5. су біздің планетаның баға жетпес байлығЫ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры



Дата13.11.2022
өлшемі3.88 Mb.
#464688
5 тема-каз


5. СУ - БІЗДІҢ ПЛАНЕТАНЫҢ БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫ
“Тұрақты дамуға көмектесу” Орталығы” Қоғамдық қоры
“Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” ММ
Орта мектептің жоғарғы сыныптарына арналған
“Қоршаған орта экологиясы”
оқу-әдістемелік құралына демонстрациялық материал

Су –адамның өмір сүруіне, тіршілік етуіне және дамуына қажетті негізгі ресурс


Адам баласы үшін су физикалық, санитарлы – гигиеналық және шаруашылық тұтынуды қанағаттандыратын, өмір сүруге қажетті ресурс
Адам денесі 63-75% судан тұрады. Ағзаға судың жетіспеушілігі денсаулықтың нашарлауына алып келеді. 10% су жоғалту күрт мазасыздыққа, әлсіздікке, аяқ треморына алып келеді. Адамды бірнеше күн судан айырса, ол өліп кетуі мүмкін. Егер 20-22% ағзада су жоғалса, өлімге алып келеді.
ДДҰ бағалауы бойынша, аурулардың 80% су факторының әсерінен болады.
Жер бетінің 97,5% тұзды су. Ал 2,5 % ғана тұщы су, оның тең жартысы мұздықтарда «консервіленген».
Халық санының өсуі, экономикалық қызметтің дамуы, өмір сүру деңгейінің артуы суды пайдалану мен сарқынды сулардың ластау көлемінің артуына алып келеді және олардың арасында бәсекелестік туындайды.
Су проблемаларын шешу және алдын алу мақсатында тұрақты даму контекстінде СРББ қағидаттарына негізделген кешенді тәсілді қажет етеді.
Әлемнің су тазарту құрылымы
2,5%
Тұщы су
0,4%
Беттік және атмосфералық су
Тұщы су ресурстарының жалпы көлемі
35.2 млн. кубических километров (км3)
Мұхиттар
97,5%

Судың да сұрауы бар....

    • «Егер қажетті шараларды қолданбасақ, онда 2032 жылға қарай әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығын сезінеді, мұндай жағдай адам денсаулығына кері ықпал етеді - деп айтылған Британ медициналық журналында
    • БҰҰ мәліметтері бойынша, «таза суды пайдаланатын адамдар саны 1900 жылғы 4,1 миллиардтан 2000 жылы 4,9 миллиардқа дейін көтерілген, ал дамушы елдерде 1,1 миллиард адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
    • Қазіргі уақтытта жалпы 2,4 миллиард адам қалыпты санитарлық жағдайлардан шет қалған. Осының нәтижесінде «жыл сайын іш сүзегімен ауырып тіркелгендер саны 4 миллиардқа жетуде, 2,2 миллион адам өледі»

http://www.ufolog.ru/event/11129/
http://afrika-raj.ru/strany-afriki/pitevaja-voda-v-afrike.html

Қазақстанның су ресурстары


Біздің республиканың сумен қамсыздандырылуы жылына 100 км3 –ты құрайды. Оның 56,6 км3 біздің республиканың аумағында құрылады, ал қалғаны – трансшекаралық, яғни ол көршілес мемлекеттерден келеді
Есіңе түсір, біздің көршілестерімізге кімдер жатады?
Тұщы су
524 км3
Қазақстанның су ресурстары
Пайдалану үшін қол жетімді су ресурстар шектелген
  • Қазіргі кезде негізгі су көздер, ол су қоймалары бар өзендер мен жер асты сулар.
  • Тұщы судың орташа жылдық көлемі жылына 524 км³, ал ағын судың көлемі жылына – 100,5 км³, олардың жартысынан жуығы көрші елдерден келеді – Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан,Ресей.
  • Жер асты суларының қорлары жылына 58 км³ бағаланады, яғни жалпы тұщы су қорының шамамен 11%-ын құрайды.
  • Су ресурстары жер бетінде толықтай таралмаған. Негізгі тарлаған аймағы ол Ертіс және Балқаш-Алакөл су бассейндері.
  • 2040 жылға қарай болашақта жағымсыз климаттық және гидрологиялық трансшекаралық қауіп-қатерлер жүзеге асыру кезінде іс жүзінде жылына 11,4 км Қазақстанда тұтастай алғанда өзендер жерүсті ағын төмендейді

Қазіргі уақытта қалалық жерде өмір сүретін Қазақстанның бір тұрғыны орташа есеппен күніне 167 литр су тұтынады, ауылдық жерлерде 68 литр.

Қазіргі уақытта қалалық жерде өмір сүретін Қазақстанның бір тұрғыны орташа есеппен күніне 167 литр су тұтынады, ауылдық жерлерде 68 литр.

Ал Маңғыстау облысының ауылдық бір тұрғыны күніне 25 литр тұтынады (ең төменгі мөлшерлеме)


Қазақстанда тұщы сулардың жоғалуы
Соңғы 9 жылда (2006-2014) барлық пайдаланушылар тұщы су шығындарының жалпы көлемі орта есеппен жалпы су тұтынудың 19.33%, немесе 4,27 км3 / жыл құрайды. Бұл соманың шамамен 3 км3/жыл су жоғалтқан және 82 % шығындардың жалпы көлемі ауыл шаруашылығынан байқалады, оның ішінде 51 % суару секторы.

Трансшекаралық су ағындары туралы мәліметтерді тауып, келесі сызбаны толтыр:


56,5 км3 ҚР территориясында қалыптасады
44 км3 көршілес елдерден ағып келеді
Өзбекстан

Қытай Халық Республикасы

Қырғызстан

Ресей Федерациясы

Енді мына сұраққа жауап береміз – Шекарамыздың басым бөлігінің Ресеймен шектескеніне қарамастан, неліктен су ресурстары бойынша Қытайға қарағанда Ресейге деген тәуелділігіміз төменгі дәрежеде?

Енді мына сұраққа жауап береміз – Шекарамыздың басым бөлігінің Ресеймен шектескеніне қарамастан, неліктен су ресурстары бойынша Қытайға қарағанда Ресейге деген тәуелділігіміз төменгі дәрежеде?

Су ресурстарын басқарудың қазіргі жүйесі Қазақстанның тұрақты дамуына қатер төндіруде. Оны келесі суретпен түсіндіріп көр.

Су ресурстарын басқарудың қазіргі жүйесі Қазақстанның тұрақты дамуына қатер төндіруде. Оны келесі суретпен түсіндіріп көр.

  • Үстінгі сызық – Сомалық су ресурстары (территориямызда қалыптасқан сулар, көршілес елден ағып келетін сулар)
  • Астыңғы сызық – Халықтың су пайдалану көрсеткішінің сомасы

Үй тапсырмасы
Сен қалай ойлайсың, Қазақстанның қай бөлігі қазіргі таңда су тапшылығын сезінуде? Мұны қалай дәлелдеуге болады? Өз жауабыңды мысалдармен келтір

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет