Дәріс№1
Ауылшаруашылық дақылдары туралы жалпы мағлұматтар
1. Қазақстан ертеден аграрлы ел.
2. Арзан да қоректілігі жоғары азық дайындау
3.Ауылшаруашылық дақылдарының агрономиядағы орны мен маңызы
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.
Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |