516 мәжіліс залы Төрағалық етті



Дата10.07.2016
өлшемі58.68 Kb.
#189296


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ
2009 жылғы «16» қазан Өскемен қаласы

сағ. 18-00. облыстық әкімдіктің

516 мәжіліс залы


Төрағалық етті: Шығыс Қазақстан облысының әкімі - облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев.
Қатысты:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары - облыс әкімінің аппарат басшысы Ғ.С.Тұрсынбаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның мүшелері: облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі Т.Н.Құсайынов, ішкі істер департаментінің бастығы Қ.Н.Қасымов, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Ж.А.Жарасов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша басқармасының бастығы А.Б.Шөпшекбаев, облыстық мәслихат хатшысы В.И.Ахаев, әділет департаментінің бастығы Е.Е.Ибраев, облыс әкімі жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы В.Ф.Лопаткин.
Шақырылды: Семей қаласының әкімі М.К.Айнабеков, Риддер қаласының әкімі Е.Б.Сәлімов, Зырян ауданының әкімі Н.Р.Мусин, Аягөз ауданының әкімі Н.Т.Әзімбаев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары А.А.Брусенцов, облыс прокурорының бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхамед, ШҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы У.Ж.Жанабаев, ШҚО бойынша ЭҚСЖҚКД СААБ бастығы Б.В.Мурзин, ШҚО бойынша ЭҚСЖҚКД арнайы басқармасының бастығы Р.У.Рахимбердинов, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ШҚО бойынша басқармасының бастығы Р.А. Жандабеков, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары С.Д.Әубәкіров және БАҚ өкілдері.
КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Кеден және жол полициясы органдарында сыбайлас жемқорлық көріністері мен қызметтік қылмыстарға қарсы күрес бойынша алдын алу жұмыстары туралы.

  2. Сыбайлас құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар туралы статистикалық деректер талдауының нәтижесі туралы.

Бірінші мәселе бойынша сөз сөйлегендер:

Ішкі істер департаментінің бастығы К.Н.Қасымов, ШҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы У.Ж. Жаңабаев (сөз мәтіні қоса беріледі).



Екінші мәселе бойынша сөз сөйлегендер:

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ШҚО бойынша басқармасының бастығы Р.А.Жандабеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша басқармасының бастығы А.Б.Шөпшекбаев (сөз мәтіні қоса беріледі).


Күн тәртібі бойынша сөз сөйлеп, алға міндеттер қойды:

Шығыс Қазақстан облысының әкімі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев.


Күн тәртібі бойынша мәселелерді талқылау нәтижесі бойынша облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия шешім қабылдады:
Талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлегендердің ақпараттары мәліметке алынсын.

Ұсынылсын:

1. Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық басқарамалар бастықтары:

1.1.Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығында қарастырылған және Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері бойынша өзге де тапсырмаларын орындау мақсатында түбегейлі шаралар қабылдасын;

1.2. адрлармен жұмысты жетілдіру бойынша шаралар қабылдасын, оларды іріктеу мен орналастыруда ашықтықты қамтамасыз етсін, әрекеттегі резервті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер білігінің деңгейін көтеру бойынша шаралар қабылдасын;

1.3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жандандарсын;

1.4. әрбір мемлекеттік органда 2009 жылдың 9 айының ішінде тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар бойынша мәліметтердің талдауы жүргізілсін және қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшыларды жауапкершілікке тарту бойынша, сондай-ақ осындай құқық бұзушылықтарға жағдай жасайтын себептер мен шарттарды жою бойынша шаралар қабылдансын;

1.5. мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау кезінде міндетті түрде Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің нормаларын қолдансын. Сыбайлас құқық бұзушылық жасаған әрбір факті бойынша заңға сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдасын;

1.6. ерекше назарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, оларды тудыратын себептер мен шарттарды жоюға аударсын. Ол үшін тұрақты негізде мемлекеттік органдарда сыбайластық деңгейінің рейтингі бойынша жұмыстар жүргізсін.

2. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО басқармасы, облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімімен бірлесіп:

2.1. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың тәртіптік практикасына талдау жүргізсін, мемлекеттік органдар басшыларына, қалалар мен аудандар әкімдеріне оларды тудыратын себептер мен шарттарды жою бойынша ұсынымдар әзірлеп, жолдасын;

2.2. сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жөнінде өңіраралық семинарлар өткізу бойынша жұмыстарды жалғастырсын;

2.3. алдын алу және жариялық мақсатында еңбек ұжымымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін қарау үшін тәртіптік кеңестің көшпелі мәжілістерін өткізуді тәжірибеге енгізсін.

Тәртіптік кеңестің тәжірибесіне мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша тәртіптік істерін қарау барысында бір мезгілде олардың басшыларының жауапкершілігін қарау енгізілсін.


  1. ШҚО бойынша ішкі істер (Қ.Н.Қасымов), кедендік бақылау департаменттері (У.Ж.Жанабаев):

3.1. өз қатарларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізіп тұрсын;

3.2. кадрларды іріктеу мен орналастыруда аса мұқияттылық көрсету және постар мен жолдарда құқық бұзушыларды бейне бақылау мен тіркеуге алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы адами факторды барынша жою;

3.3. өзіндік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері кадрлық аппарат пен БАҚ қызметкерлерімен бірлесіп, жол полициясы мен кеден органдары қызметкерлерінің арасында құқық бұзушыларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізсін;

3.4 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралардың ашықтығын, кеден және жол полициясы органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар жөнінде БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етсін.

3.5. жол полициясы мен кеден органдары қызметкерлерінің әрбір заң бұзушылығы мен қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке олардың тікелей басшылары тартылсын.


  1. ШҚО бойынша кедендік бақылау департаменті (У.Ж.Жанабаев):

4.1. сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізсін, атап айтқанда, ҚР ШҚО бойынша ҰҚКД, ШҚО бойынша ЭжСҚД, ШҚО ІІД ішкі қауіпсіздік бөлімдерімен бірлесіп құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жүктерді заңсыз көшіру және сүйемелдеу фактілерін анықтау және оның жолын кесу мақсатында облыстың шекаралас кеден постарына шығу;

4.2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қолданыстағы қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу заңнамаға, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша құқықтық тетіктерді жетілдіру бойынша Комиссияға ұсынылған ұсыныстарды шешу үшін құзырлығына сәйкес заң органында ары қарай бастамашылық ету үшін жоғары тұрған кеден органына жолдасын.


Барлық орындаушылар шешімді уақытында және сапалы орындау үшін жауапты тұлғаларды анықтасын. Орындалуы жөнінде ағымдағы жылғы 25 қарашаға дейін ақпарат берсін.
Хаттама орындалу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мүшелеріне жіберілсін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

мәселелері жөніндегі комиссияның

төрағасы, облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет