445 өтініш келіп түсті. Олардың ішінен: 67



Дата29.02.2016
өлшемі42.39 Kb.
#29344
2008 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) жеке, заңды тұлғалардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі ЖЗҚ), бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметіне қатысты түрлі мәселелерге байланысты мемлекеттік органдардан 445 өтініш келіп түсті. Олардың ішінен:

- 67 өтініштер – жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне қатысты (жалпы санынан 15,05%), 15 - есепті кезеңнің соңында қаралу үстінде:



Жинақтаушы зейнетақы қорлар бөлігінде өтініштер туралы мәліметтер және өтініштердің жалпы көлемде үлес салмағы төменде келтірілген:




Қаржы рыногының субъектілері (қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар)

Есепті кезеңде

Келіп түскен өтініштер

Қаралу аяқталды

Есепті кезеңнің соңында қаралу үстінде



Саны

Қаржы рыногының тиісінше секторындағы келіп түскен өтініштердің үлес салмағы, %

Саны**

Жинақтаушы зейнетақы қоры

1

"МұнайГаз-Дем" ЖЗҚ" АҚ

17

25,37

15

2

2

"Д.А.Қонаев атындағы" АЖЗҚ" АҚ

15

22,39

8

7

3

"БТА Қазақстан" ЖЗҚ" АҚ"

11

16,42

3

8

4

"МЖЗҚ" ЖЗҚ" АҚ

8

11,94

7

1




Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры:













"Валют транзит Фонд" ЖЗ" АҚ

5

7,46

4

1




Басқалар (4-ден кем)

11

16,42

7

4




ЖИЫНТЫҒЫ:

67

100

44

23
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

2008 жылғы бірінші тоқсанда Агенттікке ЖЗҚ қызметіне қатысты 67 өтініш келіп түсті.

01.04.08ж. жағдай бойынша алдыңғы есепті кезеңде келіп түскен 1 өтініштің орындалуы аяқталмаған.

Есепті кезеңде қаралған шағымдар мен өтініштердің көпшілік бөлігі мынадай мәселелерге қатысты болды:

- салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасаудан ЖЗҚ тарапынан дәлелсіз бас тартуға;

- ЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаттарын уақтылы емес аударым жасауларына;

- міндетті зейнетақы салымдарды салымшылар зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған ЖЗҚ аударым жасаумен;

2008 жылғы бірінші тоқсанда Агенттік жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысты шағымдарды және өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 4 шектеулі ықпал ету шараларын қолданды және 4 әкімшілік айыппұл салды:

- «МұнайГаз-Дем» ЖЗҚ» АҚ - үкімет қаулысымен бекітілген Мәліметтерді «МЗТО» РМК ұсыну ережесінің 1-тармағын бұзғаны үшін міндеттеме-хат сұратып алынды;

- "БТА Қазақстан" ЖЗҚ АҚ "Банк ТұранАлем" ЕҰ" АҚ міндетті зейнетақы жарналарын қате есептелген сомасын қайтаруға «МЗТО» РМК өтінімі орындамағаны көрсетілген бұзушылығы үшін жазбаша ұйғарым шығарылды;

- «Д.А.Қонаев атындағы» АЖЗҚ» АҚ қатысты:

- Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасын бұзғаны үшін жазбаша ұйғарым шығарылды;

- жинақталған зейнетақы қаражаты аударуды кешіктіргені үшін өсімпұл төлемеу және салымшылардың жинақтаушы зейнетақы қаражаттарын аударудан бас тарту бөлігінде қолданыстағы заңнамасын бұзғаны үшін міндеттеме-хат талап етілді;



- жинақтаушы зейнетақы қаражаттарын уақытында аударым жасамау міндеттемелерін орындамағаны үшін - ӘҚБК 1-бөлігінің 88-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК жиынтық мөлшерінде 4 әкімшілік айыппұл салу түрінде санкциялар қолданылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет