Өнім мен қызмет сапасын анықтау әдістері. Квалиметрия ғылым ретінде, оның рөлі, әдістері және практикалық қолдану саласы. Квалиметриядағы сапаны өлшеудің мәні. Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің аға-оқытушысы: Сырымбек Маржан
Өнім мен қызмет сапасын анықтау әдістері. Квалиметрия ғылым ретінде, оның рөлі, әдістері және практикалық қолдану саласы. Квалиметриядағы сапаны өлшеудің мәні. Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің аға-оқытушысы: Сырымбек Маржан Квалиметрия (латынша qualitas – «қандай, сапасы қандай», metreo – «өлшеу») - өнімнің адам қызметі процестерінің сапасын, өнім сапасын басқару мен стандарттауда қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылатын, сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылым саласы.
Квалиметрияның міндеті – сапаны бағалаудың барлық әдістерін әзірлеу және дамыту.
Квалиметрияның басты мақсаттары:
және оларды стандарттау мақсаттары мен сапа басқаруда қолдану шарттарын негіздеу.
Квалиметрия нормативті құжаттардағы сапа көрсеткіштерін регламенттеу бойынша, сапа деңгейін бағалау мен сапа басқару бойынша қызметтің негізінде жатқан мәселелерді шешу методологиясы мен әдістемелерін зерттейді.
Квалиметрия теориялық және қолданбалы болып бөлінеді.
Теориялық квалиметрия, нақты объектілерді дерексіздендіре отырып, сапаның сандық бағалауының принциптерін, классификациясын, жалпы әдістер мен арнайы мәселелерді негіздеп жасайды.
Қолданбалы метрологияның басты мақсаты - өнімнің нақты түрлерінің ерекшеліктерін есепке алатын сапаны сандық бағалаудың әдістерін жасау.
Квалиметрия ғылым ретінде, жалпылық дәрежесімен, өлшеу мен бағалау құралдары мен әдістерімен ажыратылатын теориялардың өзара байланысқан жүйесі түрінде көрінеді.
Мұндай теорияларға: жалпы квалиметрия, арнайы квалиметрия және пән квалиметриясы жатады.
Жалпы квалиметрияда жалпытеориялық мәселелер: түсініктер жүйесі, бағалау теориясы (заңдар мен әдістер), квалиметрияның аксиоматикасы (аксиомалар мен ережелер), квалиметриялық шкалалау теориясы (өлшеулер, салмақтылық, өлшем жүргізу) қарастырылады.