5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет3/4
Дата15.06.2016
өлшемі371 Kb.
#138002
1   2   3   4

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұнғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар үйезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көргендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зертеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлары түрде кең масшатбтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрлысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін еңгізді. Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың еңбегінің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам қарталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.
Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, каратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол-геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі, бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрижелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кенметаллургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.


Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың - азан шақырып қойылған есімі Ғабдұл-Ғани - 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданы Теңдік ауылындағы Айрық қыстағында дүниеге келді.Қ.Сәтбаев - Қазақ Ғылым Академиясының негізін қалаған қайталанбас тұлға. Оның ата-балалары Баянауыл өңіріне ғана емес, күллі елімізге танымал адамдар болды. Атасы Сәтбай - Теңдік-Ақкелін елінің беделді тұлғасы еді. Қажылық сапарда қайтыс болды. Әкесі Имантайдың есімін Сегіз Сері Баһрамұлы азан шақырып қойған.
:Ұлылардан ұлағат «Әйелi ауқымды ойлай бiлетiн еркек - бақытты»
...Жол сапары не айтқызбайды. Пойызбен жүрген бiр сапарымызда ағай (академик Қ.Сәтбаев) өзiнен-өзi отырып, әйел жөнiнде сөз қозғады.
-Үй қамын әйел, ел қамын еркек жейдi. Ал еркектiң қоғам алдындағы ерен мiндетiн орындау әйелдiң қолында. Әйелi ауқымды ойлай бiлетiн еркек бақытты. Ал ауқымсыз әйел - еркектiң соры. Мен өзiмдi алғашқыға жатқызамын. Бiр қазақ, бiр орыс - екi әйелiм бар. Шәрипаға жастайымнан әкем қосты. Ақжарқын, кең мiнездi әйел. Өмiрiмде «Әй, сен Қаныш, үш баламен тастап, орыстан әйел алып кеттiң ғой» деп айыптаған емес. Не болмаса, «Қаныштың мұнысы несi? Қайтсын балаларына» деп араға не менiң туыстарымнан, не өз туыстарынан адам салған емес. Не болмаса, «Бала-шағасын тастап кеткен адамды қалай ұстап жүрсiңдер» деп жоғарғы жаққа арызданып, яғни менi өмiрiмде мазалап, «Әкелерiң сөйтiп кеткен» деп балаларыма жек көрiнiштi етiп көрген жан емес.
Алексей қызы Таисияны өзiң бiлесiң. Жесiр отырған бiр орыс әйелiнiң қызы екен. Семейде жолықтық. Мен жан—ям барлығын жасырған жоқпын. Қазақ әйелiнiң қаладан-қалаға ауысатын көшпелi өмiрге серiк болатындай дәрежеге жете қоймағанын, сондықтан да әйел тегiнен өмiрлiк серiкке мұқтаж екенiмдi айттым.Таисиясы нысымды қабылдады.Қанисаны (Қ.Сәтбаевтың қызы) қолыма Қарсақбайда тұрғанда алдым. Таисия жеңгеңнiң баласындай болып өстi. Соғыстан кейiн Алматыға Шәрипа мен Шәмшияны (екiншi қызы) алдырдым. Балаларды астанада оқыту керек болды. Екi үйiм араласып тұрды. Таисия Шәрипаны қонақ қылады, Шәрипа Таисияны қонақ қылады және бiрiн-бiрi бар ықыластарымен күтедi. Десем де, бертiн келе Таисия жағынан мынадай бiр мiнез байқадым: Шәрипаның шақыруына бармай қалатын болды үйде. ?зiм жалғыз кетемiн. «Мұнысы несi екен?» деген ойда жүрдiм. Ондай ой еркектi қандай езiп жiбередi десейшi. Алайда бiр күнi соның бәрi ғайып болды ғой. Сөйтсем, Таисиям менi Шәрипамен қысылмай сөйлесiп, өзi де жадырап, өзгенi де жадыратып, көңiлiне қанат бiтiрiп, еркiн отырсын деп жалғыз жiбередiекен Шәрипаға. Шәрипадан екеу, Таисиядан екеу - төрт қызым бар. Бәрi де екi ананың арасында араласып өстi. «Қазақ әйелiнен туғансыңдар» деп Таисия Қаниса мен Шәмшияны, «Орыс әйелiнен туғансыңдар» деп Шәрипа Мейiз бен Мәрияшты алакөздеп көрген емес. Мәрияштан басқа қыздарым уақытында тұрмыс құрды. Бақытыма қарай, күйеу балаларым да жақсы жiгiттер болып шықты. Шәрипа мен Таисия бұлардың бәрiн де құшақ жайып, алаламай қабылдады. «Сендер қазақ әйелiнiң қызының күйеуiсiңдер» деп Таисия, «Сен орыс әйелiнен туған қыздың күйеуiсiң» деп Шәрипа оларды сыртқа теппедi.
Осындай әйелдердi әулие демеске не шараң бар! Менiң ойға алған iстерiмнiң үлкен нәтижеге жетуiнiң бiр себебiн осы екi әйелiмнiң жақсылығынан көремiн. Тұрмыс мәселесiнде өзiмдi бақытты еркекпiн деп санаймын,-деп шешiлгенi бар ағайдың... «Қаныш аға осындай едi» кiтабынан.

Қ.Сәтбаев туралы пікір білдірмеген адам жоқ. Соның бірі Ә.Марғұлан : «Қаныш Сәтбаев Қазақстан жерінде қандай байлық бар екендігі туралы галагендік картасын жасап, сол үшін сыйақы алды». Ә.Марғұлан: «Қаныш аяулы ғалымдығы мен бірге ол халқының сүйген ұлы, білімін ел игілігі үшін сары еткен жан. Сондықтан оның жарқын бейнесі біздің жас ұрпақтарға аса қадірлі жан,» - деді.

С.Шокин: «Сәтбаев – ғылымды кеңінен насихаттап, таратушы болды. Газет-журнал беттеріне бүгінгі күннің көкейкесті мәселелріне арнап мақалалар жариялап отырды». Н.Назарбаев «Қазақ халқының біртуар перзенті, есімі жалпақ дүниеге мәлім, аса көрнекті ғалым, қазақ ғылым академиясының тұңғыш президенті, жаңа заман ғалымдарының іргесін қалаған, адамгершілік қасиеттері мен кісілік келбеті халық аузында аңыз болып қалған жаны жайсаң азамат,» - дейді.

М.Әуезов Қ.Сәтбаевтың 50 жылдығында «Қаныштың үлкен ерекшелігі ол халықпен де, биологпен де, физикпен де медикпен де және тарихшымен де, филологпен де өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе білді, мамандық тілдерімен үндесіп, ұғыса білді және сол әр ғылымның саларына әр бір кезеңде пісіп келген нақтылы, жауапты мәселесіне жауап беретін, қажетті мәселесін айтып, мықты басшылық ете білді,» - деді.

М.Қаратаев: «Қаныш Сәтбаев өзінің Жезқазғаны туралы 46 ғылыми-публицистикалық еңбек жазып бастырды, » - деген. Ә.Тәжібаев : «Ардақты аға өз өнерінің ұлы ақыны еді. Оның жазған ең зор эпопеясы «Алып Жезқазған» - деді.

Қаныш Сәтбаевтың алғашқы мақаласы «Жезқазған ауданының мыс кендері» деп аталады. Ол еңбегінде, бұл жаңғырыққа қуат беруші орталыққа орналасуы, қазақ халқының білуге құмарлығы, керек десеңіз оның ән творчествосына тарихи бейімділігі» - деді.

М.Қаратаев: «Жезқазған мыс – кен ауданы және оның мейрамдық қоры» мақаласы нағыз ғылыми публицистік еңбек. Қаныш Сәтбаев «Қай жұрттың болсын өмір негізі – ауыл шаруашылығына, өндіріс кәсіптеріне байланысты. Ал өндіріс кәсіптерін түзу жүріп өркендеу жолдары, бұл шарттың ең негізгісі өндіріске қажет болатын шикізат шамасы мен олардың іске асырудың бәрі жеңіл пайдалы түрде болуы. Шикізаттың Қазақстанда ең тұнығы жер асты. Қаныштың «Көркейген қазақ халқының ғылымы мен мәдениеті» деген мақаласы 1945 жылы жазылған. Еңбекте «онда толып жатқан жоғары дәрежелі мекемелер, ғылыми зерттеу институттары Қазақстанда ғылымның өркендеуіне әсер етті. Республиканың шаруашылығы мен мәдениетін өркендетуге орасан зор үлес қосқан.»

Букетов Сәтбаев туралы былай деп жазған: «Қ.И.Сәтбаев оқымысты геолог қана емес, ойлауға керекті таза ойлауға талап ететін ғұлама еді».

А.Жұбанов: «Біздің өнер айналасындағы әдетте кітапты көп оқып, көзінің майын тауыса алмайтын замандастар Қаныш екенін аса көп білетінін әдебиетте де, өнерде де айтатын сөзінің бар екендігі таң тамаша қалдырады.

Қаныш ұлы жазушылар Сәбит, Ғабит, Мұхаңмен сөйлесіп отыра олардың әдебиеттегі жетістіктерінің ғылым үшін үлкен мәні бар екендігін, ол адамдардың ғылым мекемесіне жақындай түсуінде екендігін айтады. С.Мұқанов: «Ол жан-жақты ғалым болатын. Көркем әдебиетті көп білетін өнердің сан-саласына көз жіберіп жақсы пікірлер айтатын. Ғылымның бәр саласынан бес саусақтай хабардар еді».

Қ.Жұмалиев: «Академик Сәтбаев қазіргі әдебиеттегі табыстарға шын жүректен сүйсіне, кемшіліктеріне күйіне сөйледі, кемшіліктерді сынады... Мына Сәбит те, Ғабит те, менде өндіріс тақырыбына әлі терең бара алғамыз жоқ. Әр қайсымыздың әр кезде әр жағдайда байланысты жазған желе жортқан очерктеріміз бар. Бірақ олар өзімізді де, оқушыларымызды да қанағаттандыра алмады, » - деген. 1959 жылы «Біздің ғылым академиясының институттарда, лабараториялар мен экспедицияда, құрылыстарда, колхоз, совхозда жұмыс істеген жастар, өмірде тәжірибесі бар жастар көп істесе екен деймін». 1984 жылдан бері күннен 2223 астрономиялық қашықтықта (332 млн) диаметрі 11 километр түсі қара қоңыр өзі ашқан Жезқазған мысындай жер аймағынан 11 жыл 5 айда келеді. 2402 номерлі планета «Сәтбаев» деп аталады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Жезқазғаны туралы қанша ғылыми-публицистикалық еңбектері бар?

  2. Қ.Сәтбаев туралы пікірлерге тоқталыңыз


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қ.Сәтбаев «Қазақстан менің Отаным».

2.Қ.Сәрсекеев «Қазақстанның Қанышы».
14-Дәріс. Халел Досмұхамедұлының ғылыми публицистикасы

14.1 Халел Досмұхамедов - ғылыми публицистикасының ерекшелігі

14.2 Халел Досмұхамедовтың қоғамдық қайраткерлік қадамы
Көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы ғалым, дәрігер, профессор Халел Досмұхамедұлы 1883 жылы қазіргі Атырау облысының Қызыл қоға ауданында дүниеге келген. Ол өз халқының зиялысы, өз заманының насихатшысы ретінде кенже қалған немесе аса маңызды деген тақырыптарға жедел қалам тартып, уақыт сұранысын қанағаттандырып отырған. Оның «Оқушының денсаулығын сақтау: «Как бороться с чумой среди населения Киргизского края», «Табиғаттану», «Адамның тән тіршілігі», «Жануарлар» және т.б. сияқты оқу құралдары мен ғылыми көпшілікке арналған еңбектері, аудармалары, мақалары, профессор Халел Досмұхамедовтың қазақ ғылымы мен мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар кесек тұлға екендігін көрсетеді.

Халел Досмұхамедовтың қоғамдық қайраткерлік қадамы Санкт-Петербургте оқыған жылдарынан басталады. Ол әскери-медициналық академияда оқыған кезінде бүкіл Ресейде болған, дүниені дүр сілкіндірген 1905-1907 жылдардағы революцияны көзімен көріп, бұқара халықтың ашу-ызасы, қанды қақтығыстар және жеңілістің ащы сабақтары рухани дүние танымы өсіп, жетілген, болашақ қайраткерлердің идеялық жағынан қалыптастыруына игі ықпал етті.

Халел Қажыұлы қоғам қайраткері болумен бірге ағартушы, ғалым, дәрігер екендігін бәріміз де аңғарамыз. Қазан төңкерісіне дейін қазақтар арасында тек 20 ғана дәрігер даярланды. Қазақ даласындағы кқөріністі ағартушы – ғалым Шоқан Уәлиханов былай деп көрсетеді: «Ауруға сапалы медициналық көмек беретін ешкімнің болмағанына, сұүзектен, суық тиюден, мерезден, обадан тырысқақтан, қарасан қызлша, безгек, туберкулез және т.б. аурулардан халық көп қырылып жатқан кезде,осынау үркердегі топтың қарлығаштың қанатымен ең сепкендей болмашы іс-әрекетінің өзі біраз адамдардың өмірін арашалап қалды». Қазақтың Ибн-Синасы, ғұлама-ғалымы, философ – энциклопеисі, сан қырлы дарын иесі, біздің жерлесіміз Халелдің болуы әрине, үлкен мақтаныш! Сонымен қатар, Әбіш Кекілбаевтың: «Халел көзінің тірісінде жөн салмас ғажайып линвист, фольклерист, тарихшы-этнограф, аудармашы болған. Жан-жақты, көл көсір әмбебап білімнің арқасында ол биология, зоология, медицина саларына да көп еңбек қосқан ғалым» деген бағалы сөздері бар.

1923 жылдың 21 тамызында өткен Түркістан Республикасының халық комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде балаларға арналған 100-орындық туберкулезді емдейтін санаторий ұйымдастыру керек екендігі жөнінде қаулы қабылданады.

1924 жылы оны ұйымдастыру мен қаматмасыз етуді сметаға қосу керек деп шешкенмен қиын материалдық жағдайда осыған байланысты көрсетілген мекеме Халық Денсаулық сақтау Комиссариатының сметасында бекітілмеген. Балалар әлі күнге дейін арнайы дәрігерлік көмекті көрсете алмағандар үшін мазасыздануда.

Туберкулезбен ауырған балалар саны әсіресе жергілікті халықтың балалары арасында үрейлі жағдайға жетті, одан әрі күтуге болмайды. Қайткен күнде де міндетті түрде осы мекемені ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді, 1924 жылдың сметасына қосу керек» деп Халел Досмұхамедов мәлімдеген болатын. Одан кейін, сол жылдың 21 қарашасында берілген құжаттардың бірінде: «Бізге көрініп тұрғанда революцияға дейінгі тәжірибеде жезөкгшелікті тәртіпке салуды, жезөкгшелікпен күресте ұстап қамау, еріксіз түрде тексеру және күшпен емдеуге қазіргі кезде болмайтындығын көрсетеді. Сондықтан да жезөкгшелікпен күресу үшін мынадай істерді жүзеге асыру керек:

Ол санитарлық ағарту жұмыстары, ашық лекциялар, брошюралар мен плакаттар, жұқпалы аурулармен ауырған адамдарды ақысыз емдеу және сонымен қатар жезөкшелікке мұқтаждықтан амалсыз барып отырған әйелдерге жұмысқа орналасқанша әлеуметтік қамтамасыз ету қажет. Жұмысқа бірінші кезекте мұқтаж әйелдерді орналастыру және оларға ауыл шаруашылығымен айналысу және бақша өсіру үшін жер учаскілерін бөліп беру керек деп көрсетеді.

Сонымен қатар жезөкшелік көптеген жағдайларда әдепсіздікке бейімділіктің нәтижесінен емес, тек қана мұқтаждықтан туындайтын онымен күресу шаралары да, азаматтардың тұрмыс-жағдайларын, өмірін жақсарту мағынасында жалпы мемлекеттік сипат алуы керек.

Қазіргі уақытта Халық Денсаулық Сақтау коммисариатының күшімен және қаражатымен мәдени ағартушылық жұмыстарымен қатар, жұқпалы жыныстық аурулармен ауырған адамдарды ақысыз емдеу жұмыстары осы мәселеге қатысты несие бөлінген жағдайда жүргізілуі мүмкін. Жалпы алғанда жұқпалы жыныстық ауру салдарынан халықты сауықтандыру, денсаулығын жақсарту үшін некеге отыруға дейін, некеге тұратын адамдарды куәландыру ұсынылды, егер де некеге тұратындардың біреуі ауру болған жағдайда неке құруға жол берілмейді» деп көрсетіледі.

Қазіргі кезде жастардың бұзылуы, әсіресе жезөкшелікпен айналасуы үлкен мәселеге айналып барады. Осынндай әрекеттерге көптеген жағдайда экономикалық, материалдық қиындықтар итермелеп, бұрын отырғанын білеміз. Қоғамдағы жұмыссыздық пен өнегеліктің төмендеуі осындай келеңсіз жағдайға әкеліп соқты.

Қорыта айтқанда, Халел Досмұхамедұлы қазақ ғылымының қалыптасуына зор еңбек сіңірген қайраткер. Шығармашылық мұрасы алуан қырлы – ғалым соңына медицина, тіл білімі, тарих, этнография және әдебиет жанрлары бойынша қыруар дүниелер қалдырды.
Бақылау сұрақтары:

1. Халел Досмұхамедұлы ғылыми мақалаларында қандай мәселелерді көтерген?

2. Халел Досмұхамедұлы қоғам қайраткері ретінде қандай шараларға ат салысқан?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.«Ақиқат» журналы 2004 жыл №1 64 бет

2.«Ақиқат» журналы 2003 жыл №2, 51 бет

3.«Егемен Қазақстан» газеті 2003 жыл 26 қараша 9 бет

4.«Қазақстан жоғары мектеп» журналы 2003 жыл №1, 21 бет

5.«Отечественная история» журналы 2002 жыл №2, 125 бет



15-Дәріс. Е.А.Букетовтың ғылымға қосқан үлесі

15.1 . Е.А.Букетовтың химия және физика саласына қосқан үлесі

15.2 Букетовтің жазған сын мақалары мен рецензиялары

Евней Арыстанбекұлы Букетов 1925 жылы 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы, Бағанаты ауылында дүниеге келген. 1983 жылы 13 желтоқсанда Қарағандыда қайтыс болған. Көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы (1967ж), профессор. 1974 ж КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне енген. 1950 ж Қазақ тау-кен металлургия институтын бітіріп, 1950-1960 жылдар сонда аға оқытушы, доцент, проректор қызметтерін атқарған. 1960-72 жылдар Қазақстан Ғылым Академиясының Химия – металлургия институтының директоры болып еңбек етті. Е.Букетов 1980 ж Қазақстан Ғылым Академиясының Химия-металлургия институтында аға ғылыми қызметкер, лаборотория меңгерушісі болды. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері түсті, асыл және сирек металдар металлургиясына, анорганикалық және физика-химия салаларына арналған. Ол сирек және шашыраңқы элементтерді алу үшін әсерлі адсорбенттерді дайындаудың, Кентастар мен концистраттарды келесі сатыда өңдеуге дайындау үшін шахта түріндегі аппараттарды қолданудың, металлургиялық процесстерді жеделдетудің жаңа ғылыми бағытын дамытты. Лисаков пен Аят кен орындарындағы марганец және темір кентастарын кешенді пайдалану үшін зор еңбек етті. Оның тікелей басшылығымен Балқаш тау-кен металлургия комбинатында мыс электролитін мышьяктан тазарту тәсілі зерттеліп, өндіріске енгізілді. Мұның экологиялық маңызы зор болды. Е.Букетов сілтілі және қышқылды ортада халькогендер мен халькогенидтер химиясын және технологиясын зерттеп, оның негізін салды. Осы еңбегі үшін 1969 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығымен мараппаталды. Д.И.Менделеевтің периодты жүйесіндегі химиялық элементтер аналогтарының классификациясына түзетулер енгізді. Металлургиялық тотықсыздандырғыштар арқылы көмірді сутектендіру мүмкіндігін дәләлдеді. Қазақ, орыс тілдерінде әдеби шығармалар, публицистика, ғылым, мәдениет қайраткерлері жайлы естеліктер жариялап, У.Шекспир, В.В.Маяковский т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Еңбек Қызыл Ту орнденімен және медальдармен марапатталған. Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қаласының бір көшесі Е.Букетов есімімен аталады. Кезінде Букетовтің жазған сын мақалары мен рецензиялары әр жылдары газет-журнал беттеріне жарияланып тұрған. «Тоқаш Бокин пьесасы орыс сахнасында» атты рецензиясы 1957 жылы 22 желтоқсанда «Казахстанская правда» газетінде жарық көрді. Онда әрбір актерлердің кейіпкерді сомдаудағы ізденісі мен шеберлігіне жан-жақты талдау жасайды.

Е.Арыстанбекұлы «Сөнбес жұлдыз» атты мақаласында қазақтың біртуар ғалымы Қ.Сатбаевтың өмірі мен ғылымға сіңірген еңбегін топшылаған. «Тәржіма туралы ой» деген мақаласында В.В.Маяковский шығармаларының қазақшаға аударылуына аса назар аударған. Ол үшін ақынның творчечтвосын түгел білуімен қоса, аудармаларды жан-жақты зерттейді. Аудармадағы шеберліктің, көркемдіктің сақталуын және тағы да басқа принциптерді түпкілей талдайды.

1978 ж 20 сәуірде Е.Букетовтің құзырымен Шәкәрімді жазықсыз жазаға ұшыратқан А.Ғ.Қарасартовтан жауап алынған. Сұрақ-жауап толықтай текстімен 1989 жылғы «Қазақ әдебиеті» газетінің 7,8,9 сандарында жарық көрген. Е.Букетовтың көптеген публицистикалық мақалалары «Атом қомында туған адам» атты кітабында жинақталған.


Бақылау сұрақтары:

  1. Букетов қай ғылым саласына сүбелі еңбек сіңірген?

  2. Букетовтің жазған сын мақаларына тоқталыңыз


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.

2.Жұлдыз журналы 2002 жыл, №3

3.Қ.Асанов Букетовтің әдеби-сын пікірлері.


4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
4.1 Құран-Дүниетаным оқулығы

4.2 Х.Досмұхамедовтың медицина гигиенасы хақында жазған еңбектері

4.3 Әл-Фарабилер туралы тың деректер

4.4 БАҚ және ғылым

4.5 Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектері.

4.6 «Егемен Қазақстан» газетіндегі тұңғыш академиктер жайлы жазылған мақалалар.

4.7 «Жас Алаш» газеті және ғылым.

4.8 М.Әуезовтың «Япония» ғылыми-танымдық публицистикасы.

4.9 Байқоңыр ғарыш айлағы жайлы тың деректер.

4.10 Әл-Фараби және Абай.

4.11 А.Көбесовтің ғалымдар жөніндегі очерктері.

4.12 Ислам тақырыбы бүгінгі баспасөзде.

4.13 «Жалын» журналы және ғылым.

4.14 Облыстық газеттерде ғылыми мақалалардың жазылуы.

4.15 М.Бирунидің ғылыми зерттеу әдісіне қоятын 8 талабы.

4.16 Ақжан Машановтың «Әл-Фараби және Абай» атты еңбегі

4.17 Ибн Синаның ғылыми еңбектері.

4.18 «Жас Алаш» газетінің «Мыңнан бір мезет» қосымшасы.

4.19 Қ.Смайловтың ғылыми-публицистикалық кітаптары.

4.20 Әл-Фараби – ғылымның көшбасшысы.

4.21 «Зерде» журналындағы атақты ғалымдармен сұхбаттар.

4.22 «Егемен Қазақстан» газеті және ғылым.

4.23 Ғылыми стильдің ерекшеліктері.

4.24 Ақындар поэзиясының ғылыми насихаты.

4.25 «Түркістан уалаяты» газеті және ғылым.

4.26 Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектері.

4.27 «Егемен Қазақстан» газетіндегі ғылыми бөлім.

4.28 «Жас алаш» газеті және ғылым.

4.29 Қазақ ғылыми-танымдық журналистикасының жандануына

4.30 «Абай» журналы және ғылым.


5 СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСТАРЫ
1 Ғылым - өркениет өлшемі

2 Байқоңыр ғарыш ғаламы жайында

3 Абайдың қара сөздеріндегі ғылымға үндеу

4 Алғашқы мерзімдік баспасөздегі ғылыми-таным

5 «Зерде» - ғылым насихатшысы

6 Құран, Хадистердің ғылым-білімді насихаттауы

7 Ғаламның ғажайып сырлары

8 Әл-Фараби Машанов шығармашылығында

9 Семей полигоны бүгінгі баспасөзде

10 Әл-Фарабидің философиялық трактаттарындағы ғылым

12 «Денсаулық» журналы және ғылым

13 «Ұлан» газетіндегі «Жұлдызнама» бөлімі

14 Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық трактаттарындағы ғылым

15 Облыстық газеттердегі ғылыми мақалалар

16 Ислам тақырыбы бүгінгі баспасөзде

17 А.Көбесовтің ғалымдар жөніндегі очерктері

18 «Зерде» журналындағы ғылыми-зерттеу мекемелерінен жазылған мақалалар

19 Ғылымтанудағы Абай мектебі

20 Ибн Сина-Орта Азиядан шыққан ғұлама ғалым

21 «Жас Алаш» газетінің «Мыңнан бір мезет» қосымшасы

22 Абайдың қара сөздеріндегі ғылымға үндеу

23 О.Хаямның ғылымға қосқан үлесі

24 «Айқап» журналы және ғылым

25 Қ.Сәтбаевтың «Менің Қазақстаным» ғылыми-публицистикасы

26 Ғылымтанудағы М.Әуезов мектебі

27 Қ.Сәтбаевтың ғылыми еңбектері

28 «Жұлдыз», «Жалын» журналындағы ғылыми мақалалар

29 Қ.Смайловтың – ғылыми публицистикасы

30 Ғылымның тұңғыш насихаткерлері

31 Хасен Әдішовтің «Аспан сыры» атты еңбегі

32 Әл-Фарабидің ғылымға қосқан үлесі

33 Б.Искаковтың «Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары» атты еңбегі

34 «Егемен Қазақстан» газетіндегі ғылыми мақалалар

35 Е.А.Букетовтың «Атан қомында туған адам» атты кітабы

36 М.Әуезовтың ғылым тілі хақында жазған еңбегі

37 Ибн Синаның «Білім кітабындағы» ғылыми мәселелер

38 Ә.Дербісалиевтің «Қазақ даласының жұлдыздары» еңбегі

39 Абай поэзиясының ғылыми насихаты

40 «Түркістан уалаяты» газеті және ғылым

41 Қ.Сәтбаев – тұңғыш академик

42 М.Бирунидің ғылыми еңбектері

43 «Қазақ» газетіндегі ғылыми мақалалар

44 Ғылымның М.Бируни қарастырған салалары

45 «Дала уалаяты» газеті және ғылым




6 ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ



Өзгерістің рет нөмірі

Құжаттың тарауы пункті

Өзгеріс түрі (ауыстыру, жою, қосу)

Хабарламаның нөмірі және күні

Өзгеріс енгізілді

Күні

Аты-жөні, қолы, қызметі






















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет