5 тақырып. Қабілет



бет1/2
Дата30.05.2023
өлшемі27.05 Kb.
#474494
  1   2
Кабілет


5 тақырып. Қабілет.
Күнделікті ауызекі сөзде “қабілет” деген атауды біз жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады.
Қабілет – іс-әркеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.
Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әркетті табысты болады. Егер осындай сәйкестік болмаса онда индивидте қабілет болмағаны. Яғни қабілетті адамның басқа бір қасиетімен шатыстыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жеке адам қасиеттерінің синтезі.Адам болғаның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі - психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әерекерт. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын бас айтумен, шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздіктерге қарағанда қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, қажетті , мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әр түрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық проецстерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен , қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мыаслы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оықуп, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет, ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді – дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсіндіреді. Бұдан біз адамдардың тең емес екенін білеміз. Қабілеттіктік өлшем – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тән қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетінін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөнде ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.
Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады.
«Қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов) көрсетті.
1. Қабілет- біор адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
2. Қабілет – барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
3. Қабілет – нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдыларды оқшау , қажет әрекетті игеру желсінде ғана көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет