5В010400 «Бастапқы әскери дайындық»



бет1/7
Дата06.07.2016
өлшемі486.5 Kb.
#181144
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7

ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31/03-2011


__________2011 жылғы

№ 2 басылым



55 беттің -шісі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31.03.2013.

«Мектептегі самбо және қол күрес» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары ПОӘК-і

_______2013 жылғы

№ 2 басылым



5В010400 «Бастапқы әскери дайындық»

мамандығына арналған

«Күрес түрлері және қол күрес» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2015

Мазмұны

1 Дәрістер

2 Тәжірибелік және лабораториялық сабақтар

3 СӨЖ


Лекция сабақтары.



1-лекция
Күрес әдістемесінің биомеханикалық негізі.

Жоспар:


1. Техникалық шеберлікті шындау.

2. Жаттығу барысында техникалық әдістері.


Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1.Техникалық шеберлікті шындау жаңа әдістер ойлап табуға ретсіз, бет бұрушылық емес, керісінше бұрын жақсы, нәтижелі меңгерілген әдіс-айлаларды қайтадан жаңғыртып оны әрбр күрес сәтінде пайдаланылып қалуды үнемі ескерту – бапкерлер әдістемесіндегі ұтымды кезең. Техникалық шеберлікті үрделендіру үшін әрбір бапкер ұстаз жарысқа баптап жүрген шәкірттеріне тегеурінді қарсылық жасай білетін бәсекелес тыңдай білуі орнды. Себебі, жарысқа дейін өзіне төтеп бере алатын күш иесімен бетпе-бет келіптер төкпеген балуан, жарыс барысындағы өз қрасыласына жұмсайтын күш-қуатының мөлшерін дұрыс бақылай алмайды да, жекпе-жекте болашақ бәсекелесіне алдын, ала даярлаған әдіс-айласын сынап көру т.б. сияқты. Жаттығу кезеңіндегі қарсыласын таңдау-алдағы өткізілетін жарысмерзіміне байланысты болып жоспарлануы керек, себебі, ойға алған техникалық тәсілін бұларға пайдалану онша күшті қажет етпейді, ал жарыс жақындаған сайын өз салмағындағы уақытты қарсыласы мен белдескені тиімді болмақ.

2. Жаттығу барысында кейбір техникалық әдістерді, орындауда шәкірттер қателіктер жіберері хақ. Сондықтан да, жаттығу шеберлікті шыңдау кезеңі тек жаңа әдістерді ғана үйренуімен шектелмей, өткен жаттығуларда меңгерілген әдіс-айлалардағы сәтсіздікке алып келетінқателіктерді түзетуге арнауы өмір талабы, жаттығу мазмұны болуы міндетті. Тәжрибелі жаттықтырушыға тән педагогикалық шеберлік үнемі өткен жаттығуларға талдау жасай отырып қателіктерге жол бермеу әдістемесінің жаңа көздерін қарастыруға арналады. Белдесуге деген құштарлық жақсы меңгерілген әдіс-айладан ғана туындап отыратын құбылыс. Сондықтан да әдіс-айланы толық меңгертпей тұрып жарыс жолына шығуға шәкірттерді асықтырмау бапкер әдептілігі болып саналыды.

Халқымызда – «Буынсыз жерге пышақсалма-жүзін қайтарасын» деген нұсқа бар. Егер сіз бабына келмеген, белдесу шеберлігі әлі де піспеген жасты додаға салып алғашқы сәтсіздігі мен бетін қайтарсаңыз, оның жанын жаралағаныңыз болып саналады. Мұндай психологиялық күйзеліс, шәкірттің жігерін қайтарып, оның бойына біткен қаілетіне нұқсан келтіреді. «Аииың-шабысы бабында» деген емес пе? Сол сияқты -әрбір жаңа бастаған балуанға –демей-ақ чимпиондық тәжді киесің деп жеңіл олжаға ойын үйрету үлкен қателік. Үлкен спортшы болу үшін талай тер төгіліп, талай шапан жыртыларын дәйім ескерту қажет.


2-лекция
Күрес әдістерінің биомеханикалық негізі.

Жоспар:


1. Болашақ дене шынықтыру педагогикасының негізі.

2. Күрестің биомеханика зерттеу жұмыстары.


Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Болашақта дене шынықтыру педагогикасының негізінде дене шынықтыру тарихы, дене тәрбиесінің психофизиологиясы биомеханика және басқа да арнаулы теориялық пәндеі материалдарын біріктіретін тұтас бірыңғай оқу пәнінің құрылымын күтуге болады. Ал олай болған жағдайда бір немесе өзіне педагоикалық қағидаларды жан-жақты сипаттау мүмкіншілігі пайда болады. Практикалык, жұмыста, кез келген педагогикалық жағдайға; қайта-қайта өзгеріске ұшырап жататындығы белгілі. Осындай кездерде болашақ маманнан қойылып отырған проблеманы шешу жолында қалыптасқан шешімдерді дәл білуді қажет етіп қана коймай, жаңа әдістерді тұрақты іздестіруді талап етеді. Одан бөтеден педагогикалық міндеттерді шешуде мүғалімнің тапқан жаңа әдістері өзге мұғалімдерінің де игілігіне айналуы керек, ол үшін алынған нәтижелер талдаудан өткізіліп, есепке алынуы керек. Осы талаптар мына жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін: егер мүғалім дене тәрбиесінің педагогикалық ізденістерінің методологиясымен таныс болған жағдайда: - педагогикалык, зерттеулерді жүргізу алдында болатын дайындық жұмыс жүйелерімен таныс болған жағдайда: - сұрыптау, өңдеу, талдау және педагогикалық зерттеу жүргізу жүйесімен қаруланған болса ғана зерттеу жүұмыстары іске аспақ.

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы екі себеппен біртіндеп өзгеріске ұшырайды: жаңа ғылми деректердің пайда болуы және жоғары оқу орнын бітірушілердің негізгі кәсіптік қызметінің байланысты мамандану. Бұл орайда нақтылы екі бағытты атағанымыз жөн: 1) пәннің әлеуметгік мәселелерінің кеңею және дене тәрбиесі теориясынын дене шынықтыру теориясына айналуы: 2) пәннің педагогикалык аспектісінің кеңеюі және дене тәрбиесінің теориясы мен әдісінің дене шынықтыру педагогккасына айналуы: Екі бағытта бір-біріне карама-қарс емес, кажетті жағдайларда бірін-бірі біріккен түрде толықтырылып отыруы мүмкін. Қазіргі кезенде оқу материалы кеңейту оқу сағатгарының көлеміне байланысты шектелуі мүмкін.

2. Күрестің биомеханика зерттеу жұмыстарының дайындығы педагогикалық практика және әдебиет деректеріне сүйене отырып талдау негізінде тақырыпты тандап алудан, болжам жасаудан, ізденістер жоспарын жасаудан, зертгелетін нәрсені іріктеуден, ізденіс әдісін таңдаудан, қажетті материалдық жағдайларды және нәтижені есепке алатын құжаттарды жасай білетіндігінен құралады. Зерттеуді жүргізу алға қойылған міндеттерді шешетін әдіс есебінде тандал алынған әдістерді тиімді түрде қолданудан түрады.

Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың эксперименттік әдісі педагогикалық процеске әсерінің тиімділігін зерттеу үшін жана педагогикалық факторды (құрал, оқыту әдісі т.б.) енгізуді қарастырады.

Бақылау әдісі, онда эксперименттік әдіспен алынған нәтижелерді салыстыру үшін бұрыннан қалыптасқан оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формасының критерий ретінде сақталуға тиісті.

Жеке өзіндік әдісте педагог оку-тәрбие жұмысын зерітеушілердің ешбір араласынсыз өзінің жеке жослары йойынша жүргізген жағдайды білдіреді. Ақпарат хабарды жинақтау әдісі әртүрлі болуы мүмкін.Оның жәрдемімен оқыту және тәрбие жұмысын жүргізу барысында, оған дейінде және одан кейінде педагогикалық процестің нәтижелігі жөнінде хабарлар алуға болады. Жоғарыда келтірілген бірнеше әдістерді қолданудың белгілі бір жүйесі ретінде педагогикалық эксперимеитті жөне педагогикалық бақылауды атағанымыз жөн. Педагогикалық экспериментке оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың міндетті экспериментальды әдісі, кей жағдайларда-бақылау әдісі, информация жинақтау өдісі және математикалық еселтеу әдістері жатады. Өткен хабарларды, педагогикалық құбылысты алу әдісі жоғарыдағы әдістердің алдында жүреді. Ал педагогикалық бакылауға ұйымдастырудың жеке өзіңдік әдісі, бір немесе бірнеше нақты информация жинақтау әдісі, кейде математикалық есептеуде енеді. Зерттеу әдістерін таңдау ғылыми жүмыстың алдындағы қойылатын міндеттеріне байланысты. Дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін шешу педагогакалық әдістермен бірге психологиялық және биологиялық талдауларды, сонымен бірге физиологиялық әдістерді (мысалы, сабақта оқушының таным белсенділігін зеррттеу кезінде, дене жаттығуларының техникасын зерттегенде дене қабілеттілігінің даму тәсіддерін жасау кезінде) комплексті пайдалануды талап етеді. Зерттелетін педагогикалық процесті сипатгайтын сандык және сапалық талдаудан өткізілуге тиісті. Сапалық талдау дегеніміз алынған нәтиженің сөздік педагогикалық бағасын, ал сандық талдау бір немесе бірнеше педагогикалық процестердің тиімділігінің дәрежесін айқындау және олардың арасындағы кейбір байланысты анықтау ушін математикалық есептерді қамтиды. Зерттеу нәтижесі әдеби-графикалық өңдеумен және оның педагогикалық практикаға енгізумен аяқталады.

3-лекция
Дененің тепе-теңдігі.


Жоспар:

1. Еркін күрес тактикасы мен техникасы.

2. Жаттығу барысында күрес тактикасы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Еркін күрес тактикасы мен техникасы. .Егер бұл жоғарыдағы күрес өнеріне тән ерекшеліктерді балуандар арнайы жаттығу барысында дұрыс меңгерген болса, кілем үстінде өткізілетін жекпе-жек бәсекелерде балуанның мерейінің үстем боларына күмән жоқ. Мысалы, қарсыласының еркін қимыл жасауына кедергі келтіру үшін, оған әлденеше рет тәсіл қолдануды ниет еткен болып, қарсыласын ретсіз алаңдатып өзі ойлаған нағыз күрес тәсілін пайдаланып жеңіске жетеді. Еркін күрес ережесіне сәйкес жалған тәсіл жасайтындай бола тұрып, оған қарама-қарсы бағыттағы қимыл арқылы қарсыласын аса қауіпті жағдайға немесе қарсыласының өзі жақсы меңгерген әдіс айласына қарама-қарсы тәсілді кедергеі етіп пайдалану тактикасы т.б. сияқты. Ал жұлқылап-сілкілеу арқылы кілем үстінде тең басып тұрып қалпынан тайдыру үшін шалт қимыл мен аяқына өту, иғынан итеріп қалу немесе қолтықтасу кезеңінде ту сыртынан өтіп қос аяқтай шалу арқылы қарсыласын етпетінен түсіру амалдарын пайдаланады. Бұл әдіс айлаларды жаттығу барысында толық меңгерген балуан аз ғана күш жұмсай жеңіске оңай жетіп отырады. Кілем үстіне шығу мен белсенді күрес қимылына өту арқылы қарсыласына да белсенділік көрсетуге жағдай жасау нағыз күрес өнерін меңгерген балуанға тән қасиеттердің бірі. Мұндай балуандар тарапынан байқалатын жақсы бастаманы төрешілер алқасы бағалап, олардың белдесулерін барлық жағдай туғызады және мұндай жекпе-жек уақыт мөлшерінен ерте аяқталып нәтиже беруінің таза жеңісі арқылы қорытындыланады. Қарсыласын жекпе-жек күш сынасуға шақыру кезінде әрбір балуан өз қимылын қарсыласынан ерте бастауға ұмтылуы міндетті.

2. Жаттығу барысында күрес тактикасына бағышталған арнайы сабақтарды бапкерлер тарапынан жүйелілікпен алдын-ала жоспарлануының ерекше педагогикалық мәні бар. Себебі, қазіргі күрес өнері тек қана қара күштің нәтижесі ғана емес: Бұл арнайы бағдарлама арқылы ұзақ мерзімге жалғасатын жаттығу процесінің нәтижесі болып табылады. Яғни, түлкідей айлакер, арыстандай айбатты, пілдей шыдамдылықты көріпкел сәуегейлікті талап ететін күрделі өнер жиынтығы сондықтан да кілем үстіне шығып өнер көрсету мен қарапайым жаттығу арасындағы үйлесімділікті жатығушыларға дер кезінде ескертіп отыру күрес барысын балуандарды-ң өз іс-әрекетін басқара алуға жағдай жасайды.

4-лекция


Дененің тепе-теңдігі.
Жоспар:

1. Дене жаттығуларының теориясы.

2. Жеке қозғалыстар кимыл элементтері.
Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005

Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Дене жаттығуларының теориясын білу, мүғалімнің алдына қойылатын педагогикалық міндеттерге сәйкес, ең тиімді дене жаттығуларын іріктеп алуға мүмкіндік береді. Дене жаттығуларының түпкі нақты жүйесінің жасауға ықпалын тигізеді. Дене жаттығуларының педагогикалык топтастыруын өз пәнінде өткізуге, қосымша құралдармен біріктіре сауатты пайдалануға мүмкіндік береді.

Мақтылы „Дене жаттағуы" деген түсінікке осы оқулықтың 3
цриуында талдау берілген. Алайда осы түсініктің басқа да жақтары болуы мүмкін. Солардың біріне тоқталғанды жөн көріп отырмыз.

«Дене жаттығулары» деген түсінік адам қозғалысы мен жаңылыс іс-қимылы туралы түсінікпен байланысты. Ал қозғалыс дегеніміз адам организмінің моторлы функция есебінде, дененің және онын бөлшектерінің өзгеруі деп ұққанымыз дұрыс.

Әрбір козғалыс үш белгіменен сипатталады: 1) ол әруақыгга мынанын функциясы болады: 2) ол адамның өмірлік қызметі бойыша қалыптасады: 3) қозғалысқа үйрету үйренушінің еркіне бағыну дәрежесін арттырады. Еркін қозғалыс әр уақытга сапалы түрде, ал адамға түтастай тұлға есебінде әсер етеді.

2. Жеке қозғалыстар кимыл элементтері болып табылады, Қозғалыстың өзара арасындағы байланысты қимыл жүзеге асырылады. Мысалы, аяқтың, қолдың, кеуденің, бастың қолалысының белгілі бір жүйесі оқушыға секіру түрікде қимыл жасауға мүмкіншілік береді, сондай қозғалыстармен, қимылды орындау және керісінше бір және сондай кимыл


әртүрлі козғалыспен жүзеге асыруға болады. Бұл былай түсіндіріледі, мысалы, белгілі бір қозғалыспен әртүрлі қимылдар жүйесі қалыптасуы мүмкін белгілі бір кезекті қимылды
шапшаңдық, амплитуда т.б. әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Қозғалыс жүйесінің сәйкестігі және сипаты қойылған міндеті шешуде қимылдың нәтижелілігімен анықталады. Сонымен, нақты
міндетті шешуге және осы негізде белгілі бір жүйеге біріктірілген қозғалыс, қозғалыс қимылын кұрайды. Қимылды, адам қызметінің жүзеге асуының нақты әдісі деп қараған жөн. Мысалы, дене шынықтыру сабағында оқушының оқу қызметі мемлекеттік бағдарламада көрсетілген. Қимыл әлеуметтік мәнге ие, себебі оқушы коғамдағы ілім мен тәжірибеге сүйене отырып оны үйренеді. Сонымен қатар белгілі бір педагогикалық міндетті шешуге бағытталған кимылдар кездеседі. Мысалы, қысп, қашықтыққа жүгіруді, ұзыңдыққа қарғуды, биіктікке секіруді, кіші допты лақтыруды игеріп 6 класс оқушысы Президенттік сынамаларындағы женіл атлетикалық тарауынын талаптары орындауға өзін дайындайды. Көптеген қимылдар оқушының өзіндегі білім, дағды негізінде, қозғалыс дағдысына және сол кимылды орындауға кажетті белгілі бір мөлшердегі қайталаулар нәтижесінде қалыптасады.

Қозғалыс пен кимылдың баяндалған сипаттамасының негізінде дене жаттығуларының теориясы құрылады. Дене жаттығулары деп адам денесін жетілдіру үшін жасалған және қолданылатын қозғалыс кимылдарын атайды.

Кез-келген кимыл дене жаттығулары деп аталмайды. Тек кана дене тәрбиесінің міндеттерін шешуге және оның заңдылықтарына бағыкатын қимыл ғана дене жаттығуларын құрайды. „Жаттығу" деген сөз адамның дене, психикалық касиетіне әсер ету мақсатында, қимылдың қайталануына бағытгалған және қимыдды орындалу әдісін жетілдіруді көрсетеді.

Сонымен, дене жаттығулары бір жағынан нақты қимыл қабілетіне (бұл жағдайларда „Мен жаңа жатгығуды үйрендім дейді), екінші жағынан көп рет қайталанатын процесс (мысалы,дене жаттығулары күшті арттырады) есебінде қарастырылады.

Сонымен қатар дене жаттығулары бірнеше тән белгілерімен айқындалады. олар:

1. Дене жаттығулары арқылы педагогикалық міндеттер (теңеп


айтқанда, дене жаттығулары „өзіне", өзінің жеке денесін шеміруге бағытталған), еңбек кимылы-өндірістік міңдеттерінің (кимыл өндірістік кызметке бағытгалған) шешілуіменен.

  1. Дене жаттығулары дене тәрбиесінің заңдылықтарымен байламысты, ал еңбек қимылы өндірістік заңдылықтарымен байланысты орындалады. Дене жаттығуларының еңбек және тұрмыстық қимылмен сыртқы ұқсастығы бірін екіншісімен алмастыруға негіз бола алмайды. Оның себебі дене жаттығуларының ұзақтығы, жиілігі сонымен қатар орындау әдісі үшін шұғылданушының организміне тиімді әсер ету бір жағынан, екінші жағынан ең жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік беретін заңдылыктарына ғана бағынады.

  2. Тек кана дене жатгығуларының жүйесі адамның арасында қасиеттері мен дене мүшелерінің тиімді қатынаста дамуына мүмкіншікіл жасайды.

5-лекция
Тіреу алаңы.

Жоспар:

1. Күрес өнерінің тактиксын меңгеру.



2. Күрес өңірінде бапкерлердің кепілі.
Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998

2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000

3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004

4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987

5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спорт

смена. М: ФиС 1967

6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005



Қосымша

1. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978

2. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005

3. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967

4. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы 1992
Лекция мәтіні

1. Күрес өнеріне баулудағы ең бір күрделі кезең болып саналатын, әрбір жаттығушыға тән жекпе-жек кезіндегі өзін-өзі басқара алу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Сол кездегі күрес өнерінің тактиксын меңгеру деп атаймыз. Белдесу барысын бағдарлау мен қарсыласын дегеніне көндіру балуанның шеберлік шыңына көтерілгендегінің куәсі. Себебі, күрес өнеріне шеберлікпен меңгергендіктерінің көрсеткіші алдағы жекпе-жек қарсыластарына қолданылатын әдіс айланы алдын ала сайлай білу және алысу кезіндегі өзін өзі басқара білуіне тікелей байланысты. Бұл күресті барлау (техникасы) екендігіне шек жоқ. Белдесу барысында әдіс айла жасау үшін бірде –бір ұтымды кезеңді ұйымдастыра алмаған балуан ешқашан дажеңіс тұғырына көтеріле алмайды. Бірақ, балуанның тактикалық шеберлігінің негізгі көздері техникалық дене қуатын және ерік жігерді кемелдендіру болып табылады. Мысалы, күрес өнерінің қыр-сырын техникалық жағынан жіті меңгерген балуан жекпе-жек бәсеке кезінде белдесу барысының тізгінін өз қолына алып, мақсат биігінен көрінері хақ. Егер күрес өнерінің техникасы жаттығу барысында тиянақта жүргізілсе, жекпе-жек барысының нәтижелілігі алдын ала қамтамасыз етіледі. Олай болса, тактикалық салауаттылықа жетудің бір ғана көзі күрес техникасына тән дей келіп, балуандық өнерге баулушылар күрес өнеріндегі тактика мен техниканы меңгеруді педагогикалық бір процесс деп түсінуін ескертеміз. Егер балуанның іс-әрекетті бір-екі тәсіл мен ғана шектелген жағдайда оның барлық белдесу барысындағы тактикасы бекерге тер төгумен аяқталады. Ал техникалық ауқымы мол күрес өнерін жетік меңгерген балуанның тактикасы әр қилы қимыл қозғалысының ширақтағы күрестің барлықкезеңдеріндегі жинақылығы сақтығы нәтижесінде өзі ойлағандай аяқталып отырады. Мұндай балуандардың әр бір күш санасар алдында өзіндік бағдарламасы бар дегенмен ойлау қаілеті бір орталықта тоғысып, оның жекпе-жегі көрермендер үшін де сәтті қойылған өнер көзіне айналады. Себебі, спорт өнеріндегі сайыс тек қара күштің құлы емес. Он-ең жоғарғы дәрежеге көтерілген тән мүмкіншілігінің де көрсеткіші.

2. Күрес өңірінде бапкерлердің жақсы нәтижеге жетуінің бірден-бір кепілі күрес әдістрін жүйелі түрде жетілдіріп отыру болып табылады. Олар өз шәкірттеріне тән ерекшеліктерді зерттеп, байыпты толық мәліметтер түзіп, жаттығуға алдын-ала дайындығын бағып көрсетеді. Шеберлігі шыңдалған бапкерлер –шәкірттер өсуіне, олардың организмдеріне тән мүмкіншіліктерді ескере отырып, жаттығу бағдарламасының арнайы кезеңдерден тұратын нақты жоспарлар жасайды.

Бапкерлер үшін алғы шарттардың бірі-жаттығушылардың күш қуатын арттырудың көзін тауып, күрес өнерімен машықтанушылар үшін оның басты мақсат екендігін ескерулері шарт. Себебі, күрестегі тактикамен техниканы белдесу барысында іске асыру балуанның күш-қуатына тәуелділігінде. Мысалы, қайратты, жойқын күш иесі-белдесі дарысында бәсекелесін өздегеніне көндіре алады. Ал шапшаң, шалт қимылды меңгермеген балуан әдіс қолдану сәтте үнемі кешігіп, сәтті кезеңдерді дайым қолдан шығарып алады. Нәтижеде ол қарсылысының жетегінде кетіп жеңіске жету үмітінен айырылады.

Күрес өңіріндегі тактикалық шеберлік-балуанның екрік-жігерінің жоғарылығына да тәуелді. Оған, батылдық, табандылық, тәуекелшілдік және бастамшылдықты жатқызуға болады. Мысалы, бір балуан бастапқы-кезеңнен-ақ жекпе-жек тізгінін өз қолына алып, белдесуді жеңіспен аяқтауды қамтамасыз етсе, екінші біреулері қарсыласын күрес барысында әдеп қалжыратын барып жекпе-жектің соңғы кезеңінен өз қолына ыждағатталықпен алып жеңіс тұғырына көтеріледі.

Күрес тактикасына тән белгілер-қайталанбайтын іс-әрекет пен шалт қимылдар, үстін-үстіне үдемелі шабулдар, көз ілеспейтін күрес тәсілі айлакерлікпен қарсыласының әдісіне дер кезінде кедергі жасай білу. Балуан шеберлігі мен тактикалық жағынан сауаттылығының негізгі белгілерінің бірі-оның белдесу барысындағы пайдаланылатын алуан түрлі әдіс-айлалары мен ширақтығы болмақ.

Белдесу процесіне тән тактикалық бағыттың негізгі бағыттары бізге белгілі: олар; бірінші үйреніп меңгерген айла-амалдарды пайдалану тактикасы, тәсілдерді дер кезінде пайдалануға жағдай жасау тактикасы, жекпе-жек тактикасы, жарыс жолдарындағы іс-әрекет.
6-лекция



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет