Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесi мен өлшемiн бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі33 Kb.
#9946
Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесi мен өлшемiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 қыркүйектегi N 942 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 493-құжат


      "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесi мен өлшемi бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1369  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 50, 467-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң        
2005 жылғы 22 қыркүйектегi
N 942 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға,


ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесi мен өлшемi

      1. Осы Ереже азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызудың тәртiбi мен өлшемiн айқындайды.

      2. Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу мемлекеттiк, қорғаныстық маңызына және халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етуiне қарай азаматтық қорғаныс iс-шараларын кешендi және сараланған түрде жүргiзу мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Азаматтық қорғаныс бойынша орындалатын мiндеттерiнiң көлемiне қарай қалалар үшiн мынадай топтар айқындалады: ерекше, бiрiншi, екiншi және үшiншi.


      Қалаларды топтарға жатқызу мынадай өлшем бойынша белгiленедi:
      1) ерекше топқа республикалық маңызы бар қала мен астана жатады;
      2) бiрiншi топқа:
      халқының саны миллион адам және одан астам;
      халқының саны 500 мың адам және одан астам, аумағында кемiнде аса маңызды санаттағы үш ұйым немесе 50-ден астам санаттандырылған ұйымдар орналасқан;
      қала халқының не аумағының 50 пайыздан астамы жаһандық немесе өңiрлiк ауқымдағы ықтимал төтенше жағдайлар аймағына енетiн қалалар жатады;
      3) екiншi топқа:
      халқының саны 500 мың адам және одан астам;
      халқының саны 250 мың адамнан 500 мың адамға дейiн, аумағында кемiнде аса маңызды санаттағы екi ұйым не 20-дан астам санаттандырылған ұйымдар орналасқан;
      қала халқының не аумағының 30-дан 50 пайызға дейiн жаһандық немесе өңiрлiк ауқымдағы ықтимал төтенше жағдайлар аймағына енетiн қалалар жатады;
      4) үшiншi топқа:
      халқының саны 250 мың адамнан 500 мың адамға дейiн;
      халқының саны 10 мың адамнан 250 мың адамға дейiн, аумағында кемiнде аса маңызды санаттағы бiр ұйым не екеуден астам санаттандырылған ұйымдар орналасқан;
      қала халқының не аумағының 30 пайыздан кемi жаһандық немесе өңiрлiк ауқымдағы ықтимал төтенше жағдайлар аймағына енетiн қалалар жатады.

      4. Ұйымдар үшiн әлеуеттi қауiптiлiгiне, әлеуметтiк-экономикалық зардаптарының шамасына, ықтимал төтенше жағдайларға қарай азаматтық қорғаныс бойынша мынадай санаттар айқындалады: аса маңызды және санаттандырылған.


      Ұйымдарды санаттарға жатқызу мынадай өлшем бойынша айқындалады:
      1) аса маңызды санатқа аумағында жұмыс iстеуiнiң бұзылуы ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн және төтенше жағдайдың туындау қаупiн тудыратын стратегиялық объектiлер орналасқан ұйымдар жатады;
      2) санаттандырылғандарға жұмыс iстеуiнiң бұзылуы едәуiр әлеуметтiк-экономикалық зардаптарға, өңiрлiк және жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелуi мүмкiн мынадай ұйымдар жатады:
      аса маңызды мемлекеттiк объектiлер;
      өнеркәсiптiң, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, қайта жаңартылатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстiк объектiлерi бар әрi маңызды мемлекеттiк және экономикалық мәнi бар ұйымдар;
      тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен уларды шығарумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, сатумен, пайдаланумен және жоюмен айналысатын ұйымдар;
      аумағында тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдар.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      5. Ұйым азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйыммен бiр өндiрiстiк аумақта орналасқан кезде ол дәл сол санатқа теңестiрiледi.



      6. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен келiсiм бойынша жыл сайын азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөнiндегi ұсыныстарды дайындайды және бекiту үшiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органға жiбередi.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет