Мектеп бітірушілерге емтихан материалдарымен жұмыс істеу бойынша жадынама ұлттық бірыңғай тестілеу



Дата11.07.2016
өлшемі49.92 Kb.
#190557




МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ ЕМТИХАН МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША

ЖАДЫНАМА
Ұлттық бірыңғай тестілеу

Ұлттық тестілеу орталығы





  1. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі емтихан материалдары туралы жалпы ақпарат

    • Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) кезінде келесі емтихан материалдары пайдаланылады:

  • сұрақ кітапшасы – мектеп бітірушіге емтихан кезінде берілетін пәндер бойынша тест тапсырмалары жинақталған арнайы емтихан құжаты;

  • жауап парағы – мектеп бітіруші өз жауаптарын белгілейтін, нәтижелерді бағалау мақсатында сканерде оқуға арналған арнайы бланк;

  • жауап парағының көшірмесі – мектеп бітіруші өз жауаптарын белгілеген, тестілеуден кейін балдарын өз бетінше санауға арналған арнайы бланк;

  • мектеп бітірушіге тестілеу кезінде ең алдымен жауап парағы, жауап парағының көшірмесі, содан кейін сұрақ-кітапшасы беріледі.

  • Емтихан материалдарын аудитория кезекшісі аудиторияда береді, оны аудиториядан алып шығуға тыйым салынады.

  • Тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін сұрақ-кітапшасы мен жауап парағы кезекшіге өткізіледі, жауап парағының көшірмесі мектеп бітірушінің өзінде қалады.


2. Жауап парағын толтыру

  • Жауап парағы екі бөліктен тұрады:

  • жауап парағының қызметтік секторлары – тестіленуші туралы: тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә.), тестіленушінің жеке коды (ТЖК), лек, аудитория, орын және нұсқа нөмірлері сияқты жеке мәліметтерді толтыруға арналған жауап парағының арнайы секторлары;



  • пәндер бойынша жауаптарға арналған секторлар –

пәндер бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын белгілеуге арналған жауап парағының арнайы секторлары;



  • Жауап парағының барлық секторлары, сонымен қатар әрбір тест тапсырмасына жауап нұсқасы торкөздегі сандық белгілерге тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы толтырылады:



  • Жауап парағы таратылғаннан кейін қызметтік секторларлар келесі тәртіппен толтырылады:

  • 1-секторда бітірушінің Т.А.Ә. жазылады;

  • 2-секторда жоғарғы тор көздерге көлденеңінен бітірушінің рұқсаттамасында көрсетілген талапкердің жеке коды жазылады, әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады.

  • 3 және 4-секторларда емтихан тапсыру кезінде бітірушінің отыратын орны және оның сұрақ-кітапшасының нұсқасы боялады;

  • 5-секторда бітіруші ҰБТ тапсыратын лек пен аудитория нөмірі толтырылады. Сұрақ-кітапшасының мұқабасы толтырылғаннан кейін және емтихан басталғандығы хабарланғаннан кейін пәндер бойынша тест тапсырмаларына жауап бергендігіне байланысты пәндер бойынша секторлар толтырылады.

  • 6, 7, 8, 9 секторларда Қазақ тілі, Орыс тілі, Қазақстан тарихы, Математика пәндеріне сәйкес жауаптар боялады;

  • 10-секторда таңдау пәні бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады;


  • 11-сектор кешенді тестілеумен шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер үшін қарастырылған. ҰБТ тапсыратын түлектер бұл секторды боямайды.

  • 12 секторда жауап парағының нөмірі көрсетілген және боялмайды;

  • 13 секторда бітіруші жауап парағында көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растап қол қояды.

  • 3. Сұрақ-кітапшасының мұқабасын толтыру




  • Сұрақ кітапшасының мұқабасында бітіруші келесі мәліметтерді толтырады:

  • Т.А.Ә.;

  • ТЖК;

  • Жауап парағының №

  • Лек;

  • Аудитория және отырғызу орнының нөмірі;

  • Бесінші пәннің атауы (таңдау бойынша пән).

  • Сұрақ-кітапшасының мұқабасын толық толтырғаннан кейін бітіруші қолын қояды.

  • Сұрақ- кітапшасымен жұмысты бастамас бұрын бітіруші кітапшаның беттерін түгендейді және типографиялық ақаудың болмауын тексереді. Егер ақау болған жағдайда аудитория кезекшісіне хабарлайды.


4. Сұрақ-кітапшасы нұсқасының 4-санын анықтау тәртібі



  • Сұрақ-кітапшасын тарату барысында оның мұқабасында тестілеу нұсқасы үш орынды санмен берілген, нұсқаның 4-ші саны жасырын болып табылады.

  • Тестілеу аяқталуға 15-20 минут қалғанда ҰТО электрондық почтамен ҰБТӨП-ке кезекшілердің аудиторияларға хабарлауы үшін нұсқаның 4-ші санын анықтайтын қажет мәліметті жібереді.

  • Нұсқадағы 4-сан сұрақ-кітапшасының мұқабасында орналасқан матрицаның көмегі арқылы анықталады.

  • Мысалы: ҰТО-дан И7 белгісі келсе, онда нұсқаның төртінші саны 7 баған мен И тұрған жолдың қиылысында тұрған сан, яғни 3.


Бұл жерде мектеп бітірушілерге жауап парағында бояйтын нұсқаның 4-ші саны – 3.



Есте сақтаңыз!!!

  • Жауап парағы қара пастасы бар қаламмен толтырылады.

  • Нәтижелерді өңдеу үшін арнайы қондырғыдан өтетіндіктен жауап парағын ластауға,бүктеуге және жыртуға болмайды

  • Жауап парағын толтырған кезде корректор сұйығын қолдануға рұқсат етілмейді.

  • Тест тапсырмаларына берген жауаптарыңызды жауап парағына көшірмес бұрын бұл сектордың Сіз жауап беріп отырған пәнге сәйкес екендігіне көз жеткізіңіз.

  • бір тапсырмаға 2 немесе одан көп жауап бояған кезде жауап есепке алынбайды.

  • Жауап парағы - тестілеу материалдарын өңдеу жүзеге асырылатын негізгі құжат, сондықтан оны қате және түзетулер жібермей, мұқият толтырыңыз.



  • Жауап парағының қызметтік секторларын дұрыс толтыру емтихан материалдарын өңдеуге кететін уақытты үнемдейді және көпшілік назары үшін ілінетін тестілеу нәтижелерінің уақытын тездетеді.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет