БӨЖ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түр к университет Филология факультет Педагогикалық шетел т лдер кафедрасы Қабылдаған: Бураева.Ж
Орындаған: Хабибуллаев.А
Тобы: МДШ-220
Тақырыбы: Педагогтың сыртқы көрінісі:
беделі, сәні және мұғалім
Жоспары: 1.Мұғалімнің имиджі
2.Мұғалімнің сыртқы мәдениеті
3.Педагогтың этикасы
4.Мұғалімнің педагогикалық
беделі
5.Қорытынды
Кіріспе. Мұғалімнің имиджі Қазіргі кезде мұғалімнің кәсіби имиджі жайлы өте көп
айтылуда, имиджді қалыптастыру процесі кімге
байланысты және педогогикалық іс-әрекеттің
табыстылығына қалай әсер етеді? Мұғалім бейнесі
оқушылар есінде ең әсерлі сәттермен сақталып қалады.
Өскелең жас ұрпақтың сезім, жігерінің қуатты күші
болатын, адам қызықты, жан-дүниесі бай болуы керек.
Мұғалім имиджін қалыптасыру үшін өзімен жан-жақты
жұмыс жасауы керек. Имидж – ағылшын тілінен
аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағынаны береді.
Оқушы өмірінің көп бөлігі оларға білім ғана беріп
қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке
тұлға ретінде қалыптастыратын мектептің оқу тәрбие
үрдісінде өтеді. Әлеуметтік және балалық шақтан алған
әр-түрлі әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне
әсер етеді.
Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға болып
қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз
көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды
бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль,
мәнер, әдеп, күлкі жатады. Сонымен қатар ойлау, іс-әрекет
бейнесі, сөйлеу мәнері және тыңдай білу де басты болып
табылады
Оқушылары мен әріптестерінің алдында өзін-өзі
ұстай білуі мұғалім имиджі болып саналады. Егерде
оқушы мұғалімнің жеке тұлғасына қызықпаса пәнге
деген қызығушылығы да болмауы мүмкін. Басқа
мамандық иелерінен мұғалімнің ерекшелігі оның
қоғамдық мақсатында. Мұғалім оқушылар мен ата-
аналар үшін басты тұлға болғандықтан, оған
қойылатын талапта әрқашан жоғары.