ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейдегі СМЖ құжат
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-15.1.3/01-2014
|
ПОӘК
«Қазақ журналистикасының тарихы» пәнінің оқытушыға арналған бағдарламасы
|
2014 жылғы
№2 басылым
|
5В050504 «Журналистика» мамандығына арналған
«Қазақ журналистикасының тарихы» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей
2014
Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРҒАН
Құрастырушы _________ «___» _______ 2014 жыл.
қолы
Каримова Бибігүл Жұмашқызы, Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының мәжілісінде қаралып, талқыланды.
Хаттама №___ «___» _______ 2014 жыл.
Кафедра меңгерушісі: ___________ Жұмағұлова Ә.М.
2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеттің оқу- әдістемелік бюро мәжілісінде талқыланып, бекітілді.
Хаттама №___ «___» _______ 2014 жыл.
Төрағасы: ___________ Тойкин С.Х.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде мақұлданып, бекітілді.
Хаттама №___ «___» ___________2014 жыл.
ОӘК төрайымы _________________ Искакова Г.К.
4 «___» _______ 20 ж. шыққан ПОӘК-нің
№2 БАСЫЛЫМЫ
Мазмұны
1 Қолданыс аясы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Жалпы ережелер
4 Оқу пәнінің мазмұны (модуль бойынша)
5 БӨЖ-ның тақырыптары
6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы
7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
8 Әдебиеттер
1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ
«Қазақ журналистикасының тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы «Қазақ журналистикасының тарихы» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:
- 5В050400 «Журналистика» мамандығының 1080-23.08.2012 бекітілген ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- 5В050400 «Журналистика» мамандығының Типтік оқу жоспары;
- СТУ 042-ГУ-4-2014 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;
- ДП 042-1.01-2014 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:
а) Басты мәселе:
қазақ журналистикасын зерттеуші ғалымдардың еңбектері арқылы журналистиканың теориялық негізін меңгеру.
ә) Білім, машық, дағды және компетенция тізбегі:
-
ақпарат құралдары жұмысындағы өзіндік белгілерін теориялық негізінде игере отырып тәжірибемен ұштастыру;
-
керекті жерінде шетел ақпарат көздерінің іс – тәжірибесіндегі
жетістіктерін дәлелді талдауға пайдалану;
-
қоғамдағы өзекті мәселелерді шетел теоретиктерінің пікірлері негізінде бүгінгі журналистердің қызметіндегі кемшіліктерін орынды сынға алып талдай білу.
3.2 Осы курстың мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты соңғы он жылда қазақ журналистикасының өткен тарихының «ақтаңдақ» тұстары қайта қаралып, кезінде ұлтшыл, байшыл, алашордашыл деген нақақ жаламен жабылып қалған «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Жас азамат», «Абай» сияқты газет – журналдар мен онда қызмет істеген, әр жылдары жарияланымдары жарық көрген А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейханұлы, М.Шоқай, Х.Досмұхамедұлы, Х.Ғаббасұлы, Ә.Ермекұлы, С.Қожанұлы, Қ.Кемеңгерұлы сынды қазақ халқының біртуар зиялыларының қыруар мұралары мен оқыту процесіне қарай ғылыми айналымға түсіп, өткен қоғамдық ойымыздың тарихын саралауға мүмкіндік туды. Осы орайда Ұлттық баспасөз мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі хақында тарихи құжаттарды сөйлету, олардың шығармашылығындағы пішін мен түр, сюжеттік оқиға желісі мен жанрлық белгілері, көркемдік идеялық мәні мен ақпараттық ерекшелігі жағынан мағлұмат беру бұл пәннің мақсаты болмақ.
3.3 Курстың негізгі міндеттері:
«Қазақ журналистикасының тарихы» пәні журналистика тарихы бойынша өтілетін курстың бір бөлігі ретінде ең алдымен «Қазақстан тарихы» пәнінің негізінде барлық қоғамдық, саяси кезеңдермен байланыстырыла оқытылады.Себебі, әр студенттің бойына қазақ журналистикасының өткен дәуірлердегі жинақтаған мол тәжірибесін, шығармашылық ізденістері мен шеберлік жетістіктерін дарыта білу бұл пәнде қарастырылуы көзделген.
3.4 Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:
- Студенттерге 1917 жылдан бергі кезең аралығындағы қазақ журналистикасының өткен жолы жөнінде жан – жақты мағлұмат ұсыну.
- Қазақ газеттері мен журналдарының бағыт – бағдарына, мән – мазмұнына олардың жарық көрген уақытындағы саяси - әлеуметтік жағдайларға сәйкес баға беру.
- Қазақ баспасөзі тарихындағы «ақтаңдақ» тұстарға ерекше назар аудару.
- Студенттерге қазақ журналистикасы тарихының проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жазуға ықпал ету.
-
Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуді үйренеді;
-
Кәсіби зерттеу жұмыстарына дағдылары қалыптасады.
- Қазақ журналистикасының өзекті мәелелерін білуі керек;
- Журналистиканың негізгі әдістерін меңгеру керек;
- Қазақ журналистикасының тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну;
- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.
3.5 Курстың пререквизиттері:
3.5.1 Журналистикаға кіріспе
3.6 Курстың постреквизиті:
3.6.1 Әлем баспасөзінің тарихы
3.6.2 Шетел журналистикасы
3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме
1 Кесте
Курс |
Семестр
|
Кредит
|
ДС (сағ)
|
СПС (сағ)
|
Лаб. (сағ)
|
ОСӨЖ
(сағ)
|
СӨЖ(сағ
|
Бар
(сағ)
|
Бақылу түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1
|
2
|
3
|
30
|
15
|
-
|
22,5
|
67,5
|
135
|
емтихан
|
4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬ БОЙЫНША)
2 Кесте
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
1
|
2
|
Дәріс сабақтары
| -
Модуль Ұлттық журналистиканың тарихы
1. Ұлттық журналистиканың бастау көзі.
Ұлттық журналистиканың ілкі белгісі ежелгі түрік руна алфавитімен бәдізделген Орхон, Енисей, Талас өзендері бойынан табылған тас бітіктерінен көрініс тапқан. Мұндай ескерткіштер қатарына ғылыми ортада белгілі болған Білге қаған (683 - 734), Күлтегін (684-731), Тоныкөк, Күлі Чор, Мойын Чор, Қар Чор т.б. жәдігерлердегі сюжеттер мен оқиғалар желісі, образдар бейнесі мен жер – су атауларына байланысты суреттеулерден публицистикалық белгілердің нышанын, ақпарат таратудың көшпелілерге ғана тән ерекшеліктерін аңғаруға болады.
|
2
|
2. ХІХ ғ.екінші жартысы мен ХХғ. басындағы қазақ мерзімді баспасөзі.
Ұлттық баспасөз тарихы сөз болғанда ежелгі төрүк тасбітіктеріндегі рухани мұрамызға соқпай өту мүлде мүмкін емес.Бұл адамзат қоғамы әлі қағазды бағзы төрүктердің бұқаралық ақпарат таратудың әдіс – тәсілдерін және идеясын меңгерген ежелгі өркениетінен мағлұмат береді.Тас кітаптардың пішіні мен түрлері, сюжеттік оқиға желісі мен жанрлық белгілері, көркемдік – идеялық мәні мен жүйелеу үшін палеографиялық, фонетикалық ерекшеліктерінен түсінік беру.
|
2
|
3. Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы мен қазақ тіліндегі алғашқы газеттер. Қазақ көшбасшылары.
«Түркістан уалаятының газеті»
«Түркістан уалаяты газетінің» (1870 – 1882 жылдар) жалпы бағыты. Ресми және ресми емес бөлімдеріндегі материалдар. Редакторлары және шығармаларын шығарушылары мен авторлар құрамы. Газеттің елдің ішкі – сыртқы жағдайы, сауда, отырықшылық, мал шаруашылығы, оқу – ағарту мәселелері, әдебиет пен өнер проблемаларына байланысты көтерген мәселелері.
«Дала уалаятының газеті»
«Дала уалаятының газетінің» (1888-1902) жалпы бағыты. Ресми және ресми емес бөлімдеріндегі материалдар.Ондағы елдің ішкі – сыртқы жағдайы, сауда, отырықшылық, мал шаруашылығы, оқу – ағарту мәселелері, әйел теңдігіне байланысты көтерген мәселелері, қоршаған ортаны қорғау тақырыбы, әдебиет және тіл, жалпы қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік жағдайларының жазылуы.
|
2
|
4. 1905 – 1907 жылдардағы қазақ баспасөзі.
«Торғай газеті» (Тургайская газета) 1896-1910 жылдар. 1907 жыл. Онда жарияланған материалдар. 2. «Қазақ газеті».1907 жыл. Оны шығарушылар мен авторлар құрамы және прогрессивтік бағыты. 3. «Серке газеті». 1907 жыл. Шығарушылар мен авторлар құрамы. Газеттегі М.Дулатовтың мақалалары.4. «Орал газеті».1907 жыл. Саяси бағыты. Ондағы қазақ еңбекшілері атынан жарияланған «Ашық хат».
|
2
|
2 - Модуль Қазақ баспасөзінің қарлығаштары
1. «Айқап» журналы және оның идеялық бағыты.
Қазақтың ой ойлаған оқығандарын топтастырып, ұлттың мұң – зарын ортаға салып, қоғамдық пікірдің дамуына желкен болған тұңғыш «Айқап» журналының (1911-1915) тарихи маңызы зор. Мұхамеджан Сералиннің ұйымдастырған жеке журналының ұлттық деңгейге көтерілуі. «Айқап» журналының көшпелі қазақтың ұлттық санасын сапалық жаңа сатыға көтеруге қосқан орасан зор тарихи үлесі басым.
|
2
|
2. «Қазақ» газеті.
«Қазақ» газетінің жарыққа шығуына тікелей ықпал еткен қоғамдық – саяси, әлеуметтік-шаруашылық, мәдени-рухани алғышарттар. «Қазақ» газеті тұңғыш рет реформаланған әліпбимен және таза қазақ емлесімен жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлының редакторлық, журналистік қызметтері.Газеттің авторлары. Оның идеялық –саяси бағыты.Қазақ халқының бұрынғы, сол кездегі жайы, күнелту, сауда, кәсіп,жер – су, егін шаруасы жайынжағы кеңес, оқу оқыту, мектеп,, медресе, ғылым, өнер, тіл, әдебиет, білім және т.б. мәселелер туралы газет бетінде жарияланған материалдар.
|
2
|
3. Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары.
(1917 – 1918 жылдар)
Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары (1917-1918 жылдар.«Сарыарқа» газеті). Газет шығарушылар мен авторлар құрамы.Оның бағыт – бағдары. Газет бетіндегі саяси, әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық мәселелер. «Бірлік туы» газеті. Газет шығарушылар мен авторлар құрамы.Онда жарияланған басты материалдар.М.Шоқайдың хаты.
«Жас азамат» газеті. «Жас азамат» газеті – қазақ жастар баспасөзінің қарлығашы. Қ.Кемеңгерұлының редакторлық, публицистік қызметі.Газет бетіндегі жарияланған материалдар. «Алаш» газеті.
«Алаш» газетінің саяси- идеялық бағыты, редакция алқасы. Авторлар құрамы. Газет бетіндегі жарияланған материалдар.
|
2
|
3 - Модуль Соғысқа дейін және соғыс жылдарындағы баспасөз
1 Қазақстандағы «Кіші Октябрь» орнату немесе ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен индустрияландыру жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі
1933-1937 жылдардағы қазақ жеріндегі мерзімді баспасөздің даму жолдары. Қазақстанда Республикалық салалық газет – журналдардың одан әрі қалыптасуы. Қазақстанда теміржол, құрылыс, тау-кен, баспа ісі жайындағы мерзімді баспасөздің ұлғаюы.
Қазақ әдебиеті» (1934-1938 ж.) газеті. Шығарушылары. Тұрақты бөлімдері. Даму тарихы, онда істеген публицистер. «Жаңа жазу», «Сауаттылыққа жол» (1933-1942 жылдар) журналдарының еңбекшілердің сауатын ашуда атқаратын рөлі. «Сақшы» (1933 ж.) газеті. Тұрақты бөлімдері. Даму тарихы, онда істеген публицистер. «Сақшы» газетінің кеңес заңын насихаттап, жүзеге асыру жолындағы қызметі. Газет бетіндегі әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық – саяси проблемалары мен мәселелері.
«Бірлік туы» газеті. «Бірлік туы» газетінің саяси- идеялық бағыты, редакция алқасы. Авторлар құрамы. Газет бетіндегі жарияланған материалдар.М.Шоқайдың хаты.
|
2
|
2. Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз.
(1937 – 1941 жылдар.)
1937 жылдың «жекелеген ауыртпалықтары», 60 мыңнан астам қазақ зиялыларының сталиндік репрессияның құрбандығына ұшырап, 1937-1938 жылдар аралығында А.Байтұрсынұлы, С.Сейфулин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, Т.Рысқұлов, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, О.Жандосов, С.Сәдуақасұлы, Т.Жүргенев, Қ.Жұбанов сияқты қоғам қайраткерлерінің республикалық қазақша – орысша газет-журналдарда «Ұлтшыл фашист» деп айыпталуы.Республикалық «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» т.б. газеттерде репрессияға байланысты орын алған, қолдан ұйымдастырылған науқандық айыптаушылық жұмыстары. Мерзімді баспасөзде Қазақстанда үшінші бесжылдық тапсырмаларының орындалу барысында қамтылуы. Мерзімді баспасөздің колхоз – совхоздарды ұйымдық, шаруашылық жағынан нығайту үшін күресі.
|
2
|
3. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ мерзімді баспасөзі.
Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты мерзімді баспасөз алдына қойған талаптар. Қазақстанда мерзімді баспасөз жүйелерінің ықшамдалып қайта құрылуы. Қазақ журналистерінің майданға аттануы. Соғыс далаларында қазақ әскери бөлімдерінің құрылуы және ұлт тілінде майдандық газеттердің шығарылуы. Қазақстанда Ұлы Отан соғысы жылдарында шығарылған облыстық, аудандық газеттер. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ақын – жазушылар фашизмге қарсы қаламды қару етулері – Жамбылдың, М.Әуезовтің, Ә.Тәжібаевтің т.б. жауынгерлік тақырыбына арналған шығармалар.
|
2
|
4 - Модуль Cоғыстан кейінгі жылдардағы баспасөз
1. Халық шаруашылығын қалпына келтіру, «ұлтшылдық» сарынға қарсы күрес және тың игеру жылдарындағы баспасөз.
(1946 – 1960 жылдар)
1946 -1960 жылдар арасындағы қазақ мерзімді баспасөзінің даму жолдары. Жалпы жағдайы. Соғыс кезіндегі уақытша тоқтаған республикалық, облыстық баспасөздердің қайта шығарылуы. Аудандық газеттер жүйесінің дамытылуы. Тілшілер қозғалысының жаңа кезеңдері.
«Қазақстан мұғалімі» (1952 ж.) газеті. Тұрақты бөлімдері. Даму тарихы, онда істеген публицистер.
«Ара»(1956ж.) журналы. Редакция алқасы. Осы журналдың қоғамға жат қылықтарды, кемшіліктерді сынауы.
Қазақ мерзімді баспасөзінің халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы рөлі.
|
2
|
2. Бұрынғы кеңес мемлекетінде «Коммунистік құрылысты өрістету» немесе тоқырау жылдарындағы баспасөз.
(1960 – 1980 жылдар)
1960 – 1980 жылдардағы қазақ мерзімді баспасөзінің идеялық сапасы. Газет- журнал тілшілері, оқырмандар арасындағы қарым – қатынас, сол кезеңде Торғай, Маңғыстау, Жезқазған облыстары газеттерінің және басқа да басылымдардың жарық көруі.
|
2
|
3. Қайта құрудан өтпелі кезеңге дейінгі аралықтағы қазақ баспасөзі.
(1985 – 1991 жылдар)
Жариялылық, демократияландырудың негізіндегі бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының қайта құрылуы.Баспасөзде(ақтаңдақ) мәселелердің жазылуы. Әлеуметтік – экономикалық және ұлтаралық қатынастар проблемаларының көтерілуі. 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғасының орталық және жергілікті басылымдарда жазылуы.
|
2
|
5 - Модуль Ерікті елдің баспасөзі
1. Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың басылымдары.
(1985 – 1996 жылдар)
1985 жылғы СОКП – ның сәуір Пленумынан соң Қазақстанда да түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың пайда болуы. Осыған орай олардың баспасөз органдарының құрылуы. Осы басылымдардың мақсат – мүдделері мен басты бағыттары. Қазақстанда да түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың баспасөзі.
Қазақстандағы түрлі тәуелсіз және жекеменшік басылымдар. Олардың мақсат – мүддесі. «Желтоқсан», «Алаш», «Халық конгресі», т.б. қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы, даму тарихы.
|
2
|
2. Егемен елдің ерікті баспасөзі. (1991 – 1996 жылдар)
Егемен елдің ерікті баспасөзі (1991-1996ж.). Республикамыздың тәуелсіздік алуына байланысты баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдарының қайта құрылуы. Тәуелсіздік және жеке меншік газет – журналдардың пайда болуы. Орыс тілді басылымдардың кейбір проблемалары.
|
2
|
Практикалық (семинар) сабақтары
| -
Модуль Ұлттық журналистиканың тарихы
1. Ежелгі төрүк руникалық алфавитімен бәдізделген ескерткіштердегі ұлттық ақпараттың тегі мен түрлері
Ежелгі төрүк тасбітіктеріндегі ақпарат таратудың ерекшелігі. Бағзы төрүктердің ақпарат тарату мен сақтаудағы қолданған материалдары және оны өңдеудің технологиясын меңгеруі. Жәдігер ескерткіштердің пішіні мен көркемдік безендірілуі мен дизайны. Тасбітіктердегі оқиға желісі мен баяндау әдісі. Публицистиканың нышандары.
|
1
|
2. ХІХ ғ.екінші жартысындағы көрнекті қазақ публицистері
Ш.Уәлихановтың публицистикалық еңбектері. Ы.Алтынсарин – ағартушы, журналист, публицист.
А.Құнанбаев публицистикасының ерекшеліктері.
|
1
|
3. «Тәжіман» газеті және Ысмағұлбек Ғәспрәлі.
«Тәжіман» газетінің төрүк халықтары үшін тарихи маңызы.
Ысмағұлбек Ғәспрәлінің ағартушылық, ұстаздық қызметінің мәні. Ысмағұлбек Ғәспрәлінің төрүк халықтары арасында баспасөз бен баспа ісін дамытуға қосқан үлесі.
|
1
|
4. 1910-1914 жылдардағы қазақ баспасөзі.
«Қазақстан» газеті (1911-1913 жылдар). Газеттің бағыт – бағдары.Редакциялық алқасы мен авторлық құрамы. Ондағы Е.Буйрин, Ғ.Қарашұлы, Б.Қаратаев, С.Мендешұлының қызметтері.Газет бетінде көтерілген басты проблемалар. 2. Петербург жұмысшыларының бүкілхалықтық «Правда» газеті (1912-1914 жылдар). Онда жарияланған Қазақстанға қатысты материалдар. «Правда» газетінің тілшісі Ж.Болғанбаевтің қызметі. «Айқап»журналы және оның идеялық бағыты.
«Айқап»журналы (1911-1915) патшалық Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясаты туралы. Журнал көтерген саяси, әлеуметтік – экономикалық мәселелер. Білім беру және мәдени ағарту проблемалары.
|
1
|
2 - Модуль Қазақ баспасөзінің қарлығаштары
1. Ресейдегі буржуазиялық – демократиялық төңкеріс және қазақ баспасөзі.
«Фикир» газеті. Газетке жазып тұрған авторлардың ұлттық ерекшелігі. «Қазақ» газеті. Оның буржуазиялық – демократиялық бағыты. «Серке», «Орал» газеттеріндегі қазақ бұқарасы тұрмысының жазылуы.
|
1
|
2. Қолжазба «Садақ» журналы.
Қолжазба «Садақ» журналы. «Садақтың» шығарушылары. «Садақ» журналының идеялық –саяси мазмұны мен бағыты.
|
1
|
3. Қазақстандағы алғашқы кеңес басылымдары.
«Тіршілік» газеті (1917-1918 жыл, шілде). «Тіршілік» газетінің саяси бағыты. С.Сейфуллиннің «Тіршілік» газетіндегі мақалалары. «Тіршілік» газетінің көтерген проблемалары мен мәселелері. «Тіршілік» газеті төңірегінде топтасқан публицистер – Р.Дүйсенбаев, А.Асылбеков, Б.Серікбаев, Ж.Нүркин, т.б. «Қазақ мұңы» газеті. (1918 жыл, сәуір - шілде). Газеттің идеялық бағыт – бағдары. Н.Төреқұловтың редакторлық қызметі. «Заря свободы» газеті. (1918 жыл, 8-наурыз – 18- маусым). Осы басылымның арнаулы қазақ бөлімінде жарияланған материалдар. Т.Бокин, С.Ғаббасовтың хаттары мен мақалалары. Қазақстанның әртүрлі өңіріндегі баспасөздің қалыптасуы.
|
1
|
3 - Модуль Соғысқа дейін және соғыс жылдарындағы баспасөз
1. Қазақстандағы «Кіші Октябрь» орнату немесе ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен индустрияландыру жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі
|
1
|
2. Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз.
Газет-журналдардың беттеріндегі өнеркәсіп, транспорт проблемаларына арналған материалдар. Мерзімді баспасөзде Қазақстанда үшінші бесжылдық тапсырмаларының орындалу барысында қамтылуы.
|
1
|
3. ХХ ғасыр басындағы қазақ тіліндегі кітаптар.
Қазақ Уфа қалаларында қазақ тіліндегі кітаптардың шығарылуы. Қоғамдық – саяси, әдеби кітаптардың көбеюі. К.бердиевтің, Мұхамет-Салық Кашимовтың, С.Дөнентаевтің, Х.Садуақасовтың; С.Көбеевтің, Ғ.Ғалымжановтың кітаптары. М.Ж.Көпейұлының әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық – саяси , әйел теңдігі, оқу – білім проблемалары мен мәселелеріне Ресейдің қазақ жеріндегі отарлау саясатын көрсететін еңбектері.
|
1
|
4 - Модуль Cоғыстан кейінгі жылдардағы баспасөз
1. Халық шаруашылығын қалпына келтіру, «ұлтшылдық» сарынға қарсы күрес және тың игеру жылдарындағы баспасөз
(1946 – 1960 жж.)
«Қазақстан мұғалімі» (1952 ж.) газеті. Тұрақты бөлімдері. «Ара»(1956ж.) журналы. Редакция алқасы. Қазақ мерзімді баспасөзінің халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы рөлі.
|
1
|
2. 1945-1953 жылдардағы «ұлтшылдықпен» күрес науханыдағы» қазақ баспасөзі.
1949-1960жж. әдебиетке, ғылым мен творчестволық қызметке араласқан қазақ интеллигенциясы. «Ұлтшыл» деп күнә тағылған зиялылардың шығармашылық еңбектері. Тың игеру жылдарындағы мерзімді баспасөзде туған тосын ой - пікірлер.Тың игеруге байланысты қазіргі көзқарас.
|
1
|
3. 1950 – 1960 жылдар аралығындағы Қазақстанда жаңадан шыққан педагогикалық, сатиралық және мәдени, әдеби басылымдар.
«Қазақстан мұғалімі» (1952 ж.) газетінің тарихы. Газеттің авторлар құрамы. «Ара»(1956ж.) журналының тарихы. Журналдың авторлар құрамы.
|
1
|
5 - Модуль Ерікті елдің баспасөзі
1. 1985 – 1996 жылдар аралығындағы қазақ мерзімді баспасөзі.
Қазақстанда да түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың баспасөзі.
Қазақстандағы түрлі тәуелсіз және жекеменшік басылымдар. Олардың мақсат – мүддесі. «Желтоқсан», «Алаш», «Халық конгресі», т.б. қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы, даму тарихы.
|
1
|
2. Егемен елдің ерікті баспасөзі. (1991 – 1996 жылдар) Егемен елдің ерікті баспасөзі (1991-1996ж.). Республикамыздың тәуелсіздік алуына байланысты баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдарының қайта құрылуы. Тәуелсіздік және жеке меншік газет – журналдардың пайда болуы. Орыс тілді басылымдардың кейбір проблемалары.
|
1
|
5 БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Қазақ тілі» газеті.
5.2 Алғашқы қазақ публицистері.
5.3 Жас Алаш» газеті.
5.4 «Абай»журналы.
5.5 Ғ.Қарашаев – публицист.
5.6 ХХ ғ.б. қазақ тіліндегі кітаптар.
5.7 М.Шоқайдың «Бірлік туы» газетіндегі журналистік қызметі.
5.8 Ә.Бөкейхановтың публицистік қызметі.
5.9 «Қызыл Қазақстан»журналы.
5.10 М.Тұрғанбаев және «Сарыарқа» газеті.
5.11 «Серке» газеті.Онда қызмет еткен қазақ зиялылары.
5.12 С.Қожанов – публицист.
5.13 «Жұмысшы» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен қазақ зиялылары.
5.14 «Әйел теңдігі»журналы.
5.15 «Еңбекші қазақ» газеті.Кеше және бүгіні.
5.16 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі.
5.17 «Алаш» газетінің шығарушылары мен негізгі тақырыптары.
5.18 «Ара»журналы. Кеше және бүгіні.
5.19 Ш.Құдайбердиевтің журналистік қызметі.
5.20 А.Байтұрсынов – қазақ баспасөзінің тұңғыш теоретигі.
5.21 М.Сералиннің журналистік қызметі.
5.22 «Қазақстан мұғалімі»журналы.
5.23 «Ақ жол» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен авторлар.
5.24 С.Есованың редакторлық қызметі.
5.25 «Шолпан» журналының бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен авторлар.(1922-1923жж)
5.26 Н.Төреқұловтың публицистік, редакторлық қызметі.
5.27 «Садақ» журналының идеялық бағыты, авторлар құрамы.
6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
3-Кесте
Тақырып
|
Көрнекі құралдар,
ОТҚ
плакаттар, стендтер
|
Өз бетімен дайындалу сұрақтары
|
Бақылау түрі
|
Дәріс сабағы
|
Тәжірибелік сабағы
|
Зертх. жұмыс
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Ұлттық журналистиканың бастау көзі.
|
1. Ежелгі төрүк руникалық алфавитімен бәдізделген ескерткіштердегі ұлттық ақпараттың тегі мен түрлері.
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдарымен жұмыс
|
Ауызша
|
2. ХІХ ғ.екінші жартысы мен ХХғ. басындағы қазақ мерзімді баспасөзі.
|
2. ХІХ ғ.екінші жартысындағы көқрнекті қазақ публицистері.
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдарымен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
3. Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы мен қазақ тіліндегі алғашқы газеттер. Қазақ көшбасшылары.
|
3. «Тәжіман» газеті және Ысмағұлбек Ғәспрәлі.
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдарымен жұмыс
|
Ауызша
|
4. 1905 – 1907 жылдардағы қазақ баспасөзі.
|
4. 1910-1914 жылдардағы қазақ баспасөзі.
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдарымен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
5. «Айқап» журналы және оның идеялық бағыты.
|
5. Ресейдегі буржуазиялық – демократиялық төңкеріс және қазақ баспасөзі.
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
|
|
6. «Қазақ» газеті.
|
6. Қолжазба «Садақ» журналы.
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдарымен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
7. Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары.
(1917 – 1918 жылдар)
|
7. Қазақстандағы алғашқы кеңес басылымдары.
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдарымен жұмыс
|
Ауызша
|
8. Қазақстандағы «Кіші Октябрь» орнату немесе ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен индустрияландыру жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі.
|
8. Қазақстандағы «Кіші Октябрь» орнату немесе ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен индустрияландыру жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі.
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
|
|
9. Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз.
(1937 – 1941 жылдар.)
|
9. Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз.
|
|
Дәріс тезисі, бақылау тапсырмалары
|
Тест тапсырмаларымен жұмыс
|
Жазбаша
|
10. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ мерзімді баспасөзі.
|
10. ХХ ғасыр басындағы қазақ тіліндегі кітаптар.
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдарымен жұмыс
|
Ауызша
|
11. Халық шаруашылығын қалпына келтіру, «ұлтшылдық» сарынға қарсы күрес және тың игеру жылдарындағы баспасөз.
(1946 – 1960 жылдар)
|
11. Халық шаруашылығын қалпына келтіру, «ұлтшылдық» сарынға қарсы күрес және тың игеру жылдарындағы баспасөз
(1946 – 1960 жж.)
|
|
Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдарымен жұмыс
|
Ауызша
|
12. Бұрынғы кеңес мемлекетінде «Коммунистік құрылысты өрістету» немесе тоқырау жылдарындағы баспасөз.
(1960 – 1980 жылдар)
|
12. «Ұлтшылдық сарынға қарсы күрес» және «Тың игеру жылдарындағы» қазақ баспасөзі.
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдарымен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
13. Қайта құрудан өтпелі кезеңге дейінгі аралықтағы қазақ баспасөзі.
(1985 – 1991 жылдар)
|
13. 1950 – 1960 жылдар аралығындағы Қазақстанда жаңадан шыққан педагогикалық, сатиралық және мәдени, әдеби басылымдар.
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдарымен жұмыс
|
Ауызша
|
14. Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың басылымдары.
(1985 – 1996 жылдар)
|
14. 1985 – 1996 жылдар аралығындағы қазақ мерзімді баспасөзі.
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдарымен жұмыс
|
Ауызша
|
15. Егемен елдің ерікті баспасөзі. (1991 – 1996 жылдар)
|
15. Егемен елдің ерікті баспасөзі. (1991 – 1996 жылдар)
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары
|
Газет-журнал материалдарымен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
4-Кесте
Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы
|
Саны
|
Студенттердің саны
|
Қамтамасыз ету пайызы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының тарихы.
|
2
|
16
|
12,5%
|
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары.
|
3
|
16
|
18,75%
|
3. «Айқап» Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.
|
2
|
16
|
12,5%
|
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері.
|
2
|
16
|
12,5%
|
5. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары.
|
2
|
16
|
12,5%
|
6. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С., Сақов Қ.
|
1
|
16
|
6,25%
|
7. Қожакеев Т. Жыл құстары.
|
4
|
16
|
25%
|
8. Қожакеев Т. Көксеңгірлер.
|
4
|
16
|
25%
|
8 ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі әдебиеттер
8.1.1 Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. - А., 2010.
8.1.2 Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А., 2004.
8.1.3 Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. – А., 2011.
8.1.4 «Айқап» Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С. – А., 2010.
8.1.5 Байтұрсынов А., Ақ жол. – А., 2011.
8.1.6 «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
Сақов Қ. – А., 2010.
8.2 Қосымша әдебиеттер
8.2.1 Жақып Б. М.Әуезов – публицист. – А., 2011.
8.2.2 Сұбханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. – А., 2013.
8.2.3 Сұбханбердина Ү.«Дала уәлаятының газеті» - А., 2001,2003,2004,2007.
8.2.4 Бөкейханов Ә. Таңдамалы . – А., 2011.
8.2.5 Дулатов М. Шығармалары. А., 2011.
Достарыңызбен бөлісу: |