Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының
шешімі
Астана қаласы № 4 2009 жылғы 27 сәуір
Төрайымдық етті: ҚР Білім және ғылым вице-министрі
К. Н. Шәмшидинова
Комиссия мүшелері, қатысушылар (тізім бойынша)
Комиссия отырысында мәселелер күн тәртібіне сәйкес талқыланды.
Комиссия талқылау қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылдады.
1. Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың қызметін жандандыру проблемалары туралы
_______________________________________________________
(К. Н. Шәмшидинова., Ж.Қ. Жүкенов., А.А. Бектаев және т.б)
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ж. Жүкеновтің ақпараты назарға алынсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне тұрмысы қолайсыз отбасылар туралы, өмірде қиын жағдайға душар болған, қоғамға қарсы әрекет жасайтын және профилактикалық көмекке мұқтаж балалар туралы ведомствоаралық ақпараттық деректер банкін құру жұмыстарын жандандыру ұсынылсын.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:
1) 2009 жылғы 1 маусымға дейін «Облыстық және аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың 2006-2008 жылдардағы қызметтерінің тиімділігін бағалау туралы» мәселені қарастыру;
2) Комиссияларды қалыптастыру кезінде оның құрамына талқыланатын проблемаларға қатысы бар және оларды шешуге өкілеттігі бар жауапты лауазымды тұлғаларды барынша көбірек енгізу;
3) Комиссия хатшысын өзіне қатысты емес функцияларды орындаудан босату арқылы Комиссияның жауапкершілігін арттыру шараларын қабылдау;
4) әлеуметтік қауіпті жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды және олардың отбасыларын ерте анықтау, есепке алу, оңалту жөнінде ведомствоаралық бағдарламаларды әзірлеу, сондай-ақ ювеналдық әділет жүйелерін енгізу мәселелері бойынша Комиссиялардың қызметін жандандыру ұсынылсын.
2. Атырау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері:
1) Комиссияның жұмысына:
әлеуметтік қауіпті жағдайға душар болған кәмелетке толмағандар мен олардың отбасыларын ерте анықтау және бірыңғай ведомствоаралық есепке алу;
Комиссия қабылдаған шешімдерді міндетті орындау;
кәмелетке толмағандардың мектепке бармауының, қараусыз және қадағалаусыз қалуының, құқық бұзушылықтары мен қоғамға қарсы әрекеттерінің, суицидінің, маскүнемдігінің, уытқұмарлығы мен нашақорлығының; отбасылар мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасаудың алдын алу;
балалар арасында әртүрлі жағымсыз әрекеттерге ықпал ететін себептер мен жағдайлардың терең талдануын және анықталуын қамтамасыз ету; оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жүйесінің органдары мен мекемелерінің қызметтерін үйлестіру мәселелері бойынша тиімді ведомствоаралық өзара әрекеттерді ұйымдастыруға бағдар берсін;
2) Комиссияның анықтамасында көрсетілген жұмыстарды ерекше бақылауға алсын, көрсетілген бұзушылықтарды, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдасын. Комиссия анықтамасында көрсетілген төрағалар мен жауапты хатшыларды тәртіптік жауапкершілікке тартсын. Қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы - ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне 2009 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде хабарласын.
2. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша білім беру органдары қабылдаған шаралар туралы.
_______________________________________________________
(К. Н. Шәмшидинова., Г.Г. Шек және т.б.)
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп:
1) білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаларды жетілдірсін;
2) ай сайын жалпы білім беретін мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту мониторингін қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
1) бизнес қоғамдастықтың қатысуымен жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, мектеп-интернаттарына, жалпы білім беретін мектептерге модельдік ас блоктарын құру бойынша Қостанай облысының оң тәжірибесін атап өтсін.
2) Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп, балаларға ыстық тамақ ұйымдастыру проблемаларын шешу жөнінде республикалық конференция ұйымдастыру және өткізу мүмкіндігін қарастырсын.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) 2009 - 2012 жылдарға және кейінгі жылдарға арналған облыстар мен аудандардың Стратегиялық даму жоспарының жобасында ақша қаражаттарын бөле отырып:
әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға көмек көрсетуге бөлінетін нақты шығыстарды жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға қарастырылған жалпы шығыстардың үш пайызына дейін жеткізуге;
санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және ас блоктарына күрделі жөндеу жүргізуге;
өсіп келе жатқан организмнің негізгі тағамдық заттар мен энергияға деген қажеттілігіне сәйкес күнделікті алынатын азық-түліктің ассортиментін қалыптастыру үшін тамақтану рационының орташа құнын 250 теңгеге дейін жеткізуге;
1 - 4-сынып оқушыларын және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен толық қамтуға бағытталған іс-шараларды қарастырсын.
2) мемсанқадағалау органдарымен бірлесіп, облыстық, Астана және Алматы қалалық Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында мектептік тамақтандыруды ұйымдастырудың және сапасының мониторингі жөніндегі ведомствоаралық сараптама топтарының есептерін тыңдау жұмыстарын жалғастырсын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру органдары:
1) мектеп ас блоктарының санитарлық, эстетикалық жағдайын жақсарту жөнінде шаралар кешенін қабылдасын, оның ішінде мониторинг нәтижелері бойынша барлық мектептердің ас блоктарының қазіргі жай-күйі мен келешектегі дизайны көрсетілген фотопаспорттарын қарастырсын. Дұрыс тамақтануды насихаттауға арналған бұрыштар, орталықтар, аймақтар жасау мәселелеріне ерекше назар аударсын;
2) санэпидқадағалау органдарымен бірлесіп, білім беру қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру институттарының жылдық жоспарларында мектептің ас блоктары мен асханаларына тамақтандыруды ұйымдастыру және өндірістік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша мектеп әкімшілігі мен мектептің ас блогы персоналдарын курстық қайта даярлауды қарастырсын;
3) 2009 жылға және келесі жылдарға арналған білім беру органдарының жұмыс жоспарына «Ең үздік мектеп асханасы» конкурсын, «Ас — адамның арқауы» онкүндігін ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар енгізсін;
4) жалпы білім беретін мектепті аттестаттау жоспарларында мектептің ас блоктары мен асханаларының қызметтерін бағалау мәселелерін қарастырсын;
5) мектептік тамақтандыруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы жүйелерін жетілдіру үшін модельді мектептер құру жұмыстарын жалғастырсын.
6) оқушыларды тамақтандыруда құрамында гендік модификацияланған ингредиенттері бар азық-түліктерді пайдалануға жол бермеу бағытында үнемі жұмыс жүргізу.
7) жергілікті теле және радиоарналарда, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары баспаларында балалар мен ата-аналарға дұрыс тамақтану мәдениетін насихаттау.
3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында дені сау бала кабинеттерін қалыптастыру мен қалпына келтірудің жай-күйі және қабылданған шаралар туралы
_______________________________________________________
(К. Н. Шәмшидинова., Т.А.Вощенкова., Р.М. Жұмабекова және т.б.)
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаменті денсаулық сақтау бағдарламаларын дамыту басқармасының бастығы А. Төлеғалиеваның ақпараты назарға алынсын
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне:
1) балалардың денсаулығын қорғау, балаларға, оның ішінде даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға ұсынылатын медициналық қызметтің сапасын арттыру мәселелерін алқа отырыстарында кешенді түрде қарастыру;
2) Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп:
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының кіші жастағы балаларды жыл сайынғы алдын алу медициналық тексерумен толық қамту бөлігін іске асыру;
«Қазақстан Республикасында баланың денсаулығын балдырған шағынан қорғау бойынша алдын алу шараларын күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 691 бұйрығын орындауға бақылауды күшейту;
емдеу профилактикалық ұйымдарда дені сау бала кабинеттерін құру және қалпына келтіру, оларды медициналық кадрлармен, қажетті жабдықтармен, оқу-әдістемелік және көрнекі материалдармен қамтамасыз етуді ұлғайту;
дені сау бала кабинеттеріне 0-5 жастағы балалардың дамуындағы жүйке-психикалық ауытқушылықтарын ерте анықтау үшін скрининг жүргізу мақсатында арнайы диагностикалық әдістемелік материалдарды сатып алу;
дені сау бала кабинеттері үшін мамандарды өз уақытында даярлау және қайта даярлау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
4. Порнографиялық материалдарды таратуды, көрсетуді немесе жарнамалауды, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы және қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынушылықты насихаттайтын материалдарды шектеу жөніндегі шаралар туралы
_______________________________________________________
(К. Н. Шәмшидинова., Б.А. Майлыбаев., К.С. Бармаков және т.б.)
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Б.А. Майлыбаевтың және Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті құқық қорғау жұмыстары басқармасы бастығының ақпараты назарға алынсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Мәдениет және ақпарат министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігімен бірлесіп:
1) Қазақстанның халықаралық міндеттемелерінен туындайтын ақпараттандыру саласында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі міндеттемелерді орындау бойынша шаралар қабылдау;
2) зорлық-зомбылыққа табынушылықты, қатыгездікті, порнографияны, сондай-ақ ішімдікті, есіркі мен темекіні қолданудың беделі мен тартымдылығын насихаттайтын материалдарды көрсету уақытын заңнамалық тұрғыда шектеу;
3) зорлық-зомбылыққа табынушылықты, қатыгездікті, порнография мен эротиканы насихаттайтын материалдарды БАҚ-та көрсетуге теле-радио компаниялардың жауапкершіліктерін енгізу;
4) порнографиялық материалдардың немесе заттардың заңсыз таралуы зорлық-зомбылық пен қатыгездікті насихаттайтын туындылардың заңсыз таралу фактілері бойынша жасалған қылмыстық істер бойынша сараптаманы белгілеу және жүргізу тактикасын жетілдіру мәселелерін шешу.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп:
1) зорлық-зомбылыққа табынушылық пен қатыгездікті насихаттайтын порнографиялық және эротикалық материалдарды таратуға, көрсетуге және жарнамалауға шектеу қою саласында БАҚ туралы заңнаманың сақталуына жүргізілетін БАҚ-тың мониторингін жүзеге асыруға арналған арнайы әдістемелер әзірлеу;
2) эротикалық сипаттағы мерзімді баспа өнімдерін тарату бойынша жергілікті атқарушы органдардың қаулыларының, БАҚ туралы заңнаманың орындалуына бақылау жасауды күшейту жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі,
Комиссия төрағасы Ж. Түймебаев
Достарыңызбен бөлісу: |