5 в 020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған



бет1/7
Дата27.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#161671
  1   2   3   4   5   6   7




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.30.03-2012




«Қазақ тілінің практикумы»

пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



______2012 жылғы № 1 басылым

5 В 020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған

«Қазіргі қазақ тілінің практикумы» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2012
Мазмұны
1 Глоссарий

2 Практикалық сабақтар

3 Студенттердің өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ
Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы

Адвербиалдану – сөздің үстеу тобына өтуі немесе үстеу қызметінде жұмсалуы

Адъективация – сөздің сын есімдер тобына өтуі немесе сын есімнің орнына жұмсалуы

Ассимляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы

Вокализм – тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі.

Деривация – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау процесі

Дыбыс – тілдік бірлік, тілдің мағыналы бөлшек-бірліктері.

Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім

Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілім

Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы

Лингвистика – тіл туралы ғылым

Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім

Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі

Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала

Семиотика – таңбалар жүйесі

Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді

Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі

Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы

Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі

Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала

Фонема – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік.

Фонетика – тілдің дыбыстық қырын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Фонетикалық заңдар – тілдің дыбыстық материясының дамуы мен қызметі туралы заңдар.

Фонология (грек, дыбыс және ілім) тілдің дыбыстық қатарының құрылысы мен қызметінде болатын заңдыдылықтарды зерттейтін тіл тіл білімінің бір саласы

Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім

Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

1-сабақ


Тақырып: Фонетика туралы түсінік.

Сабақтың мазмұны:

1. Фонетика, орфография, орфоэпия.

2. Фонетиканың зерттеу нысаны туралы түсінік.

3. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.



Сабақ мақсаты:

Фонетика – тілдің дыбыстық жағын қарастыратын тіл білімінің бір саласы екенін, ол тіл білімінің орфография және орфоэпия салаларымен байланысты, біірақ бөлек сала екенін түсіндіру. Фонетика тілдің дыбыстық жүйесін сөйлеу әрекетінің элементі ретінде қарастыратынын таныту. Дыбыс пен фонема туралы алғашқы түсінік беру. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жұптастыру принципі арқылы таныту. Алфавит, әріп, дыбыс (тіл дыбыстары) туралы ұғымдарды тереңдету.


Теориялық бөлім:

Фонетика – тілдің дыбыстық жағын қарастыратын тіл білімінің бір саласы.

Орфография – а) біркелкі жазудың тархи тұрғыдан қалыптасқан жүйесі, басқаша айтсақ, дұрыс жазу туралы қалыптасқан ережелер жүйесі; б) дұрыс жазу ережелерінің жүйесін зерттейтін, сол жүйені жасайтын тіл білімінің бір саласы.

Орфоэпия – а) белгілі бір тілде біркелкі сөйлеуді қамтамасыз ететін сөйлеу нормаларының жиынтығы; б) сөйлеу нормаларын зерттейтін тіл білімінің саласы

Фонетика – тіл дыбыстарының жүйесін және сол жүйемен байланысты заңдылықтарды қарастырады. Фонетиканың негізгі бірліктеріне дыбыс, буын, екпін және интонация жатады.

Фонетика тіл дыбыстарын сөйлеу әрекетінің (адамның физиологиялық-психологиялық әрекетінің) элементтері ретінде қарастырады. Атап айтқанда, фонетика саласында тіл дыбыстары артикуляциялық жағынан (тіл дыбыстарын жасауға қандай дыбыстау мүшелері қамтылады), акустикалық сипаты жағынан (дыбыстың күші, созылыңқылық дәрежесі, тембрі, тоны, т.б.) және перцептивтік тұрғыдан (сол тілде сөйлеушілердің дыбысты қабылдауы тұрғысынан) қарастырылады. Тіл дыбыстарының төртінші қыры – таза тілдік қызметі – тіл білімінің фонология саласында қарастырылады. Фонология – тілдің дыбыстық құрылысының құрылымдық, қызметтік заңдылықтарын қарастыратын тіл білімінің саласы. Фонологияның негізгі бірлігі – фонема. Фонема – тілдегі мағыналы бөлшек болып табылатын морфеманы тану және ажырату үшін қызмет ететін, бірақ өзі мағынасыз бірлік.

Тіл мен сөйлеу – бір-бірімен байланысты, бірақ әр басқа құбылыстар. Тіл – қоғамдық-әлеуметтік құбылыс. Ол адам санасының дамуымен бірге пайда болған, адамзат тарихымен бірге дамып, үнемі жетіліп отырған. Сөйлеу – адамға тән физиологиялық-психологиялық құбылыс. Тіл – белгілі бір кеңістікте, белгілі бір уақытта белгілі бір әлеуметтік топ пайдаланатын таңбалар жүйесі. (таңбалар жүйесі туралы ғылым – семиотика деп аталады, тіл – сол семиотиканың ереше бір класы, түрі). Мұндай қасиет сөйлеу әрекетіне тән емес. Тіл дегенде, тек адамзат тілі (дыбыстық тіл) ұғынылады. Адамнан басқа жәндіктер мен хайуандар да дыбыс шығара алады, бірақ ол тек дыбыстау ғана, сөйлеу емес. Сөйлеу үшін тіл керек. Адамнан басқа тіршілік иелерінде сана, санамен байланысты тіл жоқ. Ендеше, тіл, оның бірліктері (фонема, морфема, сөз, сөйлем) – сөйлеу үшін қажетті материалдар.

Дыбыс пен фонеманы ажырату үшін мысал келтірейік: Қасық деген сөзде бес фонема бар, сөйлеу кезінде ол бесеуі бес дыбыс ретінде айтылып, естіледі. Ал қасығы дегенде сөзге дауысты фонемадан (дыбыстан) тұратын морфеманың қосылуымен байланысты дыбыстардың сөйлеу кезіндегі үндесу заңына байланысты соңғы қ дыбысы ғ дыбысына айналды. Бірін бірі алмастырған қ – ғ жұбы екі басқа дыбыстар, бірақ бір фонема ғана, дәлірек айтқанда, бір фонеманың екі түрлі реңкі (аллафоны) ғана. Оған дәлел – қасық – қасығ(ы) жұбындағы қ мен ғ бірін бірі алмастырғанмен, басқа морфема жасаған жоқ (сөздің мағынасына өзгеріс әкелген жоқ). Сол сияқты барған – келген деген сөздердегі қосымшадағы қ – ғ, а – е, (жуан) н – жіңішке (н) жұптары да бір фонеманың әр басқа реңктері ғана.

Сонымен, сөйлеу кезінде жасалатын дыбыстардың арғы жағында, тілде, қандай да бір фонема жатады. Фонетикада дыбыстың жасалу жолдары (артикуляциялық ерекшеліктері) мен әртүрлі қасиеттері (акустикалық-перцептивтік) сөз болады.
Практикалық бөлім:

Сұрақтар мен тапсырмалар:

І. Қазақ тілінің дыбыс жүйесін дұрыс игеру үшін төмендегі сұрақтарға жауап тауып жаз:



  1. Алфавит деген не?

  2. Қазақ алфавитіндегі әріптер саны қанша?

  3. Қазақ алфавитін жазып шық.

  4. Әріп деген не? Әріп тіл білімінің қай саласының негізгі бірлігі?

  5. Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс тіл білімінің қай саласының негізгі бірлігі?

  6. Қазақ тіліндегі дыбыстар саны қанша? Оны дәлелде. Қандай дыбыстарды тіл дыбыстары дейміз?

  7. Қандай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз? Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны қанша?

  8. Қандай дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз? Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны қанша?

  9. Дыбыс – физикалық құбылыс. Мұны қалай түсіндіресің?

  10. Дауысты дыбыстардың жүйесі туралы не білесің?

  11. Дауыссыз дыбыстар жүйесі туралы не білесің?

  12. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жүйелеудегі жұптастыру принципі туралы не білесің?

ІІ. Сөйлемдегі сөздердің дыбыстарына жұптастыру принципі бойынша талдау жаса:

Қасен үзілген әңгімесін қайта жалғастырды.

Талдау үлгісі:



Қ – 1. Дауыссыз дыбыс; 2. Қатаң (ұяң жұбы – ғ); 3. Жасалу орны – тіл арты, көмекей; 4. Жасалу қалпы – шұғыл.

А – 1. Дауысты; 2. Жуан (жіңішкесі – е); 3. Ашық (қысаңы – ы); 4. Езулік (еріндік жұбы – о).

С - ... ....

Е - ... ....

Н - ... ..

2-сабақ


Тақырып: Қазақ тіліндегі үндестік заңдары

Сабақтың мазмұны:

1. Буын, оның түрлері. Буынның тасымалға қатысы.

2. Үндестік заңы. Буын үндестігі, оның түрлері. Буын үндестігінің дауысты дыбыстар жүйесімен байланысы. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.

3. Дыбыс үндестігі, оның түрлері. Дыбыс үндестігінің дауыссыз дыбыстар жүйесімен байланысы. Дыбыс үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.

4. Екпін, оның түрлері. Дауыс ырғағы (интонация)
Сабақ мақсаты:

Буын, оның түрлері, буын үндестігі мен дыбыс үндестігі, екпін тақырыптары бойынша мектеп бағдарламасында қамтылған материалдарды қайталап, жүйелеу.


Теориялық бөлім:

  1. Буын – сөздің дауысты дыбыстар арқылы жіктелетін мағынасыз бөлшегі. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, оны сонша буынға жіктеуге болады. Сөзді дұрыс буындаудың маңызы зор. Сөз дұрыс буындалған жағдайда ғана оны тасымалдай аламыз. Буындау – сөйлеудің, орфоэпияның элементі, тасымал – лрфографияның элементі. Сөзді буынға бөлуде сөйлеу дағдыларына, орфоэпиялық нормаларға бағынамыз. Тасымал жасау үшін офографиялық заңдарға бағынамыз.

Қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамына қарай бір дыбыстан, екі дыбыстан, үш дыбыстан және төрт дыбыстан тұрады. Бес немесе одан көп дыбыстан тұратын буын болмайды. Қазақ тіліндегі буындар үш түрге бөлінеді:

  1. Ашық буын – а) жеке дауысты дыбыстан тұратын немесе ә) дауыссыз дыбыс пен дауысты дыбыстың тіркесінен тұратын буындар. Мысалы, ә-ке, а-та, а-па, т.б.

  2. Тұйық буын – а) дауысты-дауыссыз дыбыстар тіркесінен және ә) дауысты-дауыссыз-дауыссыз дыбыстар тіркесінен тұратын буындар. Мысалы, от, ет, арт, ерт, т.б.

  3. Бітеу буын – а) дауыссыз-дауысты-дауыссыз дыбыстар тіркесінен және ә) дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз дыбыстар тіркесінен тұратын буындар. Мысалы, тақ-тай, бұлт, қыр-ман, гүрс, т.б..

Қазақ тілінде жеке дауыстыдан тұратын (ашық буынның бірінші түрі) және дауыстыдан басталатын (тұйық буындар) буын түрлері сөздің тек бірінші буынында ғана кездеседі, екінші және одан кейінгі буындарда болмайды. Біріншіден кейінгі буындар дауыссыздан ғана басталады. Сондай-ақ қазақ сөзінің буынының бас жағында (орыс тіліндегі класс, брак, т.б.с.с.) екі дауыссыз дыбыс қатар келмейді.

  1. Тілдегі фонетикалық бірліктердің (дыбыстар мен буындардың) сөйлеу барысында біркелкі үйлесімге келіп айтылуын үндестік заңы дейміз. Қазақ тілінде үндестік заңының екі түрі кездеседі: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі (сингармонизм) – сөздегі буындардың біркелкі айтылуы. Буын үндестігін сөздегі дауысты дыбыстардың үндестігі деп те қарауға болады. Өйткені буын – сөздегі тек дауыстылардың қатысуы арқылы жіктелетін бөлшек. Қазақ тілінде буын үндестігінің екі түрі бар: тіл үндестігі және ерін үндестігі. Тіл үндестігі – сөздегі дауысты дыбыстардың, сол арқылы буындардың не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке болып үйлесімге келуі. Бұл құбылыстың тіл үндестігі болатын себебі – дауыстылар жуан-жіңішке болып тілдің қалпына қарай бөлінеді. Ерін үндестігі – сөздің алғашқы буынында келген еріндік дауыстының өзінен кейінгілерге (езулік дауыстыларға) ықпал етіп, сөйлеу кезінде оларды еріндікке айналдыру құбылысы. Мысалы, үйдің шатыры орфоэпиялық норма бойынша үйдүң шатыры түрінде айтылады. Үй сөзіне қосылған қосымшаның дауыстысы осы сөздің құрамындағы дауыстының жіңішке болуына қарай онымен жіңішке болып үйлескен (бұл – тіл үндестігі) және сөздің құрамындағы дауысты еріндік болғандықтан, қосымшадағы дауысты да еріндік дауысты түрінде айтылған «бұл –ерін үндестігі). Қазақ тіліндегі ерін үндестігі әлсіз дамыған. Сондықтан олар екінші-үшінші буындардан әрі аспайды. Қазақ тілінің қосымшаларында еріндік дауыстылар болмайды.

Қазақ тіліндегі буын үндестігі (оның ішінде тіл үндестігі) үш түрлі жағдайда сақталмауы мүмкін:



  1. Жазба тіл арқылы енген кірме сөздерде. Мысалы, декан, факультет, беймаза, кіріптар, қасиет, кітап, т.б.

  2. Түбірінде әрқилы (жуан-жіңішке) дауыстылар кездесетін біріккен сөздерде: шекара, Ботакөз, Айгүл, т.б.

  3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қосылғанда: баланікі, отпен, арбакеш. әзілқой, жемқор, емхана,т.б..

  1. Дыбыс үндестігі – сөйлеу барысында сөз бен сөздің жігіндегі (сөз арасындағы), түбір мен қосымшаның жігіндегі (сөз ішіндегі) іргелес келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етіп, өзіне ұқсату құбылысы. Дыбыс үндестігі заңы бойынша түбір мен қосымшаның жігінде және бір деммен айтылатын екі сөздің жігінде табиғаты әр басқа дыбыстар (мысалығ дауысты мен қатаң дауыссыз) қатар орналаса алмайды. Орналаса қалса, бірі екіншісін өзгертіп, өзіне ұқсатады (табиғаты алшақ дыбыстың орнына біршама жақын дыбысты қабылдайды). Мысалы, ақ ешкі, балалар, барған, жұлдызша, т.б..

Дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал – іргелес келген алдыңғы дыбыстың соңғыға әсер етуі. Мысалы, келген, қойлар, әркім, әлдеқалай,т.б. Кейінді ықпал – іргелес келген соңғы дыбыстың алдыңғыа әсер етуі. Мысалы, он бес, айтып бер, жазығы, добым, теуіп, т.б. Тоғыспалы ықпал – іргелес екі дыбыста ілгерінді және кейінді ықпалдарыдң қатар орын алуы. Мысалы, Есжан, түнгі, Асан қайғы, т.б.

Ілгерінді ықпал заңы бойынша сөздің соңғы дыбысы өз табиғатына қарай жалғанатын қосымшалар да дауыссыз дыбыстан басталатын болса, үндіден басталатын нұсқаны, ұяңнан басталатын нұсқаны, немесе қатаңнан басталатын нұсқаны таңдап алады. Кейбір қосымшаларда үндіден, ұяңнан басталатын нұсқалар болмаса, мұндай қосымшалар дыбыс үндестігіне бағынбайтын қосымшалар деп танылады. Мысалы, сәнқой, баласы, келсін, т.б.



  1. Қазақ тіл білімінде екпіннің екі түрі көрсетіліп жүр: сөз екпіні және ой екпіні. Екпін дегеніміз сөйлеу барысында сөздің бір буынының немесе сөйлемнің бір сөзінің өзгелермен салыстырғанда көтеріңкі айтылуы. Сөз екпіні сөздегі бір буынға түседі. Қазақ тіліндегі екпін жылжымалы деп есептеледі. Тілімізде екпін түспейтін қосымшалар да кезедеседі. Ой екпіні сөйлемдегі бір сөзге түседі. Ол сөз сөйлемде үнемі баяндауыш мүшенің алдынан орналасады.


Практикалық бөлім.

І Семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Буын дегеніміз не? Оның неше түрі бар? Әрқайсысына мысал келтір. Буынның тасымалға қандай қатысы бар?

2. Қандай үндестік түрін буын үндестігі дейміз? Буын үндестігінің неше түрі болады? Буын үндестігі сақталмайтын орындарды ата. Мысал келтір. Буын үндестігінің сақталмау себебін түсіндір. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысалдар келтір.

3. Қандай үндестік түрін дыбыс үндестігі дейміз? Дыбыс үндестігінің түрлерін атап, мысалдар келтір. Дыбыс үндестігінің дауыссыз дыбыстар жүйесімен қандай байланысы бар?. Дыбыс үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысал келтір.




ІІ Жаттығу тапсырмалары

1-жаттығу. Сөздерді буындап жаз. Әр буынның үстіне қандай буын түріне жататынын көрсет.

  1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып жіктеледі. Жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып бөлінеді.

  2. Тауық, қайық, жайын, қойын, ойын, сауық, ойық, жауын.

  3. Аю, ою, қою, бояу, сояу, таяу, таяқ.

  4. Сиыр, тиын, жуық, уық, суық, қиын, иық.

  5. Жұмыртқа, құмырсқа, сіріңке, сыпыртқы.

  6. Қазақстан, Өзбекстан, Дағыстан, Түркіменстан.


2-жаттығу. 1) Сөйлемдегі сөздерден буын үндестігі орын алған тұстарды көрсет. Буын үндестігі сақталмаған жерлерді тауып, себебін түсіндір. 2) Сөйлемдегі сөздер арасынан, түбір мен қосымшаның жігінен дыбыс үндестігі орын алған жерлерді тауып, дыбыс үндестігінің қай түріне жататынын көрсет. Дыбыс үндестігі сақталмаған жерлерді тауып, оның себебін түсіндір.

Абай Дәркембай шалдың да келісін қатер көріп еді... Түнеугі Қорықта Оспан айтқан жат хабардан соң, Абай Базаралыны дұрыстап көрген жоқ-ты. Тек Ералыда, Ояз үйінде, ашу-жалын арасында бір ғана сәт көзі шалып қалғаны бар... Абай Дәркембайдың құшағынан шығысымен, өзге екеуді енді ғана таныды... Үйге шам келумен бірге Бамағамбет те кірді...Үркімбайды ала алмай көрген қарсылықты тегіс айтып Манастар келгелі, Құнанбай ауылынан жан-жаққа қарай үсті-үстіне шапқыншылар ұшыртып кетіп жатыр... Абайдың еркіне салса, асықпай жол жорғамен жүрер еді.

3-4 сабақтар

Тақырып: Сөйлеу мәдениеті. Сөз сазы, яғни дұрыс айту (дыбыстау) заңдылықтары. Тілдік норма жайында түсінік.

Сабақтың мазмұны:

1. Сөзді дұрыс айту заңдылықтары

2. Тілдік норма жайында түсінік.
Сабақ мақсаты:

Студенттерді сөйлеу кезінде сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Сөздерді дұрыс айту дегеніміз тілдің табиғи дыбыс заңдылықтарын сақтау болып табылатындығын түсіндіру.

Тілдік норма орфографиялық нормалар мен орфоэпиялық нормалардан тұратыны, тілдік нормаларды игеру дегеніміз, алдымен, орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды игеру болып табылатыны. Мәтінмен жұмыс жэүргізу. Мәтін орфоэпиялық нормаларға сәйкес оқылады. Қажет жағдайда фонетикалық транскрипция қолданылады.
Практикалық бөлім

Сұрақтар мен тапсырмалар:

І. Мәтінмен жұмыс. «Абай жолы» романынан үзінділер оқыту. Үзінділерді оқыту барысында сөздердің дұрыс айтылуын қадағалау, мәтіннен айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздерді табу.

5-6 сабақтар

Тақырып: Лексика. Сөз және мағына. Сөздің көп мағыналылығы және омоним. Синоним. Антоним. Тұрақты тіркестер. Мақал мен мәтелдер, афоризмдер.

Сабақтың мазмұны:

1. Сөз және оның мағыналары. Лексикалық мағына. Сөздің тура және ауыспалы лексикалық мағынасы. Сөз мағынасын ауыстырып қоолдану тәсілдері: метафора, метонимия, синекдоха.

2. Сөздің көп мағыналылығы (полисемия) және омоним. Омоним сөздер мен көпмағыналы сөздердің белгілері, айырмашылықтары.

3. Синоним. Синонимдік қатар. Олардың қолданылу ерекшеліктері: бірыңғай мүше түрінде, қос сөз құрамында қолданылуы.

4. Антоним сөздер.

5. Тұрақты тіркестер. Олардың түрлері. Идиома мен фраза.

6. Мақал-мәтелдер, афоризмдер. Олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
Сабақ мақсаты:

Сөздің лексикалық мағынасы туралы түсінік беру. Сөздің лексикалық мағынасын ауыстыру тәсілдерін түсіндіру. Мектеп қабырғасында лексикология саласынан өткен материалдарды қайталап, жинақтап, жүйелеу. Мәтінмен және сөздіктермен жұмыс істеу.


Практикалық бөлім.

І Семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Сөз және оның мағыналары. Лексикалық мағына. Сөздің тура және ауыспалы лексикалық мағынасы. Сөз мағынасын ауыстырып қоолдану тәсілдері: метафора, метонимия, синекдоха. Мысалдар келтіріп, түсінік бер.

2. Сөздің көп мағыналылығы (полисемия) және омоним. Омоним сөздер мен көпмағыналы сөздердің белгілері, айырмашылықтары. Түсінік бер, мысалдар келтір.

3. Синоним. Синонимдік қатар. Олардың қолданылу ерекшеліктері: бірыңғай мүше түрінде, қос сөз құрамында қолданылуы. Мысал келтір.

4. Антоним сөздер. Мысал келтір.

5. Тұрақты тіркестер. Олардың түрлері. Идиома мен фраза. Мысалдар келтір.

6. Мақал-мәтелдер, афоризмдер. Олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Түсінік бер. Мысалдар келтір.

7-8 сабақтар

Тақырып: Лексика. Кірме сөздер. Неологизмдер мен көнерген сөздер. Табу. Эвфемизм, дисфемизм. Диалект. Терминдер. Кәсіби сөздер. Жаргондар мен варваризмдер

Сабақтың мазмұны:


  1. Кірме сөздер.

  2. Неологизмдер.

  3. Көнерген сөздер: тарихи сөздер (историзмдер) мен архаизмдер.

  4. Табу. Эвфемизм, дисфемизм.

  5. Диалект сөздер.

  6. Термин сөздер.

  7. Кәсіби сөздер.

  8. Жаргон сөздер мен варваризмдер.


Сабақ мақсаты:

Мектеп қабырғасында лексикология саласынан өткен материалдарды қайталап, жинақтап, жүйелеу. Мәтінмен және сөздіктермен жұмыс істеу.


Практикалық бөлім.

І Семинар сұрақтары мен тапсырмалары:

  1. Кірме сөздер. Монғол тілінен, араб тілінен, парсы тілінен, орыс тілінен, орыс тілі арқылы еуропа тілдерінен енген сөздерге мысалдар келтір.

  2. Неологизмдер. Мысалдар келтір.

  3. Көнерген сөздер: тарихи сөздер (историзмдер) мен архаизмдер. Мысалдар келтір

  4. Табу. Эвфемизм, дисфемизм. Мысалдар келтір.

  5. Диалект сөздер. Мысалдар келтір.

  6. Термин сөздер. Мысалдар келтір.

  7. Кәсіби сөздер. Мысалдар келтір.

  8. Жаргон сөздер. Мысалдар келтір.

9-сабақ


Тақырып: Морфология. Сөз құрамы.

Сабақ мазмұны:

  1. Морфологияның зерттеу объектісі

  2. Морфема туралы түсінік. Түбір және қосымша морфемалар. Жалғау және жұрнақ.

  3. Жалғау және оның түрлері.

  4. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтар.

Сабақтың мақсаты:

Морфологияның зерттеу объектісі туралы түсінік беру. Морфема туралы түсінік беру. Түбір морфема және қосымша морфема, жалғау және жұрнақ туралы мектеп қабырғасында алынған білімді қайталап, жүйелеу.


Теориялық бөлім

Морфология – сөздің құрамы мен құрылысын, сөз тұлғаларын, сөз таптары мен олардың түрлену жүйесін қарастыратын тіл білімінің бір саласы, грамматиканың бір бөлімі.

Сөз сөйлемге енгенде әр түрлі құрамда қолданыла береді. Мысалы, Менің анам – дәрігер деген сөйлемдегі бірінші сөз екі мағыналы бөлшекке: ме(н) есімдігі мен –нің ілік септігінің жалғауына; екінші сөз үш мағыналы бөлшекке: ана зат есімі, тәуелдік жалғау және 0 атау септігінің жалғауына; үшінші сөз де үш мағыналы бөлшекке: дәрі зат есім, -гер зат есімнен зат есім тудырушы жұрнақ және 0 үшінші жақ жіктік жалғауға бөлшектенеді.

Сөздің құрамындағы қандай да бір дербес мағынасы бар, одан әрі мағыналы бөліктерге бөлуге келмейтін тілдік бірліктер морфема деп атайды. Морфемалардың жүйесі мен қызметтерін қарастыратын тіл білімінің саласы морфемика деп аталады. Морфология мен морфемика бір-бірімен байланысты, бірақ зерттеу объектілері, қарастыратын мәселелері әр басқа салалар.

Морфемалар өзге морфемаларды қадылдау қабілетіне қарай екіге бөлеміз: түбір және қосымша морфемалар. Түбір морфема – сөздің ең түпкі бөлігі. Түбір морфема қосымша морфемаларды қабылдауға қабілетті. Қосымша морфема – түбір морфемасыз өмір сүре алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып қолданылатын морфемалар.

Түбір морфемалар қандай мағынаға ие екендігіне қарай екіге бөлінеді: негізгі түбір морфема, көмекші түбір морфема. Негізгі түбір морфемаларға әрі лексикалық, әрі грамматикалық мағынасы бар түбір морфемалар жатады. Көмекші түбір морфемаға лексикалық мағынасы жоқ, тек грамматикалық мағынасы бар түбір морфемалар жатады. Бұл қатардағы көмекші түбір морфемалар көмекші сөздер деп те аталып жүр. Тіліміздегі кейбір негізгі түбір морфемалар кейде уақытша көмекшілік қызметке ауысуы да мүмкін. Мысалы, Кітапты сөмкеге салды. Ойындағысын айта салды.



Қосымша морфеманың бәрі тек грамматикалық мағыналары бар болғандықтан, көмекші морфемалар қатарына жатады. Қосымша морфемаларды қызметтеріне қарай жалғау және жұрнақ деп бөлу қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет