы азат етілді. 1726 жылы Түркістанның оңтүстік-шығысында Ордабасы жиынында үш жүз жасақтары жауға бірігіп, соққы беру жөнінде келісімге келді. Əбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды. 1730 жылдың көктемінде (1729 ж.) Балқаш көлінің оңтүстігінде Аңырақай шайқасы болды. Əбілқайыр ханның басшылығымен үш жүздің əскері қалмақтарға күйрете соққы берді. “Аңырақай” шайқасынан кейін жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегініп, Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет