ДХБ-11-22 Саккулакова Назгул Боранбаевна
5-сабақ
1.ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ (ТТР), ТИПТЕРІ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАЛАНС, ЖАРТЫЛАЙ РЕАКЦИЯ ӘДІСТЕРІ.
2.ГАЛЬВАНИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТ, ОНЫҢ Э.Қ.К. 3.ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ ПОТЕНЦИАЛДАРЫ. НЕРНСТ ТЕҢДЕУІ.
4.СҰРАҚТАРҒА МЫСАЛДАР КЕЛТІРУ.
Тотығу-тотықсыздану реакциялар – электрондар бір заттардан екіншісіне ауысуымен байланысты жүретін реакциялар. Сонда, электрондардың донорлары – тотықсыздандырғыштар, ал электрондарды қосып алатын бөлшектер – тотықтырғыштар болып табылады. Тотығу- тотықсыздану реакцияларында тотықсыздандырғыштар берген электрондар саны тотықтырғыштар қосып алған электрондар санына тең болу керек.
Тотығу-тотықсыздану реакцияны жартылай тотығу және жартылай тотықсыздану реакцияларға бөлуге болады. Жартылай реакцияға қатысатын заттар тотығу-тотықсыздану жұбын құрайды. Тотығу-тотықсыздану жұбын Ox/Red түрінде белгілейді. Мысалы:
Cu 2
Zn
Cu
Zn2
Тотығу-тотықсыздану реакция тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты бір-бірінен бөлгенде де жүре алады, егер екі жүйені электрондар ауысалатын өткізгіш сымымен, ал ерітінділерді иондар ауысатын тұз ерітіндісінен жасалған көпіршемен жалғастырса. Бұндай екі жартылай тотығу-тотықсыздану жұптарынан тұратын жүйе гальваникалық элемент деп аталады, оны сызба нұсқа түрінде көрсетуге болады:
()
Cu /
Cu2 //
Zn2 /
Zn()
Тотығу – тотықсыздану реакцияларында тотықсыздандырғыштар берген электрондар мен тотықтырғыштар қосып алған электрондардың саны тең болу керек.
Тотығу – тотықсыздану реакциясын жартылай тотығу және жартылай тотықсыздану реакцияларына бөлуге болады. Мысалы:
2 Fe
3+ + Sn
2+ ↔2 Fe
2+ + Sn
4+
Бұл реакцияның жартылай тотығу реакциясы
Sn 2+ – 2е → Sn4+ , не Sn 2+ → Sn4+ + 2е
жартылай тотықсыздану реакциясы
Fe
3+ + е → Fe
2+ /*2 2 Fe
3+ + 2е → 2 Fe
2+
Қосып алатын электрондар мен берілетін электрондардың санын теңестіру үшін келесі реакция беске көбейтіледі:
Re
d
EOx/Red
–тотығу-тотықсыздану жұбының реалды потенциалы, В EoOx/Red
– жұптың стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалы,В R – универсалды газ тұрақтысы (8,314 Дж/град
.моль)
F - Фарадей саны (96500 Кл)
Т –
температура, К
n – тотығу-тотықсыздану жартылай реакциясына қатысқан электрондар саны а –активті концентрация.
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш активтіктері 1-ге тең болғандағы жартылай реакцияның тотығу-тотықсыздану потенциалы стандартты потенциал деп аталады