5. Қазақстан Республикасында жер кадастрын ұйымдастыру тәртібін сипаттаңыз



Дата14.04.2024
өлшемі17.44 Kb.
#498633
5-6


5. Қазақстан Республикасында жер кадастрын ұйымдастыру тәртібін сипаттаңыз.
Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастыруды орталық уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары қалыптастыратын мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тiркеу мақсатында жер учаскелерiнiң есебiн алу жөнiндегi жұмыстар тапсырысшылардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Жер кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар жүзеге асырады, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлетті орган оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру құрылымы және оның республикадағы автоматтандырылған ақпараттық жүйесі үш деңгейлі әкімшілік-аумақтық иерархиялық құрылымы бар - республикалық, областық және аудандық.
ЖК ААЖ әр деңгейінде қызмет етудің негізгі міндеттері мыналар:
- жер-кадастрлық ақпараттардың қалыптасуы, жиналуы және есепке алу;
- ақпараттарды өңдеу;
- мүдделі пайдаланушыларға ақпараттарды беру.


6. Жерлерді бағалау және олардың әдістемесін сипаттаңыз.
Жерді бағалау – пайдаланып жүрген жерлерді олардың құндылығы жөнінен бақылау. Жерді бағалаудың негізгі көрсеткіштері біртұтас жүйені құрайды, онда әрбір көрсеткіш өз белгісіне ие әрі басқалармен қызметтік байланыста болады. Елді мекен жерлерін бағалау әдістемесіне байланысты жерлерді бағалау көрсеткіштері белгілі сапаның 1 шаршы шақырым жеріне есептелінсе, ауыл шаруашылық жерлерін бағалауда 1 гектар жерге есептеледі. Бағалау бірлігін бөлу жер бағалық аудандарға бөлу жүйесі және топырақты топқа бөлу арқылы қамтамасыз етіледі. Ауыл шаруашылық жерлерін бағалау 1 гектар жерге есептелінеді. Топырақтың түріне, жер бетінің еңістігі, мелиорациялық жай күйі, суландырулуы, шаруашылық орталықтан орналасуы, жолдардың сапасына байланысты түзету коэффициенттерін бір біріне көбейтіп интегралды коэффициентті анықтау арқылы есептелінеді. Интегралды коэффициент 0,5-1,5 арасы. Кадастрлық құны=S* * формуласы арқылы анықталады.
Жерді бағалауда келесідей заң, нормативтік актілер мен стандарттар қолданылады. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 10 және 11 бабы, яғни Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi берілген.
Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 Қаулысы. Бұл қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасындағы барлық облыстар бойынша Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке меншікке берген кезде олар үшін төлемақының БАЗАЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ көрсетілген.
Ал, қалаларды, кенттерді, ауылдар мен басқа да қоныстарды дамыту үшін берілген жер учаскелері елді мекендер жерінің санатына жатады. Жердің нормативтік бағасы берілген мақсатқа, құрылыс объектісінің құнына, оның табыстылығына орналасуына, инфрақұрылымның біржақтығына қоршаған ортаның экологиялық күй жайына тәуелді.
Аймақтарға бөлу - жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимiн белгiлей отырып айқындау.
Жерді аймақтарға бөлуді облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейінде ұйымдастыруды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады. Жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті өкілді органдары бекітеді.
Мысал ретінде Тараз қаласын алайық. Тараз қаласы бес бағалау аймағына бөлінеді, әр бағалау аймағының өзіндік түзету коэффициенттері бекітілген. Тараз қаласының жер учаскесіне төлемақының базалық ставкасы 1040 теңгені құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет