Жоба
5 сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы
7 желтоқсандағы № 7/77 «2013-2015
жылдарға арналған облыстық бюджет
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтау қаласы 5 желтоқсан 2012 жыл
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2184 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2012 жылдың 29 желтоқсандағы № 218-219-220 санында жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға, мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 98 119 074 мың теңге, оның ішінде
салықтық түсімдер бойынша – 48 544 409 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 1 796 583 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12 977 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 47 765 105 мың теңге;
2) шығындар – 94 757 137 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру – 6 631 987 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 6 892 765 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 260 778 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 790 150 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 790 150 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 060 200 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 060 200 мың теңге.
2-тармақта:
1) тармақшада:
«Бейнеу ауданына» «100» саны «92,7» санымен ауыстырылсын;
«Маңғыстау ауданына» «12,4» саны «0» санымен ауыстырылсын;
«Түпқараған ауданына» «35,8» саны «18,6» санымен ауыстырылсын;
«Мұнайлы ауданына» «100» саны «87,9» санымен ауыстырылсын;
«Ақтау қаласына» «13,8» саны «12» санымен ауыстырылсын;
«Жаңаөзен қаласына» «40,2» саны «37,8» санымен ауыстырылсын.
2) тармақшада:
«Маңғыстау ауданына» «100» саны «0» санымен ауыстырылсын.
3) тармақшада:
«Маңғыстау ауданына» «100» саны «51,4» санымен ауыстырылсын.
5) тармақшада:
«Бейнеу ауданына» «100» саны «92,4» санымен ауыстырылсын;
«Маңғыстау ауданына» «12,4» саны «0» санымен ауыстырылсын;
«Түпқараған ауданына» «36,6» саны «17,6» санымен ауыстырылсын;
«Мұнайлы ауданына» «100» саны «81,9» санымен ауыстырылсын;
«Ақтау қаласына» «14,6» саны «13» санымен ауыстырылсын;
«Жаңаөзен қаласына» «39» саны «35,9» санымен ауыстырылсын.
4-тармақта:
«5 199 918» саны «5 236 274» санымен ауыстырылсын;
«Қарақия ауданына» «2 315 429» саны «2 351 785» санымен ауыстырылсын.
7-тармаққа келесі мазмұндағы абзац қосылсын:
тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі жөндеуге.
2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Облыстық
мәслихат хатшысы
Ж. Дәрменов Б. Жүсіпов
КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ш. Илмұханбетова
«___» ____________ 2013 ж. Ор
Достарыңызбен бөлісу: |