5 Дәріс. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Қарастырылатын сұрақтар



бет1/4
Дата25.06.2024
өлшемі445.38 Kb.
#502790
  1   2   3   4
5 Дәріс. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер


5 Дәріс. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер


Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қалай оқу керектігін үйрену мәселесі


2. Нәтижелі білім алу үдерісінің шарттары
3. Метатану және қалай оқу керектігін үйрету


1. Оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:
• оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы білім алудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;
• жүйелі ойлануға үйрету;
• шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау;
• оқу үдерісі үшін және өзін өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;
• тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;
• сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік.
Сонымен «оқуды үйрету» деп түсінетін құбылысты және мұғалім оқушыларға осындай оқу тетіктерін қалай бере алатынын қарастырайық. Қалай оқу керектігін үйрену «Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрену де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады.
Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
• оқу міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
• жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге;
• тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
• нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауға көмектеседі. Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастырады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.
2. Сыныпта «оқуға үйрететін» білім ортасын құру Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар: мұғалімнің (1) балалардың қалай оқитынын түсінуі; (2) нені оқыту керектігін түсінуі; (3) оқу үдерісін қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; (4) сонымен қатар оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі (суретті қараңыз).




Балаларға оқу қағидаттарын үйренуде көмек көрсету

Келесі бөлімдер сыныптың ішінде не болып жатқанына арналады, бұл орайда сыныптар бүкіл білім беру жүйесінің жекелеген бөлшектері болып табылатынын ұмытпаған жөн және бұл байланыс оқу материалын әзірлеу кезінде ескерілуі тиіс. Нәтижесінде оқушылар өздерінің отбасы тарапынан қолдау тауып, мектептің ішінде және одан тыс жерлерде олардың оқу әлеуеті артады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет