ЕурАзЭҚ-на қатысушы мемлекеттерде жеке тұлғалардың ақша қаражатын трансшекаралық аударымы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі158.5 Kb.
#4244



ЕурАзЭҚ-на қатысушы мемлекеттерде жеке тұлғалардың ақша қаражатын трансшекаралық аударымы туралы
Алынған статистикалық деректердің талдамасы Қоғамдастық елдерінен 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы жеке тұлғалардың трансшекаралық ақша аударымының жинақталған көлемі және құрылымы бойынша мынадай бөлуді атап көрсетуге мүмкіндік береді:

  • 2011 жылы Ресей Федерациясынан төлемдер 5315,1 млн. АҚШ долл. немесе шығыс аударымдарының жинақ көлемінде 69,3% (2010 жылы – 3873,0 млн. АҚШ долл. немесе 69,9%) құрады. Бұл ретте олардың анағұрлым көбі (57,2%) Тәжікстан Республикасына –3039,4 млн. долл. (2010 жылы – 2226,9 млн. долл. немесе 57,5%) және Қырғыз Республикасына –1571,8 млн. АҚШ долл. немесе 29,6% (2010 жылы - 1127,6 млн. АҚШ долл. немесе 29,1%) жүзеге асырылды.

  • Қазақстан Республикасынан төлемдер транзакцияның жинақ көлемінде екінші орында –1892,5млн. АҚШ долл. немесе 24,7% (2010 жылы – 1274,7 млн. АҚШ долл. немесе 23,0%). Шығыс ақша аударымдарының анағұрлым көбі –1754,9 млн. АҚШ долл. (92,7%) – Ресей Федерациясына келді (2010 жылы – 1124,3 млн. АҚШ долл. немесе 88,2%).

  • Тәжікстан Республикасынан төлемдер 2011 жылы үшінші орында –221,3 млн. АҚШ долл. немесе Қоғамдастық елдерінің жеке тұлғаларының шығыс аударымдарының жинақ көлемінде 2,9% (2010 жылы – 197,3 млн. АҚШ долл. немесе 3,6%). Бұл ретте олардың анағұрлым көбі (98,0%) Ресей Федерациясына жүзеге асырылды –216,9 млн. АҚШ долл. (2010 жылы 94,5% ақша аударымының барлығы Ресей Федерациясына жіберілген).

  • Қырғыз Республикасынан төлемдер 185,6 млн. АҚШ долл. немесе транзакцияның жалпы көлемінде 2,4% (2010 жылы – 127,6 млн. АҚШ долл. немесе 2,3%). Шығыс ақша аударымының анағұрлым көбі Ресей Федерациясына жіберілген – 99,6%.

  • Беларусь Республикасынан төлемдер 58,8 млн. АҚШ долл. немесе транзакцияның жалпы көлемінде 0,8% (2010 жылы - 65,4 млн. долл. АҚШ немесе 1,0%). Бұл ретте Ресей Федерациясына 57,7млн. АҚШ долл. жіберілген (98,1%). 2010 жылы - 64,5 млн. долл. АҚШ (98,7%) шығыс ақша қаражатының көлемі - 1,2-қосымшаларды қараңыз.

ЕурАзЭҚ-на қатысушы мемлекеттерден жеке тұлғалардың ақша қаражатын трансшекаралық аударымдарының жалпы көлемі 2010 жылғы 5537,9 млн. АҚШ долл. салыстырғанда осылайша осы кезеңде 38,6%-ға ұлғайып 2011 жылы 7673,2 млн. АҚШ долл. құрады. 2009 жылы трансшекаралық аударының жалпы көлемі 4408,6 млн. АҚШ долл., 2008 жылы - 5025,9 млн. АҚШ долл. құрады

2011 жылы жүргізілетін ақшалай қаражат көлемінің анағұрлым ұлғаюы 2010 жылғымен салыстырғанда Қазақстан Республикасынан - 48,5%-ға, Қырғыз Республикасынан - 45,4%-ға, Ресей Федерациясынан - 37,2%-ға, Тәжікстан Республикасынан - 12,2%-ға, Беларусь Республикасынан - 11,2%-ға. (2010 жылы 2009 жылғымен салыстырғанда Қырғыз Республикасынан (72,2%-ға), Ресей Федерациясынан - 29,1%-ға, Тәжікстан Республикасынан - 26,8%-ға, Беларусь Республикасынан - 18,1%-ға, Қазақстан Республикасынан - 13,4%-ға).

Осылайша, 2011 жылы Қоғамдастық мүшелері – елдер арасында ақшалай аударым көлемін ұлғайту бойынша үрдіс нығайтылды –

3-қосымшаны қараңыз.
Қоғамдастық елдерінен ақшалай аударымның валюталық құрылымы 2010 жылғымен салыстырғанда 2011 жылы мынадай түрде өзгерді.


  • 67,1% Ресей Федерациясынан төлемдер Ресей рубльімен жүзеге асырылды, 31,7% - АҚШ долларымен, 0,8% - еуромен (2010 жылы 61,5% - Ресей рублімен, 37,5% - АҚШ долларымен, 1,0% - еуромен).

  • Қазақстан Республикасынан 64,5% ақша аударымы Ресей рублімен жүзеге асырылды, 33,2% – АҚШ долларымен, 1,7% - еуромен (2010 жылы 60,0% - Ресей рублімен, 34,0% – АҚШ долларымен, 2,0% - еуромен).

  • Тәжікстан Республикасынан 50,7% басқалай ақша аударымы Ресей рублімен жіберілген, 48,6% - АҚШ долларымен, 0,6% - еуромен.

  • Қырғыз Республикасынан 38,6% трансшекаралық ақша аударымы Ресей рублімен жүзеге асырылды, 57,7% - АҚШ долларымен, 3,6% - еуромен (2010 жылы 34,6% - Ресей рублімен, 62,9% - АҚШ долларымен, 2,3% - еуромен).

  • Беларусь Республикасынан барлық 27,7% ақша аударымы Ресей рублімен жіберілді, 66,5% - АҚШ долларымен, 5,4% - еуромен (2010 жылы 31,0% - Ресей рублімен, 64,1% - АҚШ долларымен, 4,7% - еуромен) – 4-қосымшаны қараңыз.

Жалпы 2011 жылы Қоғамдастықтың ішінде жеке тұлғалар жүзеге асыран ақша аударымының валюталық құрылымында Ресей рублі үлесінің ұлғаюына үрдіс жалғасты. Ресей рублінің үлесі жеке тұлғалардың трансшекаралық ақша аударының жалпы көлемінде 6%-ға ұлғайды (59%-дан 65%-ға дейін), 2010 жылы өсім 8%-ға болды (51%-дан 59%-ға дейін), 2009 жылы - 5%-ға (46%-дан 51%-ға дейін) – 5-қосымшаны қараңыз.


ЕурАЗЭҚ-на қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің ақпараты бойынша Қоғамдастықтың елдерінде жеке тұлғалардың ақша қаражатын аударымы бойынша мынадай нормативтік талаптар белгіленген.
Ресей Федерациясында трансшекаралық ақша қаражатын аудару (шетел валютасын және Ресей Федерациясының валютасын) «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» 10.12.2003 жылғы № 173-ФЗ Федералдық заңға сәйкес (бұдан әрі – Федералдық заң) шектеусіз жүзеге асырылады. Резидент жеке тұлғалар Ресей Федерациясынан шетелге бір операциялық күн ішінде жүзеге асыруға уәкілетті банктің тапсырма берген күні Ресей Банкінің бағамы бойынша баламасы 5 мың АҚШ долларынан аспайтын сомадағы лимит белгіленген резидент және резидент емес жеке тұлғалардың пайдасына банктік шоттар ашпай ақша қаражатының аударымы ғана ерекшелік болады.
Беларусь Республикасының валюталық заңнамасына («Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Беларусь Республикасының Заңы) жеке тұлғалардың олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына байланысты емес жеке аударымдары төлем сомасы бойынша шектелмейді және шектеусіз жүзеге асырылады.

Беларусь рублімен банк аударымы нысанындағы есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі Беларусь Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 29.03.2001 жылғы № 66 қаулысымен бекітілген Банктік аударым туралы нұсқаулықта (бұдан әрі - № 66 Нұсқаулық) айқындалған.

№ 66 Нұсқаулық төлем тапсырмалары және төлем талаптары негізінде жеке тұлғалардың есеп айырысуларды жүзеге асыра алатындығын айқындаған, жеке тұлғалар - төлеушілер банкте ашқан шоттардан және осындай шоттар ашпай-ақ жеке тұлғалардың аударымдарын жүзеге асыру көзделген.

№ 66 Нұсқаулыққа сәйкес шот ашпай жеке тұлғалардың аударымдары төлем тапсырмалары және банк кассасына ақшалай қаражат қабылдауды растайтын және ақша қаражатын аударуды жүзеге асыру үшін қажетті деректемелері бар құжаттар негізінде жүзеге асырыла алады.

Оның үстіне № 66 Нұсқаулықта жеке тұлғалардың қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесін пайдалана отырып (Клиент-банк, Интернет-банк, Мобильдік банк) ақша қаражатын аударуды жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген.

Қазіргі уақытта қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесін қолдана отырып қолма-қол емес есеп айырысулар халық арасында кең таралуда.

Жеке тұлғалардың чек кітапшаларынан чектермен есеп айырысу және есеп айырысу чектерін жүзеге асыру тәртібі Беларусь Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2005 жылғы № 43 қаулысымен бекітілген Чек кітапшаларынан чектерді және есеп айырысу чектерін қолдана отырып операциялар жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықта (бұдан әрі - № 43 Нұсқаулық) айқындалған.

№ 43 Нұсқаулыққа сәйкес Беларусь Республикасы аумағында тауар (жұмыс, қызмет) үшін чек кітапшаларынан чектер және есеп айырысу чектері арқылы есеп айырысады. Сонымен қатар жеке тұлғалар есеп айырысу чегі бойынша қолма-қол ақша қаражатын ала алады. № 43 Нұсқаулықта чек кітапшасының және есеп айырысу чегінің бірыңғай нысаны бекітілген.

Сонымен бірге Беларусь Республикасында есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде банктік пластикалық карточкалар кеңінен қолданылады, чек кітапшаларынан чектер және есеп айырысу чектері қолданылмайды.

1992 жылдан бастап Беларусь Республикасында банктер жеке тұлғаларға аудары бойынша қызмет шот ашпай жеке төлем жүйелері арқылы ұсына бастады.

Жеке тұлғалардың пайдасына және олардың тапсырмасы бойынша жеке төлем жүйелері арқылы аударуды жүзеге асыру тәртібі Беларусь Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 02.06.2004 жылғы № 87 қаулысымен бекітілген Жеке төлем жүйелері арқылы қолма-қол емес аударуды жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқаулықта айқындалған.

Жеке төлем жүйелерінің екі түрін бөлуге болады: халықаралық жеке төлем жүйелері және ішкі жеке төлем жүйелері. Халықаралық жеке төлем жүйелерінің қатысушылары түрлі банктер (резиденттер және резидент еместер) болып табылады. Ішкі төлем жүйелері банк және оның құрылымдық бөлімшелері шегінде ғана жұмыс істейді.

Жеке төлем жүйелері арқылы қолма-қол емес аударымдарды жүргізу талаптарын қолма-қол емес аударымдарды жүргізу бойынша қатысушылар алдында өзіне міндеттеме қабылдайтын есеп айырысу орталығы (банк немесе резидент емес заңды тұлға) айқындайды. Бұл ретте Беларусь Республикасының банктері қолма-қол аударымдарды Беларусь Республикасының заңнамасына және жеке төлем жүйесіне қатысуға арналған шарттарға сәйкес жүзеге асырады.

Жеке тұлғалардың ақша қаражатын жеке төлем жүйелері арқылы аудару, сондай-ақ осы жүйе арқылы түскен ақша қаражатын жеке тұлғаларға беру жеке тұлғалардың тиісті өтініштері негізінде жүзеге асыралады.

Банктерден келіп түскен мәліметтер бойынша жеке төлем жүйелерінің саны, сондай-ақ осы төлем жүйелері арқылы аударымдар бойынша қызмет ұсынатын банктер саны үнемі өсіп отырады. Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың аударымдары бойынша банктік қызмет нарығында 19 халықаралық жеке төлем жүйелері жұмыс істейді, 2012 жылғы ақпанда осы төлем жүйелері арқылы аударымдар бойынша қызмет ұсынатын банктердің саны 27-ге жеткен.

Қазақстан Республикасында валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында жеке тұлғалардың трансшекаралық ақша аударымдарын жүзеге асыруды реттейтін мынадай нормативтік құқықтық актілер қолданылады:

а) «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57-III ҚРЗ1 (06.01.2012ж. жағдай бойынша өзгерістері мен толықтырулары бар) ҚР Заңы;

б) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысы (24.08.2009ж. жағдай бойынша өзгерістері мен толықтырулары бар)– бұдан әрі – 129 Ереже 2;

в) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысы (20.08.2010 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулары бар);

г) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысы (30.11.2009 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулары бар);

д) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» 2009 жылғы 16 шілдедегі № 63 қаулысы (01.02.2010 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулары бар);

е) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 14 қазандағы № 122 қаулысы (30.11.2009 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулары бар).
Жеке тұлғалардың трансшекаралық ақша аударымдары жүзеге асыру заңның 16-бабында және 129 Ереженің 2-тауарында регламенттелген. Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың трансшекаралық ақша аударымдары уәкілетті банктерде ашылған шот арқылы (оның ішінде төлем карточкаларын қолдана отырып не шот ашпай шектеусіз жүзеге асыралады.

Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес жеке тұлғалар резиденттер және резидент еместер уәкілетті банктерде шот ашпай жүзеге асыруға құқылы:

1) Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына өтеусіз ақша аударымдары (салықтық, лицензиялық төлемдер, айыппұлдар, мұрагерлік сомасын аудару, алименттер, гранттар және басқалары);

2) жеке тұлға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес және оларға қатысты осы Заңға келісмшартты, тіркеуді, хабарламаны есепке алу нөмірін алуды талап ету белгіленбеген өзге ақша аударымдары.

129 Ереженің 7-тармағында валюталық операциялар, оның ішінде валюталық шарт бойынша ақша төлемдері мен (немесе) аударымдарын жүргізу үшін талап етілетін құжаттардың тізбесі көзделген.

129 Ереженің 7-1-тармағына сәйкес баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын соманы резиденттің және резидент еместің банк шоттары бойынша ақша төлемі мен (немесе) аударымдарын жүргізу кезінде мына жағдайларда валюталық шарт ұсыну талап етілмейді: егер ақша аударымы мен (немесе) төлемін резидент емес жүргізсе; ақша төлемі мен (немесе) аударымдарын резидент жүзеге асырса және резидент - ақша жіберуші (алушы) ақша аударуға (ақша алуға) арналған тапсырмада (өтініште) осы ақша аударымы мен (немесе) төлемі тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлік алуды немесе мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты еместігін көрсеткен.

129-Ереженің 11-тармағына сәйкес жеке тұлғаның валюталық шарт ұсыну мүмкіндігі болмаса уәкілетті банк жеке тұлға осындай аударымдардың мақсатын көрсеткен және ақша аударуға (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) мынадай жазбалар болғанда ғана ақша төлемі мен (немесе аударымдарын жүзеге асырады) ақша беру және есептеу:

1) құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке олардың талаптары бойынша осы ақша төлемі мен (немесе) аударымдары туралы ақпаратты ұсынуға уәкілетті банкке рұқсат беретін;

2) осы ақша төлемі мен (немесе) аударымдары жеке тұлға тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлікті алуды, мәміле паспортын ресімдеуді (резидент жеке тұлғалардың аударымдары үшін) талап ететін валюталық операцияларларды жүзеге асыруға байланысты еместігін растайтын;

3) осы ақша төлемі мен (немесе) аударымдары жеке тұлғаның (уәкілетті банкте шот ашпай жеке тұлғалардың аударымдары үшін) кәсіпкерлік қызметпен байланысты еместігін растайтын.


Уәкілетті банк ай сайын Ұлттық Банкке мынадай ақпарат ұсынады:

1) егер осындай ақша төлемі мен (немесе) аударымдары сомасының баламасы он мың АҚШ долларынан асатын болса уәкілетті банкте шот ашпай жүргізілген ақша төлемі мен аударымдары туралы;

2) егер осындай ақша төлемі мен (немесе) аударымдары сомасының баламасы бес мың АҚШ долларынан асатын болса, 129 Ереженің 11-тармағында белгіленген тәртіппен банк шоттары бойынша жүргізілген ақша төлемі мен аударымдары туралы;

3) егер осындай ақша төлемі мен (немесе) аударымдарының сомасы не осындай алу баламасы он мың АҚШ долларынан асатын болса уәкілетті банктің төлем карточкасын қолдана отырып жүргізілген банк шотынан қолма-қол ақша алу не валюта операциясы бойынша ақша төлемі мен аударымдары туралы;



Қырғыз Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес қазіргі уақытта ақша аударымдары, оның ішінде ақша аударымдары жүйесі арқылы жүзеге асырылатын сомасына шектеулер қойылған. Аударылатын қаражат бойынша шектеулер ақша аударымдары жүйелерінің өздерінің ережелері шеңберінде ғана қолданылады.

Трансшекаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру туралы жеке заң жоқ. Ақша аударымдарын жүргізу «Қырғыз Республикасында ақша аударымдары жүйелері бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыру ережесімен» реттелген.



  1. Қырғыз Республикасының банктері Қырғыз Республикасының аумағында ақша аударымдарын Қырғыз Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және ақша аударымдарының жергілікті жүйелерінің қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Ақша аударымдарының жергілікті жүйелерінің операторлары Қырғыз Республикасының банктері болып табылады.

  2. Қырғыз Республикасының Банктері ақша аударымдары жүйесінің операторларымен жүйеге қатысу және жүйе қағидаларын сақтау жөніндегі шартқа қол қою арқылы халықаралық ақша аудару жүйесінің қатысушылары бола алады. Халықаралық ақша аудару жүйесінің операторы шығу елінің қаржылық қадағалау жөніндегі уәкілетті органы осы қызмет түрін жүзеге асыру үшін берген рұқсат құжаттары негізінде іс-қимыл жасайтын, Қырғыз Республикасының заңды тұлғасы не резиденті немесе резиденті емес болып табылады.

  3. Банк Қырғыз Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ақша аудару жүйесі арқылы ақша аударымы бойынша халыққа қызмет көрсетуді ұсыну бойынша банктік емес қаржылық-кредиттік мекемелермен шарт (агент шартын) жасай алады. Бұл ретте ақша аударымдары бойынша міндеттемелерді орындау бойынша жауапкершілікті банк көтереді.

  4. Ақша аударымдары жүйесіне қатысу бойынша оператормен үлгі шартын жасау кезінде банк операторда шығу елінің уәкілетті органының тиісті рұқсат құжаттарының (лицензия, тіркеу туралы куәлік және т.б.), бар екендігіне және Қырғыз Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне көз жеткізуі тиіс.




  1. Банк тәуекелдерді басқарудың түрлі әдістерін қолдану бойынша кешенді шаралар әзірлеуі және оларды оператормен келісуі және ақша аударымдары жүйесіне қатысу бойынша шартта тараптар арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздеуі тиіс. Тәуекелдерді бақылау бойынша шаралар белгіленген кезде банк тәуекел деңгейіне бағалау жүргізуі және ақша аударымдары арқылы банк шотын ашпай ақша аударымдары бойынша қызмет көрсетуді ұсыну кезінде тәуекелдерден қорғау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдауы тиіс.

Банктер ақша аударымдарын Қырғыз Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және ақша аударымдары жүйесінің өздерінің қағидалары негізінде жүзеге асырады Жеке тұлғалардың елден тыс жерлерде ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін банктер Western Union, жедел почта, Лидер, Алтын Корона, Migom, Contact, Unistream, Анелик және т.б. сияқты таныс халықаралық ақша аудару жүйелерін қолданады.

Оның үстіне трансшекаралық ақша құралдарын аудару SWIFT, «Telex», «Банк-Клиент», «Е-Клиент» және басқа да жүйелерді қолдана отырып тікелей корреспонденттік шоттар бойынша банктің клиенттерінің банктік шоттары арқылы жүргізіледі. Банктер SWIFT жүйесін анағұрлым жиі қолданады.


Тәжікстан Республикасынан жеке тұлғалар шетел валютасындағы ақша құралдарын аудару және Тәжікстан Республикасына олардың аттарына аударылған шетел валютасындағы ақша қаражатын олар банктерде валюталық шот ашпай алу тәртібі, сондай-ақ осы операциялар бойынша банктердің ресімдеу, есепке алу және есептілігі қағидалары «Тәжікстанның Ұлттық Банкі туралы» Тәжікстан Республикасының Заңының 42-бабына және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Тәжікстан Республикасы Заңының 6, 8 және 9-баптарына сәйкес әзірленген Тәжікстан Ұлттық Банкінің «Валюталық шот ашпай жеке тұлғалар аудару операцияларын жүзеге асыру тәртібі туралы» № 162 Нұсқаулықта регламенттелген:

1. Жеке тұлға олар кәсіпкерлік, инвестициялық қызметті жүзеге асыруға немесе шетелден жылжымайтын мүлік сатып алуға байланысты емес шетел валютасын аудару және алу үшін ғана қаражат аударудың және алудың осы тәсілін қолданады.

2. Тәжікстан Республикасынан жеке тұлғалардың шетел валютасын аударуы және жеке тұлғалардың Тәжікстан Республикасына аударылған шетел валютасын олар валюталық шот ашпай алуы ақша аударудың түрлі жүйелерін қолдана отырып банктер арқылы жүзеге асырылады.

3. Шетел валютасы Тәжікстан Республикасына резидент емес жеке тұлғаның (мәтін бойынша бұдан әрі – резидент емес) атына және пайдасына сомасын шектелмей, резидент еместің өзінен өз атына, басқа резидент еместен немесе резидент атынан аударыла алады.

4. Резидент еместер Тәжікстан Республикасынан валюталық шот ашпай баламасы 10000 (он мың) АҚШ долларына дейінгі сомаға олардың шығуын көрсетпей шетел валютасын аударуға құқығы бар.

5. Резидент еместер валюталық шот ашпай Тәжікстан Республикасына бұрын аударылған, әкелінген немесе жіберілген шетел валютасын кеден декларациясында немесе осы операцияны растайтын басқа құжатта көрсетілген сома шеңберінде Тәжікстан Республикасынан аударуға құқығы бар.

Резидент емес Тәжікстан Республикасынан шетел валютасымен ақша қаражатын аудара алады, егер ол:

а) оларды резидент банкте ашылған өзінің валюталық шотынан алуға;

б) оларды Тәжікстан Республикасының ішкі нарығында Тәжікстанның Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен сатып алған;

в) банкке шетел валютасымен төлем құжаттарын сатудан оларды Тәжікстанның Ұлттық Банкінде белгіленген тәртіппен алған ;

д) оларды валюталық шот ашпай аудару бойынша алған.

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Тәжікстан Республикасының Заңына сәйкес Тәжікстан Республикасының заңнама нормаларын капиталды еркін өткізу туралы халықаралық талаптарға сәйкес келтіру, бұл экономиканың одан әрі ырықтандыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ республиканың инвестициялық климатын жақсарту валюталық режимді ырықтандыру және капитал қозғалысына байланысты валюталық операцияларды жасау тәртібі жүргізілді.

“Резиденттер капитал қозғалысына байланысты валюталық операцияларды жүргізу тәртібі туралы» № 191 Нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес (ТҰБ Басқармасының 2011 жылғы 30 маусымдағы № 139 қаулысы) капитал қозғалысына байланысты валюталық операцияларға мыналар жатады:

а) Тәжікстан Республикасы резиденттерінің республикадан тыс жерлерге шетел валютасындағы тікелей инвестициялары, оның ішінде кәсіпорын, бірлескен кәсіпорын құру, Тәжікстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаны немесе кемінде оның 10% үлесін сатып алу немесе бұл үлестің ұлғаюы;

б) Тәжікстан Республикасы резиденттерінің ішкі және республикадан тыс жерлердегі шетел валютасындағы портфель инвестициялары, оның ішінде бағалы қағаздар, акциялар пакетін және басқа да айналым қаржы құралдарын сатып алу;

в) капитал қозғалысының басқа да операциялары, оның ішінде Тәжікстан Республикасының резидент еместеріне шетел валютасында кредиттер ұсыну және олардан кредиттер алу, резидент емес банктерде банктік шоттар ашу және депозит салымы (кредит ұйымдары және жеке тұлғалардың жинақтарынан қоспағанда), жылжымайтын мүлікті сатып алу, Тәжікстан Республикасының резидент еместеріне коммерциялық кредит ұсыну.

Тәжікстан Республикасының резиденттерінің капитал қозғалысы операцияларын жүзеге асыруы хабарлама немесе тіркеу режимінде жүзеге асырылады.

Баламасы 5,0 млн. сомони сомаға және 12 айға дейінгі орындау мерзімі бар капитал қозғалысымен байланысты операциялар хабарлама режимі талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.



Тәжікстан Республикасының резиденттерінің баламасы 5,0 млн. сомони артық сомаға және 12 айға дейінгі орындау мерзімі бар капитал қозғалысы операцияларын жүзеге асыру тіркеу режимін сақтау шартымен жүргізіледі.
ЕурАЗЭҚ қатысушы мемлекеттерден жеке тұлғалардың трансшекаралық ақша аударымдарының жағдайына жүргізілген салыстырмалы талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

  • 2011 жылы Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер арасында экономикалық өсудің қалпына келуіне, әлемдік қаржы дағдарысының теріс салдарын сәтті жеңіп шығуға байланысты жеке тұлғалардың ақшалай банк аударымдарының жалпы көлемі 38,6%-ға (2010 жылғы 5537,9 млн. АҚШ долларынан 2011 жылғы 7673,2 млн. АҚШ долларына дейін) ұлғайды – 3-қосымшаны қараңыз;

  • 2011 жылы аударылған ақша қаражаты көлемінің анағұрлым ұлғаюы 2010 жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасынан - 48,5%, Қырғыз Республикасынан - 45,4% болған;

  • 2011 жылы жеке тұлғалардың ақша аударымдарының валюталық құрылымында Ресей рублі үлесінің ұлғаюы – соңғы жылдардағы үрдіс нығайды. Ресей рублінің үлесі жеке тұлғалардың трансшекаралық ақша аударымының жалпы көлемінде 6% ұлғайды (59%-дан 65%-ға дейін), 2010 жылы өсім 8% болды (51%-дан 59%-ға дейін), 2009 жылы - 5% ұлғайды (тиісінше 46%-дан 51%-ға дейін). Бұл ретте АҚШ долларының үлесі 2011 жылы 6,0%-ға азайды (40%-дан 34,0%-ға дейін), 2010 жылы – 8%-ға (48%-дан 40%-ға дейін), 2009 жылы 3%-ға (тиісінше 51%-дан 48%-ға), еуроның үлесі өзгеріссіз қалды – шамамен 1% - см. 5-қосымшаны қараңыз.



1 бұдан әрі Заң

2 бұдан әрі – 129 Ереже



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет