Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау



бет1/6
Дата21.02.2023
өлшемі41.28 Kb.
#469846
  1   2   3   4   5   6
2.1-ресурс


ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУ ОРТАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
2.1. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда жеке тәсілдемені қолдану. Инклюзивті оқу ортасын құру.
Жеке тәсілдеме – білім беру процесін әрбір баланың өмірлік дамуының жеке ерекшеліктеріне сәйкес реттейтін психологиялық-педагогикалық принцип. Жеке тәсілдеме балаға деген адамгершілік қарым-қатынастан, оның құқықтарын ең жоғары құндылық ретінде қабылдаудан көрініс табады. Осы тұрғыдан алғанда әрбір бала оқу-тәрбие процесінің белсенді қатысушысы болуы керек. Әрбір бала қайталанбайтын тұлға және ол кешенді оқу мен даму процесіне өз тәжірибесін, өзіндік оқу стилін, өзінің әлеуметтік моделін, өзіне тән әрекеттестікті, жеке табиғи қарқынын енгізеді.
Жеке тәсілдеме инклюзивті білім берудің квинтэссенциясы болып табылады және инклюзивті білім беру саясаты, инклюзивті мәдениет негізінде білім беру мекемесі мен қоғамдастықтарда жүзеге асырылады.
ЕБҚ бар балаларға арналған жеке тәсілдеменің қазіргі заманғы үрдістері дәстүрлі тәсілдемеден ерекшеленеді. Олар баланы жалпы білім беру ортасына қосуды, қосымша білім беру құрылымдары мен қолдау қызметтерін құруды, инклюзия формаларын әртараптандыру арқылы мектеп бағдарламаларына қолжетімділікті қамтамасыз етуді, оқу жоспарының икемділігін, дидактикалық технологияларды бейімдеуді көздейді.
2.1-кесте. Жеке тәсілдеме мен дәстүрлі тәсілдеменің сипаттамасы.

Дәстүрлі тәсілдеме

Инклюзия тұрғысынан тәсілдеме

ЕБҚ бар балалар тек қана арнаулы және көмекші мектептерде оқи алады.

Балалар қолдау мақсатында құрылымдары мен қосымша білім беру қызметтері бар жалпы білім беретін мектептерде оқиды.

Оқушылар арасындағы айырмашылықтар жасырын түрде болады немесе оларға проблема туындағанда ғана мән беріледі.

Оқушылар арасындағы айырмашылықтар зерттеледі және олар оқу процесін жоспарлаудың негізі болып табылады.

Жақсы ұғымының бір ғана басым анықтамасы бар (үздік оқушының анықтамасы – барлық пәндер бойынша жалпы оқу бағдарламасын меңгерген бала).

«Жақсы оқушы» белгілі бір бағдар бойынша жеке дамумен сипатталады, (барлық оқушылар жақсы, оқушының жеке ерекшеліктеріне байланысты дамуындағы ілгерілеу көрсетіледі).

Білім беру мақсаттары барлығы үшін бірдей.

Білім беру мақсаттары оқушының мүмкіндігіне қарай жеке белгіленеді (жеке оқу бағдарламасы).

Тапсырманы орындау уақыты қатаң шектелген.

Тапсырманы орындау уақыты баланың қажеттілігіне қалай өзгертіледі.

Мектеп нәтижелерін бағалау бірыңғай бағалау стандарттары негізінде жалпы оқу бағдарламасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Мектептің оқу жетістігі баланың дамуындағы ілгерілеуді ескере отырып, жеке бағдарламалар перспективасында қарастырылады.

Бағалау барлығына бірдей тәсілмен жүзеге асырылады.

Мұғалім бағалаудың көптеген стратегияларын қолданады.

Ата-аналар оқу процесінің белсенді емес бақылаушылары болып табылады.

Ата-аналар нақты міндеттеріне сәйкес оқу процесіне белсенді араласады.

Жеке көмек оқушы оқитын сынып деңгейінде, мектеп деңгейінде, сондай-ақ мамандандырылған құрылымдардың қатысуымен көрсетіледі.


2.2-кесте. ЕБҚ бар оқушыларды оқытуда жеке тәсілдеме қолдану/қолдау көрсету



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет