Биология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата04.04.2024
өлшемі166.66 Kb.
#497655
  1   2   3   4   5
CPAKNTRIQFWR04042024035810



ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК 
УНИВЕРСИТЕТІ 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ 
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ 
4. Апта: БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР, ҚОЛДАНЫЛАТЫН 
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
Пəн атауы: Биотехнология 
Пəн коды: Bio 3215 
Лектор: PhD., аға оқытушы Н.А.Ахметов 
Түркістан, 2024 
 



 
№4 Дəріс тақырыбы: Биотехнологиялық үдерістер, қолданылатын құрал-жабдықтар
Дəрістің оқыту нəтижелері: 
1. Биотехнологиялық үдерістердің маңыздылығын анықтайды 
2. Биотехнологияның негізгі артықшылықтарын түсіндіреді 
3. Биотехнологиялық зертханада қолданылатын құрал жабдықтарды жұмыс барысында 
қолданады 
Дəріс мазмұны: 
1. Биотехнологиялық үдерістердің маңызы 
2. Биотехнологияның негізгі артықшылықтары 
3. Биотехнологиялық зертханаға қажетті құрал жабдықтар 
Микробиологиялық процестер халық шаруашылығының əр түрлі салаларында кең 
пайдаланылады. Биологиялық жəне инженерлік ғылымдардың жетістіктері бірқатар 
тағамдық жəне жемдік өнімдердің, дəрі-дəрмектердің, органикалық заттардың 
микробиологиялық өндірістерінің өндіріс қарқынын жоғарылатуға мүмкіндік тудырады. 
Биотехнологияның жетістіктері микробиологиялық өндірісті, атап айтқанда жемдік ақуыз, 
аминоқышқылдар, ферменттер, дəрумендер, антибиотиктер, өсімдіктердің биологиялық 
қорғану тəсілдері жəне бактериялы тыңайтқыштар өндірістерін үдемелі екпінмен 
дамытуға мүмкіндік береді. 
Биотехнология - процесс барысында микроағзалардың, оқшауланған жасушалардың 
немесе олардың құрам бөліктерінің биохимиялық əрекетін пайдалана отырып, халық 
шаруашылығына жəне адамзат тіршілігінің əртүрлі салаларына бағытталған бағалы 
өнімдерді алу. 
Мысалы, бидайды судан жəне тыңайтқыштан алу бір қарағанда - биотехнология. Бірақ 
мұнда оқшауланған жасушалардың іс-əрекеті емес, жоғарғы сатыдағы көпжасушалы ағза, 
макроағза, яғни тұтас өсімдіктің биохимиялық іс-əрекеті пайдаланылады. Бұл 
биотехнология емес, ал өсімдік өсіру. Дəл сол сияқты женьшеннің тамырынан дəрі алуда 
биотехнологияға жатпайды. Ал осы тамырдан ферменттердің көмегімен көпжасушалы 
өсімдік ұлпасынан жеке жасушаларды бөліп алады жəне осы жеке, оқшауланған 
жасушаларды арнайы қоректік ерітіндіде ашытқы тəрізді өсіріп, женьшеннің оқшауланған 
жасушаларының биомассасын алады, оны тұндыра отырып, тұтас тамырдан алғандай 
бағалы дəрі алуға болады.
Биотехнологияның анықтамасында тағыда маңызды – «мақсатты бағыттау» деген 
ұғымға назар аударайық. Шындығында, адамзат көзқарасы бойынша табиғатта 
микроағзалар əрқашанда пайдалы мақсатқа бағытталмаған. Мысалы, көптеген аурулар 
микроағзалардың əсерінен туындайды жəне керісінше адам денесін мекендейтін 
микроағзалар (олардың салмағы 2-3 кг шамасында) өте пайдалы. Естеріңізде болса 
антибиотиктермен емдеу қатерлі микроағзалармен қатар пайдалы микроағзаларды да 
жойып жібереді. Сол себепті адам дисбактериоз ауруына шалдығады, оны емдеу үшін 
денеге бактериялар (мысалы бифидобактериялар немесе сүт қышқылы бактериялары) 
жіберіледі. Бұл биотехнология емес, медицина. 
Биотехнология – бұл адамның қатысымен ұйымдастырылған, белгілі бір өнім алуға 
бағытталған микроағзалардың іс-əрекеті. Биотехнологияда микрообъектілердің 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет