5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау» Элективті пәндер



Дата09.06.2016
өлшемі384.83 Kb.
#125409
5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
Элективті пәндер

(таңдау бойынша)




1 курс



Пән циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

Him 1201

FHimN 1201



1

а. Химия
б. Физколлоидтық химия негіздері

Дармағанбетова К.Х.
Балықбаева Г.

3
3

1
1

2

IG

1202


EK 1202

2

а. Инженерлік графика
б. Еңбекті қорғау

Батырбаев Е.А.
Аяхметов А.Ж.

3
3


1
1

3

TM 1203

GZh 1203


3

а. Теорялық механика
б. Гидромашиналар мен жетектер

Үргенішбеков А.Т.
Ахметов Н.Х.

3
3

2
2


Базалық пәндер
1.а). Пәннің атауы: Химия

Пререквизиттер: Физколлоидттық химия негіздері, физика, экология

Постреквизиттер: Гидромашиналар мен жетектер, Газмұнай құбырлары, Мұнай және газ химиясының негіздері, Мұнайгаз жабдықтарының техникасы мен технологиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Периодтық заң және атом құрылысы. Зат құрылысы. Химиялық байланыс. Химиялық теормодинамика. Химиялық реакциялардың энергетикасы. өздігінен жүретін процестердің жүру шарттары. Химиялық және фазалық тепе-теңдіктер. Химиялық кинетика. Рекация жылдамдығы және оны реттеу әдістері. Катализаторлар және каталитикалық жүйелер. Ерітінділер және олардың негізгі заңдары. Тотығу-тотықсыздану реакциялары мен электрохимиялық процестер. Металдар коррозиясы. Комплекстік қосылыстар. Дисперсиялық жүйелер, олардың инженерлік-техникалық проблемеларды шешудегі алатын орны.

Бағдарлама жетекшілері: Дармағанбетова К.Х.
1.б) . Пәннің атауы: Физколлоидтық химия негіздері

Пререквизиттер: Химия, Өміртіршілік қауіпсіздік негіздері, Экология және тұрақты даму

Постреквизиттер: Электроника негіздері, Мұнайгаз саласындағы қоршаған ортаны қорғау, Газ жабдықтарының сенімділігі, Жерасты гидромеханикасы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Өнім қауіпсіздігі мен бақылау. Негізгі ұғымдар мен химия заңдары. Химиялық байланыс. Заттың құрылысы. Химиялық және фазалық тепе-теңдіктер. Ертінділер. Физколоидтық химия, талдаудың физикалық-химиялық әдістері. Қоршаған ортаны қорғаудың коллоидтық химиялық негіздері. Химиялық идентификация: сапалық және сандық талдау, талдаудың физика-химиялық әдістері.

Бағдарламаның жетекшісі: Балықбаева Г.

2.а). Пәннің атауы: Инженерлік графика

Пререквизиттер: Математика, Физика, Информатика, Стандарттау

Постреквизиттер: Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері, Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару, Технологиялық машиналарды АЖЖ

Бағдарламаның қысқаша курсы: Проекциялау модельдері. Монж эпюралары. Осьсіз сызба. Нүктені, түзуді, жазықтықты проекциялау. Сызбаны түрлендіру. Бетті проекциялау. Қырлы беттер. Айналу беттері. Сызбаларды рәсімдеудің жалпы ережелері. Компьютерлік графика. Компьютерлік графиканың әдістері мен құралдары. Сызбаларды салуға арналған қолданбалы программалар пакеттері.

Бағдарлама жетекшілері: Батырбаев Е.А.

2.б) . Пәннің атауы: Еңбекті қорғау

Пререквизиттер: Өміртіршілік қауіпсіздік негіздері, Экология және тұрақты даму, Физика

Постреквизиттер: Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау, Мұнай және газ өндіру технологиясы, Газ жабдықтарын жөндеу

Бағдарламаның қысқаша курсы: Тіршілік әрекетін қамсыздандыруды ұйымдастыру негіздері. Бейбіт және соғыс уақытындағы азаматтық қорғаныс. Төтенше жағдайлар. Апат теориясы. Зақымдану көздері. Құтқару және аварияны қалпына келтіру жұмыстары. Тұрғындарды қорғау. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын, радиациялық және химиялық барлау және дозиметриялық бақылау.Өндіріс қызметі негіздерінің және оларды қолданудың осы заманғы экологиялық талаптарға сәйкестігін зерделеу.Болашақ мамандардың жалпы санитарлық-гигиеналық мәдениетін жетілдіру

Бағдарламаның жетекшісі: Аяхметов А.Ж.

3.а). Пәннің атауы: Теориялық механика

Пререквизиттер: Информатика, Математика, Физика, Инженерлік графика

Постреквизиттер: Конструкциялық материалдар технологиясы, Машина бөлшектері, Машина мен механизмдер теориясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Кинематика; абсолюттік қатты дене туралы ұғым; еркін қатты дене қозғалысының жалпы жағдайы; нүктенің абсолюттік және салыстырмалы қозғалысы; статика динамикасы мен элементтері; динамика және статика заты; динамика міндеттері; механикалық жүйе; күштік өріс туралы ұғым. Күштер жүйесі; күштердің ерікті жүйесі тепетеңдігінің аналитикалық шарттары; қатты дененің ауырлық центрі және оның координаталары.

Бағдарлама жетекшілері: Үргенішбеков А.Т.

3.б) . Пәннің атауы: Гидромашиналар мен жетектер

Пререквизиттер: Химия, Физика, математика, Инженерлік графика, Еңбек қорғау

Постреквизиттер: Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері, Технологиялық процестерді бақылау теориясының негіздері, Жерасты гидромеханикасы.



Бағдарламаның қысқаша курсы: Сораптар, сораптар түрлері. Динамикалық сораптар, құрылыс схемалары. Ортадан тепкіш сорап гидромеханикасы, қалақты сораптар, сипаттамлары, пайдаланудың тиімді тәртібі. Көлемді сораптар: көлемді сорап түрлері. Роторлы сораптар: роторлы сорап түрлері, тісті, дөңгелекті, бұрандалы, роторлы-поршенді сораптардың құрылғысы, сорап жұмысының тәртібін реттеу, құбыр өткізгіш тізбегіне сорап жұмысы, әртүрлі сораптардың пайдалану аймақтары. Гидроқозғалтқыштар, олардың түрлері, құрылымдары, жұмыс істеу принципі, турбобур турбиналарының гидромеханикасы, турбобур сипаттамасы. Компрессорлар. Пайдалану аймағы, техникалық параметрлері, көрсеткіштері, компрессорлар классификациясы. Ортадан тепкіш компрессорлар; өстік компрессорлар, желдеткіштер. Көлемдік компрессорлар, көпсатылы сығылу, қысымдардың сатылар бойынша бөлінуі, цилиндрдің индикаторлық қуаты, компрессорлық қуат, роторлы компрессорлар, құрылымы, жұмыс істеу принципі, роторлы компрессордың сипаттамасы.

Бағдарламаның жетекшісі: Аяхметов Н.Х.


2 курс



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

КМТ 2204

MВ 2204


4

а. Конструкциялық материалдар технологиясы
б. Машина бөлшектері

Ысқақ Е.Н.


Бекжанов С.

3
3

3
3


2

EN 2205

EN 2205


5

а. Электротехника
б. Электроника негіздері

Тайман С.Т.
Мұхамеджан А.

3

3


3

3


3

OZhT 2206

MK

2206



6

а. Өлшеудің жалпы теориясы
б. Мамандыққа кіріспе

Демеуова А.Б.
Қодар Е.Т.

3
3

4
4


4

Мet 2207

GMK 2207


7

а. Метрология
б. Газмұнай құбырлары

Абдраймова Н.Ө.
Ержанова А.Т.

3
3

4
4


5

MeZhT 2214

DT 2214


8

а. Мұнайгаз жабдықтарының техникасы мен технологиясы

б. Дәнекерлеу технологиясы



Басқанбаева Д.Ж.
Ержанова А.Т.

3
3

4
4




Базалық пәндер:
4.а). Пәннің атауы: Конструкциялық материалдар технологиясы

Пререквизиттер: Химия, Физика, Физколлоидттық химия негіздері

Постреквизиттер: Гидромашиналар мен жетектер, Машина бөлшектері, Мұнайгаз жабдықтарының техникасы мен технологиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Халық шаруашылығының барлық салаларында технологиялық машиналардың тораптары мен бөлшектерінің құрылымын, есептеу жолдарын теориялық тұрғыдан жобалау негіздері. Жобалаудың, құрылым жасаудың жалпы қағидалары, жалпы пайдалынатын бөлшектердің моделін құрып, есептеу алгоритімін жасау. Машиналар мен қондырғылардың сенімді жұмыс істеу қабілеттілігін бағалау негізі. Машина бөлшектерін автоматты түрде жобалау: есептеу, сызу, өндіріске дайындау, зерттеу жұмыстарының нәтижесін өңдеу. Электрондық есептеу машиналарымен жобалау әдістері. Жобалаудың экономикалық негізі.

Бағдарламаның жетекшісі: Ысқақ Е.Н.

4.б) Пәннің атауы: Машина бөлшектері

Пререквизиттер: Математика, Физика, Инженерлік графика

Постреквизиттер: Метрология, Ғылыми-зертеу жұмыстарының негіздері, Бұрғылау жабдықтары, Кәсіпшілік жабдықтары.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылатын технологиялық машиналардың тораптары мен бөлшектерінің құрылымын, есептеу жолдарын теориялық тұрғыдан жобалау негіздері. Машина бөлшектерін автоматты түрде жобалау: есептеу, сызу, өндіріске дайындау, зерттеу жұмыстарының нәтижесін өңдеу. Майлау материалдары. Машина бөлшектерінің тозуы. Үйкеліс пен тозуды тексеру қондырғылары.

Бағдарламаның жетекшісі: Бекжанов С.

5а) Пәннің атауы: Электротехника

Пререквизиттер: Математика, Физика, Информатика

Постреквизиттер: Технологиялық процестерді бақылау теориясының негіздері, Дәнекерлеу технологиясы, Гидромашиналар мен коппрессорлар.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Тұрақты токтың электр тізбектері. Синусоидалы токтың бір фазалы электр тізбектері. Үш фазалы тізбектер. Синусоидалы емес электр тізбектері. Өтпелі процестер. Сызықты емес электр тізбектер. Магниттік тізбектер. Айнымалы ток тізбектеріндегі магнит өткізгіштері бар орауыш. Электрлік және электрлік емес шамалар өлшемдері. Трансформаторлар.

Бағдарламаның жетекшісі: Тайман С.Т.

5б) Пәннің атауы: Электроника негіздері

Пререквизиттер: Математика, Физика, Химия, Информатика, Электротехника

Постреквизиттер: Мұнайгаз жабдықтарының техникасы мен технологиясы, Машиналар мен механизмдер теориясы, Энергия тасымалдағыштарды тасымалдау және сақтау негізіндегі экология.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Электроника пәнін оқытудағы негізгі мақсат студенттерге жартылау өткізгішті аспаптардың жұмысын, жасалу принципін, электрондық сұлбалардың құрылысын және олардың қолданылу ерекшеліктерін оқып үйренуде өз деңгейінде білім алуын қамтамасыз етеді. Студенттерді жартылай өткізгішті аспаптардың құрылысымен, жұмыс жасау принципімен таныстыру. Электрониканың негізгі ұғымдарын игеру мақсатында инженерлік есептеу әдістері мен электрондық жүйелері құру әдістерін оқыту. Ғылыми көзқарас қалыптастыру және қазіргі ғылым аппаратуралармен танысу, эксперименттер жүргізуге іскерлікті қалыптастыру.

Бағдарламаның жетекшісі: Мұхамеджан А.

6а) Пәннің атауы: Өлшеудің жалпы теориясы

Пререквизиттер: Математика, Физика, Информатика, Инженерлік графика, Стандарттау метрологиясы

Постреквизиттер: Квалиметрия, Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері, Технологиялық процестерді бақылау теориясының негіздері

Бағдарламаның қысқаша курсы:

Бағдарламаның жетекшісі: Демеуова А.

6б) Пәннің атауы: Мамандыққа кіріспе

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы,Өміртіршілік қауіпсіздігінің негіздері, Физика, Химия, Инженерлік графика



Постреквизиттер: Конструкциялық материалдар кедергісі, Метрология, Квалиметрия, Газ жабдықтарының сенімділігі

Бағдарламаның қысқаша курсы: Өлшеудің формальды-логикалық негіздері тану процесі ретінде. Ұқсастық және өлшемдіктер теориясының әдістері. Классикалық өлшеу жүйелері. Тұрақтылық-өлшеу нәтижелерінің сенімділігі мен дәлдігіне қол жеткізудің қажетті шарты.

Бағдарламаның жетекшісі: Қодар Е.Т.

7.а) . Пәннің атауы: Метрология

Пререквизиттер: Математика, Физика, Химия, Инженерлік графика, Информатика

Постреквизиттер: Технологиялық процестерді бақылау теориясының негіздері, Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін бақылау, Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау

Бағдарламаның қысқаша курсы: Метрологияның теориялық негіздері. Метрологиялық қамтамасыз жайында түсінік. Метрологиялық қамтаманың ұйымдастырушылық, ғылыми және әдістемелік негіздері. Өлшеу тұтастығын қамтамасыз етудің құқықтық негіздері. Мекеменің метрологиялық қызметінің құрылымы мен функциялары.

Бағдарламаның жетекшісі: Абдраимова Н.Ө.

7.б) . Пәннің атауы: Газмұнай құбырлары

Пререквизиттер: Химия, Физколоидттық химия негіздері, Микро және макро экономика, Конструкциялау негіздері

Постреквизиттер: Технологиялық машиналарды АЖЖ , Газ жабдықтарын жөндеу, Мұнай базалары және газ сақтағыштар

Бағдарламаның қысқаша курсы: Мұнай және мұнай өнімдерін теміржол, су, автомобиль көлік түрлерімен тасымалдау: темір-жол, автомобиль цистерналарының, танкерлердің, баржалардың құрылмалары, құбырөткізгіш тасымалының болашағы, магистралды құбыр өткізгіштері құрылысының құрамы. Негізгі және қосымша құрал-жабдықтар, гидравликалық есеп, механикалық есеп, құбырдың өткізгіштік қабілетін көтеру тәсілдері, құрал – жабдықтарды таңдау. Магистралды газ құбыры құрылысының құрамы, компрессорлық станциялар, газды үлестіруші станциялар, магистралды газ таңдау, құбырдың нақты өткізгіштік қабілетін анықтау, тізбекті айдау, қоспаның пайда болу механизмі.Газқұбыр құрылысының құрамы, компрессорлық станциялар, газды үлестіруші станциялар, магистралды газ құбырының технологиялық есебі.

Бағдарламаның жетекшісі: Ержанова А.Т.

14.а) . Пәннің атауы: Мұнайгаз жабдықтарының техникасы мен технологиясы

Пререквизиттер: Физика, Химия, Инженерлік графика, Информатика, Машиналар мен механизмдер теориясы

Постреквизиттер: Жылу техникасы, кәсіпшілік жабдықтары, бұрғылау жабдықтары, Конструкциялау негіздері , Технологиялық машиналарды АЖЖ

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бұрғылау комплекстерінің негізгі параметрлері мен классификациясы, құрамы мен кинематикалық схемалары, негізгі техникалық параметрлері, бұрғылау комплекстерінің механизмдері мен негізгі машиналары, бұрғылау сораптары, бұрғылау комплекстерінің жетекшісі, бұрғылау комплексі механизмдерін басқару жүйелері, технологиялық процестердің механизациясы мен автоматизацияға арналған құрал-жабдық, көмекші операциялардың механизациясына арналған механизмдер, бұрғылау процесін басқару жүйесі, бұрғылау құрылысының есебі, құрастыру және сынау, пайдалану ережелері, техникалық қызмет ету, бұрғылау қондырғыларын тасымалдау, көмірсутек кеніштерінің классификациясы: қабаттардың жинағыш қасиеттері қабат жағдайындағы көмірстуек классификациясы мен олардың қасиеттері, мұнай және газ ұңғысы туралы түсінік; газдардың физикалық қасиеттері, ұңғы өнімділігін арттыру әдістері; пайдалану әдістерінің классификациясы; пайдаланудың фонтанды әдісі, фонтанды ұңғылардың құрал-жабдықтары, фонтанды әдістерді пайдалану аймағы.

Бағдарламаның жетекшісі: Басқанбаева Д.Ж.

14б) . Пәннің атауы: Дәнекерлеу техникасы

Пререквизиттер: Химия, Физика, Информатика, Инженерлік графика

Постреквизиттер: Машиналар мен механизмдер теориясы, Жылу техникасы, кәсіпшілік жабдықтары, бұрғылау жабдықтары, Машина бөлшектері

Бағдарламаның қысқаша курсы: Өнеркәсіпте қолданылатын дәнекерлеудің негізгі әдістерінің топтастырылуы; дәнекерлеу доғасының іске қосу көзі; еритін дәнекерлеудегі физикалық-металлургиялық процестер; дәнекерлеп қосудың беріктік технологиясы. Дәнекерлеу үшін қолданылатын материалдар, құрастырмалы құрылғылар мен дәнекерлеу тетіктерінің жинақталуы, флюстің көмегімен автоматтық дәнекерлеу, құбырлы тізбектерді электрлі-түйістіру арқылы дәнекерлеу, конструкциялар мен құбырлы тізбектерді дәнекерлеу сапасын бақылау, дәнекерлеу конструкциясын беріктікке есептеу; өндірістегі дәнекерлеу жұмысының техникалық қауіпсіздігі.

Бағдарламаның жетекшісі: Ержанова А.Т.



3-курс



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

КVa 3208

GZZhN 3208



8

а. Квалиметрия
б. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері

Демеуова А.
Досжанов М.

3
3

5
5

2

MGSKOK

3209


MN

3209


9

а. Мұнай және газ саласындағы қоршаған ортаны қорғау

б. Маркетинг негіздері



Абрахманов С.Т.
Өтегенова К.

3

3


5

5


3

MGHN

3210


SE

3210


10

а. Мұнай және газ химиясының негіздері

б. Сала экономикасы



Балықбаева Г.
Ерниязова Ж.

3
3

5
5

4

TPBTN

3211


MMT

3211


11

а. Технология процестерді бақылау теориясының негіздері

б. Машина мен механизимдер теориясы



Абдраймова Н.Ө.
Бекжанов С.

3
3

6
6

5

GK

3212


MGIN

3212


12

а. Гидромашиналар мен компрессорлар

б. Мұнайгаз ісі негіздері



Ахметов Н.Х.
Жабагиев А.М.

3
3

5
5

6

OHZhB

3213


GZhS

3213


13

а. Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару

б. Газ жабдықтарының сенімділігі



Дөненова А.
Ахметов Н.Х.

3
3

6
6

7

DBEZh

3301


MME

3301


1

а. Деректер базалары және эксперттік жүйелер

б. Микро және макро экономика



Абдраймова Н.Ө.
Талапбаева Г.

3
3

6
6

8

SOOKB

3303


KN

3303


3

а. Сынаудан өткізу, өнім

қауіпсіздігі мен бақылау

б. Конструкциялау негіздері


Абдраймова Н.Ө.
Балгабаев М.

3
3

6
6

9

TMS

3304


OAN

3304


4

а. Технологиялық машиналар сенімділігі

б. Өндірісті автоматтандыру негіздері



Ахметов Н.Х.
Тайман С.Т.

3
3

5
5

10

MGOT

3305


KOKD

3305


5

а. Мұнай және газ өндіру технологиясы

б. Құбыр өткізгіштерді және құрылысты дәнекерлеу



Жұмағұлов Т.
Ержанова А.Т.

3
3

6
6

11

ZhTN

3309


MBGS

3309


9

а. Жылу техникасы негіздері
б. Мұнай базалары және газ сақтағыштар

Ермағанбет А.Ж.
Демеуова А.Б.

3
3

5
5


Базалық пәндер:

8.а). Пәннің атауы: Квалиметрия

Пререквизиттер: Математика, Физика, Инженерлік графика

Постреквизиттер: Метрология, Стандарттау, Сертификаттау, Мұнайгаз жабдықтарының техникасы мен технологиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Квалиметрия туралы жалпы мәліметтер: тарихы, квалиметрияның елдегі және шетелдегі қазіргі күйлері. Негізгі Әдістері; квалиметрлік бағалау алгоритмі. Квалиметрлік шкалалар; бағалау жағдайын анықтау; сапаны бағалау технологиясының ерекшеліктері.

Бағдарламаның жетекшісі: Демеуова А.Б.

8.б) . Пәннің атауы: Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері

Пререквизиттер: Математика, Физика, Инженерлік графика, Информатика, Химия Постреквизиттер: Технологиялық процестерді бақылау теориясының негіздері, Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін бақылау, Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару

Бағдарламаның қысқаша курсы: Пәннің мақсаты мен міндеттері. Ғылыми зерттеу мен жобалауда стандарттарды енгізудегі қиыншылықтарын шешу жолдары. Ғылыми зерттеу негіздері.техникалық жүйелерді құрылымдау мен жобалаудың негіздері. Инженерлік эксперттен өткізу, өнертапқыштық және патенттік лицензиялау жұмыстары

Бағдарламаның жетекшісі: Досжанов М.Ж.

9.а) Пәннің атауы: Мұнай және газ саласындағы қоршаған ортаны қорғау

Пререквизиттер: Өміртіршілік қауіпсіздігінің негіздері, Химия, Экология және тұрақты даму

Постреквизиттер: Еңбек қорғау, Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау, Энергия тасымалдағыштарды тасымалдау және сақтау негізіндегі экология

Бағдарламаның қысқаша курсы: Экология түсінігі, экологияның ғылым болып қалыптасуы және дамуы. Экологияның мақсаты, міндеті және дамуы. Қазіргі кездегі экологиялық және саяси мәселелерді шешудегі экологияның мәні және орны, организм және қоршаған орта, тірі материяны ұйымдастыру деңгейлері. Қоршаған ортаның факторлары, жіктеу және олардың биологиялық көптүрлілікке әсері. Экожүйе биоценоз, биогеоценоз туралы түсінік. Жер үсті және су экожүйесі, олардың тұрақтылығы және дамуы. Экологиялық ширығу және адамның генофонды. Биосфера туралы ілім. Табиғат ресурстары мен қоршаған ортаны тиімді пайдалану. Табиғатты қорғау. Мәдениет типтері және өркениеттегі экологиялық мәселелер. Глобалды экологиялық мәселелер. Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық мәселелері, әлеуметтік-экономикалық кризис және тұрақты даму

Бағдарламаның жетекшісі: Абдрахманов С.Т.

9.б) Пәннің атауы: Маркетинг негіздері

Пререквизиттер: Математика, Экономикалық теория негіздері, Әлеуметтану

Постреквизиттер: Сапа менеджмент жүйелері, Өнім және процестер сапасын басқарудағы бақылаудың статистикалық әдістері

Бағдарламаның қысқаша курсы: Маркетингтің осы заманғы түсініктері: маркетингтік орта, маркетингтік зерттеулер мен рынокты сегменттеу, маркетинг кешенінің элементтері бойынша маркетинг стратегиясы және бағдарламалары; маркетингтік стратегия, жоспарлау және бақылау. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тауарлық және бағалық саясаты. Өнеркәсіп саласындағы маркетингтік коммуникация; өндіріске арналған тауарларды тарту және өткізу саясасы; кәсіпорынның бәсекелестік ортасының сипаттамасы. Өнеркәсіптік кәсіпорынның халықаралық маркетингі.

Бағдарламаның жетекшісі: Өтегенова К.

10.а) Пәннің атауы: Мұнай және газ химиясының негіздері

Пререквизиттер: Химия, Физика, Физколоидтық химия

Постреквизиттер: Жылу техникасы негіздері, Мұнай базалары және газ сақтағыштар, кәсіпшілік жабдықтар.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Периодтық заң және атом құрылысы. Зат құрылысы. Химиялық байланыс. Химиялық теормодинамика. Химиялық реакциялардың энергетикасы. өздігінен жүретін процестердің жүру шарттары. Химиялық және фазалық тепе-теңдіктер. Химиялық кинетика. Рекация жылдамдығы және оны реттеу әдістері. Катализаторлар және каталитикалық жүйелер. Ерітінділер және олардың негізгі заңдары. Тотығу-тотықсыздану реакциялары мен электрохимиялық процестер. Металдар коррозиясы. Комплекстік қосылыстар. Дисперсиялық жүйелер, олардың инженерлік-техникалық проблемеларды шешудегі алатын орны. Қоршаған ортаны қорғаудың коллоидтық химиялық негіздері. Химиялық идентификация: сапалық және сандық талдау, талдаудың физика-химиялық әдістері.

Бағдарламаның жетекшісі: Балықбаева Г.

10.б) Пәннің атауы: Сала экономикасы

Пререквизиттер: Математика, Өлшеудің жалпы теориясы, Мамандыққа кіріспе

Постреквизиттер: Гидромашиналар мен жетіктер, Квалиметрия, Маркетинг негіздері, Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның ролі және орны. Экономикалық дамудың негізгі мәселелері. Экономикалық дамудың негізгі түсініктері, категориялары және заңдылықтары, экономикалық процесті зерттейтін арнайы әдістер. Экономикалық дамудың негізгі моделі, ролі және товар-ақша және нарықтық қатынасындағы мәні, жеке қайтаөндірістің негізгі ұстанымдары, қалыптастыру және оның түрлері, өндіріс факторларының нарығы, олардың бағасы және кіріс ерекшеліктері. Экономика мәселесінің микро және макродеңгейдегі байланысы, макро-экономика қызметінің негізгі заңдары, экономикалық өсу және оның типтері, экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдің мәселелері. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша-несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары.

Бағдарламаның жетекшісі: Ерниязова Ж.

11.а) Пәннің атауы: Технология процестерді бақылау теориясының негіздері

Пререквизиттер: Математика, Физика, Информатика, Инженерлік графика

Постреквизиттер: Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін бақылау, Деректер базалары және эксперттік жүйелер

Бағдарламаның қысқаша курсы: Технологиялық процестерді бақылаудың әртүрлі әдістерін үйрену, процесті бақылау тетігінен, тізбектегі жауап қайтару тұрақтылығына гейн мөлшеріне әсер етуімен танысу. Сеттік архитектурамен танысу, процесті бақылаудың бағдарламалық негізін үйрену.

Бағдарламаның жетекшісі: Абдраймова Н.Ө.

11.б) Пәннің атауы: Машина мен механизмдер теориясы

Пререквизиттер: Математика, Физика, Инженерлік графика, Теориялық механика

Постреквизиттер: Машина бөлшектері , технологиялық машиналар сенімділігі, Электротехника

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жазық және кеңістік механизмдердің негізгі түрлері. Механизмдерді құрылымдық синтездеу және талдау. Механизмдерді графикалық және аналитикалық әдістермен кинематикалық талдау. Механизмдерді күштік талдау. Механизмдер мен машиналар қозғалысының дифференциалдық теңдеулері және оларды шешу әдістері. Механизмдерді теңестіру.

Бағдарламаның жетекшісі: Бекжанов С.

12.а) Пәннің атауы: Гидромашиналар мен компрессорлар

Пререквизиттер: Физика, Химия, Информатика, Машина бөлшектері

Постреквизиттер: Кәсіпшілік жабдықтары, бұрғылау жабдықтары, Технология машиналар сенімділігі

Бағдарламаның қысқаша курсы: Сораптар, сораптар түрлері. Динамикалық сораптар, құрылыс схемалары. Ортадан тепкіш сорап гидромеханикасы, қалақты сораптар, сипаттамлары, пайдаланудың тиімді тәртібі. Көлемді сораптар: көлемді сорап түрлері. Роторлы сораптар: роторлы сорап түрлері, тісті, дөңгелекті, бұрандалы, роторлы-поршенді сораптардың құрылғысы, сорап жұмысының тәртібін реттеу, құбыр өткізгіш тізбегіне сорап жұмысы, әртүрлі сораптардың пайдалану аймақтары. Гидроқозғалтқыштар, олардың түрлері, құрылымдары, жұмыс істеу принципі, турбобур турбиналарының гидромеханикасы, турбобур сипаттамасы. Компрессорлар. Пайдалану аймағы, техникалық параметрлері, көрсеткіштері, компрессорлар классификациясы. Ортадан тепкіш компрессорлар; өстік компрессорлар, желдеткіштер. Көлемдік компрессорлар, көпсатылы сығылу, қысымдардың сатылар бойынша бөлінуі, цилиндрдің индикаторлық қуаты, компрессорлық қуат, роторлы компрессорлар, құрылымы, жұмыс істеу принципі, роторлы компрессордың сипаттамасы.

Бағдарламаның жетекшісі: Ахемтов Н.Х.

12.б) Пәннің атауы: Мұнай ісі негіздері

Пререквизиттер: Химия, Физика, Физколоидтық химия негізері

Постреквизиттер: Мамандыққа кіріспе, Мұнайгаз өнеркәсібінің тарихы, Мұнай және газ өндіру технологиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақстан Республикасының экономикасында мұнай мен газдың маңызы; мұнай мен газды өндіретін және өңдейтін аудандар; мұнайгаз дамуының қысқаша тарихы; мұнай мен табиғи газ, оның құрамы мен қасиеті; мұнай мен газдың геологиясы жайында қысқаша мәлімет; жатқындар мен кен орындары жайында түсінік; жатқындар түрлері; геологиялық зерттеу жұмысының этаптары; мұнай мен газдың келіп шығуы жайында гипотезалар; мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау, ұңғы түрлері, мұнай және газ ұңғыларын бұрғылаудың қазіргі әдістері, мұнай мен газды өндіру, мұнай мен газды әсер етуші күштер, ұңғының түбіне сұйықтық пен газдың ағып келуін анықтайтын факторлар, мұнай және газ кен орындарын өңдеу және пайдалану, газды және газконденсатты кен орындарын өңдеу мен пайдалану ерекшеліктері, мұнай мен газ ұңғыларының өнімділігін арттыру тәсілдері, өндірісте мұнай мен газды жинау, тасымалдау мен сақтау, құбыр жолы көлігінің тиімділігі, мұнай мен газ құбырларының негізгі құрылыс бөлімдері; мұнай мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлар; газды таратушы станциялар, газгольдерлер, жер асты қоймалары, мұнай мен газды өңдеу және пайдалану, мұнай мен газдан алынатын өнімдер, мұнай мен газды өңдеудің негізгі тәсілдері.

Бағдарламаның жетекшісі: Жабагиев А.М.

13.а) Пәннің атауы: Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару

Пререквизиттер: Математика, Химия, Информатика, Инженерлік графика



Постреквизиттер: Сала экономикасы, Маркетинг негіздері, Квалиметрия

Бағдарламаның қысқаша курсы: Өндірістік үрдісті ұйымдастыру негіздері: кәсіпорынның өндірістік құрылымы, мамандандыру түрлері, өндіріс типтері, өндіріс циклы және оның құрылымы, қосалқы өндірісті ұйымдастыру. Өндірістегі қызмет етуді ұйымдастыру: өндірісті техникалық жағынан ұйымдастыру негіздері; өндірістегі техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру негіздері, өндірісті техникалық жолмен ұйымдастыру негіздері; шығарылатын өнімді техникалық тексеруден өткізуді ұйымдастыру. Кәсіпорындағы кезекпен жүргізілетін жұмыстың негізі. Есеп пен есептеуді жоспарлау. Өндірістік – шаруашылық қызметті талқылау. Кәсіпорынның бизнес-жоспары. Еңбекті жоспарлау. Өндірістің нәтижелілігін көтеруді жоспарлау. Инвестициялық жобаны жоспарлау және бағалу. Табиғатты қорғау шараларын жоспарлау және табиғат қорларын тиімді пайдалану.

Бағдарламаның жетекшісі: Дөненова А.

Кәсіптендіру пәндер:
1.а) Пәннің атауы: Деректер базалары және эксперттік жүйелер

Пререквизиттер: Математика, Информатика, Физика, Квалиметрия

Постреквизиттер: Технологиялық процестерді бақылау теориясының негіздері, Өнеркәсіптік өнімдердің сапасы мен техникалық деңгейін бағалау

Бағдарламаның қысқаша курсы: Деректер және эксперт жүйелері базаларын ұйымдастыру; атрибуттар мен объектілер; сұлбалармен бағынынқы жүйе; басқару жүйелері; Статистикалық өңдеу қорынтыдыларын пайдалану; ДБ қорытындыларын жасау; деректер консолидациясы; бос кестелер

Бағдарламаның жетекшісі: Абдраймова Н.Ө.

1.б) Пәннің атауы: Микро және макро экономика

Пререквизиттер: Математика, Экономикалық теория негіздері, Информатика,

Постреквизиттер: Сала экономикасы, Маркетинг негіздері, Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару

Бағдарламаның қысқаша курсы: Экономикалық дамудың негізгі мәселелері. Экономикалық дамудың негізгі түсініктері, категориялары және заңдылықтары, экономикалық процесті зерттейтін арнайы әдістер. Экономикалық дамудың негізгі моделі, ролі және товар-ақша және нарықтық қатынасындағы мәні, жеке қайтаөндірістің негізгі ұстанымдары, қалыптастыру және оның түрлері, өндіріс факторларының нарығы, олардың бағасы және кіріс ерекшеліктері. Экономика мәселесінің микро және макродеңгейдегі байланысы, макро-экономика қызметінің негізгі заңдары, экономикалық өсу және оның типтері, экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдің мәселелері. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша-несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары.

Бағдарламаның жетекшісі: Талапбаева Г.

3.а) Пәннің атауы: Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау

Пререквизиттер: Математика, Информатика, Физика, Химия, Метрология

Постреквизиттер: Өлшеудің жалпы теориясы, Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері, Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін бағалау

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жалпы ережелері: зерттеу объектілерінің есептері, бақылау мен мақсаттары. Зерттеулерді сертификаттау, зерттеулерді жоспарлау және қамтамасыз ету. Сынау жабдықтарының түрлері мен құрамдары; сынау жабдықтарын таңдау. Критерийлері.

Бағдарламаның жетекшісі: Абдраймова Н.Ө.

3.б) Пәннің атауы: Конструкциялау негіздері

Пререквизиттер: Математика, Информатика, Инженерлік графика Стандарттау, метрология

Постреквизиттер: Газ жабдықтарының сенімділігі, машиналар мен механизмдер теориясы, Машина бөлшектері

Бағдарламаның қысқаша курсы: Негізгі түсініктер, өнім классификациясы, өнімнің сапалығын бағалау әдістері. Құрал-жабдықтың сенімділігі, құрылыстардың технологиялылығы, көрсеткіштері, конструкцияның материал сиымдылығы және қатаңдылығы. Сораптарды есептеу және құрастыру, технологиялық процесін есепке ала отырып, мұнай кәсібінің компрессорлық агрегаттарын есептпеу және құрастыру, мұнайгаз құрал-жабдығының негізгі есептері. Фонтандық арматураны және лақтыруға қарсы жабдықты құрастыру және есептеу: жүктер қиыстырылғанында сораптық-компрессорлық құбырларды беріктікке есептеу. ПЭК анықтау, сорап жетекшісінің қуатын анықтау, қор коэффициенті, мұнайгаз құрал-жабдығының бөліктері мен өстерін есептеу програмасы, мұнайгаз құрал-жабдығына тербету подшипниктерін таңдау методикасы мен есебі.Мұнай кәсіпшілігі мен бұрғылау құрал-жабдығындағы САПР элементтері, автоматизацияланған жобалаудың бағыты мен даму жүйесі.

Бағдарламаның жетекшісі: Балғабаев М.

4.а) Пәннің атауы: Технология машиналар сенімділігі

Пререквизиттер: Математика, Информатика, Физика, Теориялық механика

Постреквизиттер: Газ жабдықтарының сенімділігі, Бұрғылау жабдықтары, Кәсіпшілік жабдықтары

Бағдарламаның қысқаша курсы: М½íàé-ãàç ¼íäiðiñiíi» ºàëûïòàñуû ìåí ¼ðêåíäåóiíå áàéëàíûñòû ò¼ìåíäåãiäåé áiëiì íåãiçäåðií ñòóäåíòòåðãå æåòêiçóäi ìàºñàò åòåäi:

  • машиналға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің кешенді жүйесі,

  • газ жабдықтарының сенімділік негіздері,

  • сенімділік көрсеткіштерінің жүйесі,

  • машинаны пайдаланудағы сенімділікті арттыру іс-шаралары.

òàëàïòàðû:

Қазіргі уақытта техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын қажет ететін, көп ескірген машиналар пайдалануда. Сондықтан машиналар сенімділігін қамтамасыз етудің шешуші мәні зор. Тіпті машина сенімділігінің кішкене төмендеуі, үлкен шығынға алып келеді.



Бағдарламаның жетекшісі: Ахметов Н.Х.

4.б) Пәннің атауы: Өндірісті автоматтандыру негіздері

Пререквизиттер: Физика, Квалиметрия, Электроника негіздері

Постреквизиттер: Электротехника, Технологиялық процестерді бақылау теориясының негіздері, Газ жабдықтарын жөндеу

Бағдарламаның қысқаша курсы: Негізгі түсініктер, өнім классификациясы, сапалық категориялары, өнімнің сапалылығын бағалау әдістері. Құрал-жабдықтың сенімділігі, сенімділік көрсеткіштері, құрал-жабдықтың тоқтап қалуы мен олардың сипаттамасы. Сораптарды есептеу және құрастыру, сораптың гидравликалық бөлігінің негізгі есебі күштерді есептеу, ПЭК анықтау, сорап жетекшісінің қуатын анықтау, қор коэффициенті, мұнайгаз құрал-жабдығының бөліктері мен өстерін есептеу програмасы, мұнайгаз құрал-жабдығына тербету подшипниктерін таңдау методикасы мен есебі.Мұнай кәсіпшілігі мен бұрғылау құрал-жабдығындағы САПР элементтері, автоматизацияланған жобалаудың бағыты мен даму жүйесі.

Бағдарламаның жетекшісі: Тайман С.Т.

5.а) Пәннің атауы: Мұнай және газ өндіру технологиясы

Пререквизиттер: Химия, Физика, Физколоидтық химия негіздері, Информатика, Физика, Теориялық механика

Постреквизиттер: Өнеркәсіптерді метрологиялық қамтамасыз ету, Мұнайгаз жабдықтарының техникасы мен технологиясы, Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін бағалау

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бұрғылау комплекстерінің негізгі параметрлері мен классификациясы, құрамы мен кинематикалық схемалары, негізгі техникалық параметрлері, бұрғылау комплекстерінің механизмдері мен негізгі машиналары, бұрғылау сораптары, бұрғылау комплекстерінің жетекшісі, бұрғылау комплексі механизмдерін басқару жүйелері, технологиялық процестердің механизациясы мен автоматизацияға арналған құрал-жабдық, көмекші операциялардың механизациясына арналған механизмдер, бұрғылау процесін басқару жүйесі, бұрғылау құрылысының есебі, құрастыру және сынау, пайдалану ережелері, техникалық қызмет ету, бұрғылау қондырғыларын тасымалдау, көмірсутек кеніштерінің классификациясы: қабаттардың жинағыш қасиеттері қабат жағдайындағы көмірстуек классификациясы мен олардың қасиеттері, мұнай және газ ұңғысы туралы түсінік; газдардың физикалық қасиеттері, ұңғы өнімділігін арттыру әдістері; пайдалану әдістерінің классификациясы; пайдаланудың фонтанды әдісі, фонтанды ұңғылардың құрал-жабдықтары, фонтанды әдістерді пайдалану аймағы.

Бағдарламаның жетекшісі: Жұмағұлов Т.

5.б) Пәннің атауы: Құбыр өткізгіштерді және құрылысты дәнекерлеу

Пререквизиттер: Химия, Физика, Инженерлік графика

Постреквизиттер: Дәнекерлеу технологиясы, Технологиялық процестерді бақылау теориясының негіздері, Мұнай және газ өндіру технологиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Студенттерге мұнай және газ саласындағы дәнекерлеу технологиясының қолданылуы жайлы теориялық білім беру. Курстың негізгі талаптары – барлық кеңістіктік жағдайларда дәнекерлеу техникасын орындаудың практикалық икемділігін алу.

Бағдарламаның жетекшісі: Ержанова А.Т.

9.а) Пәннің атауы: Жылу техникасы негіздері

Пререквизиттер: Химия, Физика, Физколоидтық химия негіздері, Инженерлік графика

Постреквизиттер: Гидромашиналар мен жетектер, Технологиялық машиналарды АЖЖ, Бұрғылау жабдықтары, кәсіпшілік жабдықтары

Бағдарламаның қысқаша курсы: Техникалық термодинамика пәні және оның әдістері мен негізгі атқаратын міндеттері. Термодинамиканың бірінші және екінші зхаңдары. Термодинамикалық процестер. Ағынның термодинамикасы. Газдардың және булардың ағыны мен дроссельденуі. Жылу алмасу теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары. Жылу өткізгіштік. Конвекциялық жылу алмасу. Ұқсастық теориясы. Сұйықтың еріксіз және еркін қозғалысындағы жылу берілу. Жылу изоляциясы. Жылуалмастырушы аппараттардың түрлері мен схемалары. Мұнай және газ саласында іштен жанатын қозғалтқыштарды және қазанды қондырғыларды қолданғанда еңбек қорғаумен қауіпсіздік техникасы.

Бағдарламаның жетекшісі: Ермағанбет А.Ж.

9.б) Пәннің атауы: Мұнай базалары және газ сақтағыштар

Пререквизиттер: Химия, Физика, Информатика, Инженерлік графика

Постреквизиттер: Деректер базалары және эксперттік жүйелер, Технологиялық машиналар сенімділігі, Газ жабдықтарын жөндеу

Бағдарламаның қысқаша курсы: Мұнай қоймалары: негізгі құрылыстар мен объектілердің құрамы мен жіктелуі, резервуарлардың жіктелуі, тағайындалуы және қолдану аймақтары, сақтағыштардың құрылымдары, таралық сақтағыштар, мұнай мен мұнайөнімдерін тасымалдау және қабылдау – жіберу жабдықтары, теміржол көлігі, темір-жол цистерналарының негізгі түрлері, олардың құрылысы; су мұнай қоймалардың сорап станциялары; Газ сақтағыштар: газгольдерлер, тағайындалуы мен жіктелуі. Газгольдерлердің негізгі жабдықтары, сығылған көмірсутекті газдарды сақтау, оларды алудың көздері мен технологиялық схемалары, сығылған газдардың физикалық-химиялық және термодинамикалық қасиеттері, сығылған газдарды тасымалдау.

Бағдарламаның жетекшісі: Демеуова А.


4 курс



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

OZhKB

4215


ZhAG

4215


15

а) Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін бағалау

б) Жер асты гидромеханикасы



Жабагиев А.М.
Көбенов Р.Т.

2
2

7
7

2

OMKE

4302


MGOT

4302


2

а) Өнеркәсіптерді метрологиялық қамтамасыз ету

б) Мұнайгаз өнеркісібінің тарихы



Демеуова А.Б.
Көбенов Р.Т.

3
3

7
7

3

TMAZhZh

4306
GZhZh

4306


6

а) Технологиялық машиналарды АЖЖ (автоматтандырылған жүйеде жобалау)

б) Газ жабдықтарын жөндеу



Абжаев М.М.

Ахметов Н.Х.



3

3


7

7


4

BZh

4307


OOSTDB

4307


7

а) Бұрғылау жабдықтары
б) Өнеркәсіптік өнімдердің сапасы мен техникалық деңгейін бағалау

Басқанбаева Д.
Абдраймова Н.Ө.

3
3

7
7

5

KZh

4308


ETTSKE

4308


8

а) Кәсіпшілік жабдықтары

б) Энергия тасымалдағыштарды тасымалдау және сақтау кезіндегі экология



Абжаев М.М.
Ержанова А.Т.

3
3

7
7



Базалық пәндер:

15.а) Пәннің атауы: Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін бағалау

Пререквизиттер: Математика, Физика, Өміртіршілік қауіпсіздігінің негіздері, Экология және тұрақты даму

Постреквизиттер: Өнім және процесстер сапасын басқарудағы бақылаудың статистикалық әдістері, Өндірісті автоматтандыру негіздері, Өнеркәсіптік өнімдердің сапасы мен техникалық деңгейін бағалау

Бағдарламаның қысқаша курсы: Өндірістік жұмыстардың жоғары өнімділігі жаңа техника мен технологияларды жасауда кешенді әдістерді қолданумен қол жеткізіледі. Бұл жағдай жұмысшы және қосалқы процесстер, жабдықтар мен басқару жүйелері техникалық деңгеймен ыңғайлы сәйкестендіріліп технологиялық потенциалды жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз етеді. Қазіргі замағы техника мен технология келесі негізгі бағыттарда дамуда: жаңа материалдар жасау; жаңа технологиялық принциптер, әдістер, процесстер жасау; адамның тікелей қатысуын шектеуге арналған технологиялық процестерді автоматтандыру; өндірістік жабдықтарды пайдалану қауіпсіздігі. Бұл бағыттарды жетістіктідамытудың негізгі физика, химия, математика, механика ғылымдарының, сонымен қатар, техника мен технологиялардағы терең негіздемеленген фундаментальды ғылыми зерттеулердің нәтижелерін кеңінен пайдалану.

Бағдарламаның жетекшілері: Жабағиев А.М.

15б) Пәннің атауы: Жерасты гидромеханикасы

Пререквизиттер: Химия, Физколоидтық химия, Физика, Гидромеханика

Постреквизиттер: Мұнайгаз өнеркәсібінің тарихы, Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері, Газмұнай құбырлары

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жер қыртысының түрлері, олардың физика-механикалық сипаттамалары; сығылу; жылжуға кедергі көрсету; сүзгілік қасиеттері; қыртыстардағы кернеулер; қыртыстардың деформациясы; құрылыстардың шөгуін есептеулер; күштер түсіргенде қыртыстың жалпы орнықтылығы; тоңазыған қыртыстар механикасының ерекшеліктері; жер қыртыстарындағы реологиялық үрдістер.

Бағдарламаның жетекшілері: Кубенов Р.Т.

2.а) Пәннің атауы: Өнеркәсіптерді метрологиялық қамтамасыз ету

Пререквизиттер: Математика, Физика, Информатика, Инженерлік графика

Постреквизиттер: Метрология, Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері, Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару

Бағдарламаның қысқаша курсы: Метрологияның теориялық негіздері. Метрологиялық қамтамасыз жайында түсінік. Метрологиялық қамтаманың ұйымдастырушылық, ғылыми және әдістемелік негіздері. Өлшеу тұтастығын қамтамасыз етудің құқықтық негіздері. Мекеменің метрологиялық қызметінің құрылымы мен функциялары.

Бағдарламаның жетекшілері: Демеуова А.Б.

2б) Пәннің атауы: Мұнайгаз өнеркәсібінің тарихы

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Химия, Физколоидтық химия негіздері, Мамандыққа кіріспе

Постреквизиттер: Квалиметрия, Мұнай және газ химиясының негіздері, Мұнайгаз жабдықтарының техникасы мен технологиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақстан Республикасындағы мұнайгаз саласының даму тарихы. Мұнай және газ жайлы мәліметтер мен кен орнының сипаттамасы, мұнайдың химиялық құрылымдық түрлері, мұнайды пайдалану кезеңдері мен оның жаралу болжамдары. Жер марфологиясының даму болжамдары.

Бағдарламаның жетекшілері: Кубенов Р.Т.

6а) Пәннің атауы: Технологиялық машиналарды АЖЖ (автоматтандырылған жүйеде жобалау)

Пререквизиттер: Математика, Физика, Информатика, Инженерлік графика

Постреквизиттер: Гидромашиналар мен компрессорлар, Машиналар мен механизмдер теориясы, Машина бөлшектері

Бағдарламаның қысқаша курсы: Мұнай өндірістік машиналарының және механизмдерінің жұмыстарын автоматтандыру негізіндігі, олардың жетектері жөнінде жалпы мәліметтер. Әртүрлі энергия тасымалдаушыларды қолданғандағы жетектердің құрамдылық схемалары. Қозғалтқыштан орындаушы механизмге дейінгі айналдыру моментін өзгертушінің әртүрлі типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Қашықтан автоматтық режимдегі мұнай өндірістік машиналарының жетектерін басқарудың жалпы сұрақтары. Жетектеушілердің схемаларын таңдауды технико-үнемділік және экологиялық негіздеу

Бағдарламаның жетекшілері: Абжаев М.М.

6б) Пәннің атауы: Газ жабдықтарын жөндеу

Пререквизиттер: Химия, Математика, Физика, Теориялық механика

Постреквизиттер Машина бөлшектері, Машиналар мен механизмдер теориясы, Мұнайгаз жабдықтарының техникасы мен технологиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Магистральді газ-мұнай өнімі құбырөткізгіштерін пайдалану,, құбырлық бөлімінің салу құрамы, бүлінулер түрлері мен олардың пайда болу себептері, бұзылулардың жіктелуі, құбырөткізгіштердің жарықтары және оларға шара қолдану, күтілмеген жерден болған жағдайларды жіктеу. Магистральді мұнай өнімі өткізгіштерінің резервуарларын пайдалану, жобалауын сынау, беріктікке гидравликалық сынау, резервуараларды нығыздап жабылуын сынау, беріктілікке гидравликалық сынау, пневматикалық сынау

Бағдарламаның жетекшілері: Ахметов Н.Х.

7а) Пәннің атауы: Бұрғылау жабдықтары

Пререквизиттер: Химия, Физика, Информатика, Инженерлік графика

Постреквизиттер: Квалиметрия, Машина бөлшектері, Машиналар мен механизмдер теориясы, Мұнайгаз жабдықтарының техникасы мен технологиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Бұрғылау комплекстерінің негізгі параметрлері мен классификациясы, құрамы мен кинематикалық схемалары, негізгі техникалық параметрлері, бұрғылау комплекстерінің механизмдері мен негізгі машиналары, бұрғылау сораптары, бұрғылау комплекстерінің жетекшісі, бұрғылау комплексі механизмдерін басқару жүйелері, технологиялық процестердің механизациясы мен автоматизацияға арналған құрал-жабдық, көмекші операциялардың механизациясына арналған механизмдер, бұрғылау процесін басқару жүйесі, бұрғылау құрылысының есебі, құрастыру және сынау, пайдалану ережелері, техникалық қызмет ету, бұрғылау қондырғыларын тасымалдау, Теңіздік бұрғылау комплекстері, теңіздегі бұрғы платформалары мен қалқып жүретін бұрғылау қондырғыларының түрлері мен типтері, ұңғы сағасының құрал-жабдығы, кемелік және арнайы қондырғылар, бұрғылау және шегендеу құбырлары, әсер ететін күштер, беріктікке есептеу, құбырларды таңдау, тау жыныстарын бұзушы аспап. Жұмыстарға қойылатын талаптар, бұрғылау қашаудың моменті мен қуаты, нақты белгіленген қашаулар, керн алу қашаулар, гидромониторлық қашаулар, тасталынатын қашаулар, түптік қозғалтқыштар, олардың түрлері мен типтері, бағытталған схемалары мен сипаттамлары, құрастыру мен есептеу негіздері.

Бағдарламаның жетекшілері: Басқанбаева Д.

7б) Пәннің атауы: Өнеркәсіптік өнімдердің сапасы мен техникалық деңгейін бағалау

Пререквизиттер: Химия, Физколоидтық химия негіздері, Квалиметрия

Постреквизиттер: Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері, Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару, Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін бағалау

Бағдарламаның қысқаша курсы: Сапа деңгейін бағалау бойынша тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіп отыру. Өнім сапасының деңгейі. Базалық көрсеткіш. Өндіріс процесінің барысында өнімнің сапасын талдау. Біртекті өнімдердің сапалық деңгейі дифференциалдық, кешендік және аралас әдістермен сипатталуы. Сапа деңгейін бағалаудың кешенді әдісі. Кешенді әдіс бойынша сапа деңгейін бағалау. Сапа деңгейін бағалаудағы аралас әдіс. Өнімнің сапа индексі.

Бағдарламаның жетекшілері: Абдраймова Н.Ө.

8а) Пәннің атауы: Кәсіпшілік жабдықтары

Пререквизиттер: Физика, Информатика, Инженерлік графика, Машиналар мен механизмдер теориясы



Постреквизиттер: Технологиялық процестерді бақылау теориясының негіздері, Гидромашиналар мен компрессорлар, Мұнай және газ өндіру технологиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Мұнай мен газды өндіруге арналған машиналар мен құрал-жабдықтардың негізгі түрлерінің классификациясы, арнайы схемалары мен конструкциялары, құрал-жабдыққа қойылатын талаптар, құрастырудың, дайындаудың және пайдаланудың негізгі сұрақтары. Арнаулы әртүрлі ұңғыманың оқпандық бөлігінің құрылысы мен құрал-жабдығы, ұңғы сағасының құрал-жабдығы, ашық фонтан атқылауының алдын алу үшін ұңғы құрал-жабдығы, ұңғыны фонтанды әдіспен пайдалану үшін арналған құрал-жабдық. Бір ұңғымамен бірнеше қабатты бір уақытта бөлек-бөлек пайдалануға арналған құрал-жабдық, ұңғыманы жерасты жөндеу мен меңгерудің құрал-жабдығы Қазақстанда шетел фирмаларының жаңа технологиялық құрал-жабдықтарын пайдалану келеші, Каспий теңізі мен шельфінде мұнай мен газды өндірудегі құрал-жабдықтары.

Бағдарламаның жетекшілері: Абжаев М.М.
8б) Пәннің атауы: Энергия тасымалдағыштарды тасымалдау және сақтау кезіндегі экология

Пререквизиттер: Өміртіршілік қауіпсіздік негіздері, Экология және тұрақты даму, Химия, Физика, Деректер базалары және эксперименттік жүйелер

Постреквизиттер: Технологиялық машиналар сенімділігі, Электроника негіздері, Гидромашиналар мен жетектер, Газмұнай құбырлары

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қоршаған ортаны қорғауды (ҚОҚ) ұйымдастыру; ҚОҚ жөнінде ҚР-ның заңы; ҚОҚ жөніндегі заңды бұзғаны үшін жауапқа тартылу; қоршаған ортаның байлығын бақылау жүйесі; атмосфера ауасының өндірістік кәсіпорындар қалдықтарымен ластануы жөнінде мағлұматтар. Санитарлық-қорғау аймағы;мұнай өнімдерінің жылдық жоғалулары; қоршаған ортаның ластану көздері: мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және сақтау кәсіпорындары; атмосферадағы ластаушы заттарды тарқату; су бассейндерін ластаушы көздер.

Бағдарламаның жетекшілері: Ержанова А.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет