Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына байланысты іс-шараларды өткізуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы және «Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1105 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазіргі таңда республикада 207 600 ардагер, соның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің саны 5 241 адам.
Келесі жыл біздің ел үшін маңызды – Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 70 жыл толу мерейтойлы жыл болады.
Осы тұрғыда, Елбасының тапсырмасы бойынша республикалық бюджеттен 5 752 023,0 мың теңге қаражат Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларды алып жүретін адамдарға, медицина қызметкерлеріне Астана және Мәскеу қалаларындағы мерекелік іс-шараларға қатысуға материалдық көмек көрсетуге, сонымен қатар жол жүру, тұру және тамақтануға қарастырылған:
5 690,2 млн. теңгебір жолғы материалдық көмек (209 168 адам);
30 123,0 тыс. теңге ҰОС ардагерлерінің Астана қаласына жол жүруге және тұруға;
31 717,0 тыс. теңге ҰОС ардагерлерінің Мәскеу қаласына жол жүруге және тұруға.